Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет416/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   472

 

875 


 

Мақсатқа сай бірнеше міндеттер қойылуы: 

Ойын арқылы сөздік қорды молайту; 

Тірек сызбалар бойынша сөйлемдер құрастыра білу; 

Сөздік қорды монолог, диалог арқылы нығайту; 

Мемлекеттік тілде еркін сөйлей білу; 

Ұлтымыздың салт- дәстүрлерінің элементтерін ұғындыру; 

Мәдениет нышандарын қалыптастыру ( амандасу, сәлемдесу) 

Жорамалдау: 

Егер  ойын  және  үлестірмелі  карточкалар  арқылы  әр  балаға  жеке  тірек  сызбалар 

жасап,  сабақтарда  жиі  қолданса,  осының  барлығы  балалардың  қызметіне  ойлау 

қабілеттерін  белсендіреді,  сөздік  қорларын  байытады,  білімдерін  тереңдетеді, 

балалардың қазақ тілін оқуға жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. 

Күтілетін нәтиже: 

Естияр топтарының балалары тірек сызбалардың көмегімен 7-8 сөзден құралатын 

сөйлемдерді, ал мектепке дейінгі топтар диалог, монологтарды еркін құрай алады: 

Жаңа сөздер тез меңгере алады; 

Мемлекеттік тілге деген қызығушылықтары арта түседі: 

Әрбір сабақ қызықты өтеді; 

Әрбір баланы жан-жақты тани алу; 

Бала өзіне тән тапсырмаларды орындай алады; 

Осы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, өзге ұлт балаларына қазақ тілін 

үйретуде  тек  қана  жаңа  сөздерді  қайталау  арқылы  үйретпей,  оларды  ойындар  мен 

көрнекіліктер  арқылы  үйреткен  тиімді.  Ойын  мен  көрнекілік-  балалардың  тілді 

үйренуге деген сенімін оятады. Солардың арқасында балалар белсенді жұмыс істер, бір-

біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тыңдап, өздерін және бір- бірін бағалайды, ал 

мұғалім тек бағыттаушы болады. Ойын мен  көрнекіліктердің түрлері әр қилы. Ойын 

түрлері:    дидактикалық  ойындар,  сюжеттік  -  рөлдік  ойындар,  қимылды  ойындар, 

драматизациялық ойындар. Көрнекіліктер де әр түрлі : тірек сызбалар, қима қағаздар, 

сюжеттік  суреттер,  пәндік  суреттер,  логикалық  тапсырмалар,  ойыншықтар.  Өзге  ұлт 

балаларына мемлекеттік тілді тірек сызбалар мен ойын арқылы байланыстыра отырып 

үйреткен  жөн.  Естияр  тобында  сөз  тіркесі  немесе  екі-үш  сөйлемнен  құралатын  тірек 

сызбалар болса, ересек тобында төрт, бес және алты сөзден құралатын сөйлемдер, ал 

даярлық  тобында  алты  немесе  одан  да  көп  сөздерден  құралатын  сөйлемдер  және 

әңгімелер, диалогтар . 

Мысалы:  «Менің қалам» атты тақырыпты алатын болсақ, естияр тобына зат есім 

мен қоса сын есімдерді, яғни сөз тіркестерін, шағын сөйлемдерді үйренеді. Менің қалам 

- әдемі, кең, үлкен, жарық, таза. Ересек тобына сөз тіркесімен қоса зат есім, сын есім, 

етістік сөйлемдерді меңгереді.  

Өзге  ұлт  балаларына  мемлекеттік  тілді  көрнекіліктердің  арқасында  (  тірек 

сызбалар  арқылы)  қызыға  меңгеру,  қазақ  тілін  қаншалықты  бай  тіл  екеніне  көздерін 

жеткізу.  Балалар  дара,  жеке,  жұппен,  топпен,  орталықтарда  белсенділікпен  жұмыс 

атқару  көзделеді.  Осындай  қажырлы  еңбектің  нәтижесінде  қазақ  тілі  сабақтарының 

білім  сапасы  соңғы  жылдардың  қорытындысы  бойынша  85-90%  құрайды. 

Қорытындалай келе, қазақ тілі- еліміздің мемлекеттік тілі. Тілді қастерлеу, үйрену - әр 



 

876 


 

қазақстандықтың  парызы.  Менің  парызым  -  бүлдіршін  балаларға  мемлекеттік  тілді 

меңгерту. Себебі, өз білгеніңді біреуге үйрету - үлкен ғанибет. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 



1.  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту №5, 2012 ж; 

2.  Бала тәрбиесі №4, 2012 ж; 

3.  Қазақ тілі мен әдебиеті №10, 2008 ж. 

 

 



ОТБАСЫМЕН БАЛАБАҚША АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ 

 

Нығыметова Зибагүл Тұрсынқызы 



 «Бәйтерек» б/б  

 

Бүгінгі  жас  ұрпақты  тұлға  етіп  қалыптастырудың  алғашқы  баспалдағы  – 



балабақша.  Тәрбие  мен  баланың  алғашқы  дені  –  мектепке  дейінгі  тәрбие  ошағында 

беріледі.  Мектепке дейінгі білім  беру  саласы  қызметкерлерінің  алдына  қойған  басты 

мақсат – баланың жас ерекшелігіне сай балалардың рухани құндылықтарын негізге ала 

отырып, ұлттық тәрбиені, салт – дәстүрді бойына сіңіріп жеке тұлға ретінде жан – жақты 

қалыптасуына ықпал ету. Халқымыздың атадан балаға мұра болып қалыптасқан өнегелі 

тәрбиесін  әдептілік,  шабыттылық,  мейірімділік,  қарапайымдылық,  ізеттілік, 

қонақжайлылылық  қасиеттерін  болашақ  жас  ұрпақтың  бойына  сіңіру  үшін  , 

тәрбиешілеріміз,  ұстаздар  қауымы,  халық  педагогикасын  салт  –  дәстүрін,  әдеп  – 

ғұрыптарын  жақсы  меңгерген,  рухани  дүниесі  бай,  жаны  таза  адал  жан  болғандары 

абзал.  Балабақшадағы  әрбір  тәрбиеші  –  педагог,  оқу  –  тәрбие  жоспарын  тиімді  әрі 

нәтижелі  етіп  ұйымдастыру  үшін,  өздерінің  бағдарлық  біліктіліктерімен, 

қабілеттіліктілерімен  қатар,  педагогикалық    жаңа  технологиялар  негіздерін  жетік 

меңгеруі  тиіс.  Балабақша  табалдырығын  аттаған  сәби,  жеті  жасқа  толып  алтын  ұя 

мектепке  қанат  қағады.  Қазіргі  кезеңде  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  білім  беру 

жүйесінің  жаңаруына  орай,  жаңа  үлгідегі  мектеп  және  балабақша  кешендері, 

гимназиялық,  лицейлік  балабақшалар  ашылуда.  Балабақшада  мектепке  дайындау, 

оқыту мен тәрбиелеудің төрт міндеті қарастырылуда.  

-  Бірінші  міндет:  -  әлеуметтік  дамуда  баланың  үлкендермен  қарым  –  қатынасы 

және  өз  құрбы  –  құрдастар  мен  баланың  ой  –  өрісінің  қалыптасыу  мүмкіндіктері 

көзделу.  Өз  Отанына,  отбасына,  халқының  салт  –  дәстүріне  көңіл.  бөлу  жодары 

қарастырылады. 

-  Екінші  міндет:  танымдық  даму  барысында  айнала  қоршаған  орта  өмірі  мен 

таныстыру мәселелерін түйіндеу, оның тәсілдері мен қасиетін сезіну. 

-  Үшінші міндет: әлемдік даму эстетикалық барысында өмірге деген құштарлық 

пен көркемдік танымды қалыптастырады. 

-  Төртінші міндет: дене тәрбиесі дамуында салауатты өмір салтын қалыптастыру, 

дене  мәдениетінің  жан  –  жақты  күтімі  мен  дұрыс  дамуы,  өзін  қоршаған  орта  мен 

байланысы, өз денсаулығына, ауру – сырқау т.б қауіп – қатерден сақтану қарастырады. 




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау