Балашт ҥ с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы о қ у л ы қ Ақтӛбе 1 4



жүктеу 10,77 Mb.
Pdf просмотр
бет112/772
Дата19.01.2023
өлшемі10,77 Mb.
#40966
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   772
tusipkaliev pediatria

1.5.11. БАЛАЛ АРД ЫҢ ЭНД ОК РИН Ж ҤЙЕСІ
 
Бала дҥниеге келген соң, алғашқы кҥндері оның анасынан алған гормондардың 
қасиеттері жойылмайды (тироксин, кортикостероидтар), сондықтан жаңа туылған 
нҽрестелердің эндокрин бездерінің қызметін зерттеген жағдайларда, олардың эндокрин 
жҥйесінің патологияларын анықтап ажырату қиынға тҥседі. Яғни, анасынан тҥскен 
гормон қоры біткен кезде ғана, сҽбилердің эндокрин бездерінің ҽртҥрлі ауруларының 
белгілері анық біліне бастайды. 
Ҥлкен адамдардан айырмашылығы, эндокринді аурулармен ауыратын балаларды 
тексергенде, негізінен баланың соматикалық жҽне жыныстық дамуының қалыпты 
жағдайдан ауытқуына кҿңіл бҿлінеді, себебі, эндокринді ауытқулар ҿсіп келе жатқан жас 
организмді қайта тҥзілмейтіндей ҿзгертіп жіберуі мҥмкін. Бҧндай науқастарды 
тексергенде, лабораториялық жҽне арнайы тексерулерге сҥйену қажет. 
Отбасылық анамнезін зерттеу.
Ата-анасында ҽртҥрлі аномалиялық ҿзгерістер бар- 
жоғын анықтау ҿте қажет. Сонымен қатар, баланың ата-анасының, тума-туыстарында қант 
диабеті, семірудің ҽртҥрлі тҥрлері немесе керісінше, шамадан тыс жҥдеу, гигантизм, 
ергежейлі сияқты эндокрин аурулары туралы мҽлімет алу керек. Ата-анасының жемсау 
(зоб) эпидемиясы бар аймақтарда тҧратындығын анықтау да ҿте маңызды. Ата-анасының 
жыныстық дамуының қалай ҿткендігін, ҽсіресе, анасының етеккірі, жҥктілігі, т.б. қалай 
ҿткендігін білу керек. 
Науқастың ауру тарихын зерттеу
. Науқастың ауру тарихы толық болуы керек. 
Ҽсіресе, аурудың басталуы мен жаңа басталып келе жатқан кездегі алғашқы ауытқуларға 
кҿңіл бҿліп, туысқандарынан, ата-анасынан аурудың себептерін білуге тырысу керек. 
Эндокринді аурудың себептері болып жҧқпалы аурулар, психикалық зақымдалу немесе 
дененің зақымдануы, тамақтану тҽртібінің ҿзгеруі, пубертатты кезеңінің басталуы, 
тҧрақты тҧрған жерін ҿзгертуі т. б. есептелінеді. Жҥктілік кезінде ҽйелдің тҥсік тастауы 
ҥшін дҽрі-дҽрмектер қолданған, қолданбағанын анықтау керек. Ҽйелдің қалай босанғаны, 
босанғаннан кейінгі кезеңдердің қалай ҿткендігі (асқынуы), нҽрестенің қандай салмақпен 
жҽне дене ҧзындығымен туылғандығы, 1 жасқа дейінгі қалай тамақтанғандығы, баланың 
бойымен дене салмағының қаншалықты ҿсіп отырғандығы, қосымша жҽне ҥстеме 
тамақтар қай уақыттан бастап берілгені, тістерінің шыққан мезгілдері жҽне статикалық 
функцияларының дамуы жҿнінде мҽліметтер жинастыру қажет. 
Объективті тексеру барысында дененің салмағы мен ҧзындығын, бастың аумағын 
жҽне пішінін, денесінің пропорциясын, бет ҽлпетін анықтайды. Терінің жағдайына, яғни 
оның қҧрғақтығына немесе шамадан тыс ылғалдығына, пигменттеуіне, керілу 
жолақтарына, ҽртҥрлі іріңді жараларға, безеуге, шаштың сипаттамаларына, оның қай 
кезден бастап пайда бола бастағандығына назар аудару керек. 
Тері асты шел майын қарағанда, майдың денеге біркелкі жайылуына кҿңіл бҿлінеді. 
Себебі, кҿптеген эндокринді аурулар, семірумен қатар, жҥдеуі мҥмкін. Шел майының 
неғҧрлым кҿп жинақталған жеріне, яғни бетке, денеге немесе аяққа кҿңіл бҿлу керек. 
Жҥрек-тамыр жҥйесін тексергенде, тҿменгі жҽне жоғарғы қан қысымына аса кҿңіл бҿлу 
керек. Лимфатикалық жҥйені мҧқият тексеріп, тыныс мҥшелеріне, жҥйке жҥйесіне, ас 
қорыту жҥйесіне, оның ішінде, ҽсіресе, бауырға назар аудару қажет. 
Жыныс мҥшелерін тексергенде, ер балалардың аталық ҧрық бездеріне (аумағын, 
тығыздығын, ҧмада екі бездің де бар-жоғын анықтау), ҧманың пигментін, жыныс мҥшесін 
(кҿлемін, жасына сҽйкестігін), сҥт безін (гинекомастия), екінші шаштануын жҽне 
дауыстың ҿзгеру мерзімін анықтау қажет. Қыз балалардың сҥт безін, клиторын (ҥлкеюін), 
ҥлкен жҽне кіші жыныс «еріндерін» тексеріп, екіншілік тҥктенуін (шаштануын), 
етеккірдің алғашқы келген уақытын білу керек. 
Кейбір аурулар гинекологтың (жатыр жҽне аналық бездерін ректальды тексеру 
ҥшін), урологтың қосымша қарауын қажет етеді. Рентген сҽулесімен тексеруде ҿте 
маңызды болып есептелінеді. 


137 
Дененің ҧзындығы мен салмағын бағалау ҥшін процентильді графикті стандарттар 
қолданылады. 
Сҥйектік жас білезік сҥйектерінің рентгенограммасында 4–6 айдан асқан балалардан 
бастап анықталады. Қыз балаларда бҧл қҧбылыс тез, ҽсіресе, жыныстық даму кезеңінде, ер 
балаларға қарағанда, 2 есе шапшаң жҥреді. 
Сҽбилердің 1-ші жылында (3 айлығынан бастап) білезік сҥйектерінде 
оs hатаtит, 
саріtит 
пайда болады, 3-жылы 
os triguеtrum, 
4-6 жылда 
lипаtит, 
5-7 жылы os 
паvісиlаrе 
жҽне 10-13 жылы 
os рisiforтe 
пайда болады. 2 жаста кҽрі жіліктің дистальды 
эпифизындағы ядроны кҿруге болады, 3 жастағы балада, алақан сҥйегі мен басындағы 
жҽне тоқпан жіліктің тҿмпешігіндегі ядроны, 5-8 жастағы балада кҽрі жіліктің басындағы 
жҽне шынтақ сҥйегінің тҿменгі шетіндегі ядроларды анықтауға болады. 

жүктеу 10,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   772




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау