Бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы"



жүктеу 1,14 Mb.
Pdf просмотр
бет10/41
Дата25.05.2018
өлшемі1,14 Mb.
#17482
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41

      

Ескерту. Кіші бөлім 22-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 

№ 234

 (

алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 



қаулысымен.

      22-2. Кепілдік жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда салалық шектеулерсіз 

мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде мұндай жобаларды іске асыруға 

берілетін жаңа кредиттер бойынша да беріледі.

      

Ескерту. Кіші бөлім 22-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 



№ 370

 (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      23. Айналым қаражатын қаржыландыру: 

      1) айналым қаражатының мөлшері кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын негізгі құралдарды 

сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге бағытталған кредит;

      2) БЖЗҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылған жағдайда ішінара кепілдік беру айналым 

қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер/ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер/ісін жаңа бастаған жас 

кәсіпкерлер үшін ішінара кепілдік беру айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. 

теңгені қоса алғанға дейінгі банктердің кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      


Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 

№ 234


 (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін:

      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі кредит сомасы 20 млн. теңгеден 

аспайды. Бұл ретте кредит сомасы ісін жаңа бастаған бір кәсіпкер/ісін жаңа бастаған жас 

кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешекті ескермей 

есептеледі;

      2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 85%-ынан аспайды;

      3) ұсынылатын кепілдік мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды. Қаражатының 100%-ы айналым 

қаражатын толықтыруға жіберілген 20 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік мерзімі 

3 (үш) жылды құрайды.

      25. Жұмыс істеп тұрған Кәсіпкер үшін:

      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын кредит сомасы 180 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте 

кредит сомасы бір кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша 

берешекті ескермей есептеледі;

      2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 50%-ынан аспайды;

      3) ұсынылатын кепілдік мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды. Айналым қаражатын толықтыруға 

бағытталған кредиттер бойынша, сондай-ақ қаражатының 100%-ы айналым қаражатын толықтыруға 

жіберілген 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылды 

құрайды.


      26. 

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 

№ 234

 (алғашқы ресми жарияланған күнінен 



кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша банктердің номиналды сыйақы 

мөлшерлемесі 19 %-дан аспайды.

      


Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 

№ 234


 (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша даму банкінің номиналды сыйақы 

мөлшерлемесі 13%-дан аспайды.

      29. Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беруді қаржыландыру 

нысаналы трансферттерді Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілеріне бөлу арқылы республикалық 

бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      30. Кредиттің нысаналы пайдаланбау, Бағдарлама шарттарының бұзылуы, қаржы агенттігінің

кепілдік беру туралы шешімінде белгіленген шарттардың орындалмау фактілері анықталған 

жағдайда, қаржы агенттігі кепілдіктің күшін жояды.

      31. Кепілдіктің күшін жою туралы ақпаратты қаржы агенттігі негіздемемен және растайтын

құжаттармен бірге күшін жою туралы шешім қабылданған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде 

уәкілетті органға ұсынады.

      32. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде банктердің/даму банкінің кредиттері 

бойынша ішінара кепілдік беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 

бекітілген Бағдарлама шеңберінде Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттер бойынша кепілдік 

беру қағидаларымен регламенттеледі.



      Мемлекеттік гранттар беру

      33. Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа 

бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, 

мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым 

секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 

өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.

      34. Мемлекеттік гранттар моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің 

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін 

жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан 

тұлғаларға салалық шектеулерсіз беріледі.

      35. Бір кәсіпкер үшін ең жоғары грант сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды. 

Грант нысанында қолдау шараларын қаржыландыру нысаналы трансферттерді Бағдарламаның өңірлік 

үйлестірушілеріне бөлу арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      36. Мемлекеттік гранттарды мемлекет шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде 

ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлердің, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің, сондай-ақ 

әйелдердің, мүгедектердің және 50 жастан асқан тұлғалардың мемлекеттік гранттар беруге 

арналған өтінімдерін іріктеу жөнінде өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша 

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері арқылы береді. Бұл ретте Бағдарлама шеңберінде оқыту 

құрауыштары сертификатының болуы конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.

      


Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 

№ 234


 (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      37. Конкурсты өткізу үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері гранттар беруге 

үміткер шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлердің

, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің, сондай-ақ әйелдердің, мүгедектердің және 50 жастан 

асқан тұлғалардың жобаларының өтінімдерін іріктеу жөнінде конкурстық комиссия құрады және 

оның құрамын бекітеді. Конкурстық комиссия қызметінің негізгі қағидаттары Кәсіпкерлер үшін 

тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың біртұтастығы, ұсынылатын 

құжаттардың жан-жақтылығы мен толықтай зерттелуі, қабылданатын шешімдердің объективтілігі 

болып табылады.

      38. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қарау кезінде шағын кәсіпкерлік 

субъектілерінің, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлердің, ісін жаңа бастаған 

кәсіпкерлердің, сондай-ақ әйелдердің, мүгедектердің және 50 жастан асқан тұлғалардың 

бизнес-жобасын бағалаудың мынадай критерийлерінің негізінде ұсынымдар береді:

      1) бизнес идеялардың жаңашылдығы (мүгедектер үшін қолданылмайды);

      2) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау - 

маркетингтік талдау);

      3) бизнес-жобаның қолданысқа енгізуге әзірлігі (өндірісті ұйымдастыру мәселесін 

пысықтау, жобаны орналастыру, өткізу нарығы үшін үй-жайдың болуы, өндірісті іске қосу үшін 

жобаның әзірлік деңгейі);

      4) бизнес-жобаның міндетті шарттары шағын кәсіпкерлік субъектісінің, оның ішінде ісін 

жаңа бастаған жас кәсіпкердің, ісін жаңа бастаған кәсіпкердің, сондай-ақ әйелдің, мүгедектің

және 50 жастан асқан тұлғаның оны іске асыру шығыстарын ұсынылатын грант көлемінің кемінде 

10 %-ы мөлшерінде, оның ішінде жеке мүлкімен бірлесіп қаржыландыруы, сондай-ақ жаңа жұмыс 

орындарын құру болып табылады.

      Ескерту. 38-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.10.2015 

№ 848

 (алғашқы ресми



жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      39. Шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер, 

ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, сондай-ақ әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан тұлғалар 

жаңа жұмыс орындарын құруға және грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалануға тиіс:

      1) негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;

      2) материалдық емес активтерді сатып алу;

      3) технологияларды сатып алу;

      4) франшиза құқықтарын сатып алу;

      5) зерттеу жұмыстарына, жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.

      Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.10.2015 

№ 848

 (алғашқы ресми



жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау