ТАҚЫРЫБЫ: Оқушыларға жеке дара қатынас жасау әдістемесі. (методика индивидуального подхода к уч-ся)
Дәрістің жоспары:
Оқушыларға жеке (индивидуал) қатынас жасау ерекшеліктері.
Мұғалім жұмысының стилі.
Оқушыға тікелей ықпал жасау:
оның дара ерекшелігін, қызығушылығын, қоршаған ортасын тауып білу
тәрбие ықпалын алдын-ала болжау, жобалау
жеке дара және ұжымдық жұмыста тәрбие формалары мен тәсілдерін жүзеге асыру
тәрбие ықпалының нәтижесіне талдау жүргізу – болып табылады.
Сынып ұжымындағы көніл-күй жағдайы (сергек, жарқын, қызыкты, шиеленіскен, жүйке шаршағандық т.б.) болуы мүмкін, және тәртіптілік сипаты да әртурлі болады.
Ұжым өмірі мен оның әрбір мүшесінің өзара қарым-қатынасын ұйымдастырудағы
негізгі кемшіліктер және оларды болдырмау, жою жолдарын анықтап көрсету үшін
Сынып ұжымындагы тәрбие жұмысын жетілдірудегі диагностикалау – әдісін қолдану болып табылады.
Диагностика – яғни зерттеу жұмысы окушылардың жас ерекшеліктеріне және сынып
ұжымының калыптасу дәрежесіне байланысты болады.
Оқушының басын және сынып ұжымын зерттеудің әдістеріне:
- Бақылау әдісі;
- Әнгіме әдісі;
- Суалнама жүргізу;
- Социометрия эдісі;
- Матрица (ұяқалып);
- Эксперимент әдісі.
Тәрбиеленушілердің іс-әрекетіндегі, қарым-қатынас, мінез-кұлыктарындағы жағымды тәжірибені қалыптастыру әдістері:
- талап
коғамдық пікір
үйрету, жаттықтыру
арнайы тәрбиелік ситуация
Талап дегеніміз не? - Ол мінез-құлық нормасының көрінісі.
Талаптың функцияларына ынталандыру, тежеуді жатқызамыз.
Сынып ұжымындағы тәрбие жұмысын жетілдірудегі диагностикалау:
Сынып жетекшісінің қызметінің бірі диагностикалық қызметі – сынып ұжымындағы оқу-тәрбие процесін нәтежелі ұйымдастыру үшін, оқушылар тәрбиесінің деңгей мен өзгеру барысын анықтап отырады.
Сынып ұжымындағы тәрбие жұмысын жетілдірудегі диагностикалау жұмыстарын атқару барысында сынып жетекшісі, біріншіден, өзінің педагогикалық әрекеттерін көре алады. Екіншіден, зерттеу жұмысының нәтижесін пайдалануда, оны баланың жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту кұралына айналдыру мүмкіндігі туындайды. К.Д. Ушинский «Егер педагог адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда ол, ең алдымен оны барлық жағынан біліу тиіс».
Сыныпты жаңадан қабылдап алғаннан кейін, оның жетекшісі зерттеуді – сынып ұжымындағы оқушыларының құжаттарымен танысудан бастайды. Оқушының жеке басын танып білуге арналған үлгі.
1. Жалпы мағлұмат;
2. Оқу әрекеті;
З. Еңбек әрекеті;
4. Жеке бастың бағыты және арнайы қабілеті;
5. Тәртібі;
6. Темпераменті мен мінезіндегі ерекшеліктер;
7. Жалпы педагогикалық-психологиалық қорытынды.
Сынып ұжымын зерттеудің шамамен алынған үлгісі.
Сынып жайында жалпы мағлұматтар.
Сынып құрылымы.
Ұжымның іс-әрекеттері және оларды орындау барысы.
Ұжымның даму дәрежесі.
Жалпы қорытынды. Сынып ұжымындағы көніл күй жағдайы (сергек, жарқын, кызықты, шиеленіскен, жүйке шаршағандық т.б.)
Тәртіптілік сипаты. Ұжым өмірі мен оның әрбір мүшесінің өзара қарым-қатынасын ұйымдастырудағы негізгі кемшіліктер және оларды болдырмау, жою жолдарын анықтап қөрсету.
№ 8-Дәріс.
ТАҚЫРЫБЫ: Сынып жетекшісінің ата- аналармен жүргізетін жұмысының түрлері.
Дәрістің жоспары:
Сынып жетекшісі ата- аналармен жүргізетін жұмысын міндеттері.
Ата-аналармен жүргізілетін педагогикалық жұмыстардын формасы.
Сынып жетекшісі ата-аналармен жүргізетін жұмысын міндеттеріне сай 5 қызметті атқаруы тиіс.
Ата-аналарды сыныптағы оқу-тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру. Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық көзқарасын баяндайды. Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай өзінің әрекет ету бағдарламасы және тәсілімен, тәрбие жоспарымен таныстырады. Ата-аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдарын қарастырады. Осындай отырысқа сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерін және мектеп әкімшілігін де шақыру мүмкіншілігі қарастырылады. Мұғалімдер өздері жүргізетін пәндердің ерекшіліктері, мазмұны мен әдістемесі және оқушылардың үй тапсырмасын орындау жұмыстарына қатысты мәселелермен ата-аналарды таныстырады.
Ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру. Сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балаларды әлеуметтік ортадағы мінез-құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет атқарады. Қазіргі мектеп жағдайында ата-аналардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда. Бұл олардың педагогикалық көзқарастарында қателіктің болмауына сенімдерін орнықтырады. Дегенмен де педагогикалык және психологиялық зерттеулер нәтижесі ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдени деңгейлерінің төмендігіне үнемі назар аударады. Сол үшін, бүгінгі таңда қоғамның және ата-аналардың оған деген сұранысы күннен-күнге артуда.
Ата-аналарды балаларымен бірге әрекетке қатыстыру. Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқушы тұлғасының дамуына ету өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында мұғалімдер, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын жақсартуды көздейді.
Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру. Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған мәселеге қатысты көмек көрсету, ақыл-кеңес беру.
Ата-аналар белсенділіктерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдары.
В.А.Сухомлинский оқушылардың ата-аналармен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып: "Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін", - дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ыкпал ету факторларын жасайды. Сондықтан да педагогикалык әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан, ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше.
Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары, олардың өзара қарым-қатынасы, сабактың ұйымдастыру формалары мен өткізу технологиясы, көптеген оку пәндерін оқытудағы жаңа көзкарас, сонымен катар сыныптан тыс тәрбие жұмысы. Мектепті баскару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда. Яғни педагогикалық әрекеттегі ұшбұрыш - мұғалім - оқушы - ата-анаға қатысты жағдайда жаңа демократиялык қарым-қатынасқа ие болуда. Олай болса осы қарым-қатынасты реттеп отыратын әкімшілік-командалық жүйеде екендігі жерде келмеске кетті.
Бүгінде мектептің ата-аналары мен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата-аналар жиналысы, ата-аналар лекториясы мен университеттері, ата-аналардың ашық күні, ата-аналардың жұмыс орындары мен байланыс, баланың отбасына бару т.с.с.
Дегенмен де тәжірибелі мұғалімдердің көзқарастарын да, ол олай болуы тиіс емес еді. Соған орай түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер мен оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып отыр. Әсіресе мұндай жағдайда мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастық қарым-қатынысына кері әсерін тигізуде. Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір-біріне айтар ақыл кеңесі ауадай қажет болып отыр.
Ата-аналармен жүргізілетін педагогикалық жұмыстардың формасы:
- Ата-аналар ұйымы, ата-аналар жиналысы, конференциялар
Сынып жиналысында сайланатын неғұрлым белсенді ата-аналар, қоғамдық орган:
- Ата-аналар комитеті
Балаларды қорғайтын халықаралық кұжат:
- БҰҰ балалар кұқығы жөніндегі конфенциясы
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері – отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету, ата - аналардың педагогикалык білім дәрежесі мен мәдениетін арттырып отыру.
Ата-аналармен тұрақты байланыс орнатудың мақсаты:
- отбасыны, оның мүшелерінің қарым-катынасын зерттеп, ата-ананың педагогикалык білім дәрежесінің жай күйін анықтап, кеңес беру.
Ата-аналар жиналысы мектеп бойынша – жылына 2 рет өткізіледі.
№ 9- дәріс.
ТАҚЫРЫБЫ: Отбасындағы тәрбие негіздері.
Дәрістің жоспары:
Отбасы тәрбиесін жетілдірудің жолдары.
Оқушылардың отбасын зерттеу әдістемесі.
Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиенің негізін салған ағартушылардың бірі - Н. Құлжанова. Оның «Мектептен бұрынғы тәрбие», «Ана мен бала» атты еңбектері бала тәрбиесінің мектепке дейінгі кезеңін қамтитын ұлттық негіздегі құнды еңбектер. «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты еңбегіне А. Байтұрсынов алғы сөз жазган. Онда: «Баланы бастан тәрбиелеу деген - баланы жас басышан дұрыс тәрбиемен өсіру деген сөз. Дұрыс тәрбиемен өскен бала тіршілік ісіне икем, бейнетіне берік болып өспек. Дұрыс тәрбиенің асылы – баланың жанымен, тәнімен керек деп танылған істерді бала табиғатының әуенімен істеу – сол дұрыс тәрбие болады» деп, бала тәрбиесі мен дамудың жас ерекшелік кезеңдерінің байланысын, мектепке дейінгі тәрбиенің маңызын аса жоғары бағалаған.
А. Байтұрсынов пен Н. Құлжанованың бала тәрбиесі туралы көзкарастарындағы ортақ ой, нақты мақсат – бала тәрбиесін салауатты өмір салтына негіздеп ұйымдастыру. Баланың дамуына негізгі әсер ететін ойын әрекеті екендігіне тоқтала отырып: «Баланың ойыны кайсы «жұмысы» қайсы, айыруға болмайды. Ойыны да ойын, «жұмысы» да ойын, бәрін де ойын үстінде, ойын үшін істейді... Жас балаларға жақсы іс, дұрыс білім үйрету дегенде мектеп балаларына сабақ үйрету үлкендерге іс үйрету сияқты емес, әлгі айтылган сияқты балалар табиғаты тілейтін жолмен үйрету айтылады. Яғни, баланы ойынға үйрету, қатыстыру арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп үйрету деп білу керек» деп, А. Байтұрсынов мектепке дейінгі тәрбиенің өзіндік ерекшелігін және жүргізілу тәсілін сөз етеді.
Жалынды публицист, жауынгер ақын, тарихшы, саяси кайраткер Ыбырай мен Ахметті ұстаз тұтқан педагог Міржақып Дулатов өзінің шығармаларында бала, ана, әйел, ғашыктық, денсаулык туралы отбасына катысты мәселелерді көтерген.
Міржақыптың «Шешенің балаларды сүюі» өлеңінде балаға деген ана махаббаты, оның шексіз-шетсіз мөлдірлігі сөз болады. Сондай-ақ ол «Жастарға», «Балдызға», «Жесір даулары хақында», «Жігіттер», «Жігіттерге», «Қамар сұлуға», «Сұлу қызға», «Екі сұлуға», «Қобызшы ініме», т.б. өлеңдерінде отбасында жастарды тәрбиелеу, сұлулық, ғашықтық туралы жырлаған.
Міржакып Дулатов ұстазы Ахмет Байтұрсынов сияқты отбасындағы тазалық тәрбиесіне де көңіл бөліп, өзінің «Қирағат» атты оқу кұралындағы «Денсаулық жайынан» бөлімінде адам организімінің әрбір мүшелерінің аман болуы, салауаттық пен дене саулығын сақтау үшін кажетті гигиеналық шарттарын жүйелеп, оларды сақтау және орындау керектігін ұсынган.
Нақтырақ айтсак, баланың құлағы, мұрыны, тынысы, көзі аман болу үшін, жұмыс істегенде салауаттық сақтау үшін, дененің саулығын сақтау үшін бала алдынала қандай іс-әрекет жасауы, оны орындау тәртібі өте түсінікті тілмен баяндалган. Мысалы, «Дененін саулығын сақтау үшін» тарауында алдын алу ережелері мынадай:
Үйіңе таза ауа көп кірсін, күннің сәулесі (шуагы) көп түссін, саламаттықты сақтау үшін таза ауа, күннің шуағы өте қажет нәрсе.
Тұла бойыңды, ең болмағанда, мойныңды, көкірегіңді. арканды күнде салкын сумен жуып тұр, көнпісті боласың. Денеңді таза ұста, жұмасына бір peт жылы суға шомылып түр.
Жылы мезгілде бос суға көбірек шомыл.
Өзіңді, тамағыңды таза ұста, ішкен, жеген сайын және де ертеңді-кеш аузынды тазалап шайка. Таза ауада (сыртта) көбірек кимылда (жүр, ойна, жүгір)...
Денеңді тар киім белбеумен, түрлі баумен байлап кыспа.
Аяк киімің (етіктің ұлтаны табанына лайық болсын) өкшесі жалпак аласа болсын. Биік өкше өте зиянды болады.
7. Өте көп ішіп, жеме. Бұзылган астан, сіңбейтін тамақтан, әсіресе тәттіден қашық бол. Ерте жат, ерте тұр. Оянғансын төсекте тыраңдап жатпа. Оянысымен төсектен тұрып кет.
8. Кешке ұйыктардың алдында ауыр жұмыс істеп шаршама. Болдырған кісі дұрыстап
ұйықтай алмайды.
9. Ұйқы адамга күш жинап, қуат береді .
10............
Қазақ халқының ұлы ақыны М.Жұмабаев ата-ананың әділдігімен, адамгершілік парасаттылығымен тәрбиеленген, ұстаздары А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтан дәріс алып, олардан үлгі-өнеге алған ағартушы, әрі педагог болган.
Мағжанның «Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруга тырыстым» деп жазған «Педагогика» атты тұңғыш ұлттық оқу кұралында бала тәрбиелеуде ата-ананың рөлі туралы ой-пікірлері баршылық.
Оқу кұралының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Мағжанның пікірінше, тәрбие түрі төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесі, сулулық пен құлық тәрбиесі. Автор олардың бір-бірімен табиғи тамырластығын тәптештей түсіндіре келіп, былай дейді: «Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егер де ол ыстык, суық, аштық, жалаңаштык сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден лэззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп, тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын дейтін ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын...» деп, ата-анаға талап кояды.
Мағжан өз халкының патриоты ретінде оны халқының. ұрпағының болашағы үнемі толғандырып, тәрбиенің басты міндеттерінің бірі бала бойында ұлттық сезімдерді ерте қалыптастыру оларды халықтың рухани мәдениеті мен, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрімен кеңінен карулардыру қажет деп санайды. «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, бұрын қолданып келе жатқан тақтық жол болғандыктан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ үлгі тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деп, ата-анаға отбасында балаға ұлттық тәрбие беру қажеттігін ерекше айтып отыр.
Баланың мінез-құлқы, табиғатқа қатынасы айналадағы баска адамдармен қатынаска түсу арқылы қалыптасатын болғандықтан Мағжан баланың отбасындағы қатынасқа түсетін адамдардан, олардың мінез-құлқынан үлгі алатындығын және бала үшін бұл әсердің өте маңыздылығын көрсетеді. Сондықтан, баланың айналасындағы адамдардың мінез-құлқының дұрыс, жағымды болуына айрықша мән маңыз береді: « ... баланың ізгі кұлыкты болуы үшін оның маңайындағы адамдар, ата-ана, туған-туыстары өздері ізгі құлыкты болуы тиісті. «Ұяда не көрсе, ұшканда соны іледі» деген қазақ мақалымен қорытындылайды.
Мағжан баланы отбасында жас күнінен тәртіпке үйретудің қажеттілігіне баса назар аударады, бұл арада ол халықтың қалыптасқан әдет-ғұрып мәдениетіне сүйенгені анық. «Баланы құбылмайтын, ұсақтықпен қажытпайтын, баланы еркіне жіберу оны ерлікке, батылдыққа үйретсе темір тәртіпке бағындыру, оны шыдамдылыққа, табандылыққа үйретеді», - дейді.
Мағжан педагогикасындағы негізгі категориялардың бірі – баланың өзін-өзі тәрбиелеуі. Қандай тәрбие, тәрбиешінің басқаның әсері мен үлгісі болмасын сайып келгенде адам – өзін-өзі тәрбиелейді, адам тәрбие ісіне араласқанда ғана оның ықпалы күшті болады. Сондықтан отбасынын міндеті – баланы өзін-өзі тәрбиелеуге дайындау, яғни өз тіршілігі мен іс-қимылына сын көзімен карауға, өз мінез-құлқына бақылау жасауға, оны үнемі жетістіруге үйрету деп санайды. Мағжан бұған ерекше назар аударады. Адамның өзін-өзі бақылауы, әрдайым өзіне-өзі есеп беруі оның өз қатесін көруіне, оны жоюына ойландырып, итермелейтін болады. Ол: «адамның өзін-өзі тексеруі – оның дұрыс жолға түсуінің бірінші шарты, қатесін білген адам өзін тексермесе ілгері баса алмайды» - деп теориялық дұрыс, практикалық өте маңызды тұжырым жасайды.
Адам өмірін мәнді және мазмұнды етуде эстетикалық талғамның қалыптасуы үлкен орын алады. Мағжан айтқандай, сұлулық сезімдері адамның табиғат берген қабылеті мен мүмкіндіктерін жан-жақты дамытуға жол ашады. Мағжан эстетикалық тәрбиенің тарауларын жан-жақты талдай отырып, бала жаратылыс, табиғат сұлулықтары мен бірге өнерден барынша мол ләззәт алып өсуі қажет деп қорытындылайды. Ол сонымен бірге жоғарыда айтылғандай адамдар арасындағы қатынастыда сұлулыққа негіздеп кұруға ерекше мән береді. Бұл шынында қазақ тұрмысы үшін жаңалық емес, бірақ, жоғалтқанымыз да бар. Қазақтарда үлкен мен кіші, жеңге мен қайны, кайың сіңлі, аға мен іні арасындағы қатынас бірін-бірі сыйлауға, құрметтеуге негізделіп құрылып, басқалар үлгі алатындай, таңырқап таңдай қағатын дәрежеде болатын. Бірак, сол 20-шы жылдардың өзінде де біздің бұл қатынасымызды босаңдата бастағанымызды сезген Мағжан: «Қазақ! Жұртқа күлкі болмайын десең, бұл мінездеріңізді таста, балаңды сұлу, қымбатты кылып өсір» деген өте маңызды өсиет қалдырады.
«Педагогика» оқулығындағы жалпы педагогика бөлімінде дене және жан тәрбиесі жайында үлкен сөз болады.
Мағжан балаға жан тәрбиесін беру үшін ата-анаға психология, логика, этика, ал дене тәрбиесін беру үшін анатомия, физиология, гигиена және гимнастика ғылымдарын меңгеру қажет екендігін оқу құралында жан-жакты баяндаған.
Автордың пікірінше, әке-шеше баласының жаны туралы дұрыс түсінігі болуы үшін психология ғылымын меңгергені абзал. Психология – баланың қимылынан, көзінің тітіркенішті заттар мен амалдарға ілесуінің, жанының жайын, жан тұрмысын, жан көріністерін, жан күштерін, ақылын, қайратын, көңіл куатын мөлшерлейтін пән.
Екінші, жан нысанасын бақылаудың бір пәні – логика. Логика – дұрыс сойлеу, сөздерді сөйлем тәртібіне ауызша дәлдеп «кұрастыру, ойын дөп айта білу секілді нышандарын бағдарлайтын пән.
Этика – баланың ішкі құлқын емеуріннен тануға мүмкіндік беретін пән. Мағжанның пікірінше, баланың тәрбиесіндегі екінші мәнде тұратын нысан – дене тәлімі. Жанның құралы - дене. Денені тәрбиелейтін пәндер:
Анатомия. Баланың жас ерекшелігіне байланысты денесінің өсіп-өнуін, кұрылысын, жаратылысын бақылайтын нысан.
Физиология. Баланың денесінде болатын көріністерді, қанның жүруін, дем алу, тыныстау секілді күйін байкайтын пән.
Гигиена. Дененің саулығын сақтау үшін қойылатын талаптарды жүзеге асыратын пән.
Гимнастика. Баланың денесінің саулығын ширату үшін белгілі талаппен, бағдарламамен жасалатын дене қозғалысын жүзеге асыратын пән.
Сонымен, бала тәрбиесінің екі қырын, яғни жан және дене тәрбиесінің теориялык мәнін тұжырымдадық. Егер осы екі нысан қатарынан, кей тұста жан тәрбиесі денеден озық кеткен жағдайда, баланың рухы биік болады.
№ 10-Дәріс.
ТАҚЫРЫБЫ: Сынып жетекшісінің мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдерімен жұмысының мазмұны.
Дәрісітің жоспары:
Мұғалімдер мен сыныптағы оқушылардың, мұғалімдер мен ата-аналардың өзара қарым-қатынасындағы үйлесімділік жағдайын реттеп отыру.
Қоғамдық мекемелермен ынтымақтастық орнату. (балалар кітапханасымен; өнер мектебімен және тағы басқа мекемелермен атқарылатын жұмыстар.)
Сынып жетекшісі мектеп жағдайында оқушылардың оқу-тәрбие жұмысына қатысты міндеттерді шешуде, ол мектеп әкімшілігі мен пән-мұғалімдерінің көмегіне арқа сүйейді.
Кезінде, А.С. Макаренко өз тәжірибесіне сүйене отыра, бірде-бір тәрбиешінің жеке тұрып бала тәрбиесінде өз бетінше оң нәтижеге жете алмайтындығын, керісінше ол мектептің педагогикалық ұжымы және ондағы қоғамдық ұйымдармен бірлесе кызмет жасау қажеттігін айтқан.
Осы орайда сынып жетекшісі оқушылардың күнделікті мектептегі өмірі мен еңбегіне қатысты мәселелерді мектеп әкімшілігімен келісе отыра, әрі олардың қолдауы, көмегі негізінде ұйымдастырады. Оған, мысалы мектептің ішкі еңбек тәртібі, санитарлық-гигиеналык режимі, қауіпсіздіқ-техникалық ережелерінің орындалуы, қоғамдық пайдалы және оқудан тыс тәрбие жұмыстары т.б. мәселелерді жатқызуға болады.
Кез келген мұғалім өзінің кәсіби және тәрбиелік әрекеттерінің нәтижелі болуын қамтамасыз етуде осы бағытта күш жігерін біріктіру немесе үйлестіруге мүдделі болады. Оның негізгі ұйытқысы және ұйымдастырушысы – сынып жетекшісі. Ол үшін төмендегідей міндеттерді шешуі тиіс:
- сол сыныптағы пән мұғалімдерінің дара ерекшеліктерін, олардың балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы мүмкіншіліктерін танып білу;
- мұғалімдердің педагогикалық әрекетінің, балалармен қарым-қатынасының ерекшеліктерін танып білу;
- мұғалімдер мен сыныптағы оқушылардың, мұғалімдер мен ата-аналардың өзара қарым-қатынасындағы үйлесімділік жағдайын реттеп отыру;
- педагогикалық әрекеттің жалпы мақсатын анықтап, оған қол жеткізуде барлық қатысушы жақтардың өзара әрекеттерін ұйымдастыру. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен қоғам құрылысының практикасымен байланыс принципінің мәні.
- қоғамның экономикалык, әлеуметтік, рухани қатынастарын тәрбие ісінде қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |