Жоба
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы «___» ________
№ ______ қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасын индустриялық дамытудың көрінісі
Қазақстан Республикасының индустриялық дамуының тәсілдері 2003 жылы Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық стратегиясының (ИИДС) шеңберінде қалыптастырылды, бірақ 2007-2009 жылдардағы дағдарыс оның жүзеге асырылуын тоқтатты.
Белсенді индустриялық саясатқа оралу 2010 жылы Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (ҮИИДМБ) шеңберінде болды, бұл көбінесе ИИДС 2003-2015 қағидалары мен тәсілдемелеріне негізделді.
Екі құжатта кеңейтілген фокустарымен ерекшеленді және мемлекеттің экономикалық саясатын көрсете отырып, экономиканың барлық секторларын қамтыды. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында өңдеу өнеркәсібінің 6 саласында 14 сектордан шағын басымдықтар белгіленген болатын.
2020 жылдан бастап индустрияландырудың 3 бесжылдығы басталады. Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы жолдауына сәйкес, аталған Тұжырымдама «цифрлық дәуір» өнеркәсібінің қалыптасуын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2020- 2024 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – ИИДМБ 2020-2024) өңдеуге идеологиялық негіз, қағидалар мен тәсілдемелерді қалыптастырады. Индустрияландырудың үшінші бесжылдығы мынадай қағидаларды ұстанатын болады:
индустриялық саясаттың сабақтастығы;
тиімді өндірушілерді қолдау;
индустриялық және кеңістікті дамудың түйіндесуі;
индустриялық дамудың, инновация және цифрлық технологияның ымырасы.
Бұдан әрі индустрияландыру саясаты мемлекеттік жоспарлаудың синхрондалған жүйесі шарттарында жүзеге асырылады. Индустриялық-инновациялық дамытудың бағдарламасы «Қазақстан - 2050» Стратегиясында берілген ұзақ мерзімді мақсаттар мен елдің даму бағытын ескеретін болады және «Экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігі» саясаты мен «Технологиялық жаңарту және цифрлық жүйеге көшу» реформасының шеңберінде Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейін дамуының Стратегиялық жоспарының бастамаларына негізделеді.
Индустрияландыру саясаты сабақтастығын сақтайды және өндіру өнеркәсібінің тапсырмаларын орындауға топталатын болады. Ол инвестициялық климатты дамыту бойынша қабылданған бағдарламалар, шетел инвестицияларын тарту және ұстау, экспортты жылжытуға, жаппай жұмыс бастылықты қамтамасыз етуге, жалпы инфрақұрылымды, цифрлық инфрақұрылымды, сонымен қатар аймақтарды дамытуға ұштасатын болады. Индустриялық-инновациялық дамытулар Бизнесті дамыту және қолдау бойынша, АӨК дамыту бағдарламалары, қызметтер салаларының бірығай бағдарламасымен жүзеге асырылатын саясатты ескеретін болады.
Индустрияландыру саясатының соңғы нәтижесі – өндіру өнеркәсібі кәсіпорнының халықаралық бәсекеге қабілеттілігі. Бұндай нәтижеге қол жеткізу қазақстандық тауар экспортының өсуімен, номенклатураның кеңеюі және «күрделенуімен», сонымен қатар ішкі нарықта шетел жеткізушілерімен сәтті бәсекелестігімен расталады.
Тұжырымдамада тура және жанама мемлекеттік қолдау, институционалдық жүйе үшін, ИИДМБ 2020-2024 одан әрі әзірлеу мақсатында «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыру үшін механизмдер мен шарттар жасауға жалпы қағидалар, тәсілдемелер, ұсыныстар және ұсынымдар тұжырымдалған.
Қазақстан Республикасында индустриялық дамудың ағымдағы жағдайын талдау
2010 жылдан бастап белсенді жүргізіліп келе жатқан индустриялық-инновациялық дамыту саясаты экономиканы әртараптандыру процесін іске қосу үшін негізгі шарттарды қоюға мүмкіндік берді, заңнамалық қор құрылды, өнеркәсіптік инфрақұрылымының дамуы жалғасуда, дамыту институттарының жүйесі құрылды, мемлекеттік қолдаудың құралдары әзірленіп, сыналды.
Бірінші бесжылдық шеңберінде қабылданған шаралар өңдеу өнеркәсібінің өсімінің оң қарқынын сақтауға мүмкіндік берді. Мәселен, 2008-2009 жылдардағы қысқартудан кейінгі өңдеу өнеркәсібінің ЖҚҚ (3%-ға және сәйкесінше 2,8%,) 2010 жылдан бастап нақты тау-кен өндіру секторының өсу қарқынынан (2008 жылға қарай 120,6%) оза отырып, (2014 ж. 2008 ж. қарай 127,8%), тұрақты оң траекторияға шықты. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталындағы инвестицияның көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 2014 жылы 2 есе артты ( 357 бастап 729 млрд. теңгеге дейін), нақты өсім 155,5% құрады.
Индустрияландырудың екінші бесжылдығын іске асыру басында 2015-2016 жылдары Қазақстанда жаһандық дағдарыстың әсерінен 16 жылдың ішінде бірінші рет тау-кен өндіру секторының төмендеуі себебінен (2,5% және 2,7%, сәйкесінше) өнеркәсіптік өндіріс қысқартылды (1,6% және 1,1%, сәйкесінше). Өңдеу секторында өндіріс өсімін сақтау (0,2%-ға және сәйкесінше 0,6%) тек қана индустрияландыру жылдарында жинақталған әлеуеттің арқасында мүмкін болды және дағдарыс шарттарында өңдеуші секторының үлкен тұрақтылығын растау болды.
Өңдеу өнеркәсібі шығарылымының көлемі 2017 жылы 9,4 трлн. теңгені, ЖҚҚ – 5,9 трлн. теңгені, ЖІӨ-де өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 11,2% құрады. ИИДМБ 2015-2019 негізгі индикаторларына қол жеткізу бойынша әр түрлі бағытталған серпін байқалады (1 кесте).
1 Кесте. 20171 жылдың қорытындысы бойынша 2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ-ң негізігі индикаторларына қол жеткізу
Көрсеткіш
|
2017 жылға болжам
|
2017 жылдың факті
|
2015 жылдың деңгейіне өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің экспорты құндық көлемінің өзгеруі
|
97%
|
111,0%
|
2015 жылдың деңгейіне өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігінің нақты өсімі
|
105,6%
|
102,6%2
|
Өңдеу өнеркәсібінің негізгі қапиталындағы инвестициялар көлемі, млрд. теңге
|
2015-2017 ж.ж.
2 352
|
2015-2017 ж.ж
2 659
|
2014 жылдың деңгейіне өңдеу өнеркәсібінде энергия сиымдылығының төмендеуі
|
97%
|
87,5%3
|
Дереккөз:ҰЭМ СК
Ел өнеркәсібінде оң құрылымдық өзгерістер байқалады. Индустрияландыру жылдарында өнеркәсіптегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 6,7 п.т. (2009 жылы 35,6% бастап 2017 жылы 42,3% дейін) артты; экспорттың жалпы көлемінде – 4,4 п.т. (27,8% бастап 32,2% дейін, сәйкесінше); негізгі капитал инвестицияларында – 2,7 п.т. (8,2% бастап 10,9% дейін, сәйкесінше); тікелей шетел инвестицияларының жалпы ағынында –16,5 п.т. (8,5% бастап 25% дейін, сәйкесінше) артты.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін талдау ЕАЭК бойынша серіктестермен салыстырғанда Қазақстан Ресей және Беларуссиядан ЖҚҚ-ға негізгі капиталда инвестициялардың ара салмағы және 1 000 экономикалық белсенді халыққа кәсіпорындардың саны бойынша артта қалатынын көрсетті. Арменияны есептемегенде Қазақстанның экономикалық күрделілігінің Индексі өте төмен. Сол уақытта Қазақстан ЕАЭК-нің барлық елдерінен еңбек өнімділігі бойынша алда.
2-кесте. ЕАЭК елдері бойынша салыстырмалы талдау4
Мемлекет
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
Өңдеу өнеркәсібінде ЖҚҚ-ға негізгі капиталдағы инвестициялардың ара салмағы
|
Ресей
|
21%
|
23%
|
23%
|
21%
|
20,4%
|
Қазақстан
|
17,8%
|
17,9%
|
17,8%
|
19,6%
|
16,5%
|
Беларусь
|
30,3%
|
33,4%
|
35,7%
|
29,4%
|
21,1%
|
Қырғызстан
|
20,1%
|
17,9%
|
20,7%
|
30,1%
|
13,1%
|
Армения
|
5,7%
|
3,4%
|
9,5%
|
2,2%
|
2,2%
|
Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі (жұмыс бастыға мың. АҚШ доллары)
|
Ресей
|
24,1
|
24,6
|
23,3
|
16,8
|
15,0
|
Қазақстан
|
42,4
|
45,9
|
42,6
|
34,3
|
27,4
|
Беларусь
|
15,8
|
16,5
|
17,2
|
12,6
|
11,0
|
Қырғызстан
|
4,6
|
7,4
|
6,4
|
5,4
|
5,8
|
Армения
|
10,7
|
11,2
|
11,9
|
11,3
|
13,0
|
1 000 экономикалық белсенді халыққа қолданыстағы кәсіпорындардың саны
|
Ресей
|
3,39
|
3,45
|
3,49
|
3,44
|
3,49
|
Қазақстан
|
0,97
|
0,96
|
0,88
|
0,89
|
0,91
|
Беларусь
|
2,75
|
2,88
|
2,88
|
2,77
|
2,25
|
Қырғызстан
|
0,56
|
0,55
|
0,49
|
0,45
|
0,48
|
Армения
|
1,61
|
1,73
|
1,75
|
1,87
|
2,10
|
Экономикалық күрделілік индексіндегі орын5
|
Ресей
|
56
|
55
|
52
|
50
|
48
|
Қазақстан
|
80
|
106
|
84
|
91
|
84
|
Беларусь
|
23
|
22
|
30
|
32
|
31
|
Қырғызстан
|
59
|
51
|
86
|
62
|
57
|
Армения
|
н/д
|
н/д
|
н/д
|
н/д
|
н/д
|
Қазақстан Республикасында өңдеу өнеркәсібінің нақты даму деңгейі технологиялық, географиялық бөлу және экспорт параметрлері арқылы анықталады.
Өңдеу өнеркәсібі экономиканың барлық секторлары ішінде аса әртекті болып табылады. Ол капитал сыйымдылығы, еңбекті пайдалану, технологиялылық, орналасу орнын таңдау және тұтыну табиғатының деңгейімен ерекшеленетін 24 әр түрлі саладан тұрады. UNIDO дайындаған «2018 өнеркәсіптік даму туралы есепте» Қазақстан өңдеу өнеркәсібі даму үстіндегі елдердің қатарына жатқызылған. Өңдеу өнеркәсібінде қосылған құнның үлкен бөлігі төмен және орташа технологиялық секторларға жатады6 (1-сурет).
1-сурет. Технологиялық күрделілік бойынша өңдеу өнеркәсібінің құрылымы (ЖІӨ-ге, %)7
басқа
секторлар
Төмен технологиялық секторлардың ішінде ең ірісі азық-түлік (1,7%), мұнай өңдеу (1,2%) өндірісі және сусындар өнідірісі (0,7%) болып табылады. Орташа технологиялық секторлардың ішінде басым айқандамаға (80%) түсті және қара металлургия ие. Жоғарғы технологиялық секторларға өңдеу өнеркәсібінің тек қана сегізінші бөлігі келеді.
Түсті металлургия, қара металлургия және мұнай өңдеу – өңдеу өнеркәсібінде ЖҚҚ жартысын құрайды. Сол уақытта жоғары технологиялық салалардың өнімдерін пайдалану көбінесе ішкі сипатта және экспортта маңызды көрініс тапқан емес. Индустрияландыру картасына қосылған 60% аса жобалардың төмен және орташа технологиялық күрделілігі бар.
2017 жылы өңдеу өнеркәсібінің нақты өсімі 19% -ға өсті. Осылайша, нақты өсімнің негізгі үлесі түсті металлургияға түсті 64% (100% дан). Азық-түлік өндірісінің үлесі – 23%, бейметаллдық минералды өнімдер – 13%. Жоғарытехнологиялық химия өнеркәсібінің үлесі - 11% құрады.
Сол уақытта жоғарғы технологиялық секторлар қатарының өндіріс көлемінің орташа жылдық өсім қарқыны 2010-2017 жылдары өңдеу өнеркәсібі бойынша (2,5%) – автомобиль шығару (17,6%), химиялық өнеркәсіп (10,8%), электр жабдықтарын өндіру (2,8%) жоғары болды.
Өңдеу өнеркәсібінің әлеуеті оның инвестициялық тартымдылығымен анықталады. Белсенді индустриялық саясатты жүргізу позитивті трэнд құруға мүмкіндік берді. Өңдеу өнеркәсібінің тікелей шетел инвестицияларының жалпы ағынындағы үлесі 2010-2017 жылдары 10,1%-дан 25%-ға дейін артты. Негізгі капиталға инвестициялар 2017 жылы 956 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылдың көрсеткішіне қарағанда 543 млрд. көп. Аталған мерзімде өңдеу өнеркәсібіне инвестициялардың нақты өсімі (70%) тау-ке қазу өнеркәсібінен озады (31,6%).
Өңдеу өнеркәсібіндегі инвестицияның негізгі үлесі екі негізгі сала – металлургия және мұнай өңдеумен бар активтерді жаңарту және кеңейту бойынша ірі жобалар есебінен қамтамасыз етілді. Жаңарту айналымының аяқталуын есепке ала отырып, осы секторларда бар кәсіпорындар тарапынан инвестициялық белсенділіктің төмендеуі күтілуде.
2-сурет. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына инвестициялар, млрд. теңге8
Достарыңызбен бөлісу: |