Балашт ҥ с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы о қ у л ы қ Ақтӛбе 1 4


Семіздіктің негізгі емі емдәм тәртібі



жүктеу 10,77 Mb.
Pdf просмотр
бет590/772
Дата19.01.2023
өлшемі10,77 Mb.
#40966
1   ...   586   587   588   589   590   591   592   593   ...   772
tusipkaliev pediatria

Семіздіктің негізгі емі емдәм тәртібі
.
Тағамдық емді ҧйымдастырғанда кҿптеген 
жалпы ҧстанымдарды сақтау керек. Кҿлемі бірдей тағамды екі-ҥш рет қабылдау, кҿлемін 
азайтып 5-6 рет қабылдағанмен салыстырғанда майдың қор болып жиналуына себепкер 
болатындығы анықталған. Сондықтан семіз адамдардың тамақтануы 5-6 рет аз порциядан 
болу керек. 18
00
ден кейін қабылданған тамақ май тҥрінде қорға жиналады, яғни тҽуліктің 
бҧл кезеңінде липосинтез липолизден басым болады. Семіз балаларды тҽбеті жоғары 
болғанда, тамақты қабылдау жылдамдығы баяу болу керек, сол кезде тою сезімі аз тамақ 
қабылдағаннан кейінде дамиды. Емнің негізігі ҧстанымы – тағамдық мҽзірдің тҽуліктік 
энергетикалық қҧндылығын тҿмендету болып саналады. Ересек балаларды бҿтен, 
кішкентай балаларға да аз жҽне жоғары калориялы тағамдарды ажыратуды ҥйрету керек. 
Осындай науқас балаларға қабылдауға тиым салынбайтын тағамдар, тою сезімін 
қамтамасыз етуі керек (майлы емес ет, балықтарды пайдалану), тҽттілерге қажеттілікті 
қанағаттандыруы (жеміс-жидектермен, қант алмастыр-ғыштармен шай ішу), асқазанда 
тойғандық сезімін сезіндіруі (кҿк ҿністер арқылы) қажет. Тамақтану мҽзірі термогенезді 
кҥшейтуші (кҿк шҽй, кофе, газдалмаған минералды су, теңіз ҿнімдері) липолитикалық 
қассиетті (қияр, ананас, лимондарға) тағамдарға бай болу керек. Диетада ақуыз мҿлшері 
жасына сҽйкес болу керек, тҽуліктік мҿлшерде ақуыздың 60-70% жануар текті болу керек.
Баланың тҽуліктік
рационында кҿмірсуларының жалпы мҿлшері жас нормасынан 
(семіздіктің дҽрежесіне байланысты) 25-50% азайтылады. Қҧрамында жеңіл сіңірілетін 
кҿмірсулары, яғни қант, варенье, джемдерді, кондитер жҽне макарон ҿнімдерін, ҧнтақ 


563 
жарманы, тҽтті қосылған сусындарды, қоюланған шырындарды шектейді. Семіздіктің 
ауыр дҽрежелерінде барлық жармалар, нан тағамдары, картоп емдҽмнен алынып 
тасталады. Балалардың емдҽміне кҿк-ҿністер жҽне жеміс-жидектер кіргізіледі. Майлар 
бала рационы калориясының тек 30-35% қамтамасыз етуі керек. Мҥлдем малдың майын 
жҽне гидрогенизацияланған майларды (сиыр, шошқа, қойдың майларын, маргаринды) 
алып тастау керек. Кҥн сайын балалардың ас мҽзіріне ҿсімдік (жҥгері, кҥнбағыс) 
майларын қосқан жҿн. 
Емнің маңыздысы болып, баланың қозғалыс тҽртібін ҧйымдастыру саналады. 
Бҧлшықетті шынықтыру оның атрофиясын азайтады, май қорларындағы майдың тарап 
кетуіне жҽне дене салмағының тҿмендеуіне себепкер болады. Суда жҥзу жҽне 
велоспортпен ҽдетте науқас балалар жақсы қиындықсыз шҧғылданады жҽне бҧл 
жаттығулар организмнің қызып кетуіне жол бермейді. Семіздіктің ауыр тҥрлерінде 
алғашқысында емдҽм, ал кейін дене массасы азайып, тҧрақтанғанда физикалық 
жаттығулар тағайындалады. Толық балаларға спорттық жарыстарға қатынасуға болмайды, 
олардың жҧмыс жасау қабілетінің тҿмендігін, жҥрек-қантамыры жҥйесінің шектеулі 
мҥмкіншіліктерін ескеру қажет. Мектепте олар дене шынықтырумен арнайы бағдарлама 
бойынша шҧғылдануы керек. 
Дҽрімен емдеу тек семіздіктің ауыр тҥрінде қолданылады. Аноретиктерді қолдану, 
олардың жағымсыз ҽсерлерінің айқындығына байланысты талас тудыруда. Оларды ҿте 
сақтықпен, егер баланың ашқарақтық сезімін тежей алмаған жағдайда, сондай-ақ диета 
емнен жҽне емдік денешынықтырудан нҽтиже болмағанда қолдануға болады. 
Анорексигендік ҽсері бар дҽрілердің ішінде, тою орталығына ҽсер ететін жҽне тағамға 
деген қажеттілікті азайтушы дҽрілер (
си-буграмин, теронак, фепранон және 
басқа.) 
ҧсынылады. Болашақта қолдануға тиімді болып, ішекте липидтардың ыдырауын жҽне 
сіңірілуін тежейтін дҽрілер саналады. Осы дҽрілердің ҿкілі
ксеникал (орлистат), 
липазаны тежеуші, ол майлардың сіңірілуін 30% тежейді. 
Ересек адамдар ҥшін, қҧрамында ферменттер (трипсин, липаза) бар «майды 
жағушы» 
дҽрілер 
жасалып 
шығарылуда. 
Олардың 
«жағушы» 
ҽсері 
тағам 
ингридиенттерінің ішекте сіңірілу жылдамдығынан, олардың ферменттік ыдырау 
жылдамдығы жоғары болуына байланысты организмнен шығарылады. Балаларға оларды 
қолдануға болмайды, ҿйткені қадағалаушы зерттеулер ҽлі жҥргізілген жоқ. 
Майды пайдалану шектелген субкалориялық диетадағы балаларға А, Е, Д витамин-
дерін тағайындаған жҿн. Дислипидемияда жҽне бауырдың липодистрофиясында липо-
тропты дҽрілер тағайындалады: 20% холин хлорид ертіндісі 1 ш.қ. кҥніне 3 рет, липамид 
0,025г кҥніне 3 рет 3-4 апта бойы, эссенциале 1 капсуладан кҥніне 3 рет 20-30 кҥн бойы. 
Семіздік кезінде жылдың салқындау мезгілінде шипажайлық ем жақсы нҽтиже 
береді, ҿйткені жоғарғы кҥн инсоляциясы семіздіктің ҿршуіне жҽне кҥшейуіне ықпалын 
тигізеді. Семіздігі бар балаларды емдеуде психотерапия маңызды болып саналады. Ең 
бастысы баланың дене салмағын азайтуды, қоректенуді шектеудің, дҧрыс тҽртіпті қатаң 
орындаудың, дене шынықтырумен шҧғылданудың қажетілігіне сендіру. 
Балалардағы семіздікті зерттеуші американдық ассоцияциясы семіздікпен ауыратын 
балаларда дене массасын 5-10% тҿмендету шынайы жҽне дҧрыс деп санайды. Семіздіктің 
осындай деңгейде тҿмендеуі липидтердің кҿрсеткішінің айқын жақсаруына, қандағы 
глюкоза жҽне АҚҚ деңгейінің жақсаруына ҽкеледі. Кейбір сарапшылар емнің бірінші 
жылында балалардың дене салмағын 20% шамасында тҿмендету тиімді деп есептейді. 
Емнің соңғы мақсаты дене салмағының қалыптадан 10% артық салмаққа жету, бірақ 19%-
дан жоғары болмауы керек. 

жүктеу 10,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   586   587   588   589   590   591   592   593   ...   772




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау