Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепалды даярлық тобында оқу үрдісін жобалау



жүктеу 72,42 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі72,42 Kb.
#14757

Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепалды даярлық тобында оқу үрдісін жобалау

Баланы мектепалды даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады. Балаларды мектепалды даярлықтан өткізу барысында оқытудың төрт міндеті қарастырылады.

Бірінші міндеті: әлеуметтік дамуда баланың үлкендермен қарым қатынасы және өз құрбы-құрдастарымен баланың баланың ой-өрісінің қалыптасу мүмкіндіктері көзделген. 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында бес-алты-жеті жастағы балалардың мектепалды дайындықпен толық қамтылуын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген. Мектепалды дайындықтың негізгі мақсаты – 5-6-7 жасар балаларды жалпы, интеллектуалды, физикалық дамыту, олардың білімді игеру дайындығын қамтамасыз ету, оқу іс-әрекетін меңгеруі үшін баланың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру. Балаларға алғашқы кезеңде теңдей бастапқы жағдайлар жасау үшін  атқарылған жұмыстар аз емес және атқарылатыны әлі де көп.

Мектепалды дайындықты ұйымдастырудың көпнұсқалылығы балалардың мектепке дайындық деңгейімен қамтамасыз етіледі және мыналармен сипатталады:

-         оқуға ынталандыру;

-         қоршаған болмыс туралы алғашқы пайымдар;

-         өз-өзіне және мектепке деген позитивті қарым-қатынас;

-         оқуға қабҚазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен
байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі
жаңа білім беру өте қажет»

Мемлекетіміздің білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының қабылдануы білім саласындағы үлкен жаңалық. Білім беру жүйесінен күтілетін нәтижелердің бірі – «өмірлік білімнен баршаға өмір бойы игерілетін білім». Бұл өмірдің әртүрлі талқысынан сүрінбей өту, тұлға ретінде дамуы үшін адамға білім қай жаста қажет екенін әр адам өз өмірі барысында үздіксіз білім алуға тиіс екенін айқындай түседі. Демек, оның жас ерекшелігіне қарай білім алу жасы да, әдісі де әртүрлі болатындығы белгілі. Бағдарламада мектепке дейінгі тәрбие берудегі мақсат: «балабақшадағы әдістемеге және тәрбие беру үрдісінің мазмұнына жаңа сапа беруге қатысты болып отыр»,- деп ерекше айтылған. Бүгінгі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектепалды дайындық тобындағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту саласында заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, сондай-ақ жаңа технологиялармен қамтамасыз ету қажеттігі туындап отыр


Сабақта қолданылатын ойындардың түрі көп, біз олардың ең балабақшаның оқу-тәрбие үрдісіндегі ең маңыздыларын және жиі қолданылатындарын ғана іріктейміз. Жалпы ойынға қарағанда балабақшадағы қолданылатын ойындардың ерекшелігі нақты мақсаттардың және соған сәйкес нәтиженің болуы.
Мектеп алды дайындық — білім берудің іргетасы болғандықтан оқу мен тәрбиенің түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіріп, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдаланудың жолдарын қарастырдым.

ілеттілігі (тіл дамыту, қарапайым есеп және т.б.);

- қарапайым әлеуметтік дағдылардың болуы.

    Бүгінгі күні мектепалды дайындық топтары мен сыныптарында ойын іс-әрекетінің жетекші рөл сақталып отыр. Арнайы ұйымдастырылған сабақтарда әр түрлі ойын түрлері кеңінен қолданылады (дидактикалық, ұлттық, қозғалыс, сюжетті-рөлдік, ережелі және т.б.). Ойындар тәрбиешінің балалармен және балалардың бір-бірімен еркін ынтымақтастығына негізделеді, баланың жеке белсенділігін көрсетуіне, өзін толық іске асыруына мүмкіндік беретін бала өмірін ұйымдастырудың негізгі нысанына айналады.

Мектепалды сыныптар мен топтардың және ойын учаскелерінің ғимараттарын заттық-кеңістіктік ұйымдастыру балалардың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне сәйкес болуы, ал оның элементтері (құрал-жабдықтар, ойындар, ойыншықтар, дидактикалық материалдар және басқалар) әрбір баланың жеке дамуына бағдарлануы тиіс. Ендеше, заттық-кеңістіктік орта оқу-тәрбие процесінің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беруі қажет.

Топтық ғимараттардың бағдары сурет салу, мүсіндеу, құрастыру және т.б. арналған құралдар мен материалдарға, ойыншықтар мен ойындарға еркін қол жетуді қамтамасыз ету қажет.

Жабдықталу (жиһаз және ойын кеңістігі) балалардың шектелмеген қозғалыс белсенділігінің мүмкіндігін қарастырып, баланың құрбыларымен бірлескен іс-әрекетке, сондай-ақ  оңаша қалуға деген қажеттілігін қамтамасыз етуі қажет. Топта сабаққа арналған  мынадай бұрыштарды ұйымдастыру қажет: ұлттық ойындар, бейнелеу және сындарлы іс-әрекет, оңашалану, кітап, табиғат және т.б бұрыштар. Берілген бұрыштардың тақырыбы мен экспозициясы ұдайы жаңартылып, толықтырылып отыруы тиіс.

Дамытушы заттық орта мынандай психологиялық-педагогикалық өлшемдерге жауап беруге тиісті:

-         баланың психикалық даму деңгейі мен жас ерекшелігіне сәйкестігі;

-         жүйелілігі және көпқызметтілігі;

-         трансформациялану мүмкіндігі;

-         мазмұны және функционалдық  міндеттерінің вариативтілігі.

Балалардың жеке қабілеттеріне сүйене отырып, өмірлік біліктер мен дағдыларды қалыптастыру және дамыту мақсаты көзделеді. Ол үшін мынадай жұмыс нысандарын пайдалану қажет:

-   сабақты шағын топтарда жүргізу;

-   әрбір баламен жеке жұмыс жүргізу;

-  ұйымдастырылмаған және дарынды балалармен жұмыс жүргізу;

-  өзінің пікірін білдіру, өз көзқарасының дұрыстығын дәлелдеу үшін жағдайлар жасау мақсатында баламен әңгіме жүргізу;

-  мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекеттеріне қатаң шек қоюдан бас тарту;

-   педагогтар мен балалар арасында  өзара серіктестік қарым-қатынастарды құру.

            Мектепалды дайындық топтарында оқытуды мынадай бағыттар бойынша жүргізу қажет:

1) Қазақ тілі (аптасына 3 сағаттан, барлығы - 96 сағат). Қазақ тілін мектепке дейінгі жастан бастап оқыту қазіргі уақыт талабы болып табылады. Орыс тілінде білім беретін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының алдында мектеп жасына дейінгі балаларда қазақ тілінде қарым-қатынас жасаудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру міндеті тұр.

2) Тіл дамыту (аптасына 1 сағаттан, барлығы - 32 сағат). Яғни, ана тілінде ауызекі тілдесуге қажетті дағдыларын, сөйлеу этикетінің негіздерін меңгеру, диалог және монолог тілін жетілдіру, балалар әдебиеті және фольклорлық шығармалардың мазмұнын мәнерлі, дәйекті және байланыстыра жеткізу білуін қалыптастыру.

3) Көркем әдебиет (аптасына 1сағаттан, барлығы-32 сағат). Ұлттық және әлем әдебиеттеріне қызығушылығын қалыптастыру, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне адамгершілік тұрғыда баға беру білігін дамыту, көркем шығармалар бейнелерінің сипатын түсіну, олардың шынайы өмірмен өзара байланысын ұғыну, белгілі тақырыпқа өзіндік  ертегі сюжеттері мен әңгімелерін құрастыруға жағдайлар жасау қажет.

4) Сауат ашу мен жазуға оқытуға дайындық (аптасына 1,5 сағаттан, барлығы-48 сағат) түрлі дыбыстық құрылымдағы сөздерге талдау жасау, тіл дыбыстарын сапалы сипаттау, сөздердегі екпінді буынды анықтау білігін қалыптастыру, сондай-ақ қолды жазуға дайындау бойынша арнайы жаттығулар кешенін өткізу арқылы жүргізіледі.

5) Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру (аптасына 1,5 сағаттан, барлығы-48сағат) сандар тілінің көмегімен қоршаған дүниені  қабылдау, абстрактлы ойлау элементтерін, кеңістік және уақытты бағдарлауды дамыту арқылы жүзеге асырылады.

6) Қоршаған дүниемен танысу, экология негіздері (аптасына 1,5 сағаттан, барлығы-48 сағат) балаларды заттық ортамен, қоғамдық өмір құбылыстарымен, ересектер еңбегімен,  әлем халықтарының мәдениетімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихы және мәдениетімен таныстыру, балалардың бір-бірімен және үлкендермен өзара қарым-қатынас деңгейін анықтайтын адамгершілік-эстетикалық пайымдарын кеңейту арқылы жүргізіледі.

7) Дене шынықтыру (аптасына 3 сағат, барлығы-96 сағат). Сабақтарда қозғалыс біліктерін, дағдыларын және дене сапаларын дамыту, қозғалыстың негізгі түрлерін (жүру, жүгіру, секіру) қалыптастыру, түрлі қозғалыс іс-әрекеттеріне белсенді қатысуға қызығушылығын ояту, тұлғаның игі адамгершілік-жігерлік сипаттарын, дербестігін, белсенділігін, бастамашылдығын тәрбиелеу жүргізіледі.

8) Бейнелеу өнері (аптасына 4 сағат, барлығы-128 сағат). Сабақтарда бейнелеу іс-әрекетіне, қиялға, эстетикалық талғам мен қажеттіліктерге  деген қызығушылықтары дамиды, бейнелеу іс-әрекеті сабақтарына қажетті дағдылар мен біліктер игеріледі.

9) Құрастыру және қол еңбегі (аптасына 1 сағаттан, барлығы-32 сағат). Құрастыру сабақтарында заттарды бір-бірімен салыстыру, заттардың ортақ және ерекше тұстарын бөліп көрсету біліктері қалыптастырылады, белгілі сындарлы біліктер мен дағдыларды меңгеру, сурет, сұлба, сызбалармен бағдарлану жүзеге асады. Қол еңбегінде - еңбекке деген сүйіспеншілік пен қызығушылық тәрбиеленеді, сенсорлық және ақыл-ой қабілеттері, қарапайым еңбек құралдарын қолдану дағдылары дамытылады.

10) Музыка (аптасына 2 сағат, барлығы 64 сағат). Музыкалық талғам, өнер шығармаларына баға беру қарым-қатынасы, эмоциялық ықыласы қалыптастырылады, сенсорлық дағдылар бекітіледі, халық музыкасына деген сүйіспеншілік тәрбиеленеді, музыкалық-ритмикалық қимылдар игеріледі.

11) Валеология негіздері (аптасына 1 сағаттан, барлығы-32 сағат) денсаулық үшін оңтайлы жағдайларда оқу, тұрмыстық және өзге де қызметтер, балада өз іс-әрекеттерін   салауатты өмір салтының ережелері мен нормаларына сәйкес іске асыру бағдары қалыптастырылады. 

Мектепалды дайындық балалары бескүндік тәртіпте оқуы тиіс. Сабақтар сағат 9.00-де басталады. Сабақтардың ұзақтығы – 25-30 минут. Сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы 5-10 минуттан кем болмайды.



Мектепалды даярлық сыныптарында сабақтың өн бойы ойын әрекетін ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Себебі, 5-6 жасар бала сабақ оқығаннан гөрі ойын ойнағанды қалайды, зейіні ұзақ уақыт шұғылдана алмайды.

Ақмола облысы

Бұланды ауданы
Баяндама
«Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепалды даярлық тобында оқу үрдісін жобалау»
Дайындаған:Б.Е.Қожабергенова


«Балдырған» мектеп-балабақшасы

2014-2015 оқу жылы
жүктеу 72,42 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау