Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 302 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi мүдделi министрлiктермен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп, Бағдарламада көзделген iс-шаралардың тиiсiнше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн.
3. Мүдделi министрлiктер, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi жарты жылда бiр рет, есептi жарты жылдықтан кейiнгi айдың 5-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне Бағдарламада көзделген iс-шаралардың iске асырылу барысы туралы ақпарат берсiн.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi жарты жылда бiр рет, есептi жарты жылдықтан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламада көзделген iс-шаралардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар министрi Ә.Ө. Исекешевке жүктелсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 30 қазандағы
№ 1145 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөнiндегi 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама
1. Бағдарлама паспорты
Атауы Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту,
арнайы экономикалық аймақтарды (бұдан әрi - АЭА)
дамыту және экспортты ынталандыру жөнiндегi
2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама
Әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы
негiздеме 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi
Стратегиялық даму жоспары;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы
19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасын үдемелi
индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010
- 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама
(бұдан әрi - ҮИИДМБ)
Әзiрлеушi Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
технологиялар министрлiгi
Бағдарламаның Шикiзаттық емес экспортқа бағдарланған және мақсаты жоғары технологиялық өндiрiстерге тiкелей
инвестициялар үшiн тартымды жағдайлар жасау және
әлемдiк сауда жүйесiне өңделген тауарлардың
экспортын iлгерiлету арқылы кiрiгу
Бағдарламаның Инвестициялар тарту талаптарын жетiлдiру.
мiндеттерi Қазақстанның оң инвестициялық имиджiн
iлгерiлету.
Жаңа АЭА және индустриялық аймақтар (бұдан әрi -
ИА) құру.
АЭА қызметiн реттеу жөнiндегi
нормативтiк-құқықтық базаны жақсарту.
Экспорттаушыларды сервистiк қолдауды қамтамасыз
ету арқылы қазақстандық өнiм экспортын дамытуға
және iлгерiлетуге жәрдемдесу.
Экспорттаушыларға қаржылық қолдау көрсету.
Iске асыру 2010 - 2014 жылдар
мерзiмдерi
Нысаналы 2014 жылдың аяғына қарай мыналар жоспарлануда:
индикаторлар 1. Clobal-2000-ға енгiзiлген компаниялар
тiзiмiнен 18 нысаналы инвесторды тарту.
2. Экономиканың шикiзаттық емес секторына
өңдеушi өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн
қайта өңдеу, қызметтер) отандық және шетелдiк
инвестициялар кемiнде 15%-ға ұлғаяды.
3. Тiкелей шетелдiк инвестициялар (ТШИ) көлемi
ЖIӨ-ге бес пайыздық пунктке ұлғаяды.
4. Инвестиция көздерi әртараптандырылады (әр
елдiң 5% және одан да көп үлесi бар 7 негiзгi
инвестор ел).
5. Шет мемлекеттермен инвестицияларды көтермелеу
және өзара қорғау туралы келiсiмдер жасасу.
6. Дүниежүзiлiк экономикалық форумның Жаһандық
бәсекеге қабiлеттiлiк индексiнiң көрсеткiшiне
қол жеткiзу:
«Тiкелей шетелдiк инвестицияларды реттейтiн
ережелердiң бизнеске әсерi» - 102-орын
(2009 жылы - 107-орын);
«Тiкелей шетелдiк инвестициялар мен
технологиялар» - 108-орын (2009 жылы -
113-орын).
7. «DoingBusiness» рейтингiндегi «Инвесторларды
қорғау» индикаторы бойынша Қазақстанның
позициясын жақсарту.
8. 2011 жылдың аяғына дейiн: Қарағанды қаласында
Индустриялық парктiң базасында (металлургия және
металл өңдеудi дамыту үшiн) және Батыс Еуропа -
Батыс Қытай логистикалық қаңқасының (өңдеушi
өндiрiстердiң алуан түрлерi мен
көлiк-логистикалық қызметтерiн дамыту үшiн)
негiзгi бөлiгi ретiнде «Қорғас - Шығыс қақпасы»
шекара маңындағы сауда-экономикалық АЭА сияқты 2
АЭА құру.
9. «Назарбаев Университетi» базасында АЭА құру.
10. 2014 жылдың аяғына дейiн Алматы, Павлодар,
Ақтөбе, Өскемен, Семей және Орал қалаларында
салалық бағытталуы әртүрлi 5 ИА құру.
11. АЭА қатысушылар санын 2009 жылғы 39-дан
2015 жылға қарай 159-ға дейiн және ИА-да 2015
жылға қарай 42-ге дейiн ұлғайту.
12. Шикiзаттық емес экспортқа бағдарланған және
жоғары технологиялық өндiрiске иивестицияларды
АЭА аумақтарында - 2015 жылға қарай 1588 млрд.
теңгеге дейiн және ИА аумақтарында - 151 млрд.
теңгеге дейiн ұлғайту.
13. Тауарлар мен қызметтер (жұмыстар) көлемдерiн
АЭА аумақтарында 2009 жылғы 21,9 млрд. теңгеден
2015 жылға қарай - 718 млрд. теңгеге дейiн,
ИА-да 2015 жылға қарай - 719 млрд. теңгеге
дейiн, оның iшiнде өнiм экспортын кемiнде
шығарылатын өнiм көлемiнiң кемiне 50%-ына
ұлғайту.
14. Экспорттың жалпы көлемiндегi шикiзаттық емес
экспорт үлесi 2015 жылға қарай кемiнде 40%-ды
құрайды.
Қаржыландыру Барлық iс-шараларды республикалық бюджет
көлемдерi мен қаражаты есебiнен қаржыландырудың жиынтық көлемi
көздерi 19 559 962 мың теңгенi құрайды, оның iшiнде:
тiкелей шетелдiк инвестицияларды тарту жөнiндегi
iс-шаралар - 1 382 596 мың теңге;
АЭА мен ИА дамыту және құру жөнiндегi iс-шаралар
- 13 506 395 мың теңге;
экспортты ынталандыру жөнiндегi iс-шаралар -
4 670 971 мың теңге.
2. Кiрiспе
Инвестициялар тарту ұлттық экономиканың экономикалық өсiмi мен оның бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң жоғарылауын анықтайтын, сондай-ақ оның әлемдiк өндiрiстiк үдерiстермен ықпалдасуына ықпал ететiн аса маңызды факторлардың бiрi болып табылады. Қабылдаушы елдiң экономикасына шетелдiк инвестициялар ағыны кәсiпорындардың дамуын, адами капитал сапасын жоғарылатуды, жаңа жұмыс орындарын ашуды жеделдетiп, озық технологияларды тарта және олардың жанама салаларға таралуын ынталандыра алады. Сондықтан соңғы екi он жылдықта жаһандық инвестициялар үшiн бәсекенiң күшеюi байқалады, бұл өз кезегiнде мемлекеттiң алдына елдiң инвестициялар үшiн тартымдылығын жоғарылатуға бағытталған экономикалық саясаттың кешендi шараларын әзiрлеу мен жүргiзу мiндетiн қояды.
Мемлекет 2008 - 2009 жылдардағы әлемдiк қаржылық дағдарысты еңсеру жағдайында өзiнiң инвестициялық саясатын әлемдегi тұрақты және табысты нарықтарды қажет ететiн тiкелей шетелдiк инвестицияларды тартудың әлемдегi бар мүмкiндiктердi пайдаланатындай етiп түзетуi қажет. Бұдан басқа елдiң индустриялық-инновациялық дамуы шеңберiнде инвестицияларды тарту саясатының негiзгi мiндетi оларды өндiрушi сектордан қайта өңдеу секторына қайта бөлу болуы тиiс.
Жаһандық нарықтарға ықпалдасумен қатар, экономиканың экспортқа бағдарланған өңдеушi секторларын дамыту мiндеттерiн шешу үшiн экономикалық мүдделердi жылжытудың тиiмдi жүйесiн қалыптастыру мен сыртқы нарықтардағы сауда және саудалық емес кедергiлердi жедел жою, сондай-ақ өңделген экспортты жылжыту институттарын одан әрi дамыту қажет болады.
2007 жылғы 6 қазандағы шартқа сәйкес Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кеден одағын құрғаны белгiлi.
Кеден одағын қалыптастыру бiрыңғай кеден одағын құруды көздейдi, оның шегiнде арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтем шараларын қоспағанда, кеден баждары мен экономикалық сипаттағы шектеулер қолданылмайды. Кеден одағы шеңберiнде бiрыңғай кедендiк тариф үшiншi елдермен тауар саудасын реттеудiң басқа да бiрыңғай шаралары қолданылады.
Кеден одағын құру тұрғысынан Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы мәселесi инвестициялар үшiн бәсекелестiкте алдыңғы жоспарға шығады. Қазақстанның инвестициялық ахуалы кемiнде Кеден одағына басқа да қатысушы елдердiң тартымдылығынан кем болмауы тиiс.
Кеден одағы шеңберiнде Қазақстан үшiн Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн әкелiнетiн жабдықтар мен жинақтаушыларға кеден төлемiн төлеуден босатуға инвестициялық преференциялар сақталады.
Осылайша, Қазақстанда қазiрдiң өзiнде iшкi нарыққа ғана емес, көршi елдерге, бiрiншi кезекте кеден одағы елдерiне бағдарланған өндiрiстердi құру үшiн жағдайлар жасалған және оларды одан әрi жақсарту бойынша айтарлықтай байсалды жұмыс жүргiзiлуде.
Қазақстан Республикасына инвестициялар тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi дамуының Стратегиялық жоспарының негiзгi бағыттарына сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 302 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес әзiрлендi.
Бағдарлама мемлекет жүргiзiп отырған экономиканы әртараптандыру саясатының қисынды жалғасы болып табылады және Индустриялық-инновациялық дамудың 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясының негiзгi әдiстерiн өзiне бiрiктiрiп отыр. Бағдарлама қосылған құны жоғары отандық өндiрiске тiкелей шетелдiк инвестициялар ағынын ынталандырудың кешендi жүйесiн, сондай-ақ қосылған құны жоғары отандық өндiрiстiң мемлекеттiк ынталандыру жүйесiн құруға және экспорттық бағдарды қолдауға бағытталған.
Инвестициялар ағынын, АЭА және экспорттың дамуын ынталандыратын және жағдай туғызатын жүйенi құру макродеңгейдегi экономикалық саясаттың жүйелi шараларын, сондай-ақ жеке әдiстеменi iске асыру негiзiнде сұрыптық шараларды, экономиканың нақты секторларын, кәсiпорындар мен жобалар тобын сервистiк қолдау шараларын iске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады. Экономикалық саясаттың жүйелiк шаралары тартымды инвестициялық макроахуалды және заңнамалық базаны қалыптастыруға, экономиканың шикiзаттық емес секторларына тiкелей шетелдiк инвестицияларды тартудың бәсекелiк жағдайларын қамтамасыз ету шараларына, сондай-ақ ұлттық өндiрушiлердiң өнiмдiлiгi мен бәсекеге қабiлеттiлiктерiн арттыру шараларына шоғырланады. Сұрыптау шаралары шетелдiк инвесторлармен жұмыс iстеуде дара (атаулы) әдiстiң, экспортқа бағдарланған секторларды, кәсiпорындар мен жобаларды қаржылай және сервистiк қолдау шараларының аралас пакетiнiң негiзiнде жүзеге асырылатын болады, сондай-ақ елдiң халықаралық капитал нарықтарындағы оң инвестициялық беделiн қалыптастыруға бағытталатын болады. Елдiң экономикасына инвестициялар тарту бағдарламасының шеңберiнде арнайы экономикалық аймақтарды дамыту бойынша арнайы шаралар қабылданатын болады.
Мемлекет өзiнiң бизнеспен өзара iс-қимылын республикалық деңгейде де өңiрлiк деңгейлерде де тиiмдi ынтымақтастық институттарын қалыптастыру негiзiнде жүйелеп, жолға қоятын болады. Ынтымақтастықты құру барлық мүдделi тараптардың белсендi және орнықты бастама қағидаттарына, тұрақты жұмыс iстейтiн конструктивтi диалог пен ұлттық және салалық мүдделердiң теңгерiмiн сақтауға сүйенетiн болады.
Бағдарламаны iске асыру ҮИИДМБ-нi орындау үшiн қабылданған басқа да салалық бағдарламалармен тығыз үйлестiрiле, сондай-ақ бағдарлама бенефициарларымен және iске асырылу үдерiсiне тiкелей немесе жанама атсалысқан басқа да тараптармен тiкелей керi байланысты қолдай отырып жүзеге асырылады.
ҮИИДМБ-нi iске асыру шеңберiнде Индустрияландыру картасы жөнiндегi жобаларды iске асыру көзделген, ол үшiн шамамен 7 085 млрд. теңге (48,2 млрд. АҚШ доллары) қажет, оның iшiнде расталған сома 5 803 млрд. теңге (39,5 млрд. АҚШ доллары).
3. Ағымдағы жағдайды талдау
3.1. Инвестициялар тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру, қазiргi жағдайды сондай-ақ олардың елдiң әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерiн бағалау
Инвестициялар тартуды бағалау
Республиканың орнықты және теңгерiмдi экономикалық өсуiн қамтамасыз ету мiндетiн экономиканы әртараптандыру мен оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғарылату негiзiнде iшкi қаржылық ресурстардың шектеулiлiгi жағдайында тiкелей шетелдiк инвестицияларды тартуды ынталандыру саясатын құрмай iске асыру мүмкiн емес.
Инвестициялар елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына айтарлықтай әсер етедi. Макродеңгейдегi инвестициялар - кеңейтiлген қайта өндiру саясатын iске асыруға, өндiрiс секторын құрылымдық қайта құруға және экономиканың барлық салаларының теңгерiмдi дамуына, инновацияларды енгiзуге, ел экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етуге негiз болып табылады. Микродеңгейдегi инвестициялар өндiрiстi кеңейту мен дамыту, оның техникалық деңгейiн жоғарылату, негiзгi қорлардың моральдық және физикалық тозуын төмендету, өнiмнiң сапасы мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғарылату, сондай-ақ қоршаған ортаға экологиялық әсердi төмендету үшiн қажет.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң деректерiне сәйкес тәуелсiздiктiң 17 жылы iшiнде 1993 - 2009 жылдары Қазақстан экономикасына 108,05 млрд. АҚШ доллары (1-суреттi қараңыз) тартылған. Алғашқы 12 жыл iшiнде небары 34,2 млрд. АҚШ доллары, ал соңғы. 5 жыл iшiнде - 73,9 млрд. АҚШ доллары (2,2 есе өсiм) тартылғанын атап өту қажет.
Қазақстанның экономикасына деген шетелдiк инвесторлардың қызығушылықтарының артып отырғанын соңғы үш жылдың (әлемдiк қаржы дағдарысы жылдары) мәлiметтерi растайды, 2007 - 2009 жылдары республикаға ТШИ ағыны 56,6 млрд. АҚШ долларын, ал 1993 - 2006 жылдарда - 51,4 млрд. АҚШ долларын (10,2% өсiм) құрады. Сонымен қатар Қазақстаннан 2004 - 2009 жылдар арасындағы кезеңде шетелге тiкелей инвестициялардың жалпы жылыстауы 14,2 млрд. АҚШ долларын құрады. Отандық капиталдың 2004 - 2009 жылдар аралығындағы Нидерланды (7,2 млрд. АҚШ доллары), Ресей Федерациясы (1,4 млрд. АҚШ доллары) және Швейцария (0,8 млрд. АҚШ доллары) бағыттарында көп жылыстағаны байқалып отыр.
ТШИ-дi елге тарту серпiнi және олардың әлеуметтiк-экономикалық дамуға әсерi 1-кестеде келтiрiлген, кестеде көрсетiлгендей 2005 - 2009 жылдар аралығында елдiң ЖIӨ-ге ТШИ көлемi 11,6%-дан 17,6% дейiн болды, ал соңғы 3 жылда олардың өсiп отырғаны байқалуда. Алайда, дамыған елдердiң тәжiрибесi көрсеткенiндей, тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз ету үшiн ЖIӨ-ге инвестициялардың көлемi 30-40% шегiнде болуы тиiс.
1-сурет. 1993 - 2009 жылдары тартылған ТШИ көлемi, млрд. АҚШ доллары (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң деректерi бойынша)
1-кесте. Инвестициялар серпiнi және олардың елдiң макрокөрсеткiштерiне әсерi
Көрсеткiштер атауы
|
2005 жыл
|
2006 жыл
|
2007 жыл
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
Елдiң ЖIӨ, млн. АҚШ доллары
|
57 123,7
|
81 003,3
|
104 853,5
|
133 440,7
|
107 715,3
|
ЖНҚ теңгерiмдiк құны бойынша, млн. АҚШ доллары
|
39 679,6
|
54 075,6
|
70 806,4
|
92 306,4
|
н.д.
|
Негiзгi капиталға инвестициялар, млн. АҚШ доллары1
|
18 219,3
|
22 400,8
|
27 679,5
|
35 003,1
|
30 826,6
|
ТШИ, млн. АҚШ доллары
|
6 618,6
|
10 623,6
|
18 452,6
|
19 755,2
|
18 428,8
|
ТШИ өсу қарқыны, %
|
79,6
|
160,5
|
173,7
|
107,1
|
93,3
|
ТШИ, әлемнiң барлық елдерi, млрд. АҚШ доллары
|
973,3
|
1 461,1
|
1 978,8
|
1 697,4
|
н.д.
|
Қазақстанның ТШИ әлемнiң барлық елдерi ТШИ-iндегi үлесi, %
|
0,7
|
0,7
|
0,9
|
1,2
|
-
|
ҚР жыл басындағы халық саны, мың адам
|
15 219,3
|
15 396,9
|
15 571,5
|
15 776,5
|
16 055,7
|
Жан басына шаққанда ТШИ ағыны, АҚШ доллары/адам
|
434,9
|
690,0
|
1 185,0
|
1 252,2
|
1 149,2
|
______________________
1ҚР СА деректерi
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша 2005 - 2009 жылдардағы негiзгi капиталға инвестициялар шамамен 18,2 млрд. АҚШ долларынан 30,8 млрд. АҚШ долларына дейiн (1 кесте) 70%-ға өстi. Негiзгi капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемi елдiң ЖIӨ-нiң 2005 жылғы 32%-дан, 2009 жылы 28%-ды құрайды. Бұл көрсеткiш өндiрiске инвестициялардың ықпал ету индикаторы болып табылады, өйткенi кәсiпорынның негiзгi капиталына резидент еместерден қаражаттың тiкелей түсуi кезiндегi инвестицияларды ескередi.
ТШИ тарту көлемдерiнiң өсу қарқыны барлық талданып отырған кезең iшiнде тұрақсыз болып қалып отыр. 2008 жылы Қазақстанға ТШИ ағынының үлесi әлемнiң барлық елдерiне ТШИ ағынының 1,2%-ын ғана құрағанын атап кету керек.
Жан басына шаққанда тартылған ТШИ көлемi 2009 жылы 1 149,2 АҚШ долларын/адам құрады, бұл 2005 жылдың көрсеткiшiнен 2,5 есе көп, бiрақ 2008 жылдың мәнiнен 8,2% төмен. Тартылған ТШИ жинақталған көлемi (inward FDI stock) 1993 - 2009 жылдар аралығында Қазақстанда жан басына шаққанда 6 737,66 АҚШ долл./адам құрады.
Инвестор-елдер бойынша тартылған ТШИ көлемiн талдау 2-кестеде берiлген, оған сәйкес, тартылған ТШИ-дiң негiзгi көлемi (1993 - 2009 жылдар кезеңiндегi барлық ТШИ 63,5%) Нидерланды (19,9%), АҚШ (18,5%), Ұлыбритания (8,4%), Франция (5,4%), Италия (4,4%), Канада (3,6%) және Швейцария (3,3%) сияқты дамыған елдерден түскенi көрiнiп тұр. Бұдан өзге Қазақстанның экономикасына айтарлықтай iрi инвестор елдер Ресей (3,7%), Қытай (3,5%) және Оңтүстiк Корея (3,1%) болып табылады, сондай-ақ оффшорлық аймақтардан түскен инвестициялық капиталдың салымы да айтарлықтай (Виргин аралдары - 5,6%). Қалған елдердiң үлестерi айтарлықтай емес және 3%-дан аспайды. Қазақстан экономикасына инвестиция салған елдердiң жалпы саны 116 мемлекет тiзiмiнен астам болды.
2-кесте. Инвестор-елдер бойынша тартылған ТШИ көлемдерi
Достарыңызбен бөлісу: |