218
екiншiлiк гипокальциемия. Буның білінуінің басқада себептерi болуы мҥмкiн: ҥстемелi
дем алу нҽтижесінде респираторлық алкалоз бен иондалған кальций денгейiнiң тҿмендеуi,
қайталамалы қҧсулар мен iш ҿтулер, созылмалы бҥйрек жетiспеушiлiгi, натрий
бикарбонатымен бақылаусыз емделу нҽтижесінде пайда болатын ацидоз жҽне кальцийдi
аз бергенде дамитын ятрогендiк тетания. Конституция аномалиялары мен энергия алмасу
бҧзылыстары, ацидозбен (В, В
6
витаминдерi, АТФ аздығы) қабаттасқан постгипоксиялық
энцефалопатиясы бар, тҿрт жасқа дейiнгi балалардағы фебрильдiк қҧрысулардың жоқ
екендiгiне кҿз жеткiзу керек. 38,5 градустан жоғары гипертермияда байқалатын қҧрысулар
жыл мезгiлдерi мен рахит белгiлерiнде байланысты болмайды, оларға қандағы
биохимиялык ҿзгерiстер де тен емес.
Жасырын спазмофилия белгiлерi iштен бiткен жҽне жҥре пайда болған шын
гипопаратиреоидизмге ҧксас. Соңғысы баланың жасына, жылдың мерзiмiне немесе рахит
белгiлерiнiң бар-жоғына байланысты емес жҽне гиперестезия, ақыл-ой дамуының кешiгуi,
ЭЭГ-дағы ҿзгерiстермен сипаталаттын неврологиялық бҧзылытстар, тҧрақты блефарос-
пазм, хрусталиктiң бҧлдырлануы сияқты кҿздiң анық ҿзгерiстерiмен жҽне ҥнемi қайталап
тҧратын диарея, стеатореямен білінетін кызметiнiң бҧзылыстарымен бірге бiлiнедi.
Жалған гипопаратиреодизмде де, яғни паратгормон жеткілікті болғанымен, бҥйрек
ҿзекшелеріне оның тиісті ҽсері болмағандада, шын гиперпаратиреодизмдегі бет ҽлпетнің
жалпақтығы, аласа бойы, денесінің кішкенелегі, табан сҥйектерінің қысқалығы,
метафиздегі бҧдырлар, жҧмсақ тіндегі кальцинаттар диагнозды дҽл қоюға жҽрдем береді.
Анасының екіқабат кезіндегі токсикоз, эклампсия, эндокриндік ҿзгерістері, науқас
қанындағы магний деңгенйінің тҿмендеуі де тетания синдромына себеп болуы мҥмкін.
Емі.
Ауыр тҥрдегі жалпылама, клоникалық-тоникалық қҧрысулар, ларингоспзам жҽ-
не тынысы бітіп, ес жоғалту ҧстамасы тез жандандыру шараларын қажет етеді: жасанды
дем алдыру, 100% оттегі, қҧрысуды тарататын дҽрі-дҽрмектер беру. Ҽсіресе тҽуір ҽсер
беретін 0,5% седуксен бҧлшық етке жіберіледі. Тездетіп қандағы кальций деңгейін
анықтаған соң 10% кальций хлоридін немесе глюканатын 0,05 -0,5-1,0 мл венаға жібереді.
Кейін оны ішкізеді. Нейроинфекциямен ажырату ҥшін жҧлын пункциясын жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: