Бағдарламасы шымкент 2018 жыл мазмұНЫ



жүктеу 2,84 Mb.
бет1/10
Дата25.01.2020
өлшемі2,84 Mb.
#27279
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Шымкент қаласы мәслихатының

2018 жылғы 26 қарашадағы

№41/328-6с шешіміне қосымша

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ

2018-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

ШЫМКЕНТ – 2018 жыл



МАЗМҰНЫ



1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ.....................................................................................

2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙҒА ТАЛДАУ.......................................................................

БАҒЫТ: Экономика.........................................................................................................

Өңірлік макроэкономика....................................................................................................

Өндіріс.................................................................................................................................

Аграрлық-өнеркәсіптік кешені .........................................................................................

Шағын және орта бизнес....................................................................................................

Сауда ...................................................................................................................................

Туризм..................................................................................................................................

Инновация............................................................................................................................

Инвестициялық қызмет......................................................................................................

Шымкент агломерациясының дамуы................................................................................



БАҒЫТ: Әлеуметтік сала ...............................................................................................

Демографиялық жағдай.....................................................................................................

Білім беру............................................................................................................................

Денсаулық сақтау...............................................................................................................

Мәдениет және тілдерді дамыту......................................................................................

Денешынықтыру және спорт............................................................................................

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру.......................................

Ішкі саясат..........................................................................................................................

БАҒЫТ: Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп .........................................

БАҒЫТ: Инфрақұрылым..............................................................................................

Құрылыс.............................................................................................................................

Жолдар мен көліктер.........................................................................................................

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық...........................................................................



БАҒЫТ: Экология және жер ресурсы .......................................................................

Экология.............................................................................................................................

Жер ресурстары ...............................................................................................................

3. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МАҚСАТТЫҚ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ...........................................................................

4. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР ..........................................................................................



2

7

7



7

9

11



14

16

17



18

19

20



21

23

26



28

30

31



34

36

38



38

40

42



51

51

53



59
79




Бағдарлама паспорты

Бағдарлама атауы

Шымкент қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы

Құжатты әзірлеуге негіздеме

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» №790 қаулысы

Өңірдің негізгі сипаттамалары

Шымкент қаласының аумағы 116 280 га, тұрғындар саны 1009,2 мың адамды құрайды, Қазақстанның Орта Азиямен тоғысқан жеріндегі Еуропаның Оңтүстік-шығыс Азия мен жақын және алыстағы Шығыс елдеріне бағытталған көлік магистральдарының қиылысында орналасқан.

Бүгінгі таңда Шымкент – инфрақұрылымы дамыған, Қазақстанның өнеркәсіптік, сауда және мәдени орталықтарының бірі. Шымкент урбанистикалық қалалардың үштігіне кіреді.



Бағыттар

- Экономика

- Әлеуметтік сала

- Қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі

- Инфрақұрылым

- Экология және жер ресурстары


Бағдарламаның мақсаттары

- 2020 жылға қарай Шымкентті миллионнан астам халықтың тұруына ыңғайлы және қонақтарға тартымды болатын заманауи мегаполиске айналдыру;

- Қала экономикасының тұрақты өсімін қамтамасыз ету;

- Қаланың адам ресурстарының бәсекеге қабілеттілігін және тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыру;

- Қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы қызмет көрсету;

- Шымкент агломерациясы аумағындағы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту;

- Қоршаған ортаға антропогендік жүктемені төмендету;



- Шымкент агломерациясы аумағындағы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту.

Мақсаттық индикаторлар

Экономика

  1. Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлемінің индексі;

  2. Халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнiм;

  3. Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны;

  4. Өнеркәсіп өнімінің көлемі;

  5. Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлемінің индексі;

  6. Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі;

  7. Өндірілген электр энергиясының жалпы көлеміндегі энергияның жаңартылған көздерінен өндірілген электр энергиясының үлесі;

  8. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілген қызметтердің) жалпы шығарылымы;

  9. Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі;

  10. Мерзімі бұзылып берілген субсидиялар үлесінің төмендеуі;

  11. Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі;

  12. Көтерме сауданың нақты көлемінің индексі;

  13. Бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі;

  14. Сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем емес сауда объектілерінің санын ұлғайту ("Бөлшек сауда" қызметі түрімен);

  15. Басқа өңірлерге жөнелтілген өндірілген өнім көлемі (жұмыскерлер саны 50 адамнан астам өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша);

  16. Басқа облыстың резиденттері мен резиденттер еместерінен сатып алынған тауарлардың жалпы қарағанда басқа өңірлерде сатып алынған тауарлардың үлес салмағы (жұмыскерлер саны 50 адамнан астам көтерме кәсіпорындар бойынша);

  17. Негізгі капиталға бағытталған жалпы инвестиция көлемі;

  18. Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны;

  19. Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі;

  20. Шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған инвестицияның 2015 жылға өсуі (мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда);

  21. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі;

  22. Жалпы өңірлік өнімнің жалпы көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесін ұлғайту.

Әлеуметтік сала

  1. Жұмыс істеп тұрған авариялық және үш ауысымдық мектептер саны;

  2. Жаратылыстану-математика пәндері бойынша мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі;

  3. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы;

  4. Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту;

  5. 15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі, % (NEET – ағыл. Not in Education, Employment or Training);

  6. Мемлекеттік тапсырыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары түлектері мен оқуды аяқтағаннан кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналастырылғандарының үлесі;

  7. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда 14-29 жастағы тұрғындардың қанағаттанушылық деңгейі;

  8. Типтік жастағы (14-24 жас) жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылу үлесі;

  9. Мемлекеттік желілер нормативіне сәйкес жалпы орта білім беру ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

  10. Аналар өлім-жітімін төмендету;

  11. Нәресте өлім-жітімін төмендету;

  12. Жаңадан пайда болған қатерлі ісік аурулардан болатын өлім-жітімді төмендету;

  13. 15-49 жас ерекшелігі тобындағы адамның иммун тапшылығы вирусының таралуы, 0,2-0,6 % шегінде;

  14. Жұмыссыздық деңгейі;

  15. Жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі;

  16. Жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі;

  17. Өндірістік жарақат деңгейі (1000 адамға жазатайым оқиғалардың жиілік коэффиценті);

  18. Жергілікті атқарушы органдар берген рұқсаттар бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күшінің құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағы (шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота бойынша);

  19. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі еңбекке қабілетті адамдардың үлесі;

  20. Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсете отырып қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде);

  21. Жеке сектор субъектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі;

  22. 1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің (келу) орташа саны;

  23. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту;

  24. Балалар мен жас өспірімдер жалпы санына қатысты 7 пен 18 жас аралығында балалар-жас өспірімдер спорт мектептерінде және спорт клубында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жас өспірімдерді қамту;

  25. Өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер);

  26. Өткен жылмен салыстырғанда сырттан келу туризмі бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер емес);

  27. Өткен жылмен салыстырғанда ұсынылған төсек-тәулік санының өсуі;

  28. Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі;

  29. Ағылшын тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі;

  30. Үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек тұрғындардың үлесі;

Қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі

        1. Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы;

        2. 100 зардап шеккен адамға шаққандағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету;

        3. Жас өспірімдер жасаған қылмыстардың үлес салмағы;

        4. Бұрын қылмыс жасаған адамдардың жасаған қылмыстарының үлес салмағы;

        5. Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі.

Инфрақұрылым

  1. 100 тұрғынға телефон байланысының тіркелген желісінің тығыздығы;

  2. Интернетті пайдаланушылардың үлесі;

  3. Халықтың цифрлық сауаттылығының деңгейі;

  4. Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі;

  5. Құрылыс жұмыстарының көлемі;

  6. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы;

  7. Әлеуметтік, көліктік инфрақұрылымның паспортталған объектілерінің жалпы санынан мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі;

  8. Жақсы және қанағаттанарлық күйдегі қалалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі;

  9. Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету;

10.Қалаларда орталықтандырылған жүйеге қолжетімділігі:сумен қамту және су бұру қызметтері;

  1. Жалпы ұзындықтағы жаңартылған желілер үлесі: жылумен жабдықтау және газбен жабдықтау.

Экология және жер ресурстары

1. Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне байланысты оларды кәдеге жарату үлесі;

2. Облыстың, республикалық маңызы бар каланың, астананың халқын қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтермен қамту;

3. Ластаушы заттардың нормативті көлемі;

4. Экологиялық талаптар мен санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан).


Қажет ресурстар

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың өзіндік қаражаттары, қарыз қаражаттар, шетел инвестициялары.

Қаржыландыру көлемдері:

2016 жылы нақты – 57 624,2 млн. теңге

2017 жылы – 81 043,0 млн. теңге

2018 жылы – 183 794,1 млн.теңге

2019 жылы – 191 322,0 млн. теңге

2020 жылы – 149 961,0 млн. теңге

Барлығы: 663 744,3 млн. теңге

Ескерту: Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына республикалық және жергілікті бюджеттің қалыптастырылуы барысында нақтыланады.



2. ағымдағы жағдайға талдау

БАҒЫТ: Экономика

Өңірлік макроэкономика


Шымкент қаласы тиімді жағрафиялық Қазақстанның Орта Азиямен тоғысқан жерінде, Еуропаның Оңтүстік-шығыс Азия мен жақын және алыстағы Шығыс елдеріне бағытталған көлік магистральдарының қиылысында орналасқан.

Шымкент республикадағы ежелгі қалардың бірі болып табылады, қаланың 2200 жылдан астам тарихы бар.

1885 жылы сол уақыттағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорын - сантонин зауыты (қазіргі «Химфарм» АҚ) құрылды, мұнда тек қана кейбір жерлерде – Африкада, Үндістанда, Оңтүстік Америкада және Қазақстанда – Арыс өзенінің бойында өсетін дермене дәрілік өсімдігі өңделетін. Бұл зауыт өнімі – дермене дәрілік препараты негізінен басқа елдерге экспортталатын.

Шымкент қаласы 1932 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысы орталығы болып, 2018 жылдың 19 маусымынынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің №702 Жарлығымен республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілді. Қазіргі таңда, дербес әкімшілік-аумақты құрайтын республикадағы 17 өңір болып табылады.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес Шымкент елдің экономикалық өсу орталықтары болып табылатын Астана және Алматы қаларынан кейінгі бірінші деңгейлі қалалар санатына жатады және Түркістан облысының агломерациялық ядросы болып табылады.

Шымкент агломерациясының құрамына Арыс қаласы, Бәйдібек, Түлкібас, Қазығұрт, Төлеби, Ордабасы Сайрам және Сарыағаш аудандары кіреді.

Қазіргі таңда, агломерация аумағында 1,6 млн-ға жуық адам бар, оның ішінде Шымкент қаласында 1 миллион адам.



Қалада аудандардан көші-қон сальдосының оңды динамикасы тұрақты өсіп келеді.

Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаменті


Бұл өз кезегінде қаланың әлеуметтік нысандарына тапшылықтың өсуін, шет аймақтардың инженерлік жүйелермен қамтылмауын және қолданыстағы жүйелердің қаланың нақты қажеттілігін қамтамасыз ете алмайтынын көрсетті.

Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрмыс-тіршілігіне мемлекеттік саясаттың әсерін байқау үшін қала тұрғындарының ой-пікірін анықтау қажет. Осы ретте қаланың 5 жылдық даму Концепциясын әзірлеу барысында әлеуметтік сауалнама жүргізілген.



Сауалнама бойынша қала тұрғындарын толғандыратын жалпы мәселелер

Дерек көзі: Сауалнама қорытындысы


Әлеуметтік сауалнама нәтижесінде сұратылған азаматтардың 41,5% - жұмыссыздық, 38,5% - жемқорлық, 19 пайыздан – қылмыс және жолдардың сапасы, 18% - медициналық қызметтің сапасы, 17% - экология, 15% - жол қауіпсіздігін бұзу, 12% балалар мен жастардың бос уақытын тиімді пайдаланбауы толғандыратынын көрсетті.



жүктеу 2,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау