Баєдарлы оќытуды ўйымдастыру



жүктеу 1,51 Mb.
бет1/6
Дата24.12.2017
өлшемі1,51 Mb.
#5862
  1   2   3   4   5   6

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

№47 М В Ломоносов мектебі



МЕКТЕПТЕГІ БАҒДАРЛЫ ОҚЫТУДЫ

ҰЙЫМДАСТЫРУ БАҒЫТТАРЫ

№47 М В Ломоносов атындағы орта мектептің бағдарлы оқу ісі орынбасары Нұрманова Сауле Құрманәліқызы

РЕЗЮМЕ
Аты –жөні: Нұрманова Сауле Құрманәліқызы

Ұлты: қазақ

Туған жылы:1972.21.05.

Білімі: жоғары.

Бітірген оқу орны:Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы

педагогикалық институт.1993 жыл.



Мамандығы: химия, биология пәнінің оқытушысы.

Лауазымы: Мектеп директорының бағдарлы оқу ісі жөніндегі орынбасары

Еңбек өтілі:14 жыл.

Лауазымы бойынша: 11 жыл

Біліктілігін арттыруы: 2002 ,2004,2005жылдары Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми –педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институты.2007 жылы облыстық педагог- кадрлардың біліктілігін арттыру институты.

Зерттеу тақырыбы:Бағдарлы оқыту жағдайында біліктерді дамыту.

Мадақтаулары: 2001 жылы «Жыл мұғалімі» аудандық сайыста І орын,

облыстық сайыста ІІ орын.

2001жылы Қ Р Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған

«Мерекелік медаль» иегері.

2001 жылы облыс әкімінің алғыс хаты.

2001,2004,2006 жылдары аудандық,облыстық білім

бөлімінің құрмет грамоталары .

Жетістіктері: 2004 жылы Алматы қаласында ББЖКБАРИ ұйымдастырған республикалық конференция жинағына «Модульдік оқыту технологиясының оқу процесінде тиімділігі » тақырыбындағы зерттеу жұмысы жинаққа енді.

Мектеп директорының бағдарлы оқытуға байланысты орынбасарының

қызметтік нұсқаулары, міндеттері мен жұмысының мазмұны


  1. Жалпы нұсқаулар

1.1. Бұл нұсқау жалпы білім беретін мекемелердегі директордың орынбасарларын тағайындау туралы бұйрығына сәйкес және ҚР Еңбек заңына негізделіп жазылды.

1.2. Мектеп директорының бағдарлы оқытуға байланысты орынбасары мектеп директорының бұйрығымен жұмысқа тағайындалып, босатылады.

1.3. Мектеп директорының бағдарлы оқытуға байланысты орынбасарының білімі жоғары және бұл саладағы қызметтік өтілі үш жылдан кем болмауы тиіс.

1.4. Мектеп дитекторының бағдарлы оқытуға байланысты орынбасары мектеп директорына бағынады.

1.5. Мектеп директорының бағдарлы оқытуға байланысты орынбасары өзінің қызметі барысында, негізгі құжаттар: Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Еңбек туралы», «Еңбекті қорғау туралы» заңдарын,

Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі білім беруді

ақпараттандыру және дамытудың Мемлекеттік бағдарламаларды, ҚР-ындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасын (2006), ҚР-ның Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (2006), қазақстандық білім берудегі жаңғырту стратегияларының міндеттерін, білім беру мекемелеріндегі нормативтік құжаттарды, еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді, техника және өрт қауіпсіздік ережелерін және мектеп директорының бұйрықтары мен нұсқауларын басшылыққа ала отырып жұмысын ұйымдастырады.

1.6. Пәндік оқу бағдарламаларын, әдістемелік нұсқауларды білуі тиіс.

2.Негізгі міндеттері
2.1.Білім беру процесіне жаңа технологияларды ендіру және оның жолдарын ұйымдастыру, ашық білім берудің ақпараттық

технологиялары мүмкіндіктерін пайдалану.

2.2. Оқу процесіне оқушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне орай, пәнді қисынды оқытуды ұйымдастыру, ұжым мен әрбір оқушының даму жағдаяттарын диагностикалау мен бақылау, бейімділіктерін болжау, оның жолындағы қиындықтарды түзеу және болу себептерін анықтау.

2.3. Ақпаратты жинақтау мен талдаудың тәжірибелік дағдыларын, жеке таңдау мен оқушылардың өзін-өзі ұйымдастыратын, олардың кәсіби бағдарының қалануына септігін тигізетін оқытудың әдістері мен технологияларын қолдану: зерттеу, жобалау, жеке тұлғалық қасиеттерге бағытталған оқыту мен оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру (интелектуалдық, коммуникативті, танымдық ,ақпараттық, азаматтық-құқықтық және т.б.)

2.4. Педагогикалық кадрлардың бағдарлы оқытуға байланысты кәсіби шеберліктерін дамытып, көтеріп отыруларын ұйымдастыру.

2.5. Білім беру процесін обьективті бағалау мақсатында сабақтарға қатысады.(100 сабақтан кем болмауы тиіс)



3.Қызметтік міндеттері
Мектеп директорының бағдарлы оқытуға байланысты орынбасары өзінің қызметі барысында:

3.1. Педагогикалық ұжымның бағдарлы оқыту мен 12 жылдық білім беруге байланысты ақпараттық технологияларды енгізуді және оларды жоспарлауларын ұйымдастырады.

3.2. Пән мұғалімдеріне әдістемелік нұсқауларды, ақпараттық технологияларды пайдалануда жетекшілік етеді.

3.3. Мектептегі оқушылардың бағдарлы оқытылуының жағдайларын мониторингтер мен диагностикалау (болжаулар) жүргізеді.

3.4. Тәжірибе алмасу мақсатында түрлі конференцияларға, координациялық кеңестерге,әдістемелік отырыстарға қатысады және оларды өзі ұйымдастырады.

3.5. Оқушылардың кәсіби бағдар алуының эффективті және оптимальді жолдарын қарастырады, ұйымдастырады.

3.6. Білім кеңістігіндегі ақпараттарды дұрыс бағдарлау, оқушы бейімділіктері дұрыс бағдарлау мақсатында түрлі іс-шаралар өткізеді, ұйымдастырады.

3.7. Мамандық таңдау мақсатындағы оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуларын ұйымдастырады.

3.8. Мұғалімдер мен оқушыларға осы жұмыстарды ұйымдастыруда көмек көрсетеді.

3.9. Білім беру процесін ізгілендіру мақсатында өз ұсыныстарын айтады.

3.10.Басқа білім мекемелерімен байланыстарды ұйымдасырады. (ЖОО, колледждер, кітапханалар, өңірлік орталық және т.б.)

3.11.Басқа білім мекемелері арасында мектеп мерейін көтеретін, оны жарнамалайтын іс- шаралар ұйымдастырады.

3.12.Өз уақытында есеп береді

4.Құқықтары
Мектеп директорыныңбағдарлы оқытуғабайланысты орынбасарыөзінің қызметі барысында:

4.1.Педагогикалық кеңес және түрлі әдістемелік отырыстарға қатысуға

4.2.Білім беру процесін дамыту үшін өз ұсынысын ұсынуға-құқығы бар.
5.Жауапкершілігі
Мектеп директорының бағдарлы оқытуға байланысты орынбасары өзінің қызметі барысында:

5.1.Мектеп мүлкін қызметі барысында бүлдірген жағдайда материалдық

жауапкершілікке тартылады. (еңбек заңы аясында)

5.2. Өрт, техника, санитарлық-гигиеналық, еңбекті қорғау ережелерін сақтамаған кезінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.


6. Қызметтік өзара байланыс
6.1. Мектеп директоры бекіткен аптасына 40 сағаттық, жұмыс күні 9-00-17-00 болатын режиммен жұмыс істейді.

6.2. Әрбір тоқсанға жұмысжоспарын құрады. Жұмыс жоспарын мектеп директоры бекітеді.

6.3. Әрбір тоқсан біткенде 10 күн ішінде мектеп директорына жазбаша есеп береді.

6.4. Мектеп директорынан ақпараттық, құқықтық, нормативтік, әдістемелік,

ұйымдастырушылық сипаттағы көмек алады.

Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру
Қазақстан Республикасы мектептеріне бағдарлы оқытуды енгізу үшін ҚР Конституциясының 30 бабына, ҚР «Білім Туралы» Заңына сәйкес шыққан Білім министрлігінің №69 бұйрығы (наурыз 1996 ж) мен 04.05.1994 ж ҚР Министрлер кабинетінің қаулысын орындау үшін 15.01.1996 ж ҚР Білім министрлігі коллегиясының №1/1 шешімімен бекітілген төмендегі негізгі төрт тұжырымдамалық құжат негіз болады:


  1. ҚР жалпы орта білім беру стандарттары туралы Ереже;

  2. ҚР жалпы білім беретін мектептерді дамыту тұжырымдамасы;

  3. Жалпы орта білім мазмұны тұжырымдамасы;

  4. ҚР жалпы білім беретін мектептерінің мемлекеттік базистік оқу жоспары жатады.

Қазастан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 24 қыркүйек 2002 жылғы № 693 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес жалпы орта білім беретін мектептің жоғарғы сатысында бағдарлы оқыту қарастырылған.

Бағдарлы оқыту жалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардыңқабілетін дамытуға, жоғарғы сынып оқушыларына өздерінің кәсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік беретін саралау мен даралау құралы болып табылады.



Бағдарлы оқыту дегеніміз жалпы білім беретін мектептің жоғарғы буынында оқытуды даралауға, оқушынын әлеуметтендіруге, сонымен бірге, мектептің жоғарғы сатысы мен орта және жоғарғы кәсіби білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі.

Бағдарлы оқытудың мақсаты – жалпы білім беретін мектептің жоғарғ,ы сыныптарында оқушыны еңбек нарығының нақты сұраныстарын ескере отырып, әлеуметтендіруге бағытталған арнайы дайындау жүйесін жасау.

Бағдарлы оқытудың негізгі міндеттері:

  • Жалпы орта білім бағдарламасының жеке пәндерін тереңдете оқыту

  • Білім мазмұныны саралауға және әр оқушының жеке білімдік траекториясын құруға жағдай жасау;

  • Жалпы орта және кәсіби білім арасындағы сабақтастықты, бағдарлы сынып оқушыларын жоғарғы оқу орныныда білімін жалғастыруға дайындауды қамтамасыз ету.

Мақсатқа жету жолдары:

  • мектептің жоғарғысатысында бағдарлы оқытуды жаппай енгізу жағдайындағы оқыту процесінің құрамын, мазмұны мен ұйымдастырылуын, өзгертуді қамтамсыз ететін бағдарлы оқыту қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру;

  • оқу жоспарларының мектептік компонентін қамтамасыз ету үшін білім беру жүйесінде байқаудан өткізілген қолданбалы курстар мен таңдау курстарының мәліметтер қоры ретіндегі тізбесін жасау;

  • бағдарлы оқыту бағдарламасын ресурстық тұрғыдан қамтамасыз ету;

  • бағдарлы оқытудың теориялық жәнеәдістемелік құраушыларын қамтамсыз ететін бағдарлы оқыту бағдарламаларын, жаңа буын оқулықтары мен оқу әдістемелік кешенімен жетілдіру;

  • бағдарлы емес пәндер бойынша біртұтастүсінік қалыптастыруға бағытталған кіріктірілген оқу курстарын дайындауды ұйымдастыру;

  • бағдарлы оқыту бағдарламалары бойынша оқытудың типтеріне сәйкес мамандарды қайта даярлықтан өткізу;

  • білім беру мекемелері мен оқытушылардың бағдарлы оқыту бағдарламаларын жүзеге асыру құқығын сертификаттау,

  • 9 сынып оқушыларына бағдарлы оқыту бағдарламаларын дұрыс таңдауға мүмкіндік беретін бағдаралды дайындықты жүргізу;

  • бағдарлы оқытуды кеңкөлемде жүзеге асыруды қолға алу сияқты міндеттерді шешу

Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілері деп нақты жағдайларда бағдарлы оқыту түрлерін жүзеге асыру тәсілдерін айтады. Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілерінің мүмкін нұсқалары ретінде мыныларды атауға болады:


  1. бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың мектепішілік үлгісі;

  2. бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың тораптық үлгісі:

    • ресурстық орталық негізінде ұйымдастыру

    • әлеуметтік серіктестік негізінде ұйымдастыру.


Мектепішілік бағдарлау үлгісі деп бағдарлы оқытуды білім беретін бір ғана мекеменің күшімен ұйымдастыруды айтады.Бұл жағдайда жалпы білім беретін мекеме бірбағдарлы немесе көпбағдарлы болуы мүмкін.

Бірбағдарлы білім беретін мекеме таңдалып алынған бір ғана бағдарды, мысалы, жаратылыстану-математикалық немесе қоғамдық-гуманитарлық бағдарды жүзеге асырады.

Көпбағдарлы білім беретін мекеме оқытудыңбірнеше бағдарын, мысалы, жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағдарды жүзеге асырады.

Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудыңосы үлгісін енгізу кезінде жалпы білім беретін мектептер нақты бағдарға бағытталады және сонымен қатар оқушыларға белгілі бір бағдарлы пәндердің, қолданбалы нмнесе таңдау курстарының санын елеулі арттыру есебімен өздерінің жеке бағдарлы білім беру бағдарламаларын толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.



Тораптық бағдарлау үлгісі ресурстық орталық базасында және әлеуметтік серіктестік негізінде оқыту арқылы жүзеге асырлады.

Бағдарлы оқытуды ресурстық орталық негізінде ұйымдастыру кезінде жалпы орта білім беретін бірнеше мектеп материалдық және кадрлық әлеуеті жеткілікті, неғұрлым күшті бір ғана жалпы білім беретін мекеме-«ресурстық орталық» төңірегіне шоғырланады.

Бұл жағдайда жалпы білім беретін мектеп базалық жалпы білім беретін оқу курстарын, ал ресурстық орталық бағдарлы жалпы білім беретін курстарды жүзеге асырады.



Бағдарлы оқытуды әлеуметтік серіктестік негізінде ұйымдастыру кезінде білім беретін түрлі типтегі мекемелер -мектептің әлеуметтік серіктестері торабы шеңберінде бағдарлы дайындық беріледі. Торап шеңберінде бағдарлы курстар мен таңдау курстарын мектептің әлеуметтік серіктестері, яғни шағын жинақы орналасқан білім беру, мәдениет жәнеспорт мекемелерінің әртүрлі типтері мен түрлері ұсынылады.

Бұл жағдайда жалпы білім беретін мектеп базалық жалпы білім беретін оқу курстарын, ал мектептің әлеуметтік серіктестері:



    • бағдарлы жалпы білім беретін курстарды;

    • тәжірибеден өткізуді;

    • жобалық және зерттеу жұмыстарын;

    • оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды жүзеге асырады;

Аудан орталықтарындағы мектептер мен ауыл мектептері жағдайында бағдарлы оқытуды ұйымдастырудыңмектепішілік үлгісі де, тораптық үлгісі де жүзеге асырылуы мүмкін.

Ауыл мектептерінде бағдарлы оқытуды ұйымдастыруда әртүрлі факторлар қамтылуы тиіс. Солардыңішінде ауылдағы барлық мектеп саны, мектеп статусы педагогикалық кадрлармен қамтылуы, қосымша білім беруді ұйымдастыру мен ресурстық мүмкіндіктері, графикалық орналасуы негізгі факторлар болып есептеледі.



Осы факторларды ескере келе, ауылдық жағдайда бағдарлы оқытудың төмендегідей қосымша түрлерін ұсынуға болады:

    • оқытудың интернаттық жүйесі;

    • пәндерді қарқынды жүйеде оқыту;

    • жалпы білім беретін және бағдарлы пәндерді алмастыра оқыту (бір күнде немесе бір аптада);

    • қашықтықтан оқыту

    • бағдар бойынша жасшамалары әртүрлі оқушыларды біріктіріп оқыту (10-11 сынып оқушылары)

Бағдарлы оқытуды енгізу механизмі мен шарттары 9-сыныпта бағдаралды дайындық ұйымдастырылады және онда оқушылар өздері тұратын аймақтарда жүзеге асырлатын:

    • бағдарлы оқыту бағдарламаларымен;

    • бағдарлы оқытудың ұйымдастырылу типтерімен, формаларын және ұсынылып отырған үлгілерімен

    • кәсіпке оқытудың болашағымен немесе бағдарлы білім

алғаннан кейінгі жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен;

    • бағдарлы оқыту бағдарламасы бойынша оқыту шарттарымен таныстырылады.

Бағдарлы оқытуды табысты жүзеге асыру үшін мектептің типіне қарай бағдарлы оқыту бағдарламасын жүзеге асыратын педагогикалық кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесі сол сияқты білім жүйесінің басқару аппараты қажет.
Оқушылардың кәсіби бағыттылығын анықтау
Адамның өз мамандығына қаншалықты қанағаттануы мен өз өміріне қаншалақты риза екендігінің арасында тікелей байланыс бар. Бір жағынан, кәсіп таңдау – болашаққа үңілу болса, екінші жағынан, ол - өзіннің ішкі жан дүниене үңілу. Дұрыс таңдалмаған мамандықтың жағымсыз тұстары тек адамның өзіне ғана емес, бүкіл қоғамға кері әсерін тигізеді. Ғалымдардың есебі бойынша мамандықты дұрыс таңдау кадрлар тұрасыздығын – 2 – 2,5 есе азайтса, еңбек өнімділігін 10 – 15 % ке арттырады да, кадрларды оқытуға жұмсалатын қаржыны – 1, 5 – 2 есеге азайтады екен. Адамның кәсіби өзін табу бағдарына көптеген факторлар әсер етеді, соның ішіндегі ең маңыздылары:

    • мамандық және оның қажеттілігі туралы білу ;

    • бейімділіктер (қызығушылық, еңбек түрткісі, ынтасы );

    • қабілеттер, денсаулық (ішкі мүмкіндіктер мен шектеулер );

    • Ықылас деңгей мен өзін - өзі бағалау;

    • ата – ананың, отбасының көзқарасы;

    • құрбы – достарының көзқарасы;

    • мұғалімдер мен мамандардың көзқарасы;

    • жеке кәсіби жоспар – адамның кәсіби салада неге және қалай жету керектігі жөніндегі пайымдар жүйесі;

Оқушының өз қызығушылығын және кәсіби бағытын анықтау үшін төмендегідей зерттеу жұмыстарын жүргізуге болады.

  1. Оқушылардың кәсіби ой – ниетін анықтау

Мақсаты: Оқушылардың негізгі мектепті бітіргеннен кейінгі ой – ниетін анықтау, яғни ересектердің айтқан ақыл кеңесін, өзі таңдаған мамандығының мазмұны мен оның адамға қоятын талабы туралы не біледі, өзінің қабілеттерін қалай дамытады, жасаған жоспарын қалай жүзеге асырады, қосымша нұсқалары барма деген алуан түрлі сұрақтарға жауап іздеу.

2Оқушылардың мамандық туралы хабардарлығы

Мақсаты: оқушылардың жеке пікірі бойынша өзінің бойында дарындылықтың қандай түрі бар екендігі ; мамандықты игеруде қандай кедергілердің болуы мүмкін ; таңдау аясы тар болған жағдайда қандай мамандық түрін таңдар еді ; адамның қандай кәсіби сипатын ерекше бағалайды ; өзі таңдаған мамандығына қандай талаптар қоятыны туралы анықтау. .

3 . Табандылықты зерттеу.

Мақсаты: алға қойған мақсатқа жетуде байқалатын табандылық дәрежесін анықтау.

4 Кәсіби- тұлғалық типті бағалау .

Мақсаты: тұлғаның әлеуметтік бағытын анықтау және кәсіби типін бағалау.

5.Оқушылардың кәсіби қызығушылығы мен бейімділігі..

Мақсаты : оқушылардың кәсіби қызығушылығы мен бейімділігін анықтау.

6Оқушылардың қызығушылығы.

Мақсаты: оқушының түрлі қызмет аясындағы негізгі қызығушылықтарының

бағытын анықтау.



7.Кәсіптік ынталануын зерттеу

Мақсаты : кәсіптік қызметтегі ынта, түрткілерін зерттеу.

Жалпы орта білім беретін оқу орындарының бағдарлы сыныптарына оқушыларды қабылдау реті
Бағдарлы мектептерге оқушылар қабылдауды жалпы орта білім беретін оқу орындарының қабылдау комиссиясы жүзеге асырады. Оның құрамына жалпы білім беретін оқу орны құрылтайшыларының өкілдері, директоры, бағдарлы пәндердің мұғалімдері кіреді. Қабылдау комиссиясының жұмыс істеу уақытын жалпы орта білім беретін оқу орны белгілейді.

Бағдарлы мектепке қабылдау мәселесін шешу үшін 9-сыныпты бітірушілер немесе олардың ата-аналары міндетті түрде жалпы орта білім беретін оқу орнына:



    • жалпы орта білім беретін оқу орны директорының атына жазылған қабылдау жөніндегі өтініш;

    • негізгі орта білімі туралы куәлік;

    • оқу жетістіктерін растайтын құжаттарын өткізулері тиіс.

Бұл құжаттар жалпы орта білім беретін оқу орнының 10-сыныбына қабылдау журналына тіркелгеннен кейін өтініш иесіне;

    • өтініштің нөмері;

    • тапсырылған құжаттардың (хатшының немесе құжаттарды қабылдауға жауапты адамның қолы және оқу орныныңмөрі қойылған) тізімі;

    • 10-сыныпқа қабылданғаны туралы хабарлау мерзімі жөніндегі мәлімет;

    • тиісті ақпарат алып тұруға мүмкіндік беретін телефон нөмірі көрсетілген құжат беріледі.

Бағдарлы сыныптағы оқушылардың саны қалалық жерлерге 25-тен, ауылдық жерлерде 20-дан аспауы тиіс.

Бағдарлы оқытуды ұйымдастыруға қажетті жағдайдың болуына қарай қолданбалы курстар оқушыларды топтарға бөлу арқылы оқытылуы мүмкін.

Жалпы бағдарлы мектептерге оқушылар мемлекеттік аттестация (9-сыныптан кейінгі) қорытындысы бойынша қабылданады. Ең алдымен бағдарлы мектептерге (сыныптарға);


    • негізгі орта білімі туралы үздік куәлік алған оқушылар;

    • оқыту бағдарына сәйкес келетін пәндер бойынша аудандық, облыстық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары;

    • ата-анасы жоқ және олардың қамқорлығынан айырылған оқушылар қабылданады;

Оқушыларды бағдарлы мектептерге қабылдауда мемлекеттік аттаестатция нәтижелерімен бірге Педагогикалық кеңестің шешімімен:

    • оқушының оқудағы және шығармашылық белсенділігінің негізгі формасы мен бағыттарының қысқаша сипаттамасы, яғни ғылыми конференциялдарда, байқауларда, оқу лагерлерінде, спорт, көркем өнер жарыстарында жеткен жетістіктері;

    • мектеп оқушыларына арналған аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі журналдарда, газеттерде және т.б. баспа беттерінде жарық көрген еңбектері пайдаланылады.

Бұл құжаттарды сипатына қарай кейбір оқушыларға тиісті бағдарды (бағытты) барынша негізді етіп ұсынуға мүмкіндік береді.

Ұсынылған өтініштің саны,сыныптағы орын санынан асып кеткен жағдайда 9-сыныпты бітірген түлектерді қабылдау олардың білім жетістіктерінің рейтингісі негізінде жүзеге асырылады.Білім беру басқармалары өзіне қарайтын барлық жалпы орта білім беретін оқу орындары үшін білім рейтингін құрудың бірыңғай критериилерін белгілеп, оларды өз уақытында 9-сыныпты бітірген түлектерге және олардың ата-аналарына хабарлайды. Ұсынылған барлық құжаттар қабылдау комиссиясының мәжілісінде қаралып, сәйкес хаттамасы жазылады.

Бағдармен оқытатын сыныптарға қабылдау 1-шілдеде аяқталады. Кей жағдайда 1-тамыздан 30-тамызға дейін қосымша қабылдаужұмыстары жүргізілуі мүмкін. Қосымша қабылдау жасау үшін жалпы орта білім беретін оқу орнының директорына әрбір бағдар бойынша 5 орынды жеке ұстауға рұқсат етіледі.

Оқушылардың жалпы орта білім беретін оқу орнының бағдарлы сыныптарына оқушыларды қабылдау жөніндегі бұйрығы 30-тамыздан қалдырылмай шығарылып өтініш берушілерге таынстырылады. Бағдарлы сыныптарға қабылданған барлық оқушылар және олардың ата-аналары жалпы орта білім беретін оқу орнының Жарғысымен оның білім беру қызметін жүргізу құқығы көрсетілген лицензиясымен және т.б. құжаттарымен танысуға міндетті.

10-сыныпта оқитын оқушылар І тоқсанның аяғында:

- І тоқсанды ойдағыдай аяқтаған жағдайда;

- Жаңадан таңдап отырған бағдары бойынша пәндерді игерудегі

оқулықтарды жою бойынша өз бетінше сынақ тапсырған жағдайда;

- Оқушының ата-анасы жазбаша түрде келісім берген жағдайда өздерінің

оқу бағдарын өзгерте алады.


Бейіналды даярлық жұмыстарын

ұйымдастыру мәселелері
«Адам өзінің ыңғайымен, еркімен қызмет ететін зат.Іштен туғаннан –ақ белгілі бір өнерге, қызметке икемді болып туады.Басқаша айтқанда әр адамда бір нәрсе- талап , ыңғай , қабілет, яғни зеректік болады.Біреуі бала оқытуға, біреуі әкім болуға, біреуі дәрігерлікке берілуге, біреуі саудаға, біреуі сөзге ыңғайланып жаралады.Кейде кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен жүріп қызмет етсе, өз басына , әлеуметке де көп пайда келтірмек » - деген Ж Аймауытовтың мұралы сөзі әлі күнге маңызын жойған емес.

Оқытудың жаңа жүйесінге көшу- әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін,өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай-ақ қоғам пайдасына қарай өзін -өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді , шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру, оның болашақ кәсіби бағдарын айқындауына ықпал ету болып табылады.

Әр адам ерте ме , кеш пе өз өмірінде «Кім болам?», «Қайда барып оқимын?» деген сұрақтарға жауап іздейді.Мамандық таңдау өте қиын мәселе.Өйткені таңдаған мамандығың ертеңгі сенің өмірің, яғни сенің болашағың, қоғамның болашағы, елдің ертеңі.Көптеген зерттеулердің қорытындысы бойынша жастардың 40% мамандық таңдау тәртібін білмегендіктен өздерінің икеділігіне, қабілеті мен қызығушылығына сәйкес келмейтін мамандықтарды таңдайтын көрінеді.

9 сыныпта оқушылардың кәсіби деңгейін «12 жылдық білім беру проблемалары» Республикалық ғылыми –практикалық орталығының ұйымдастырумен жасалған арнайы диагностикалық дәптер арқылы анықтауға болады.Бірақ бұл зерттеудің өзі бала бағдарын анықтауды толық қамти алмайды.Олай болса 12 жылдық білім жүйесіне көшу кезінде бағдарлы оқытуды тиімді ұйымдастыру, баланың бейімін анықтау мұғалім қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді.

Сондықтан бағдарлы оқытуды ұйымдастыруды бастауыш сатыдан –ақ бастау өз нәтижесін бермек.1-9 сыныптарда бейіналды даярлық жұмыстарын типтік оқу жоспарының вариативті бөлімінен ұйымдастыруға болады.

Бейіналды даярлық жұмыстарын ұйымдастыру кезінде оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін, қабілеттері мен мүмкіндіктерін, қызығушылығы мен қажеттіліктерін анықтайтын түрлі педагогикалық- психологиялық тесттер алу және мамандық туралы кең көлемде ақпарат беру мәселелеріне баса назар аудару қажет.

Бейіналды даярлық жұмыстарын екі кезеңде ұйымдастыруға болады.

1 кезең: Жасөспірімдерді мамандықтар әлемімен және әр мамандықтың адамға қояр талаптарымен тереңдей таныстыру.

2 кезең: Бейіндік бағдарды анықтау, мұндағы басты мақсат түрлі қызмет саласындағы тұлғаның қызығушылығы мен қажеттілігін, бейімін анықтау.

Ол үшін біз ең алдымен тұлғаның өз мүмкіндіктерін таңдауға бағыт –бағдар береміз

Бейіналды даярлықтың басты мақсаты баланың қабілетін ескере отырып, болашақтағы мамандығына икемділігін анықтау, өз бейініне қарай тұлғаның өз мүмкіндіктерін пайдалануға бағыт – бағдар беру және өзін -өзі тануына мүмкіндік жасау. Осыдан соң тұлғада төмендегідей қасиеттер жинақталып, өз бетінше шешім қабылдай алуы тиіс.


Шешім қабылдаушы тұлға

Өз көзқарасымен қорытынды шығара алатын

Өмір өзгерістеріне тез бейімделетін


Өмірден өз орнын табуға тырысатын

Үнемі ізденіп , өз -өзін дамытатын

Алған білімін өмірде қолдана алатын



Кездескен қиыншылықтарды шеше алатын


Бастауыш сатыдағы бейіналды даярлық жұмыстары



Негізгі сатыдағы бейіналды даярлық жұмыстары

Жоғарыда көрсетілген бейіналды жұмыстарына арналған сағаттарды қазіргі қолданыстағы типтік оқу жоспарының мектептік және оқушы компонентіндегі сағаттарды жүйелі пайдаланып,оқушыға екі бағытта да мағлұмат бере отырып, мектептің жоғары сатысына өту кезінде өз бейімін адаспай таңдай алатындай дәрежеге жеткізуіміз үшін қолдануымызға болады.Бұл өз тәжірибемізде іске асырылып жатқан бейіналды даярлық жұмыстарының бір көрінісі.

Кәсіп таңдау бір жағынан болашаққа үңілу болса, екінші жағынан өзінің жан дүниесіне үңілу. Сондықтан оқушылардың жан дүниесі қалаған, қабілеті мен икемі бар мамандық таңдауына бағыт бере алуымыз қажет.


жүктеу 1,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау