Туылғаннан кейін және ден сау нәрестені күту. Перинатальді асфиксиямен туылған баланың күту, басқару ерекшеліктері.
1/15
Туылғаннан кейін және ден сау нәрестені күту. Перинатальді асфиксиямен туылған баланың күту, басқару ерекшеліктері.
Қабылдаған: доцент Калменова П.
Орындаған: интерн Каналхан А.
Тобы:ЖМ-601
Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаңа туылған нәрестеге қандай күтім жасалады? Қалай дұрыс орындау керектігін білесіз бе?
2/15
Жаңадан туылып жатқан бала
4/15
Жаңа туған нәресте қалыпты екі қабаттық мерзім өткен соң туып, денесінің салмағы 2500 грамнан астам болса, мерзімде туған деп саналады. Құрсақ ішіндегі кезеңде газ алмасуы плацентарлық қан айналысымен қамтамассыз етіледі, туу кезінде плацентарлық аралас бұзылып, оттегінің бала организміне түсуі азаяды, оның қанында көміртегінің қос тотығы жинақталып, мұның өзі тыныс алу орталығын оятады.
Кеуде клеткасының диафрагмасы, қаңқалық бұлшықеттері жиырылады, өкпе ұлғайып, мерзімінде туған баланың қатты айқайымен қоса алғашқы ауа жұтылады.
3/15
Жаңа туғандар бөлімшесінде нәрестелер одан кейінгі күндерде былайша күтіледі. Тәулігіне екі рет нәрестенің беті мен құлақ қуысын бор қышқылының 2 проценттік ерітіндісі мен қайнаған суға малынған стерильді мақтамен сүртіп тазалап отырады. Көзін фурацилин ерітіндісімен жуады. Әр көзге жеке – жеке мақта тампоны алынады. Танауларын стерильді вазелин майы немесе фурацилин ерітіндісімен жағып ширатылған мақтамен, құлақтарын стерильді құрғақ шариктеемен терең батырмай сүртіп алады. Терісінің қатпарлары мен шабына стерильді вазелин немесе өсімдік майын жағады.
Сыртқы жағдайлар мен ішкі ортаның өзгеруіне байланысты жас нәрестенің бойында өтпелі жағдай байқалуы мүмкін, мұндай физиологиялық жағдай тек нәресте жаңа туған кезеңде болады. Мұндай жағдайда емдеудің қажеті жоқ; жас нәрестенің организмінде болатын өзгерістер өзінен - өзі толық жойылып кетеді. Мұнда жағдайды есте ұстап, оны патологиялық жағдайдан ажырата білу керек, өйткені патологиялық жағдайдың оған ұқсас кейбір көріністері болуы мүмкін.
8/15

9/15
Туылған кездегі ауыр (неонаталдық) асфиксия Жүрек соғу жиілігі жай немесе тұрақты, минутына 100 реттен аз, өздігінен тыныс алуы ретсіз немесе тыныс ала алмайды, бұлшықет тонусы төмен, тері жамылғысы бозғылт, туылғаннан кейін 1 минуттан соң Апгар шкаласы бойынша бағалау 0-3 балл аралығында. Туылған кездегі аздаған немесе орташа деңгейдегі неонаталдық асфиксия Туылғаннан кейінгі 1 минуттан соң тыныс алуы қалыпқа түспеген, бірақ жүрек жиырылу жиілігі минутына 100 рет немесе одан көп; бұлшықет тонусы мардымсыз, аздап тітіркену, туылғаннан кейін 1 минуттан соң Апгар шкаласы бойынша бағалау 4-7 балл аралығында.
Асфиксияның (гипоксияның) ауырлығын дәлелдейтін диагностикалық критерийлер:
10/15
• асфиксиямен туылған нәрестенің туылғаннан кейін қысылған кіндігінен көмірқышқыл газының құрамын анықтау үшін артериалды қан алады; • ауыр перинатальды асфиксияның (гипоксияның) маркерлері төмендегідей болып табылады: - көрсетілген метаболистік ацидоз (кіндіктің артериалды қанында рН<7,0 және ВЕ . 12 ммоль/л негізінің жетіспеушілігі); - Апгар шкаласы бойынша 5 минутында 0-3 балл және одан жоғары; - туылғаннан кейінгі ерте уақыттарда білінетін клиникалық жүйке бұзылыстары (құрысу, гипотония, кома – гипоксиялық - ишемиялық энцефалопатия); - туылғаннан кейінгі ерте уақыттарда білінетін полиорганды бұзылыс белгілері.
Сараланған диагноз: • Босану кезінде алған зақым • РДС • ОНЖ, жүрек-қан тамыр жүйесінің және т.б. дамуындағы ақаулықтар. • Перинаталды аурулар мен инфекциялар.
Дифференциалды диагноз
14/15
- https://www.karger.com/Article/Abstract/442724
- https://medlineplus.gov/breastfeeding.html
- https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/27336781/
- https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/29980160/
- https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/25063312/
- Детские болезни. Т. 1. [Электронный ресурс] / Запруднов А.М., Григорьев К.И., Харитонова Л.А.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2013. – Режим доступа: http://www.studentlibrary.ru/book/ISBN9785970424216.html
- Поликлиническая и неотложная педиатрия : учеб. / под ред. А. С. Калмыковой. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2013. - 896 с. – 50 экз
- Шабалов, Н. П. Детские болезни. В 2т. : учеб. для вузов / Н.П. Шабалов. - Санкт-Петербург ; Москва : Питер. – 2011 - 2013.-Т. 1. – 2011- 2013. - 928 с.- 150 экз.
- Шабалов, Н. П. Детские болезни. В 2т. : учеб. для вузов / Н.П. Шабалов. - СПб. : Питер. – 2011 - 2013. - Т. 2. – 2011 - 2013. - 880 с. – 150 экз.
Достарыңызбен бөлісу: |