6) Қаржылай емес қолдау операторы КҚҰО үшін консультанттарды ұсынады;
7) Қаржылай емес қолдау операторы КҚҰО базасында бару және консультациялар беру үшін
консультанттарды ұсынуға өзге де даму институттарымен келісімдер жасасады.
210. Бизнес-инкубатор - бұл шағын кәсіпорындарға ресурстар мен көрсетілетін қызметтер
кешенін ұсыну арқылы олардың қалыптасуы мен табысты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға
бағытталған қолдау құралы.
211. Бизнес-инкубаторларды құру мақсаттары:
1) шағын кәсіпорындардың қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;
2) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің инновациялық белсенділігін арттыруға жәрдемдесу.
212. Бизнес-инкубаторлардың функциялары:
1) конкурстық негізде шағын кәсіпкерлік субъектілерін тарту;
2) бизнес-инкубаторда орналастыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу және
олармен өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісімдер жасасу;
3) ісін жаңа бастаған шағын кәсіпорындарды консалтингтік сүйемелдеуді жүзеге асыру;
4) қаржылық құрылымдармен және халықаралық ұйымдармен, оның ішінде жобаларды
тәуекелмен қаржыландыру институттарымен өзара іс-қимыл жасасу арқылы әлеуетті инвесторларды
іздеу;
5) ақпараттық және сарапшылық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету;
6) тәжірибе алмасу мақсатында табысты компаниялардағы тағылымдамаларды, әртүрлі
тақырыптар бойынша тренингтерді, форумдарды қоса алғанда, оқыту семинарларын ұйымдастыру;
7) шағын кәсіпорындар үшін мамандарды іздеу мен жалдауға жәрдемдесу;
8) бизнес-инкубаторда шағын кәсіпорындарды дамыту туралы ақпараттық-талдамалық
деректер қорын қалыптастыру.
213. Бизнес-инкубаторлар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация немесе жергілікті атқарушы
органдар немесе моноқалалар мен шағын қалаларда кәсіпорындар ұсынған алаңдар базасында
құрылады. Бизнес-инкубатордағы үй-жайды/аумақты жалға алу мерзімі әрбір кәсіпкерлік
субъектісі үшін үш жылдан аспайды.
214. Бизнес-инкубаторларды құруды және дамытуды әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (
бұдан әрі - ӘКК) жүзеге асырады.
ӘКК қызметтеріне мыналар жатады:
1) бизнес-инкубаторларды дамытудың бизнес-жоспарын әзірлеу;
2) бизнес-инкубаторға қатысушыларды тарту;
3) инвестициялар тарту және бизнес-инкубатор қызметін қаржыландыру мәселелерін шешу;
4) бизнес-инкубатор үй-жайларын жалға (қосалқы жалға) беру;
5) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар жасау, бұзу және олардың талаптарының
орындалуын мониторингтеу;
6) бизнес-инкубатор қызметін қамтамасыз ету және қолдау.
215. Бизнес-инкубаторларды құру және дамыту бойынша ӘКК операторлық көрсетілетін
қызметтеріне ақы төлеу Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері мен ӘКК арасында
бизнес-инкубаторларды құру және дамыту бойынша өтеулі қызметтер көрсету туралы жасалған
шарттың негізінде жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Функционалдық бағыт: кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық
қамтамасыз ету
«Бизнес-Насихат» жобасы бойынша мемлекеттік қолдау
шараларын түсіндіру» құралы
216. «Бизнес-Насихат» жобасы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы
халықтың қалың бұқарасына Бағдарламаны тиімді іске асыру, сондай-ақ кәсіпкерлік идеяларын
танымал ету мақсаттарында мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіруді көздейді.
217. «Бизнес-Насихат» жобасы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы
шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын халықтың қалың бұқарасына түсіндіру мыналарға
негізделеді:
1) Бағдарлама бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
2) Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлердің сәтті үлгілері мен сәтті жобаларды көпшілікке
танымал ету;
3) кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы және реттеуді түсіндіру;
4) кәсіпкерлік идеяларын насихаттау.
218. «Бизнес-Насихат» құрауышы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралын
қаржыландыру тиісті шартқа қол қою арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге
асырылады.
219. Бағдарлама бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу:
1) БАҚ-та мемлекеттік қолдау шараларын жария етуді;
2) мемлекеттік қолдау шараларының шарттары мен тетіктері бойынша баспа өнімін
әзірлеуді және оның таралымын көбейтуді;
3) ақпараттық іс-шаралар (форумдар, конференциялар, сессиялар, семинарлар, кеңестер
және т.б.) өткізуді;
4) ағымдағы жағдайға кешенді жалпы республикалық талдау мен өңірлік және салалық
бөліністерде ШОК-тың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің серпінін, жеке-жеке
Қазақстанның әрбір өңірінің ШОК секторының шолуын, ШОК субъектілерін қаржылай және қаржылай
емес қолдаудың қолданыстағы инфрақұрылымы бойынша өзекті ақпаратты көрсететін Қазақстандағы
және оның өңірлеріндегі ШОК дамуының жай-күйі туралы жыл сайын есеп шығаруды қоса алғанда,
ШОК секторы бойынша тұрақты есептер әзірлеуді;
5) ШОК-ты, микроқаржы секторын дамыту, республикалық және өңірлік деңгейдегі макро-
және микроэкономикалық процестер туралы, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік
бағдарламаларын іске асыру нәтижелері туралы өзекті статистикалық ақпарат беру жөніндегі
интерактивті ақпараттық-талдау жүйесінің жұмысын қамтамасыз етуді көздейді.
220. Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлердің сәтті үлгілері мен сәтті жобаларды
көпшілікке танымал ету:
1) іске асырылған жобалардың сәтті үлгілері бойынша баспасөз-турларын ұйымдастыру;
2) Бағдарламаға қатысушылар туралы әңгімелер («Жетістіктер тарихтары») әзірлеу және
БАҚ-та орналастыру;
3) өңірлік және республикалық телеарналарда «Арнайы репортаж» жанрында хабарлар циклін
әзірлеу және шығару;
4) БАҚ өкілдері арасында Бағдарлама туралы немесе жалпы кәсіпкерлік туралы үздік
материалға арналған конкурс өткізу арқылы іске асырылатын болады.
221. Кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы және реттеуді түсіндіру:
1) кәсіпкерлік саласындағы заңнама және реттеу мәселелеріне маманданған ұйымдарды
тарта отырып, кәсіпкерлер үшін дайындалған кәсіпкерлік қызметтің негіздері бойынша
ақпараттық-талдамалық анықтамалықтар мен оқу-әдістемелік құралдарының таралымын көбейтуді
және таратуды;
2) жаднамалар, түсіндіру сипатындағы материалдар әзірлеуді;
3) телевизияда арнайы хабарлар шығаруды немесе оларға қатысуды көздейді.
222. Кәсіпкерлік идеяларын насихаттау:
1) сарапшылардың, кәсіпкерлердің, қоғам қайраткерлерінің, шетелдік мамандардың
қатысуымен телехабарлар серияларын ұйымдастыруды;
2) «Жылдың үздік кәсіпкері» конкурсын ұйымдастыруды және өткізуді;
3) жастар жобаларының көрмелерін ұйымдастыруды және өткізуді;
4) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін ашық дәрістер, мастер-кластар өткізуді;
5) қолданыстағы «Бизнес аумағы» бизнес-порталы базасында «Жас іскер» жастар
кәсіпкерлігіне арналған бөлімді орналастыруды, оның ішінде оны үнемі жаңартып отыруды;
6) жас/ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге жетекшілік етуге әзір бизнес-тәлімгерлерді
тарту үшін «Бизнес аумағы» бизнес-порталы базасында веб-алаңдар құруды;
7) әлеуметтік желілерде қоғамдастықтар, форумдарда тармақтар, интернет-блогтар,
сайттарда-бейне-хостингтерде кәсіпкерлікке арналған арналар құруды және жүргізуді көздейді.
223. «Бизнес-Насихат» құрауышы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы
бойынша кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдауды ұсыну шарттарын түсіндіру қаржылай емес қолдау
операторы жасаған Бағдарламаның бірыңғай Call-орталығы базасында да жүзеге асырылады.
«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде
кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру» құралы