93
қарастырыңыз, оларды шешу барысында қолданылатын көрнекі
құралдарды жазыңыз.
Оқушыларды осы шамамен және оның өлшем бірліктерімен
таныстыру әдістемесін жазыңыз. Көлем бірліктерінің арасындағы
өзара байланысты меңгертуді қамтамасыз ететін тапсырмалардың
барлық түрін 3 сынып математика оқулығынан теріп жазыңыз.
Олармен жұмыс істеу әдістемесін көрсетіңіз. Көлемді есептеуге
берілген 3-4 есепті қарастырыңыз, оларды шешу барысында
қолданылатын көрнекі құралдарды жазыңыз.
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,14,17,18,19,33
Қосымша әдебиеттер: 8,9,14,15
№9
СОӨЖ
тақырыбы:
Геометрия
және
алгебра
элементтерін оқыту теориясы мен технологиясы
Тапсырмалар
1. 1, 2 сыныптарда геометриялық фигураларды оқыту әдістемесі.
2.
Бастауыш математика курсында теңдіктермен және
теңсіздіктермен жұмыс істеу әдістемесі
СОӨЖ өткізу түрі: практикалық жұмыс
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
Оқушылар 1, 2 сыныпта танысатын геометриялық фигураларды
атаңыз, олардың әрқайсысымен таныстыру әдістемесін жазыңыз.
Геометриялық фигуралар туралы түсінікті қалыптастырумен
байланысты тапсырмалардың барлық түрін оқулықтан теріп
жазыңыз, олармен жұмыс істеу әдістемесін баяндаңыз.
1 сыныпта сандық теңдіктер мен теңсіздіктерді енгізу
әдістемесін ашып көрсетіңіз. Математика оқулықтарынан теңдіктер
мен теңсіздіктерді шешуге берілген тапсырмаларды теріп жазып,
олармен жұмыс істеу әдістемесін көрсетіңіз.
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,14,15,17,18,19,20, 33
Қосымша әдебиеттер: 8,9,14,15
№10 СОӨЖ тақырыбы: Мәтінді арифметикалық есептерді
шығаруға үйрету теориясы мен технологиясы
Тапсырмалар
1. Жай есептің түрлерін бөліп көрсетіңіз және олармен жұмыс
істеу әдістемесін анықтаңыз.
94
2. Құрама есептің түрлерін бөліп көрсетіңіз және олармен
жұмыс істеу әдістемесін анықтаңыз.
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
Жай және құрама есептердің түрлерін бастауыш білім берудің
жалпыға міндетті стандартына сүйене отырып, схема түрінде бөліп
көрсетуге болады және олармен жұмыс істеу әдістемесін әрбір
есептің ерекшелігіне сәйкес анықтау қажет.
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,13,14,17,18,19,20, 33
Қосымша әдебиеттер: 8,9,14,15
№11 СОӨЖ тақырыбы: Мәтінді арифметикалық есептерді
шығаруға үйрету теориясы мен технологиясы
Тапсырмалар
1. Бастауыш математика курсында арифметикалық есептердің
шешуін жазудың әртүрлі формалары.
2. Бастауыш математика курсында оқушылардың есептер
құрастыруы.
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
1-4
сыныптарда есептердің шешуін жазудың әртүрлі
формаларын бөліп көрсету керек. 2 сынып оқулығынан екі жай есеп,
екі құрама есеп, 3 және 4 сыныптардан екі құрама есеп мысалы
арқылы жауаптарыңызды нақтылаңыз. Әрбір есеппен жұмыс істеу
әдістемесіне сүйене отырып, олардың шешуін жазудың әртүрлі
формаларын көрсету керек..
Оқушылардың есептер құрастыруына берілген тапсырмалардың
барлық түрін математика оқулықтарынан (1-4 сыныптар) теріп
жазыңыз. Оқушыларды есептер құрастыруға үйрету әдісиемесіне
сүйену қажет.
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,13,14,17,18,19,20, 33
Қосымша әдебиеттер: 8,9,14,15
№12 СОӨЖ тақырыбы: Бастауыш мектепте математиканы
оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы - сабақ
Тапсырмалар
1. Математика пәні бойынша белгілі бір тақырыпқа жасалынған
сабақтың жоспар-конспектісін әдістемелік тұрғыдан талдау.
95
2. Математика пәні бойынша белгілі бір тақырыпқа сабақтың
жоспар-конспектісін жасау.
СОӨЖ өткізу түрі: дербес жұмыс
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
Әрбір сабақтың өзіндік құрамы және өзіндік құрылымы болады.
Сабақтың құрамына оның құрылымдық элементтері жатады.
Математика сабағының ортақ дидактикалық құрылымы мынадай
компоненттермен сипатталуы керек: бұрын алған білім мен әрекет
тәсілдерін көкейкестендіру; жаңа білім мен әрекет тәсілдерін
қалыптастыру; оларды қолдану, яғни білік қалыптастыру.
Көкейкестендіру оқып-үйренгендерді жаңғыртумен қатар бұрын
алған білім мен жаңа білімнің сабақтасты байланысын орнатуды,
бұрын алған білімді жаңа жағдайларда қолдануды, оларды
тереңдетуді, т.с.с. көздейді.
Сабақтың ортақ дидактикалық құрылымының екінші компоненті
жаңа ұғымдардың мәнін ашып көрсетумен, жаңа білім мен
оқушылардың ақыл-ой және оқу іс-әрекетінің тәсілдерін игерумен,
олардың сенімін қалыптастырумен байланысты.
Білікті қалыптастыруға жаңа білім мен әрекет тәсілдерін
қалыптастыру, оларды жинақтау және жүйелеу, іс жүзінде пайдалану
арқылы қол жеткізуге болады.
Сабақтың неғұрлым нақты кезеңдері жоғарыда айтылған оның
ортақ дидактикалық құрылымының жіктелуінің нәтижесі бола
отырып, сабақтың түрлеріне байланысты анықталады.
Негізгі әдебиеттер: 8,10,13,24,25
Қосымша әдебиеттер: 5,9,12
№13 СОӨЖ тақырыбы: Бастауыш мектепте математиканы
оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы - сабақ
Тапсырмалар
1. Жүз көлеміндегі сандар такырыбы бойынша сабақтарға
әдістемелік нұскаулар дайындау
2. Математикадан дәстүрлі емес сабақтарда оқытудың жаңа
технологияларын пайдалану
СОӨЖ өткізу түрі: топтық жұмыс, ауызша сұрау
Достарыңызбен бөлісу: |