БАҒЫТ: Инфрақұрылым
Цифрлік сауаттылық адамның ақпараттық–коммуникациялық технологияларды күнделікті өмірде және кәсіби қызметте пайдалана білу және қолдана білу. Ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу дағдысы деңгейін арттыру барлығы үшін ақпараттық қоғамның ашықтығын арттырады.
6-15 жастағы балаларды цифрлық сауаттылық дағдыларына үйрету білім беру мекемелерінде жалпыға бірдей білім стандарттарына сай жүргізіліп жатыр.
Халықты базалық дағдыларға оқыту мақсатында білім беру басқармасымен оқу бағдарламасы әзірленді, оқытушылар құрамы қамтамасыз етіледі, оқу үшін жалпы білім беру мектептері базасында компьютерлік сыныптар анықталды. Оқу үдерісін қамтамасыз ету үшін жыл сайын қаржы қаражаты бөлінеді (оқу құралдарын тираждау, оқытушыларға жалақы, компьютерлік сауаттылық тыңдаушыларына куәлік әзірлеу).
Оқыту семинарлары орта мектеп сыныптарында тәжірибелік жұмыстарды орындай отырып базалық және негізгі оқу жоспары форматында ұйымдастырылған.
Құрылыс
2017 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 107,2 млрд.теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 11,2 пайызға артқан.
Құрылыс жұмыстарының көлемі, млрд.теңге
Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің мәліметі
Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі, млн.тг
Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің мәліметі
Диаграммада ұсынылғандай тұрғын үй құрылысына барлық көздерден тартылған инвестиция көлемі 2014 жылғы 15,9 млрд. теңгеден 2017 жылы 25,7 млрд.теңгеге дейін жетті және 2014 жылмен салыстырғанда 62 пайызға артты.
Себебі, «Қол жетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы шеңберінде әкімшілік-іскерлік орталығымен тұрғын үй алқабында көп қабатты тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілген.
Шымкент қаласындағы халық тығыздығын басқа қалалармен салыстырмалы талдау
Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің мәліметі
Диаграммада ұсынылғандай Шымкент қаласындағы халық тығыздығы басқа қалалармен салыстырғанда төменгі қатарда тұр. Шымкенттің аумағы басқа қалалармен салыстырғанда үлкен, тұрғын үй қоры негізінен жеке сектордан тұрады.
Қала аумағын басқа қалалармен салыстырмалы талдау, шаршы км
Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің мәліметі
Қаланың тұрғын үй типтері бойынша қамтамасыз етілу деңгейіне талдау
Қалалар
|
Барлық тұрғын үй саны, бірлік
|
оның ішінде:
|
Жеке сектор
|
Көп қабатты
|
саны
|
үлесі,%
|
саны
|
үлесі,%
|
Астана
|
35 532
|
29 193
|
82
|
6 339
|
18
|
Алматы
|
127 185
|
101 168
|
80
|
26 017
|
20
|
Қарағанды
|
29 077
|
20 774
|
71
|
8 245
|
28
|
Шымкент
|
167 699
|
158 726
|
95
|
8 973
|
5
|
Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің мәліметі
Талдау көрсеткендей Шымкент қаласында басқа қалалармен салыстырғанда жеке сектордың үлесі басым немесе 95,0 пайызды құрайды.
Негізгі мәселелер:
Құрылыс алаңдарына қажетті жер телімдерінің бос болмауы немесе мемлекеттің меншігіне қайтару шығындарының жоғары болуы;
Құрылыс алаңдарында сыртқы және ішкі инженерлік жүйелердің жоқ болуы, бұл өз кезегінде жеке инвесторлардың да қызығушылығын төмендетеді;
Құрылыс материалдары нарығының тұрақсыздығы, материалдар құнының сыртқы нарыққа тәуелді болуы.
Азаматтардың мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде баспана кезегіндегілердің өсімін нақты салынғаны қамтамасыз ете алмайды.
Жолдар мен көліктер
Шымкент қаласының көлік кешеніне автомобиль, теміржол, әуе көлігі түрлері енеді.
Жүк және жолаушы айналымы құрамында автомобиль көлігінің үлесі басым болады.
Көліктің барлық түрлерімен тасымалданған жүк көлемі
-
|
Тасымалданған жүк көлемі, мың тонна
|
%
|
Жүк айналымы,
млн.ткм
|
%
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
Шымкент
|
77 581,1
|
79 066,3
|
101,9
|
4 834,0
|
4 695,2
|
97,1
|
Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің мәліметі
2016 жылы барлық көлік түрімен 79 066,3 мың тонна жүк тасылды, 2015 жылмен салыстырғанда 1,9 пайызға өскен. Жүк айналымы 4 695,2 млн.тонна/км, немесе 2015 жылмен салыстырғанда 2,9 пайызға кеміген.
Көліктің барлық түрлерімен тасымалданған жолаушылар көлемі
-
|
Тасымалданған жолаушылар, мың адам
|
%
|
Жолаушы айналымы,
млн.жкм
|
%
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
Шымкент
|
1 107 461,0
|
1 168 849,1
|
105,5
|
9 897,4
|
11 176,3
|
112,9
|
Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің мәліметі
2016 жылы барлық көлік түрлерімен 1 168,8 млн.жолаушы тасылып, 2015 жылмен салыстырғанда 5,5 пайызға артты, ал жолаушы айналымы 11 176,3 млн.жолаушыны құрап, 12,9 пайызға артқан.
2016 жылы қаланың жолдарының жалпы ұзындығы 2 810,0 шақырымды құрайды:
Дерек көзі: ЖАО мәліметі
Кестеде ұсынылғандай асфальт-бетонды жабылғысындағы жолдардың үлесі 49,3 пайызды, шағал тас жолдар 37,0 пайызды, топырақ жолдар 7,9 пайызды құрайды. Шағал тас және топырақ жолдар негізінен қаланың шет аймақтарында орналасқан жаңақұрылыстарда. Қазіргі таңда бұл жерлердегі жолдың сапасы қоғамдық көлік қатынасына және жолаушылардың жүріп тұруына қиындықтарға соқтыруда.
Қоғамдық көлік қызметі
Қала халқына 30 көлік компаниясы 81 бағытта, 1 198 кестемен қызмет көрсетті.
Дерек көзі: ЖАО мәліметі
Талдауда ұсынылғандай қалада барлығы 1 695 қоғамдық көлік қызмет көрсететін болса, оның 4 пайызы 15 жылдан, 7 пайызы 10 жылдан астам қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, жалпы қоғамдық көліктің 36 пайызы немесе 517 қоғамдық көлік сығымдалған газбен жүреді.
2013 жылдан қоғамдық көлік компанияларына жыл сайын қоғамдық көліктің 20 пайызын ауыстыру талабы енгізілді.
Нәтижесінде, 2013-2016 жылдары 462 жаңа қоғамдық көлік алынды. Оның ішінде, «Green bus company» ЖШС-і өз есебінен сығымдалған газбен жүретін жаңа 200 автобус алды.
Негізгі мәселелер:
ішкі қалалық жолаушылар көлігінің балама түрлерінің жоқтығы;
қолданыстағы автобустардың 35,0 пайызы тозған және қоршаған ортаға зиянды әсері жоғары;
қалалық бағыттардың рентабельділігі төмен болуына байланысты инвестициялық тартымдылығы төмен;
қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасы төмен;
қаланың шет аймақтарына қатынайтын бағыттардың шығындылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |