БАҒЫТ: Экология және жер ресурсы
Экология
Қазақстан Республикасының аумағы шегінде табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер етуге байланысты шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыру кезiнде қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтiру және сақтау, табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтыру саласындағы қатынастар «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексімен» реттеледі. Экологиялық заңнамасының негiзгi принциптерi экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал келтiрудi болдырмау жөнiнде алдын алу шараларын жасау, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеушi технологияларды қолдану, жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптiлiгi презумпциясы және оны жүзеге асыру туралы шешiмдер қабылдаған кезде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерiн бағалау мiндеттiлiгi болып табылады. Қазақстан Республикасының қалаларындағы ауа бассейнін бақылау қалаларда ластану деңгейінің өте жоғары екенін көрсетіп отыр. Орташа алғанда қалалардағы шаңның, аммиактың, фенолдың, фторлық сутегінің, формальдегидтің, қорғасынның, азот диоксидінің және күкірттің жиынтығы шекті нормадан әлде қайда артық болып тұр.
Атмосфераның ауасын ластайтын негізгі антропогендік көздер қатарына өнеркәсіп орындарының кейбір салалары, автокөлік, және жылу энергетикасы жатады. Шымкент қаласының өнеркәсібінде мұнай, құрылыс, тоқыма, химия, өзге минералдық заттар, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру, машина жасау, металл өнімдерін өндіру және энергетика саласы қарқынды дамуда. Бұл өз кезегінде қаланың ауасының бұзылуына алып келеді.
Атмосфераға ластайтын заттар шығаратын көздер
|
Ластағыш заттардың шығарындылары бар кәсіпорын-дардың саны
|
Ластағыш заттар шығарындылары көздерінің саны
|
Барлық тұрақты ластайтын
көздерден шығатын ластаушы заттардың мөлшері, тонна
|
Барлығы
|
олардан
|
Ұйымдастырылған
|
тазалау ғимараттарымен
жабдықталған
|
Алматы қ
|
2 060
|
14 702
|
10 970
|
721
|
945 557,0
|
Шымкент қ.
|
565
|
5 837
|
3 382
|
540
|
144 152,4
|
Астана қ
|
641
|
6 496
|
4 120
|
441
|
1 233 500,0
|
Қарағанды қ.
|
480
|
3 406
|
1 813
|
276
|
1 449 361,0
|
Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің мәліметі
Кестеде көрсетілгендей, басқа қалалармен салыстырғанда барлық көздерден шығатын ластаушы заттардың жалпы мөлшері Шымкент қаласында ең төмеңгі болып келеді.
Шымкент қаласында ластайтын көздерден шығатын ластаушы заттардың 71,0 пайызы ғана (ең төмен) тазартылып, атмосфераға 40 957 тонна ластайтын заттар шығарылған. Оның ішінде газ тәрізді және сұйық заттардың шығарындылары 39 915,2 тоннаны құраса (97,4%), қатты заттар 1 768,0 тоннаны (4,3%) құрады. Газ тәрізді және сұйық заттардың шығарындылары ұшпалы органикалық қосылыстар 15 760,6 тоннаны (39,4%), көміртек тотығы 4 567,2 тоннаны (11,4%) және азот тотықтары 3 753,5 тонаны (9,4%) құрады.
Шымкент қаласындағы атмосфераны ластайтын заттардың шығарындыларының динамикасы
Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің мәліметі
Шымкент қаласы бойынша атмосфераға шығарылған барлық ластайтын заттар көлемі 2012 жылға дейін жыл сайын орта есеппен 10,7 пайызға өскен.
2013 жылдан бері ластауыш көлемі азайған, бұған бірден-бір себеп қаланың экологиялық жағдайына, халықтың денсаулығына кері әсерін тигізетін «Южполиметалл» зауытының жұмысы 2012 жылы тоқтатылды.
Алайда, қалада индустриалды аймақтағы кәсіпорындар саны жыл сайын артуда, 2014 жылы қала шекарасының ұлғаюымен байланысты қала аумағына цемент, мақта және мата өндірісін шығаратын Сайрам ауданынан ірі кәсіпорындар енді, олар «Стандарт цемент» ЖШС, «Хлопкопром целлюлоза ЖШС, «Окси текстиль» ЖШС өткен яғни, одан бөлек 2015 жылы «Стандарт цемент» қала ауасының ластану мөлшері өсуі ықтимал. Осы ретте қала кәсіпорындарын тазалау ғимараттарымен жабдықталуын қадағалау қажет.
Атмосфераға зиянды заттарды шығаруда автокөліктер үлкен орын алады. Қоршаған ортаға тасталатын зиянды заттардың 60 пайызы осы көліктерден келеді. Шымкент қаласындағы тіркелген көлік саны орта есеппен жыл сайын 25 пайызға артуда, одан бөлек қалаға күн сайын басқа аудандар мен қалалардан көлік келіп-кетуде. Бұл мәселе барлық ірі қалаларда орын алған, осыған байланысты бүгінгі таңда елімізде тасымалданатын көліктерге халықаралық Еуро стандарттарын енгізу мәселесіне көп көңіл бөлінуде.
Жаңадан тұрмыстық қоқыс полигонын және қоқыс өңдейтін зауыт құрылысын жүргізу үшін қаланың оңтүстік-батыс бөлігінен 34,0 га жер бөлініп, қоқыс өңдеу зауытының құрылысы жеке инвестор «Технология-21» ЖШС есебінен жүргізіліп, ал полигонға қажетті инженерлік жүйелердің құрылыстары бюджет есебінен жүргізіліп, зауыт 2014 жылы іске қосылды.
Негізгі мәселелер:
өндірістік кәсіпорындардың қаланың тұрғын аймағында санитарлық аймақтарды сақталуысыз жақын орналасуы, бұл қаланың экологиялық тұрақтылығына зиян тигізеді;
өнеркәсіп кәсіпорындарынан қалған зиянды қалдықтарды жою технологиясының жоқтығы;
қалада көлік саны ұдайы өсіп, қоршаға ортаға зиянды заттар көлемінің артуы;
жылжымалы көздерден шағытан (автокөліктер) зиянды заттардың статистикалық есептіліктің жоқтығы;
қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесінің жетілмеуі;
қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауыт құрылысының ұзақ мерзімге созылуы;
қоқыс жинау техникаларының жетіспеушілігінен, қала аумақтарында стихиялық күл-қоқыстың жиналуы;
Южполиметалл зауытының аумағындағы топырақ жамылғысының ластану және металлургиялық қалдықтың тазаланбауы.
Жер ресурстары
Шымкент қаласының Бас жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 3-ші қыркүйегіндегі №1134 қаулысымен бекітілген. Қаланың шекарасы 2013 жылдың 24-ші желтоқсанында облыс әкімдігімен мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешімдерімен 40,0 мың га-дан 116,3 мың га-ға дейін ұлғайтылған.
Атауы
|
қала шекарасы өзгергенге дейін, га
|
өзгергеннен кейін, га
|
Ауытқу, +;-
|
Барлық жер қоры, о.і.
|
40 080,0
|
116 280,0
|
76 200,0
|
Елді мекен жерлері
|
20 255,0
|
38 244,0
|
17 989,0
|
Өнеркәсіпктік, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауылшаруашылық емес саланың жерлері
|
3 392,0
|
6 247,0
|
2 855,0
|
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың жерлері
|
191,0
|
171,0
|
-20,0
|
Орман қорының жерлері
|
439,0
|
4 340,0
|
3 901,0
|
Су ресурстарының жерлері
|
621,0
|
1 520,0
|
899,0
|
Босалқы жерлер
|
851,0
|
3 539,0
|
2 688,0
|
Ауылшаруашылық жерлері
|
14 331,0
|
62 219,0
|
47 888,0
|
Дерек көзі: ЖАО мәліметі
Қаланың жер балансына талдау көрсеткендей барлық жер қоры 76,2 мың га ұлғайған. Оның ішінде басым бөлігі елді мекен жерлері 17,9 мың га, ауылшаруашылық жерлері 47,9 мың га.
Дерек көзі: ЖАО мәліметі
Нәтижесінде қаланың барлық жер қорының 54,0 пайызын ауылшаруашылық, 33,0 пайызын елді мекен жерлері, қалған 13,0 пайызын басқа да жерлер құрайды. Алайда, 62,2 га ауылшаруашылық жерлерінің 1652 га 8 сотыққа бөлініп, оның 30,0 пайыздан астамына тұрғын үйлер салынып кеткен.
Қала аумағында 4-ші «Қаратау» ауданның құрылуына байланысты, аудандардың әкімшілік аумақтық шекаралары қайта өзгертілген. Абай ауданының аумағы – 49 704 га, Әл Фараби – 14 380 га, Еңбекші – 20 660 га және Қаратау ауданы – 32 256 га құрап, қала әкімдігінің 7.10.2014 жылғы №2143 қаулысы мен қалалық мәслихаттың 7.10.2014 жылғы № 41/283-5с бірлескен шешімімен аудандардың шекаралары бекітілді.
Қала шекарасының өсуіне байланысты жеке тұрғын үй құрылысы үшін жердің кезегіндегілер саны күрт өскен. Қазіргі таңда 87,0 мың адамнан асқан.
Негізгі мәселелер:
Бүгінгі таңда қала әкімдігінің жер кезегінде 87,0 мың азамат тіркелген. Бас жоспарға сәйкес қала аумағына қосылған елді мекендерде 11,0 мыңнан астам азаматтар жер телімі кезегінде тұр;
Бас жоспарда жеке тұрғын үй құрылысы жоспарланған жерлер бүгінгі таңда бос емес;
Жасыл желек аумағын құру және ұлғайту;
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді мақсатты пайдалану (сегментация);
Мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жер телімдерін алу (қызыл сызық, ерекше қорғау аймақтары).
SWOT-талдау:
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
А)
1.Қалада Индустриялық және Арнайы экономикалық аймақтардың бар болуы;
2. Айтарлықтай дамыған өнеркәсіп, экспортқа бағытталған өндірістердің бар болуы (тоқыма, металлургиялық, фармацевтикалық және мұнай өндеу өнеркәсіптері);
3. Жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің дамыту, құрылыс заттарын өндіру үшін жергілікті шикізаттың бар болуы;
4. Тамақ, тоқыма және құрылыс индустрия кластерлерін құру үшін қажетті жағдайлардың болуы;
5. Инженерлік-техникалық және басқарушы кадрларды даярлауды қалыптасқан жүйесі, ғылыми потенциалы;
6. Айтарлықтай дамыған шағын және орта бизнес салалары;
7.Қалада кәсіпкерлікті қолдау орталығы және басқа да шағын және орта бизнесті қолдау бағытында қаржы институттарының болуы;
8. Инновациялық инфрақұрылым объектілерінің болуы;
9. Қаланың қолайлы жағрафиялық орын алуы – Еуропадан Оңтүстік -Шығыс Азияға, алыстағы және жақындағы шығыс елдеріне бағытталған көлік жолдарының қиылысы;
10. Халық санының табиғи өсімі мен ішкі көші-қон лектері нәтижесіндегі тұрақты өсуі;
11. Қала құрылысының қарқынды жүруі, жаңа Әкімшілік іскерлік орталығының салынуы.
B)
1. Қаладағы магистраль құрылыстары, сонымен бірге қалалық газ құбырларының болуы;
2. Минималды күрделі салымдарды және тұтыну шығындарын қамтамасыз ететін тұтынушылардың орталықтандырылмаған жылумен қамту желісі, жылу көздері мен сыртқы желілер болуына тәуелсіз тұрғын үй қорын қолданысқа енгізу бойынша жылу жүктемесін өтеу мүмкіндігі, жылу генератор құрылғылары орындалуының оңайлығы;
3. Шымкент қаласы аумағында орналасқан медициналық және фармацевтикалық мамандықтарды дайындау саласында қызмет ететін жоғары және арнайы –орта білім беру мекемелері
С)
1. Қала тұрғындарының жоғары тығыздылығы;
2. Сумен қамтамасыз ету қызметтерін тұтынушылар – абоненттерді жеке есептеу аспаптарымен 98 - 100% қамтуы;
3. Қала агломерациялық аймағының қалыптасуы;
4. Бас жоспарға сәйкес қала шекарасының 41,0 мың га-дан 116,3 мың га-ға дейін ұлғаюы;
5.Жаңа жерлерді игеруге жеке инвесторлар тарапынан қызығушылықтың болуы.
|
А)
1. ШКК іскери белсенділігінің төмен деңгейі;
2. Кредит ресурстарының төмен қол жетімділігі, тұрғын-үй нарығы мен қаржылық нарықтың тұрақсыздығы;
3. Негізгі қорлардың тозуы, кәсіпорындардың оларды жаңартуы үшін өзіндік қаражатының болмауы;
4. Өндірістің жоғары энергиялық сыйымдылығы – энергия ресурстарының жетіспеушілігі;
5. Ескірген технологиялар мен шығарылып отырған өнімнің нашар бәсекеге қабілеттілігі, оны сату қиындығы;
6. Қаланың экологиясына жоғары антропогендік ауыртпалықтар;
7. Қала тұрғындары санының өсуі экономикалық даму қарқынынан асып кетті, бұл қала тұрғындарының өмір деңгейінің Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштермен салыстырғанда төмендігі;
8. Инженерлік инфрақұрылым желілерінің тозуы;
9. Объектілердің (ластану көздері) тазалау құрылғыларымен қамтамасыз етілуінің төмен деңгейі;
10. Халықтың әлеуметтік маңызы бар аурулардың жоғары деңгейі;
11.Жалпы тұрғын үй қорында жеке сектордың үлесі басым 95 пайызды құрайды, шет аймақтар инженерлік жүйелермен қамтылмаған;
12.Бас жоспарға сәйкес қаланың даму параметрлеріне қазіргі жағдайдың сәйкес келмеуі;
13.Ауылшаруашылық жерлері мақсатысыз игеріліп, жеке тұрғын үйлердің саланып кетуі;
14. Қала аумағының орталықтандырылған кәріз жүйесімен небәрі 45,0 пайызға қамтылуы, қалдық суларды тазалау имараты қуатының қаланың қажеттілігін қамтамасыз ете алмауы;
15. Қалаға қосылған аумақтар ауыл типтес болуына байланысты қаланың сәулеттік көркінің нашарлауы.
B)
1. Ауылшаруашылығының материалдық-техникалық қорының төмен деңгейі;
2. Халықты әлеуметтік инфрақұрылым объектілерімен нашар қамтуы;
3. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін іске асыру тиімділігінің төмен деңгейі;
4. Үнемі қозғалыстағы магистралдардың, автомобиль көлігі үшін жасанды жол құрылымдарының жетіспеушілігі;
5. Денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық техникасы мен медициналық бағыттағы заттармен қамтамасыз етілуінің төмен көрсеткіштері;
6. Қала тұрғындарының өсуі барысында денсаулық сақтау ұйымдарының жетіспеушілігі.
С)
1. Экономикалық белсенді халық арасында өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар үлесінің басым болуы;
2.Басқа ірі қалалармен салыстырғанда халытың орташа айлық табыстарының төмен болуы;
Техникалық мамандық мамандарының жетіспеушілігі;
3. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің материалдық техникалық қамтамасыз етілуінің төмен деңгейі;
4. Қала шекарасына енген жеке шағын аудандары мен елді мекендерінде суқұбырлары желісінің жоқтығы.
|
Мүмкіндіктер
|
Тәуекелдер
|
А)
1. Елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыру бойынша басқарушылық іс-шараларды іске асыру және мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық мазмұнды арттыру;
негізгі капиталға инвестицияларды бюджеттік қолдау;
2. Қала кәсіпорындарының өніміне өңірлік және әлемдік нарықтардағы сұраныс болуы;
3. Көші-қон жоғары деңгейі есебінен 2020 жылға қарай бір миллион адамға дейін артуы;
4. Шымкент қаласы арқылы өтетін халықаралық көлік дәліз құрылысы бойынша жобалар есебінен қаланың көлік-коммуникациялық дамуы, соның ішінде «Кытай-Еуропа» трансконти-ненталды темір жолы, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәліз, «Оңтүстік-Солтүстік» автомобиль жолы;
5. Денсаулық сақтауды қаржыландыруын арттыру жолымен халық денсаулығын жақсарту бойынша іс-шараларды арттыру мен халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыруына бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру арқылы халық арасындағы аурулар деңгейінің төмендеуі.
B)
1. Ауыл тауар өндірушілерін қамту, өндеу қызметін жүзеге асыруда қолдау көрсету;
2. Қаланың энергетикалық тәуелділігін ЖЭО-3 қуаттарын кеңейту есебінен жою;
Ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мүмкіндігі;
3. Медициналық қызмет көрсету сапасын денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық қорын жақсарту есебінен арттыру;
4. Медицина саласындағы жұмыскерлерді Шымкент қаласының жоғары және арнайы орта білім беру мекемелерінің базасында дайындау.
C)
1. Қаланың жоғары білікті кадрлық резервін білім беру қызметтерін, еңбек нарығында қажет кадрларды дайындау нарығын тәртіпке келтіру шатында білім берудің қолданыстағы қалалық инфрақұрылымы есебінен қалыптастыру;
3. Халықты қалаға алгомерациялық үдерістер есебінен тарту.
|
А)
1. Әлемдік қаржы дағдарыстың жалғасуы;
2. Кредиттер бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемелер, ипотекалық кредит беру көлемдерінің қысқартылуы;
3. Халықтың төлемге қабілеттілігінің төмендеуі;
4. Экономикалық дамудың алдын алатын қала тұрғындары өсуінің жоғары қарқынын есепке ала отыра халықтың өмір деңгейінің төмендеуі;
5. Қылмыстың артуы және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс және өзіне – өзі қол жұмсау фактілерінің болуы.
6. Экологиялық және эпидемиялық жағдайдың нашарлауын есепке алумен халықтың сырқаттану деңгейінің болашақтағы өсуі.
В)
1. Әуежай мен теміржол қызметтері халықаралық стандарттарға сай келмеуі;
2. Өткізіліп отырған жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының жетіспеушілігі немесе олардың төмен сапасын есепке алумен қаланың көлік және инженерлік инфрақұрылымның болашақтағы тозуы;
3. Жемқорлық тәуекелдер мен бюрократиялық іркіліс;
4. Экономикалық дамудан бұрын келе жатқан қала халқының өсу қарқынын есепке алғанда халықтың өмір деңгейінің бұдан әрі төмендеуі.
С)
1. Қаланың түрлі секторлары үшін кадрларды дайындауда білім беру қызметтері нарығының тәртіпке келтірілмегені, жұмыс беруші мен кәсіби білім беру жүйесі арасында әлеуметтік серіктестігінің жоқтығы салдарынан сәйкессіздіктің нығайтылуы;
2. Қойылған стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің оларды әзірлеу және бюджетті әзірлеу үдерістері арасындағы өзара қарым-қатынастың жоқтығы салдарынан орындалмауы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |