Арыс қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2017 жылғы қорытындысы туралы қала әкімі М.Қадырбектің есебі Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік»



жүктеу 207,86 Kb.
Дата22.05.2018
өлшемі207,86 Kb.
#15983


Арыс қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2017 жылғы қорытындысы туралы қала әкімі М.Қадырбектің

есебі
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауынан туындаған міндеттер мен облыс әкімі Ж.Қ.Түймебаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында қабылданған қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылды.

Нәтижесінде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының облыстық рейтингінде белгіленген көрсеткіштерді орындауға қол жеткізілді. Төменде атқарылған жұмыстар мен жеткен жетістіктеріміз және көрсеткіштерді ұсынып отырмыз.



Жалпы өңірлік өнім

2017 жылдың есепті кезеңде 27,9 млрд теңгені құрап, жан басына шаққанда 377,1 мың теңгеге жетті.



Бюджеттің атқарылуы

Қала бюджеті жыл бойынша 12 млрд. 258 млн. теңгеге нақтыланып, 1 млрд. 764 млн. теңгеге артты. Жалпы кірістердің жоспары 12 млрд. 258 млн. теңге болса, нақты орындалғаны 12 млрд. 318 млн. теңге, 100,5% немесе 60,0 млн. теңгеге артық орындалды. Оның ішінде жергілікті түсімдердің жоспары 1 млрд. 720 млн. теңге, нақты орындалғаны 1 млрд. 780 млн. теңге, 103,5% немесе 60,0 млн. теңгеге артты.



Өнеркәсіп, кәсіпкерлікті қолдау

Есепті кезеңде 6 млрд. 735,4 млн. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 103,4% құрады. Индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыс жасап жатқан «Қазына жер ЛТД» ЖШС-і тарапынан 2017 жылы 4155,5 тонна сүт өндіріліп, дайын өнім шығару үшін, өндірілген өнім «Алтын-дән» ЖШС-не, «Компания Фудмастер-Шымкент» ЖШС-не, «Отырар Сүт-Ет» СТК-на және «Сайрам сүт» ЖШС-не өткізілген. 2017 жылы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3531 бірлікті құрады. Оның ішінде: 561 бірлік заңды тұлға, 966 шаруа қожалығы және 2000 бірлік жеке кәсіпкер.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субьектілерінің саны 2958 бірлік немесе
83,8% құрайды. Салада өндірілген өнім көлемі 21 млрд. 914,1 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,7% немесе 1382,5 млн. теңгеге артты.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында есепті кезеңінде 3 жобаға қолдау көрсетілген, оның ішінде: 1 субсиядиялық және 2 гранттық. Атап айтқанда: жеке кәсіпкер М.Рахымжанованың құны 38,4 млн.теңге құрайтын мейрамхана қызметінің жобасы субсидияланған. Жеке кәсіпкер Г.Асанованың құны 3,0 млн. теңгені құрайтын бөдене өсіру және «Медет» шаруа қожалығы төрағасы Д.Муталиевтің құны 3,0 млн. теңгені құрайтын етті бағыттағы асыл тұқымды үндік өсіру жобалары грант алған.

Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шағын несиелендіру бойынша


2017 жылы 137 адамға 487,9 млн. теңге несие берілген.

Атап айтқанда: «Арыс несие серіктестігі» ЖШС-і арқылы 47 адамға 268,6 млн. теңге, «Максимум» АИО» ЖШС-нің еншілес ұйымы «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-і арқылы 63 адамға 118,7 млн теңге және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» ОҚО филиалы арқылы 27 адамға 100,5 млн. теңге.

Бөлшек сауда айналымы 2 млрд. 49 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 105,2% құрады.

Туризм

Қала аумағында облыстық маңызы бар 22 тарихи және мәдени ескерткіштер орналасқан. Олардың ішінде 8-і архитектуралық, 14 археологиялық ескерткіштер. Сондай-ақ, қала және ауылдық округтер аумағында 10 қасиетті, киелі орындар бар. Олардың 6 облыстық маңызға ие. Атап айтқанда: Дастарбасы таңбалы жартасы, Дастарбасы тоғызқұмалақ таңбасы, Дастарбасы үңгірлері; Жекен-Шайық, Мұңлық-Зарлық, Ақын-Жақып әулиелері, Ханшайым аралы, Қыз құлаған жар табиғи ландшафт аймағы.

Емдік-сауықтыру және зиярат ету туризімін дамыту мақсатында қаланың туристік анықтамасы әзірленіп, туристтік бағытқа 4 нысан енгізілді. Олар: «Санаторий Арыс» шипажайы, қалалық музей, «І-Арыс» теміржол вокзалы, Мұңлық-Зарлық монументі.

2017 жылдың есепті кезеңінде ішкі туризмге 13005 адам, кіру туризмі бойынша 40 адам келген.



Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары саласы

2017 жылғы есепті кезеңде 12 млрд. 297 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 111,2% құрады.

Егін шаруашылығында 22,11 мың гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары егілді.

Оның ішінде суармалы жерді игеру тапсырмасы 13,0 мың га, орындалған 13,3 га, яғни 102,3% құрады.

Қала бойынша 6,0 гектар жылыжай салу жоспарланып, 6,10 гектар іске қосылып, жылдық жоспар 101,6% орындалды.

Тамшылатып суару әдісін 900 га жерге енгізу жоспарланып, 1178 га жерге егіс егілді немесе жылдық жоспар 130,9 % орындалды.

«Агрофирма «Жаңа Ақдала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ағымдағы жылы томат пастасының консентрантын өндіру жоспары - 2000 тонна, Оның бүгінгі таңға өндірілгені – 3370 тонна, томат пастасының концентранты шетелге жіберуге келісім жасалуда.

,

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 294 бас ірі қара мал алынды немесе жоспар 125,1% орындалды.



«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2400 бас алынды немесе 151,2% орындалды.

«Құлан» бағдарламасы бойынша 150 бас жылқы алынып, жылдық жоспар 100,7% орындалды.

2017 жылы шаруашылықтың барлық санаттары бойынша мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлері өткен жылмен салыстырғанда өсім бар: ет –104,1%, 6751 тонна, сүт –103,8%, 17844 тонна, жұмыртқа –100,8%, 6 млн. 964 мың дана өндірілді.

Мал басы да өткен жылдан едәуір артты. Ірі мүйізді қара малдың саны 33,4 мың бас, қой мен ешкі 365,8 мың бас , жылқы 12,1 мың, түйе 1,8 мың басты құрады.

Жиделі ауылдық округінде орналасқан 3-К-1, 3-К-2 және 3-К-3 каналдарын қалпына келтіру үшін, жобалық-сметалық құжаттама сараптамадан өткізуге жергілікті бюджеттен 1,7 млн. теңге қаржы қаралып, сараптама қорытындысы алынды.

2017 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде пайдаланылмай жатқан 104 шаруа қожалықтың 19320 га жері анықталды. Атап айтқанда, 14991 га жайылымдық жер, 2251 га суармалы егістік, 2078 га тәлімі егістік. Аталған жер иелеріне шара көру үшін акт түзіліп, облыстық жер инспекциясына жолданды. Есепті кезеңде хабарламалар мен ескертпелер таратылды.

Заңға сәйкес, жерлерді өз мақсатында пайдаланбай жатқан 25 шаруа қожалығының 6374 га жер телімдері қаланың арнайы жер қорына алынды.

Оның ішінде 6023 га жайылымдық жер, 201 га суармалы егістік, 150 га тәлімі егістік. Аталған бағытта жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.



Табиғатты пайдалану және қорғау

«Жасыл аймақ» іс-шарасы бойынша 109,3 га жерге 46,9 мың түп көшет егіліп, күтімге алынды.



Инвестиция

2017 жылы есепті кезеңде 5 млрд. 633 млн. теңгеге инвестиция тартылды.



Құрылыс

2017 жылы есепті кезеңінде құрылыс жұмыстарының көлемі 4 млрд. 652 млн. теңгені құрады.

2017 жылы 985 млн. теңгеге 25760 шаршы метр тұрғын үй салынып, нақты көлем индексі 131,4% құрады.

Елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту мақсатында 1 млрд. 716 млн. теңгеге «Отырар», «Оңтүстік», «Наурыз» тұрғын аудандарында инфрақұрылым құрылысы жүргізілді. Аталған тұрғын аудандарға 74,4 шақырым ауыз су құбыры тартылып, 27,8 шақырым автомобиль жолы салынып, пайдалануға берілді.

Жиделі ауылдық округі, Көкжиде елді мекеніндегі М.Мәметова атындағы жалпы орта мектеп жанынан қалалық бюджеттен 48,8 млн.теңге қаржы бөлініп, спортзал құрылысы салынып, пайдалануға берілді

«Көктем-2» тұрғын ауданында облыстық бюджеттен 580 млн.теңге қаржы бөлініп, құрылысы жүргізіліп жатқан 3 қабатты 36 пәтерлі №1, №2, №3 тұрғын үйлердің және облыстық бюджеттен 331 млн. теңге қаржы қаралған Дермене ауылдық округі Саналы және Шаян елді мекендеріндегі 150 және 200 орындық 2 жалпы орта мектептердің құрылыс жұмыстары бекітілген өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысандар ағымдағы жылы пайдалануға берілетін болады.

Сондай-ақ, Ақдала, Байырқұм, Монтайтас, Жиделі, Аққала елді мекендерінің егжей-тегжейлі жоспарларын жасау үшін қалалық бюджеттен әзірленді 10,2 млн. теңге қаржы бөлініп, егжей-тегжейлі жоспарлары жасалынды.

«Көктем-2» тұрғын ауданынан 5 қабатты 60 пәтерлі 5 көпқабатты үйдің жобалық сметалық құжаттамасына қалалық бюджеттен 15 млн. 216 мың теңге қаржы бөлініп құжаттамалары жасалуда.

Отырар, Наурыз тұрғын аудандарынан 600 орындық 2 жалпы орта мектептердің жобалық-сметалық құжаттамасына қалалық бюджеттен 14 млн. 856 мың теңге қаржы бөлініп, құжаттамалар әзірленуде. Жобалар 2018 жылға өтпелі.

Монтайтас және Байырқұм ауылдық округінде мал өлекселерін тастайтын «Беккари» шұңқырларының жобалық-сметалық құжаттамаларына қалалық бюджеттен 3 млн.168 мың теңге қаралып жобалық сметалық құжаттар әзірленді. Нысандардың құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы жүргізілетін болады.


Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық саласы
Электр жүйелерін салу

«Отырар» тұрғын ауданынның тұрғындарын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қалалық бюджеттен 217,3 млн. теңге қаржы бөлініп, 4,3 шақырым жоғарғы кернеулі, 21 шақырым төменгі кернеулі электр желілері жүргізіліп, 7 дана кешенді трансформаторлық стансалары орнатылып тұрғындардың игілігіне ұсынылды.

Өткен жылы «Оңтүстік» және «Наурыз» тұрғын аудандарын электр энергиясымен қамту үшін қалалық бюджеттен 11,6 млн теңге бөлініп, жобалық сметалық құжаттама жасалынды. Қаржы бөлу үшін облыстық бюджетке ұсынылып, 2018 жылы құрылыс жұмыстарына 222,0 млн тенге қаржы бөлінді.

Сонымен қатар, Ақдала, Саналы, Сырдария елді мекендеріндегі жаңадан салынған көшелерді электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында қалалық бюджеттен 8,6 млн. теңге бөлініп жобалық сметалық құжаттамасы әзірленді.



Ауыз су жүйелерін жүргізу

Монтайтас ауылдық округі, Қожатоғай елді мекенінде тұратын 1375 тұрғынды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қалалық бюджеттен 223,3 млн. теңге бөлініп, 2 су жинау стансалары мен 17,1 шақырым су құбырлары тартылып пайдалануға берілді.

Сырдария елді мекенінің 5 көшесінде тұратын 920 тұрғынды ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында қалалық бюджеттен 56,2 млн. теңге бөлініп, 11,3 шақырым су құбырлары жүргізіліп, халық игілігіне ұсынылды

Дермене ауылдық округінің Теміржолшы, Саналы, Қаражантақ елді мекендерін, Қожатоғай ауылдық округінің Сырдария елді мекенінің және қаламыздағы Әзизаев көшесіндегі су ұңғымасы мен су құбырларын жөндеуге қалалық бюджеттен 36,8 млн. теңге бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2017-2018 жылдар аралығында «Талдықұдық» және «Отырар» тұрғын аудандарына магистралды ауыз су құбыры құрылысын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 783,6 млн тенге бөлініп, өткен жылы 78,3 млн теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды.

Ағымдағы жылы 705,3 млн теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылып, жыл соңына қарай магистралды ауыз су құбырының құрылысы пайдалануға берілетін болады.



Аққала, Көкжиде, Шаян, П.Арапов, Байтоғай, Шөгірлі және Ақдала елді мекендерінің жаңадан қосылған көшелерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін облыстық және қалалық бюджеттен 31,3 млн. теңге қаржы бөлініп, жобалық сметалық құжаттары әзірленді.

Кәріз жүйелерінің жұмысын жақсарту мақсатында қалалық бюджеттен 2,4 млн. теңге қаржы қаралып, қаладағы 2 көшедегі кәріз жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қаламыздағы 2 қабатты көппәтерлі тұрғын үйлерді кәріз жүйелерімен қамту мақсатында және «Кәріз тазалау стансасы құрылысы» жобасын әзірлеуге қалалық бюджеттен 8,8 млн теңге бөлініп, жоба дайындалуда.

Газбен қамтамасыз ету

Арыс қаласын мен Ақдала ауылдық округіне қарасты Онтам елді мекенін және Қожатоғай ауылдық округіне қарасты Сырдария елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін, 2016-2017 жылдарға облыстық бюджеттен 88,9 млн.теңге қаржы бөлініп, 3 кезекке бөлініп жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалды.

Оның ішінде; 1 –кезектің құрылыс жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 2018 жылға 884,0 млн тенге, 2019 жылға 500,0 млн тенге, 2020 жылға 1581,0 млн тенге қаржы бөлінді. Қаламыздың орталық көшелеріндегі, «Самал», «Стадион», «Оңтүстік» тұрғын аудандарының көшелеріндегі 6709 тұрғын үйді яғни 33545 халық қамтылады және 15 шақырым жоғары қысымды жеткізгіш газ құбырлары жүргізілетін болады.

2 –кезектің құрылыс жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 2018 жылға 719,8 млн тенге, 2019 жылға 219,7 млн тенге қаржы бөлінді. «Отырар», «Почтовый», «ШПЗ», «Лед-Завод» «Хлапком» «Наурыз» тұрғын аудандарын және Сырдария елді мекеніндегі 1993 тұрғын үй яғни 9965 халық қамтылады.

3 –кезектің құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін Облыстық бюджетке 567,0 млн тенге бюджеттік өтінім беріліп, 2019-2020 жылдарға жоспарлануда. «Алатау», «Саяжай», «Көктем-1», «Көктем-2», «Тараз» және Онтам елді мекеніндегі 1147 тұрғын үй 5749 халық қамтылады.

Тұрғын үй

Арыс қаласы Әл-Фараби көшесі №5, Б.Әбдіразақов көшесі №45,46, О.Байжанов көшесі №24,29, МПС №15, А.Байтұрсынов көшесі №110, Майлы Қожа №110,112 барлығы 9 көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарына республикалық бюджеттен 101,2 млн.теңге қаржы бөлінді.

Көпқабатты үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың игілігіне ұсынылды.

Қала келбетін өзгерту және тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында 2 қабатты 18 көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу үшін 2017-2018 жылдарға қалалық бюджеттен 32,8 млн.теңге бөлініп, жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалуда.

Б.Әбдіразақов көшесі №44 және И.Ақынбеков көшесі №10 көпқабатты тұрғын үйлердің пайдалану мерзімін ұзартып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сейсмонығайту, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қалалық бюджеттен 6,1 млн. теңге бөлініп, жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалды.

Абаттандыру жұмыстары

Балалардың мектептен тыс уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасау мақсатында Әйтеке би көшесінің бойындағы көппәтерлі үйлердің ауласына қалалық бюджеттен 1 млн теңге қаржы төлініп, бір ойын алаңшасы салынды.

Қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында қалалық бюджеттен 25 млн.теңге бөлініп, қала көшелеріне 5 жерге заманауи аялдамалар орнатылды.

Қаладағы А.Байтұрсынов №110 және Б.Әбдіразақов №36 көпқабатты үйлердің маңын, «Орталық саябақтағы» бұрынғы қымызхана, су қауызы орнын, Әл-Фараби көшесі бойындағы «Мәңгілік ел» саябағын, Д.Қонаев көшесі бойындағы «Арыс қаласының құрметті азаматтар аллеясы», қалаға кіре берістегі «Арыс» қаласы белгісі орнын» абаттандыру үшін қалалық бюджеттен 14,1 млн. теңге бөлініп, жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалды. Абаттандыру жұмыстарын жүргізу ағымдағы жылға жоспарланды.



Көшелерді жөндеу жұмыстары

Байырқұм, Жиделі елді мекендерінің тұрғындары үшін айырықша маңызды бар «Байырқұм – Көкжиде» автомобиль жолының құрылысына қалалық бюджеттен 179,1 млн. теңге қаржы бөлініп, жол пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, қалада және елді мекендердегі 34 көшеге қалалық бюджеттен 231,1 млн. теңге қаржы бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда: 13 көшеге тас, 12 көшеге асфальт, 9 көшеге аяқжол төселді.

«Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген 28,8 млн теңгеге, атап айтқанда: Ақдала, Монтайтас, Қожатоғай, Дермене, Жиделі ауылдық округтерінде орналасқан 5 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Дермене ауылдық округі, Шаян елді мекеніндегі Бөген өзеніне жаяу жүргіншілер көпірін салу мақсатында қалалық бюджеттен 3,5 млн. теңге қаржы бөлініп, жобалық-сметалық құжаты әзірленді.

Қаламыздың негізгі көшелерінің бірі саналатын И.Ақынбеков көшесін күрделі жөндеуден өткізу үшін қалалық бюджеттен 4,5 млн. теңге қаржы бөлініп, жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.



Білім беру

2016-2017 оқу жылында мектеп бітіруші 1022 түлектің 797-і ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) тапсырды. Жалпы ұлттық бірыңғай тесттің қорытындысы бойынша орташа білім көрсеткіші 78,8 баллды құрап, облыс көлемінде 5 - ші орынға тұрақтады.

«Алтын белгі» белгісін 63 оқушы иемденді, өткен жылмен салыстырғанды 25 оқушыға немесе 39,7 пайызға артты.

Есепті кезеңде 23,1 млн. теңге қаржыға 6 мектептің ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қалалық бюджеттен қаржы бөлініп, жобалық сметалық құжаттамалар жасалды. Ағымдағы жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Жалпы білім беретін 31 мектептің материалдық-техникалық базасы 4 робототехника кабинетімен, 3 мультимедиялық-лингафон кабинеттерімен, 2 биология, 1 химия кабинетімен, 81 мультимедиялық құрылғылармен жабдықталды. 29 мектепке 82 дана интерактивті тақталар орнатылды.

Оқушылар пән оқулықтарымен 100 пайыз қамтылды.



Мектепке дейінгі тәрбие және оқумен қамту

Қала бойынша 3-6 жастағы бала саны 8183 құрайды. Жалпы 49 балабақша жұмыс жасауда, оның ішінде мемлекеттік 10 балабақшада 1107 бала, 27 жекеменшік балабақшада 2261 бала, 12 шағын орталықтарда 839 бала, барлығы 4207 бала балабақшамен қамтылып, қамтылуы 85,7% құрап отыр.

2017 жылы жалпы 625 балаға арналған 8 балабақша ашылды. Жеке кәсіпкерлер есебінен 478 млн. теңгеге екі жаңа балабақшаның құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.

2018 жылы жаңадан ашылатын балабақшаларға 620 бала қамтылып. (Саналы, Қаражантақ елді мекендерінде 100 орындық, Қожатоғай елді мекенінде 75 орындық және Арыс қаласында 345 орындық) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтуды 90 пайызға жеткізу жоспарлануда.



Денсаулық сақтау

2017 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ана өлімі бойынша 1 жағдай орын алды 68,2% құрап отыр.

Нәресте өлімі көрсеткіші 1000 тірі туылғандарға шаққанда 12,3% құрады.

Монтайтас ауылдық округі, Шағыр елді мекенінде және Дермене ауылдық округі Саналы елді мекенінде екі фельдшерлік акушерлік пункттерінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп пайдалануға берілді.

Ағымдағы жылы Дермене ауылдық округі, Теміржолшы елді мекенінен және Монтайтас ауылдық округі Қабылсай және Талдықұдық елді мекендерінен 3 медтректің құрылысын салу үшін жобалық сметалық құжаттамаларын дайындау жұмысы жоспарлануда.

Ішкі саясат, мәдениет және спорт

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан халқына арнаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына сәйкес қала әкімінің төрағалығымен жұмысшы топ құрылып, жұмыс жоспары бекітілді. Ақпараттық-насихаттық топ 32 елді мекенде 9026 азаматтың қатысуымен 42 кездесу өткізді.

Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, өткен жылы 206 іс шара ұйымдастырылды. Қоғамдық сананы жаңғырту бойынша қала және ауылдық округтерде 82 үгіт-насихат билборд орнатылды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы айдарлар ашылып, «Арыс ақиқаты» газетінде 76 мақала, «Шалқар шыңдары» газетінде 9 мақала, жалпы 85 мақала жарияланды.

Ұйымдастырылған іс-шаралар «Арыс қаласы әкімдігінің ресми ontustik-aris.gov.kz сайтында» 92 мақала, әлеуметтік желілердегі Фейсбук, Твиттер, Инстаграм парақшаларында 276 шағын мақала жарияланды.

Ал, жергілікті «Арыс толқындары» телеарнасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында атқарылған жұмыстар бойынша 75 сюжет көрсетілді.

Қалада мәдениет және спорт саласында белгіленген тақырыптық және бекітілген кестеге сәйкес іс-шаралар өткізілуде.

Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен мәдениет үйіне 8,7 млн. тенге қаржы, кітапханаға 1,7 млн. теңге қаржы қаралды. 2017 жылы жалпы 470 іс-шара өткізілді.

2017 жылы 275 спорттық іс-шаралар өткізіліп, барлығы 34885 адам қатысты. Жалпы алғанда қала және ауылдық жерлерде күнделікті спортпен айналысатын адам саны 19650 яғни халықтың 26,5% күнделікті спортпен шұғылдануда. Қалада 4 спорт мектептері жұмыс істейді. Аталған мектептерде барлығы 2576 оқушы спорттың 16 түрінен шынығуда.

Қаламыздың спортшылары жылдың есептік кезеңінде 49-алтын, 58-күміс, 73-қола медальдерге қол жеткізді. Облыстық жарыстарда: 24-алтын, 21-күміс, 46-қола. Республикалық жарыстарда 20-алтын, 29-күміс, 14- қола; Халықаралық жарыстарда 5-алтын, 9-күміс, 13-қола жүлдені жеңіп алды. Жыл қорытындысы бойынша спортшыларымыздың арасынан 4 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 17 спорт шеберіне үміткер анықталды.

Есепті кезеңде қалалық бюджеттен 27,7 млн. теңге қаржы бөлініп, Т.Маметов көшесінің бойынан және ШПЗ елді мекенінен заманауи 2 спорт алаңшалары салынып, халық игілігіне ұсынылды.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында қалалық бюджеттен 4,4 млн. теңге бөлініп, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына 5 дана «Street workout» спорт жаттығу құрылғылары орнатылды.

Сондай-ақ, Қожатоғай ауылдық округі Байтоғай елді мекенінен жеке кәсіпкер Х.Бижанованың демеушілігімен 23 млн. теңгеге жабық спорт кешені ашылып, пайдалануға берілді.



Жастар саясаты

Жастар ресурстық орталығы» мамандарының ұйымдастыруымен қала және ауылдық округтердегі жастардың қатысуымен 216 іс-шара өткізілді.

Оның ішінде: 77 іс-шара жастар арасындағы отансүйгіштік, рухани-мәдени, танымдық, байқаулар, дарынды, талантты жастарға қолдау көрсетуге бағытталса, 19 іс-шара спорттық-сауықтыру, бұқаралық спортты дамыту мақсатында өткізілді. 44 жастар мен жасөспірімдер арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталды. 42 іс-шара жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу бойынша кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізілді. 34 рет ішкі істер бөлімімен бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізілді.
Әлеуметтік қамсыздандыру саласы

Қала халқының саны 73979 адам, экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 30 626 адам, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар саны 28 986 адам жұмыссыздар саны 1 640 адам. Жұмыссыздық деңгейі 5,2%, жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 3,5 % құрайды.

Қала көлемінде жұмыспен қамтуды тұрақтандыру мақсатында қала әкімдігімен, кәсіподақ кеңесі және жұмыс беруші арасында 8 ірі, 38 орта және 238 кіші кәсіпорындармен меморандум түзіліп, 100% орындалды.

Жылдық жоспар 143,5 пайызға орындалды.

Арыс қаласында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің 2017 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес 1957 адамды әлеуметтік қолдау шараларымен қамту жоспарланған.

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде 2944 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты.

Бағдарламаның бірінші бағыты «Еңбек нарығының сұранысына сәйкес кәсіби оқытуды ұйымдастыру» бойынша:

- техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша 112 азамат оқуға жолданды. Оқу мерзімі 2 жыл 6 айды құрайды.

- қысқа мерзімді оқу курстарына жолданған 317 азаматтың барлығы оқуын аяқтап, оның өткен жылы 271-і жұмыспен қамтылды.

Бағдарламаның екінші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша:

2017 жылы барлығы 50 адамға 149,5 млн теңге шағын несие беріліп, нәтижесінде қосымша 50 жаңа жұмыс орындары ашылды.



Бағдарламаның үшінші бағыты «Еңбек нарығын дамыту» бойынша,

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы 120 жұмыссыз адамды жұмыспен қамту жоспарланған, өткен жылдың есепті кезеңінде 224 жұмыссыз азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып, жұмысқа орналасты. Жоспар 186,7 пайызға артығымен орындалды.

Жастар практикасын ұйымдастыру бойынша 148 жас маман жұмыспен қамтылды. Жоспар 123,3 пайызға орындалды.

2017 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарға 200 жұмыссыз азаматты жұмыспен қамту жоспарланса, өткен жылы 272 азамат ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен қамтылды. Жоспар 136 пайызға орындалды.



Қоғамдық қауіпсіздік және саяси ахуал

Қалада қоғамдық саяси ахуал тұрақты.

Есепті кезеңнің қорытындысымен қала көлемінде барлық бағыт бойынша 462 құқық бұзушылық қылмыстар тіркелген.

Өткен жылмен салыстырғанда 64 құқық бұзушылық қылмысқа немесе 12,2 пайызға төмендеген. Барлық қылмыстың ашылуы 55,2 пайызды құрады.

Қылмыстың алдын алу бойынша криминогендік аумақтар қатаң бақылауға алынып, жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде.

Арыс қаласы әкімінің жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде комиссия құрылып, жұмыс жоспарына сәйкес 4 рет мәжіліс өткізілген.

Сонымен бірге, апта сайын сыбайлас жемқорлық қылмыстарының және тәуекелдерінің алдын алу мақсатында бекітілген кестеге сәйкес, жүйелі түрде құқықтық оқулар жүргізілуде.

2016 жылдың қорытындысы бойынша қала тұрғындары алдында өткен есепті кездесулерде 35 ұсыныс пікірлер түсіп, оларды іске асырудың іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Қала тұрғындарының талап-тілектері өткен 2017 жылы басты назарда болып, олардың 25 орындалды.



Қалғандары тұрақты бақылауға алынған, кезең-кезеңімен орындалатын болады.


жүктеу 207,86 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау