984
Схема развития речевой активности детей в поликультурном языковом
пространстве в процессе интегрированного сотрудничества педагогов, специалистов
ДО и семьи.
Многие родители понимают, что знание иностранного языка стало необходимым
элементом образованности. Ребенок, владеющий иностранным языком, лучше
реализует свои возможности и добьется больших успехов в учебе и в жизни. Сегодня
всем предоставляется возможность опираться на факты, делать собственные выводы и
принимать решения. Преподаватель дополнительного образования для детей –
дошкольников-это прфессионал, котрый не просто хорошо знает свой предмет и умеет
грамотно делиться своими знаниями, а еще человек, который искренне любит малышей
и профессионально разбирается в детской хрупкой психике.
КМКК «Балдырган» с. Аксу-Аюлы есть дети с проблемами речевого развития. С
этими детьми занимается логопед, и преподаватель английского языка вариативной
части.
Психологами доказано, что изучение иностранного языка не просто показано детям
с замедленным речевым развитием, но и необходимо. Если ваш ребенок плохо говорит
на родном языке, занятия английским помогут ему не только выучить иностранный
язык, но и улучшить родной.
Занятия с дошкольником и проводят исключительно в игровой форме, чтобы
ребенку было весело и интересно. Главным принципом организации занятий по
изучению английского языка для детей – дошкольников является обучение без
малейшего принуждения, от простого к более сложному. Занимайтесь изучением языка
вместе с нами!
Список использованной литературы:
1.Посланию Президента Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь –
2050: единая цель, единые интересы, единое будущее» от 17.01.2014
2.Полилингвизм: проблемы и перспективы: Материалы Международной научно-
практической конференции. –Алматы, КазАТК, 2012, Т.1 - с. 3.
985
ҰЛТТЫҚ ОЙЫННЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Сарсекеева С.К.
Қарағанды қаласы №2 «Батыр» санаторлық балабақшасы ҚМҚК
Ойын өсіп келе жатқан бала ағзасы үшін өте қажет. Ойында баланың дене күші
артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі,
тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі. Қазақ халқы ежелден жас ұрпақты сегіз
қырлы, бір сырлы болып өсуін мақсат тұтқан. Баланы үнемі қамқорлыққа алып, жан-
жақты тәрбиелеп отырған. Қазақ халқының ұлттық тәлімімен өнегесі бүгінгі таңда
ұрпақ тәрбиесінің негізіне айналуы-ел мүддесі, заман талабы. Қазақ халқы мәдени
мұраларға бай халық екендігінде сөз жоқ. Сондай бір қомақты дүниелер қатарына
ұлттық ойындарды жатқызамыз.
Халқымыздың өмірде дені сау, шыныққан балалар тәрбиелеу жөніндегі кейінгі
ұрпақтарына қалдырған үлкен де бай мұрасы – ұлттық ойындар. Халық ойынның неше
алуан түрлерін туғызып қана қойған жоқ, соны іс жүзінде қолданып, оның тәрбиелік,
білімділік жақтарын да көре білді. Сондықтан олар «Бала ойынмен өседі» деген өмірлік
қортынды жасап, осы тәжрибелік қортындыны өздерінің бала тәрбиесі туралы
көзқарастарының негізгі арқауы етті. Бала ойынды тоқтатса, одан қол үзіп үйде көбірек
бола берсе, ол балаланың денсаулығы ата-аналарын мазасындыратын болады. Ересек
адамдардың еңбек етуі қандай қажет болса, баланың ойыны да сондай қажет нәрсе
ретінде қабылданған. Медицина ғылымы тарамаған, дәргерлік мекемелері жоқ елде
баланың денсаулығын бақылайтын, анықтайтын, қарапайым құралдардың бірі ойын
болғанын айта кету керек. Ойын әрі білімділік, тәрбиелік құрал ретінде, әрі бала
денсаулығын байқайтын дәргерлік диогностика ретінде де қолданылған.
Бала ойынының маңызына тоқтай келіп, Н.К Крупская мынаны ескерткен болатын:
«Егер бола ойнамаса, онда оның не ауырғаны немесе шамадан тыс педогогикалық
ықпалға түскені». Балалар ұлттық ойын үстінде өнеге алып, мінез қалыптасады, өзіндік
ерекшелік қасиеттері айқындала бастайды. Тәрбиеші ұлттық ойын үстінде әр баланың
игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбітуге, өзіндік мінез-
құлқын қалыптастыруға аса көңіл бөлген жөн. Баланың ойыны ересек адамдардың
еңбегіне еліктеуден өрістеп, бара-бара шын мәніндегі еңбекке айналады. Сондықтан
ұлттық ойын балаларды тәрбиелеудің де тиімді жолы, тәрбиелік құралы екендігін
дәлелдейді.
Осындай жауапты міндеттердің баянды болуы үшін егеменді еліміздің ертеңгі
қажетін өтерлік жерін, елін сүйетін, адамгершілік қуаты мол, білімді, парасатты, ана-
тілін, ата-баба салтын бойына сіңірген, оны қастерлей білетін азамат өсіруде
ұсынылатын ең басты құралымыз ұлттық ойындар. Себебі ұлттық ойындар баяғы
заманнан бері ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегіне айналған. Халқымыздың ұлттық
ойындарының көпшілігі «ойлауды қажет ететін ойындарға» жатады. Балабақшада
өткізілетін қимылды ойын түрлері баланы ептілікке, зейінділікке, ұқыптылыққа
баулиды. Балаларға арналған ұлттық ойын түрлері мысалы: «Айгөлек», «Қанталапай»,
«Арқан тарту», «Тақия тастамақ», «Түйілген орамал», «Аударыспақ», «Асық ойыны»,
«Хан», «Бес тас», «Тартыс» т.с.с.
986
Ойындар балалардың дене бітімінің ғана емес ақыл-ойының жаттықтырушысы.
Бала ұлттық ойын үстінде өмірде көрген білгеніне, өзіне ұнаған адамның іс-әрекетін
еліктей отырып, соны бейнелей ойнайды. Балаға бір тән қасиет бәрін өзім істеймін деп
талпынады. Баланың осы талпынысын қоштап, көмектесіп, сенім білдіріп отыру
тәрбиешінің ең бір ұтымды әдісі. Өйткені ересек адамдардың баладан айырмашылығы
сана-сезімі мен тәжрибесінің молдылығында ғана. Сондықтан да өз білгенін балаға
үйретуден жалықпау ересек адамдардың қасиетті борышы. Ал адам бойындаға
әдептілік, инабаттылық қасиеттер бір күнде қалыптаса қалатын қасиеттер емес. Бала
ойын арқылы дүниені танып, түйсігі арқылы қабылдап, ересектерді еліктей жүріп
үйренеді, өз бойына қабылдайды.
Қай елдің ұлттық ойыны болмасын, сол елдің қоғамдық идеологиясына, тұрмыс
тіршілігіне, айналысатын кәсіп-шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты. Сыртай
қарағанда оңай тәрізді көрінгенмен ойын бала үшін іс жүзінде күрделі нәрсе. Тәрбиеші
ойын арқылы әр баланың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді
өрбітуге ықпал етсе ғана баланың өзіндік мінез-құлқын қалыптастыруға қол жеткізеді.
Әр баланың бойында өмірге деген белгілі бір бейімділігі, жаны қалайтын
қызығушылығы болады. Соны дер кезінде байқап, жан-жақты дамыта тәрбиелеуге көңіл
бөлген ата-анада, тәрбиеші де көп нәрсе ұтады.
Балабақша мен үйде дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру-баланың жан-жақты
дамуы ғана емес, сондай ақ олдардың жұмыс істеу қабілетінің жоғарлауын қамтамасыз
етеді.
Ұлттық ойындар:
«Айгөлек» - бұл ойында балалардың бір-біріне деген қарым-қатынасы мен
топталып ойнау, ептілікке, алға қойған мақсатын аяғына дейін орындату және сөздік
қорын, тілін дамыту мақсаты қойылған.
«Хан алшы» -ойын ауызбірлікке,ептілікке, зейінділікке, төзімділікке, достыққа
тәрбиелеп асықтың алшы, бүк. шік, тәйкі, хан деген ұғымдарын қалыптастырып, есте
сақтау қабілеттерін арттыруға арналған.
«Омпы» - асықты бір сызық бойына түзу арқылы дәл көздеп ата білуге, ептілікке
баулу, мергендікті бала бойына дамыту.
«Тақия тастамақ» - шеңбер жасап отырып, бала сезімін ояту, аңғара білуге,
шапшаңдыққа, ептілікке баулу.
«Көтермек» - баланың күшін сынап, өз бойындағы күшті қалыптастыра білуге,
жеңе білуге үйрету.
Тәрбиеші балалардың сәби шағынан бастап, дене бітімінің дұрыс жетілуіне мән
беріп, дәстүрлі жаттығулар мен қимылды ойын түрлерін қолдана білгені дұрыс. Дене
ойындарымен айналысқан балалардың бұзақылық мінез көрсетуіне уақыт болмай,
керсінше ой жылдамдығы мен дене бітімі қатар дамып сымбатты болатыны белгілі.
Ұлттық ойындар осылайша атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып
отырған және халықтық дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық
бейнесі көрінісі де болған. Әрине, ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан
түрлерімен қабысып, бір-бірімен толықтырып байыта түседі. Ойын тек жас баланың
дене күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т.б ғана тәрбиелеп қоймай,
оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |