87
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің
міндеттері мен мазмұнын осы салада жүргізілген зерттеулерге, оқу
құралдары мен әдістемелік әдебиеттерге сүйене отырып, анықтауға
болады.
Математиканы оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен
байланысын
ашып
көрсетуде
әрбір
ғылым
саласының
заңдылықтарына тоқтала отырып, математиканы оқыту әдістемесімен
ортақ проблемаларына көңіл аударған жөн.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2,3, 4, 14, 17,22
Қосымша әдебиеттер: 8,9,14,15
№2 СОӨЖ тақырыбы: Математиканың бастауыш курсы
оқу пәні ретінде және оны оқыту технологиялары
Тапсырмалар
1. Балаларды бастауыш сыныптарда математиканы оқытуға
дайындау және оның мектеп математика курсында алатын орнын
анықтаңыз және «Математиканы оқытудағы сабақтастық пен
бағыттылық» тақырыбына баяндама дайындаңыз.
2. Әр сынып бойынша математикалық білім мазмұнын кесте
түрінде өрнектеңіз.
3. Математиканың басқа оқу пәндерімен байланысын бөліп
көрсетіңіз.
СОӨЖ өткізу түрі: проблемалық семинар
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
1. Балаларды бастауыш сыныптарда математиканы оқытуға
дайындау және оның мектеп математика курсында алатын орнын
балалар бақшасына, мектепке дейінгі даярлық тобына, бастауыш
және орта мектеп буынына арналған оқу бағдарламаларын талдау
негізінде анықтау қажет.
2. Әр сынып бойынша математикалық білім мазмұнын
«Математиканың бастауыш курсы» оқу пәнінің бағдарламасын
талдау негізінде кесте түрінде өрнектеуге болады.
3. Математиканың басқа оқу пәндерімен байланысын бастауыш
білім берудің жалпыға міндетті стандартына сүйене отырып, схема
88
түрінде бөліп көрсетуге болады. Жекеленген тақырыптар бойынша
өзара пәнаралық байланысты ашып көрсету қажет.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2,3, 4, 14, 17,22
Қосымша әдебиеттер: 8,9,14,15
№3 СОӨЖ тақырыбы: Теріс емес бүтін сандардың (он және
жүз көлеміндегі сандар) нөмірленуін оқыту теориясы мен
технологиясы
Тапсырмалар
1. «1-ден 10-ға дейінгі сандар» тақырыбы мен жүз көлеміндегі
сандарды нөмірлеу оқыту арасындағы сабақтастықты көрсетіңіз. 1-2
сынып
математика
оқулықтарынан
сәйкес
тапсырмалардың
барлығын көшіріп жазыңыз және олармен жұмыс істеу әдістемесін
көрсетіңіз.
2.
«Жүздік» концентрінде нөмірлеуді меңгерту барысында
шамаларды және олардың өлшем бірліктерін оқытуға қандай орын
бөлінетінін көрсетіңіз.
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
1-тапсырманы
орындау барысында математика пәнінің
бағдарламасындағы 1-2 сыныптардың базалық білім мазмұнын
талдау керек және он, жүз көлеміндегі сандарды нөмірлеуді оқыту
әдістемесін негізге алу қажет.
2-тапсырманы орындау барысында нөмірлеу мен шамалар
арасындағы байланыстың мәнін түсіну қажет.
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,13,14,17,18,19,26,31,33
Қосымша әдебиеттер: 8,9,14,15
№4 СОӨЖ тақырыбы: Теріс емес бүтін сандардың (мың
көлеміндегі және көп таңбалы сандар) нөмірленуін оқыту
теориясы мен технологиясы
Тапсырмалар
1. «Мыңдық» концентрінде сандарды нөмірлеу тақырыбын оқыту
міндеттерін жазыңыз және жоспарын құрыңыз. Тақырыптың негізгі
мәселелерін меңгерту бойынша жүргізілетін жұмыс әдістемесін ашып
көрсетіңіз (үш таңбалы сандардың разрядтық құрамы, цифрдың
орнына байланысты мәні және т.б.).
89
2. Көп таңбалы сандарды нөмірлеуді оқыту барысында мұғалім
оқушылардың бұрын меңгерген қандай білімдеріне сүйенетінін
түсіндіріңіз.
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
1-тапсырманы орындау барысында дәріс материалдарына сүйену
керек.
2-тапсырманы орындау барысында жүз көлеміндегі сандарды
нөмірлеу бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларына
қойылатын талаптарды анықтап алу керек.
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,13,14,17,18,19,26,31,33
Қосымша әдебиеттер: 8,9,14,15
№5 СОӨЖ тақырыбы: Арифметикалық амалдар және
олардың қасиеттерін оқыту теориясы мен технологиясы
Тапсырмалар
1. Қосындыны санға көбейту мен бөлуді оқыту әдістемесінің
негізгі міндеттерін анықтап, мазмұнын ашып көрсетіңіз. Оның схема
түрінде сиапттамасын беріңіз.
2. 0 мен 1 сандарының қасиеттеріне негізделген арифметикалық
амалдарды оқыту әдістемесін ашып көрсетіңіз.
3. Он көлеміндегі сандарды қосу және азайтуды оқыту
әдістемесін жазыңыз. Бірінші ондық сандарын нөмірлеу мен он
көлеміндегі кестелік қосу және азайту тақырыптарын оқыту
арасындағы сабақтастықты ашып көрсетіңіз. Есептеу дағдыларын
қалыптастыруда қолданылатын әдістемелік тәсілдерді жазыңыз.
4. 100 көлеміндегі қосу және азайту есептеу тәсілдерін
қалыптастыру әдістемесіне жалпы сипаттама беріңіз. Материалды
оқыту ретін көрсетіңіз және оны арифметикалық амалдар қасиеттерін
оқытумен сәйкестіріңіз.
5. 1000 көлеміндегі ауызша қосу мен азайту тәсілдерін
қалыптастыруда мұғалім оқушылардың бұрын меңгерген қандай
білім, біліктіліктеріне сүйенеді, математика оқулығынан сәйкес
тапсырмаларды
теріп
жазыңыз
және
оларды
орындауда
оқушылардың пайымдау мүмкіндіктерін жазыңыз.
СОӨЖ өткізу түрі: практикалық жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |