Барлығы – 180сағат



жүктеу 2,48 Mb.
бет21/29
Дата25.05.2018
өлшемі2,48 Mb.
#17094
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29

Дәріс мазмұны:


1. Жеке тұлғалық сауалнамалар

2. Сауалнамалардың түрлері.



Мақсаты:Тұлғалық сапаларды зерттеу әдістерімен таныстыру, түсінік беру.

Жеке тұлғалық сауалнамалар субъективті диагностикалық ыңғайдың классикалық үлгісі болып табылады. Сауал – жеке тұлға туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін сенімді тәсіл. Соңғы 10 жылдықта сауалнамалар әлем бойынша диагностикалық зерттеуде үлкен таралымға ие. Ресей психологиясы тарихында жеке тұлғалық сауалнаманың қалыптасуы әртүрлі кезеңнен өтеді. 1950 жылдары олар ғылыми қоғам жүйесінде тұлғалық зерттеу үшін маңызсыз болды. 1960 жылдар соңында басқа да психодиагностикалық әдістемелер секілді Б.В. Зейгарниктің айтуы бойынша сауалнама академиясы кезеңі басталды. 1970 жылдардың басына таман сауалнамалар әлем бойынша үлкен танымалға ие болды. Жеке тұлғалық сауалнамалар белгілі бір сұрақтар жүйесінен құралады. Осы сұрақтарға зерттелуші берілген нұсқаулар бойынша жауап беруі тиіс. Кейбір сауалнамалар 20 тапсырмадан тұрса, кейбіреулер бірнеше жүзге дейін созылады.

Сауалнама түрлері:


  1. Типологиялық сауалнамалар

  2. Мотивтер сауалнамасы

  3. Қызығушылықтар сауалнамасы

  4. Құндылықтар сауалнамасы

  5. Бекітуші сауалнамалар

Мақсаты:

  1. Факторлық сауалнамалар

  2. Эмпирикалық сауалнамалар

  3. Типологиялық сауалнамалар (Айзенк сауалнамасы)

  4. Мотивтер сауалнамасы (А. Эдвардс сауалнамасы)

  5. Қызығушылықтар сауалнамсы (Г.Кюдер сауалнамасы)

  6. Құндылықтар сауалнамасы (Д.Супер сауалнамасы)

  7. Бекітуші сауалнамалар (А.Терстоун сауалнамасы)

  8. Факторлық сауалнамалар (Кеттелдің 16 факторлық сауалнамасы)

  9. Эмпирикалық сауалнамалар (ММРІ сауалнамасы)

Әркім ең алғаш жеке тұлғалық сауалнамамен таныса отырып, оның ақпараты мен сауалнаманың нәтижесі мен жауаптардың шындыққа сәйкес келетіндігі жайлы ойланады. Зерттелуші сұрақтарға әділ жауап бермеуі мүмкін. Соның кесірінен өзі және өзінің мінез-құлқы туралы қате көзқарас қалыптастыруы мүмкін. Егер зерттелуші шындықпен жауап бермейтін болса, сауалнаманы диагностикалық бағытта қолданудың маңызы болмайды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Тұлғалық сапа дегеніміз не?

2. Тұлғалық сапаларды зерттеген ғалымдар?

3. Қандай әдістерді қолдануға болады?



Әдебиеттер:

1.Анастази А. Психологическое тестирование. Т1,2 М, 2000

2.Основы психодиагностики /Под ред. Шмелева Д, 1996

3.Сыромятников И.В Психодиагностика .М 2005. 248-270 б.

4.Сопчик Л.Н. Методы психологической диагностики М, 1990

5.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. М, 1995

6.Диагностика психологического развития /под ред. Шванцары. Прага 1998

7.Бодалев А.А., Столин В.В. Практикум по психодиагностике.,М.,1988. .

8. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики. М-2003. 1,2,3 кітаптар

20 дәріс



Тақырып: Жеке тұлғалық сауалнамалар.

Дәріс мазмұны


1. Жеке тұлғалық сауалнамалардың өзіндік ерекшеліктері

2. Сауалнамалардың сұрақ формалары мен нәтижелерді өңдеу.



Мақсаты: Жеке тұлғалық сауалнамалар , өткізілу формалары мен өңделу жолдары жөнінде түсінік беру.

Жеке тұлғалық түрлі сауалнамаларды қолдану барысында мынадай нұсқаулар беріледі: «Шын жауап беріңіз», «Жоғары және жзағымды әсер қалдырыңыз». Көптеген зерттеулер барысында жауаптың ақиқаттығының бұрмалану факторы қалыптастырушы табиғатға ие. Дж. Нанели зерттеулері бойынша әлеуметтік қолдайтын жауаптар мынадай қорытынды туғызады:

А) Арнайы қоғамдағы зертелушілердің көбінде жеке тұлғалық ерекшеліктермен қатар әлеуметтік жағымдылық туралы бірдей түсінік қалыптастырылды. Сондықтан жеке тұлғалық сауалнамаларды қолдану барысында зерттелушінің өз жауабын әдейі бұрмалауы мүмкін емес.

Б) Егер тұлғаның әртүрлі ерекшеліктерін зерттейтін сұрақтардан тұратын шкаланы құрайтын болса зерттелушіге тек жақсы немесе жаман деген шарттарды ұсыну қажет:

1) Әрбір зерттелушінің түрлі ерекшеліктері

2) Әрбір зерттелуші сұрақтар мағынасын өзінше түсінеді.

Новаковскаяның анықтауынша, тұлғалық өзгергішиік сауал мағынасының әр түрлілігіне, жауап беру екзінде шешім қабылдау қиындығына, мінез ерекшеліктеріне тәуелді болып келеді. Сұраққа жауап беру кезінде зеттелушінің интеллектуалдық деңгейі де әсер етеді. Сұрақтардың түсініксіздігі, қиындығы қайталама зерттеуде жауаптардың өзгеруіне әкеледі, бұл әдістеменің сенімділігінің аздығын дәлелдейді.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Жеке тұлғалық сауалнамаларды атаңыз?

2. Айзенк сауалнамасына сипаттама беріңіз.

3. Кеттел сауалнамасы неше фактордан тұрады?



Әдебиеттер:

1.Анастази А. Психологическое тестирование. Т1,2 М, 2000

2.Основы психодиагностики /Под ред. Шмелева Д, 1996

3.Сыромятников И.В Психодиагностика .М 2005. 248-270 б.

4.Сопчик Л.Н. Методы психологической диагностики М, 1990

5.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. М, 1995

6.Диагностика психологического развития /под ред. Шванцары. Прага 1998

7.Бодалев А.А., Столин В.В. Практикум по психодиагностике.,М.,1988. .

8. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики. М-2003. 1,2,3 кітаптар

21дәріс



Тақырып: Тұлғааралық қарым-қатынастардың психодиагностикасы.

Дәріс мазмұны:

1. Тұлғаралық қарым-қатынастарды зерттеу


2. Социометриялық тест (Дж. Морено)

Мақсат: Тұлғалық қарым-қатынастың зерттелу ерекшелігі жалпы түсінік беріп, социометрия әдісімен таныстыру.

Тұлғааралық қарым-қатынас сферасының қамтитын саласы көп. Қазіргі кезде психологияда тұлғааралық қарым-қатынасты зерттейтін нақты әдістемелік тәсілдер көптеп кездеседі. Мұндай әдістемелерді жүйелеу әртүрлі негіздерге байланысты:



  1. объектілерге объектілерге негізделеді (топтар арасындағы, топішілік қарым-қатынасты диагностикалау)

  2. зерттеу арқылы шешілетін міндеттерге негізделеді (топтық ынтымақтастық пен бірлікті анықтау т.б.)

  3. қолданылатын әдістемелердің құрылымдық ерекшеліктеріне негізделеді (сауалнамалар, проективті әдістемелер, социометрия т.б.)

  4. тұлғааралық қарым-қатынасты диагностикалаудың бастапқы нүктесіне негізделеді (субъективті қалаулар әдістемесі, қарым-қатынасқа қатысушылардың жеке тұлғалы сипаттарын анықтау әдістемелері, тұлғааралық қарым-қатынастардың субъективті бейнеленуін зерттеу әдістемелері т.б.)

Субъективті қалауларға негізделген тұлғааралық қарым-қатынастарды диагностикалау. Бұл топтың әдістемесі - социометриялық тест. Дж. Морено негізін қалаған. Бұл әдістеменің мәні - белгілі бір сфера бойынша (мысалы, жұмыс, демалу т.б.) топ мүшелерінің субъективті тұлғааралық қалауларын анықтау. Топ мүшелерінің таңдаған адамдарының санына сәйкес индивидтің жеке социометриялы мәртебесі (көшбасшы, шеттетілген, оқшауланған), тұлғааралық қарым-қатынас құрылымы топтың ынтымақтастығы т.б. анықталады.

Тұлғаарлалық қарым-қатынасты жанама бағалау әдістемелері. Бұл әдістемеде тұлғааралық қарым-қатынастарды соның негізінде адамның вербальды емес мінез-құлқы мен паралингвистикалық параметрлеріне эмоционалдық қарым-қатынастың әсері әлеуметтік психологияның заңдылықтарына сәйкес зерттейді. Зерттеу тәсілдерін 3 категорияға бөлуге болады:

А) Ақиқатты ситуацияларды бақылау әдістемелері, бұлар тұлғааралық қарым-қатынас туралы жеткілікті ақпарат береді. Адамдардың немесе топтың проксемикалық мінез-құлқы мен бір-бірімен қарым-қатынастығы дистанциясы сырттай бақылау арқылы анықталады. Зерттеуші жазып алып отырады немесе видеоға түсіріп алады.

Б) Ақиқат ситуацияларды символикалық модельдеу әдістемелері, мұнда зерттелушіге әртүрлі қашықтықтағы орналасқан столдар мен оындықтардың суреттері беріледі. Зерттелушіден қай стол мен орындықта қолайлы сезінетіндігін сұрайды.

В) Проективті әдістемелері.петерсонның әдістемесі жанұялық қарым-қатынасты зерттеуге арналған. Бұған комнатаның моделі, жанұя мүшелерінің ойыншық фигуралары кіреді. Бала «жанұя» ойынын ойнап отырып және жанұя мүшелерін орналастыра оырып, оңай қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Тұлғааралық қарым-қатынасқа әсер ететін жеке-тұлғалық қасиеттерді

диагностикалау. Қарым-қатвынас процесіне әсер ететін жеке тұлғалық қасиеттерді

анықтау өте маңызды. Мұндай қасиеттерді өлшеу үшін тесттер мен шкалалар

құрылды. Олар мынадай қасиеттерді зерттейді:көшбасшылық стилі, беделділік,

сәйкес келушілік, үйренушілік, тұлғалық құндылықтар. Жеке тұлғалық қасиеттерді

зерттеуге арнайы мынадай тесттер қолданылады. Тұлғаны зерттеудің

Калифорниялық психологиялық сауалнамасы (СРІ). 60 жылдары американдық

психолог Дж. Гоух ММРІ принципі бойынша жасады. Бұл сауалнаманың мақсаты –

адамдардың белгілі бір ситуацияда не істейтіндігін және айтатындығын, өзі туралы

басқа адамдардың не ойлайтындығын анықтау. ММРІ-мен салыстырғанда СРІ сау

адамдар үшін арналған және тұлғаның патологиялық емес, әлеуметтік психологиялық

сипаттарын анықтайды. Сауалнама 480 сұрақтан тұрады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Қарым-қатынас дегеніміз не?

2.Тұлға арылық қарым-қатынасты зерттеуде қандай әдістерді қолдануға болады?

3. Социометриялық тесттің авторы?



Әдебиеттер:

1.Анастази А. Психологическое тестирование. Т1,2 М, 2000

2.Основы психодиагностики /Под ред. Шмелева Д, 1996

3.Сыромятников И.В Психодиагностика .М 2005. 248-270 б.

4.Сопчик Л.Н. Методы психологической диагностики М, 1990

5.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. М, 1995

6.Диагностика психологического развития /под ред. Шванцары. Прага 1998

7.Бодалев А.А., Столин В.В. Практикум по психодиагностике.,М.,1988. .

8. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики. М-2003. 1,2,3 кітаптар

22 дәріс



Тақырып: «Жанұя суреті» әдістемесі.

жүктеу 2,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау