Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет471/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   464   465   466   467   468   469   470   471   472

 

993 


 

 Диагностикалық  кезеңде-білім  беру  ұйымдарындағы  бүгінгі  күнгі  жай-күйіне 

мониторинг  арқылы  талдау  жүргізіліп,  қарама-қайшылықтары  анықталады.  Зерттеу 

проблемасын айқындап, тақырып таңдалады. Аталған кезеңде зерттеу жүргізуге жағдай 

жасаудың  жолдары  қарастырылады:  мамандармен  қамтамасыз  ету,  материалдық-

техникалық басза жасау, тарихи деректерді қарау көзделеді. 

Прогностикалық  кезеңде-инновациялық  іс-әрекеттің    тұжырымдамасы  және 

бағдарлама  жоспары  жасалады.  Тұжырымдаманы  ғылыми  жұмыстың  жетекшісі 

(кеңесшісі)  білім  беру  ұйымының    ұжымымен    бірлесе  отырып  дайындайды. 

Тұжырымдамада-зерттеу  жұмысының  теориялық  ережелерінің  жүйесі.  Бұл  кезеңде 

эксперименттің  мақсаты,  міндеттері,  нысаны,  пәні,  болжамы  анықталады. 

Тұжырымдаманы  дайындаудағы  ең  маңызды  мәселе,  инновациялық  іс-әрекеттің 

тиімділігін және нәтижеге жетудегі бақылау мен басшылықты бағалау көрсеткіштерін 

анықтау қажет.  



Ұйымдастыру  кезеніңде-мектепке  дейінгі  білім  ұйымының  инновациялық 

эксперимент алаңы мәртебесін алу бағытындағы жұмыстар қарастырылады



Тәжірибелік  кезеңде-инновациялық  іс-әрекеттің  тәжірибе  ұйымдарында, 

әдістемелік  бірлестіктерде,  педагогикалық  кеңестерде,  ғылыми  кеңестерде  талданып, 

түзетулер мен өңдеулер жасалуы, бақылау топтарымен зерттеу нәтижелерін салыстыру 

жұмыстары жүргізіледі. 



Талдау,  айқындау  кезеніңде-алынған  материалдар  жүйеленіп,  талданып,  сандық, 

сапалық  нәтижелерінің  көрсеткіштері  аңықталады.  Зерттеудің  мақсат-міндеттерінің, 

болжамының дұрыстығы тексеріледі

Тәжірибеге ендіру-бұл кезеңде инновациялық технология сол ұжымның (қаланың, 

ауданның,  республиканың,  т.б.)  тәжірибесіне  ендіріледі.  Ол  ғылыми  тәжірибелік 

конференцияға баяндама түрінде, педагогикалық басылымдардағы мақалалар түрінде 

немесе оқу-әдістемелік нұсқаулар, көмекші құралдар арқылы таратылады. 

Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техникада оның басқару жүйесі де өзгеріп 

отыратыны  белгілі,  осыған  орай  маман  қызметінің  мазмұны  жаңарып,  жаңа  мақсат, 

жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктер қажеттігі туындайды. Мұндай 

бетбұрыстар  адамның  іс-әрекетін  өзгертіп  қоймай  оның  жеке  тұлға  ретінде  жаңаша 

қалыптасуын талап етеді. 

 Қазіргі кезде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп 

жатыр.  Дарынды,  шығармашылық  тұлға  қалыптастыру  –  білім  мен  тәрбие  берудегі 

мемлекеттік  істің  ең  маңыздысы.  Адамзат  баласының  өз  ұрпағын  мектепке  дейінгі 

оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың 

жолдар іздеу педагогиканың озық үлгілерін  жаңашылдықпен  дамыту жалғаса бермек. 

Білім, тәрбие жұмысына жаңа әдістемелік амал-тәсілдерді, құрал-жабдықтарды, жаңа 

тұжырымдамаларды  жасап,  оларды  қолдану  инновация  деп  аталады.  Инновация  – 

жаңалыққа  талпыну,  бұл  сән  немесе  еліктеуін  емес,  қатал  шындық,  өмір  қажеттігі. 

Мемлекеттік тілді жан-жақты  меңгертуде ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін 

тиімді қолдана білу, сабақ жүргізудің жаңа оқыту әдістерін әзірлеу – қазіргі кезеңде ең 

өзекті  мәселелердің  бірі.  Үйретілетін  тілдік  үйретудің әдіс-тәсілдерінің  де  жетілдіріп 

жатқаны да белгілі. 



 

994 


 

Қазір  педагогика  ғылымында  «оқутыдың  жаңа  технологиясы»,  «оқытудың 

инновациялық технологиясы» деген ұғымдар кеңінен қолдануда. 

 Алдымен  «технология»  ұғымына  тоқталайық.  Бұл  жерде  ол  «инновациялық 

педагогикалық  технология»  мәніне  ие  болып  тұр.  Оның  мағынасын  түсінуіміз  үшін 

әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымына көз жүгірткеніміз жөн. Ол 

«техника» сөзінен шыққан, оның екі мағынасы бар.  

1. 


Оңдірістік құралдарының жиынтығы. 

2. 


Бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы. 

Технология  –  грек  сөзі,  түсіндірмелі  сөздікте  бұл  қандайда  болсын  жана  істегі 

шеберлік, өнерпаздық, іскерлік деген ұғымды білдіреді. 

      Білім  беру  саласындағы  «технология»  ұғымы  өндірістік  үдерістердегі 

технология  ұғымының  басты  қасиеттерін  осы  саланы  жетілдіру  үшін  пайдалану 

ұмтылысынан  туындағаны  анық.  Өндірістік  үдерістегі  технология  деп  қолданғанда 

алдын-ала көздеген нәтижеге жеткізетін, белгілі бір сапалық және сандық деңгейлердегі 

өнім алуға кепілдік беретін, ғылыми негізделген алгоритмдер, әдістер мен құралдардың 

жүйесін айтады. 

      Кез  келген  технологияның  маңызы  оның  құрылымымен  анықталады. 

Технология белгілі бір мақсатты жүзеге асырады. Ол үшін құралдар пайдаланылады, 

әдістеме жоғары деңгейге дейін жетіледі де, күтілетін нәтижеге қол жеткізіледі. 

      Технология маңызы. 

МАҚСАТ – ҚҰРАЛДАР – ӘДІС-ТӘСІЛДЕР – НӘТИЖЕ 

     «Педагогикалық  технология  –  оқыту  мен  тәрбие  құралдарының  арнайы 



формаларының, 

әдіс-тәсілдерінің, 

жолдарының 

жиынтығын 

анықтайтын 

психологиялық-педагогикалық нұсқаулар жиынтығы» Б.Т.Лихачев.  

«Алдын  ала  жобаланған  оқу-тәрбие  үдерісінің  тәжірибеде  жүйелі  әрі  бірізді 

жүзеге асуы». В.П.Беспалько

 «Инновация  »  термині  педагогикада  қазіргі  таңда  кеңінен  қолданылуда. 

Югославияның педагог ғалымы К.Ангеловский педагогика инновация мәселесін терең 

түрде зерттеген. Ол инновация терминінің эканомика немесе техника ғылымдарынан 

педагогика саласына келген дейді де, «кейбір педагогтар инновация терминінің орнына 

реформа,  жаналандыру,  жетілдіру,  оптимизация,  оқыту  модернизация  ұғымдарын 

пайдаланады»,-деп көрсетеді. 

  Инновация  дегеніміз  –  мазмұнды  жанашалау,  ал  жаңалық  еңгізу  дегеніміз  – 

инновациялық мазмұнды дамыту, жананы ұйымдастыру, ал «жанаша» жегеніміз жана 

мазмұн, оны еңгізудің әдіс-тәсілдерін, технологиясын қамтитын құбылыс деп түсінеміз. 

  Г.В.Селевко  «инновациялық  педагогикалық  технологияны»  үш  жақты  сипатын 

былай белгілейді:  

 -  ғылымилық:педагогикалық  технология  –  оқытудың  мақсатын,  мазмұның  және 

әдіс-тәсілдерін  жасайтын,  педагогикалық  үдерісті  жобалайтын,  оларды  зерттейтін 

педагогика ғылымының саласы; 

 -  үдерісті  сипаттаушы:  үдерісті  сипаттау  (алгоритмі)  оқытудың  жоспарланған 

нәтижесіне жетуде қолданылатын мақсат, мазмұн, әдіс-құралдар жиынтығы; 

-үдерісті  іс-әрекеттік:технологиялық  (педагогикалық)  үдерісті  жүзеге  асыру, 

барлық тұлғалық, құралдық және әдәснамалық педагогикалық құралдардың жұмысы. 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   464   465   466   467   468   469   470   471   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау