Бағдарламасы шымкент 2018 жыл мазмұНЫ


Шымкент қаласындағы өнеркәсіп өнім көлемінің құрылымына талдау, млн.теңге



жүктеу 2,84 Mb.
бет3/10
Дата25.01.2020
өлшемі2,84 Mb.
#27279
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Шымкент қаласындағы өнеркәсіп өнім көлемінің құрылымына талдау, млн.теңге

Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаменті

Шымкент қаласының өнеркәсібінде әсіресе, өңдеу өнеркәсібі дамыған (өнеркәсіп өнімі көлемінен үлесі 84,6%), сондай-ақ электрмен жабдықтау, газ, бу беру ( 12,5%), сумен жабдықтау және кәріз жүйесі (2,5%), кен өндірісі (0,3%).


Өңдеу өнеркәсібі өнім көлемінің құрылымына талдау, үлесі %

Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаменті
2011-2016 жылдары Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының шеңберінде іске қосылған кәсіпорындардың басым бөлігі құрылыс материалдарын шығаруға бағытталған.
«ҚР Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасының шеңберінде өнеркәсіп салаларында ашылған кәсіпорындар саны, бірлік




Сала

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015ж.

2016ж.

1

Құрылыс

2

5

6

6

10

3

2

2

Ауыл шаруашылығы




4




2

2







3

Энергетика













1







4

Машина жасау













1




2

5

Темір-бетон бұйымдары






















6

Фармацевтика







1

3







1

7

Тоқыма және тігін

2




1

1

8

3

1

8

Металлургия










1

1

1




9

Нефтехимия

1

1













1

10

Тамақ







3

2

1

1

1

11

Басқалар







2

4

2







Барлығы

5

10

13

19

26

8

8

Дерек көзі: ЖАО мәліметі бойынша
Кестеде көрсетілгендей, Бағдарлама шеңберінде жаңадан ашылған 89 кәсіпорынның ішінде 34-і немесе 38,2% құрылыс саласында, 16-ы (17,9%) тоқыма және тігін саласында, 8-і (8,9%) ауыл шаруашылығы, 8-і (8,9%) тамақ өнеркәсібі саласында.
Негізгі мәселелер:

  • кәсіпорындардың негізгі қорды жаңарту үшін өзіндік қаражаттың жетіспеушілігі;

  • шикізат жетіспеушілігі және айналымдағы қаражатты толықтыру мүмкіндігінің жоқтығы;

  • ескірген технологиялар және шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілетінің төмендігі, оны сатудың қиындығы;

  • техникалық кәсіп мамандарының жетіспеушілігі;

  • кәсіпорындардың несие ресурстарына қол жетімдігі төмен;

  • өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік қуатының төмен жүктемесі;

  • коммуналдық қызметтерге тарифтердің жоғары болуы.


Аграрлық-өндірістік кешен

Шымкент қаласында агро-өндірістік кешен өсімдік және мал шаруашылығы, тамақ өнеркәсібімен сипатталады.

Қала аумағы жер көлемінің 54 пайызын немесе 63 мың га ауылшаруашылық жерлері құрайды. Алдағы уақытта қала құрылысының дамуына қарай ауылшарушалық жерлерінің көлемі қысқаруына алып келеді. Осы ретте ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және импорт алмастыру қала экономикасына тиімді болып табылады.
Ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлемі, млн.теңге


Көрсеткіштер атауы

2013 ж

2014 ж

2015 ж

2016 ж

2017 ж

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі, млн. теңге

4 221,7

11 722,4

20 755,8

22 737,0

24 894,6


Мал шаруашылығы

1 412,9 (үлесі 33%)

5 004,0 (үлесі 42%)

9 299,8

(үлесі 44,8%)



11 886,7 (үлесі 52,2%)

14 179,4

(үлесі 56,9%)



Өсімдік шаруашылығы

2 549,7 (үлесі 67%)

6 718,4 (үлесі 58%)

11 456,0

(үлесі


55,2%)

10 194,5 (үлесі 44,8%)

10 343,1

(үлесі 41,5%)



Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің мәліметі
Талдау көрсеткендей, 2014 жылдан бастап қала шекарасының өзгеруіне байланысты, ауылшаруашылық өнім көлемінің құрылымы өзгерді. Қала шекарасына қосылған елді мекендердегі ауылшаруашылық құрылымдары негізінен мал шаруашылығына бағытталған. Осы ретте, айта кету қажет, мал шаруашылығы саласында қалада бірнеше мемлекеттік қолдау механизмдері іске асырылады (Сыбаға, Алтын асық, Құлан бағдарламалары). Бұл өз кезегінде мал шаруашылығы саласын рентабельді жұмыс жасауына және кәсіпкерлерді ынталандыруға ықпалын тигізеді.

Қаланың азық-түлік корзинасына талдау

р/с

Өнім атауы

Тұтыну стандарты 1 адамға кг/жыл

Жылдық тұтыну стандарты 896,1 мың адам, жылына тн

2016 жылы өндірілген өнім, тонна, центнер

Қамтылу деңгейі, %-бен

1

Ұн 1 с.

87,6

78 498,4

535 555,0

682,2

2

Піскен нан

70,7

63 354,3

32 502,0

51,3

 

Ет (жылқы, сиыр, қой)

33,5

30 019,4

8 538,5

28,4

7

Құс еті

5,0

4 480,5

27,0

0,6

8

Сүт

84,5

75 720,5

46 972,3

62,0

10

Сүзбе

7,2

4 390,9

895,0

13,8

11

Сыр

2 061,0

12

Сары май

4,4

3 942,8

105,0

2,7

13

Жұмыртқа (млн. дана)

142,0

127 246,2

145 939,4

114,7

14

Өсімдік майы

7,0

6 272,7

21 965,0

350,2

15

Макарон өнімдері

4,4

3 942,8

33 407,0

847,3

16

Қант

18,0

16 129,8

189,0

1,2

17

Пияз

20,0

17 922,0

30 970,5

172,8

18

Қызылша

15,0

13 441,5

8 746,0

65,0

19

Сәбіз

20,0

17 922,0

31 234,9

174,3

20

Қырыққабат

25,0

22 402,5

28 046,9

125,2

21

Қызанақ

20,0

17 922,0

129 778,8

724,1

22

Қияр

20,0

17 922,0

80 337,8

448,3

23

Картоп

95,0

85 129,5

81 865,9

96,2

Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің мәліметі


Азық-түлік себетіне енген өнім түрлеріне талдау көрсеткендей қала халқы ішкі импорттан сүзбе, картоп, ет, қызылша, алма, пияз, қырыққабат, күріш, балық, қант, сары май, жармалардың түрлері қамтамасыз етіледі.

Ал, сыртқы импорттан сгущенка, консервілер, сүт өнімдері, кептірілген жеміс және киім-кешекпен қамтылады.


Тамақ өнеркәсіп өнім көлеміне талдау, млн.теңге


Көрсеткіштер атауы

Өлш.бірл.

2014 ж

2015 ж

2016 ж

2017ж

Тамақ өндірісінің көлемі

млн.тг

59 577,3

60 006,8

77 489,4

81 398,0

Тамақ өндірісі өнім көлемінің алдынғы жылдарға қарағандағы нақты көлем индексі

%

100

95,7

108,7

112,5

Тамақ өндрісінің өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі

%

24,7

25

23




Шымкент қаласы тамақ өндірісіні ң елдің тамақ өндрісіндегі үлесі

%

5,4

5,3

6,9



5,5

Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің мәліметі
Бұл салада Шымкентте 42 өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс жасайды. Оның ішінде:

  • өсімдік майын 2 ірі кәсіпорын өндіреді, онда 800 адам жұмыспен қамтылған. Өндірістік қуаты жылына 37,0 мың тонна. Қазіргі таңда, бұл кәсіпорындардың қуаттылығы 86,3 пайызға жүктелген («Шымкент май» АҚ, «Қайнар май» ЖШС). Халықтың тұтыну нормасы бойынша 5,8 мың тонна өсімдік майы қажет болса, нақты өндірілгені 22,9 мың тонна.

  • сүт өндірісімен 1 кәсіпорын жұмыс жасайды, онда 33 адам жұмыспен қамтылған («Шымкент сүт» ЖШС). Өндірістік қуаты жылына
    273 тонна сүт өнімдерін өндіреді, қазіргі таңда 655,0 мың адамға 114,3 мың тонна сүт, сүзбе, сыр, қаймақ өнімдері қажет болса, нақты өндірілгені
    1,7 мың тонна. Яғни, тұтыну нормасы бойынша қала халқына қажеттілік – 112,6 мың тонна.

  • ұн өндіретін 5 кәсіпорын жұмыс жасайды, бұл кәсіпорындарда 600 адам жұмыспен қамтылған («Алтын дән», «Дани нан», «Миллер», «Энергетик», «Ынтымак-777» ЖШС), қазіргі таңда тұтыну нормасы бойынша 57,4 мың тонна ұн өнімдері қажет болса, нақты өндірілгені 467,6 мың тонна.

  • макарон өндіру өндірісімен 1 ірі кәсіпорын, шағын және қосалқы кәсіпорындар жұмыс жасайды, онда 208 адам жұмыспен қамтылған. «Корона» макарон фабрикасы» ЖШС өндірістік қуаты жылына 18,0 мың тонна макарон өнімдерін өндіреді, кәсіпорын қуаттылығы 81 пайызға жүктелген. Қазіргі таңда тұтыну нормасы бойынша 2,9 мың тонна макарон өнімдері қажет болса, нақты өндірілгені 29,8 мың тонна.

  • минералды сусындар өндірісімен («Визит», «Рауан», «Кит Ко», «Халық су» ЖШС) 4 кәсіпорын жұмыс жасайды, 280 адам жұмыспен қамтылған. Өндірістік қуаты жылына 28,1 млн. литр минералды және тазартылған су өндіреді, кәсіпорын қуаттылығы 40 пайызға жүктелген. Ішкі нарықта бәсекенің жоғары болуына байланысты ішкі нарықта толық қуатына өткізу мүмкіндігі жоқ.

Оңтүстік өңірі ауылшаруашылық жағынан алғанда ауа-райы және географиялық орналасу жағынан басқа өңірлерге қарағанда ұтымды жерде орналасқан. Осыған қарамастан облыстық деңгейде ауылшаруашылық өнімдерін толық циклда қайта өңдеу өндірістері аз. Осы ретте қалаға қажетті ауылшаруашылық өнімдері сұраныс көлеміне қарай жеткізіліп, қалған бөлігі шикі күйінде басқа өңірлерге тасымалданады. Ал, қалада ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін өндіріс орындары аз, сақтау қоймалараның қуаты, транспорт және логистикалық қызмет көрсету орындары жетіспейді.
Негізгі мәселелер:

  • Азық-түлікпен қамтамасыз ету тұрақты емес болғандықтан импорт көлемінің өсуіне және отандық өнімнің стандарт сапасына тура келмейді;

  • Ішкі нарықта импорт өнімдерінің үлесі басым және қайта өңдеу кәсіпорындары экспортқа өнім шығаруға бағытталмаған;

  • Қала аумағындағы мал бордақылау, сою алаңдары санитарлық нормаларға сай емес;

  • Қала аумағында үй жануарлары және мал ұстау қағидаларының болмауы;

  • Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің бөлініске түсіп, басқа мақсаттарға беріліп кетуі;

  • Ауылшаруашылық құрылымдарының рентабельдігі төмен болғандықтан, ауылшаруашылық саласындағы инвестиция тартымдылығы төмен;

  • Шымкент қаласында транспорттық-логистикалық сақтау және тасымалдау қоймасы жетіспейді.



Шағын және орта бизнес

Қала экономикасының жетекші салаларының бірі – шағын және орта бизнес. Қазіргі таңда, экономикалық белсенді халық санының 30 пайыз үлесі кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылған.




Көрсеткіштер атауы

2014 ж

2015 ж

2016 ж

2017 ж

Кәсіпкерлік субъектілерінің саны, бірлік

84 774

73 778

74 813

75 768

оның ішінде белсенді жұмыс жасайтындардың үлесі, %

44,9

75,1

70,1

71,8

Жұмыспен қамтылғандар саны, мың адам

120,1

120,0

136,7




Өндірілген өнім және қызмет көлемі, млн.тг

257 676,8

315 057,0

297 760,0

300 122,9

Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің мәліметі
Кестеде ұсынылғандай 2016 жылдан бастап кәсіпкерлік субъектілерінің ішінде белсенділер үлесінің төмендеуі орын алған. Себебі қаланың салық салу базасына түгендеу жасалып, Кіріс басқармасы (салық) тарапынан 3 жылдан астам есеп бермеген жеке кәсіпкерлер салық салу базасынан алынып тасталған. Яғни, бұған дейін кәсіпкерлік субъектілерінің белсенділігі шынайы көрсетілмеген. Дегенмен басқа көрсеткіштерде тұрақты өсім сақталған.
Кәсіпкерлік субъектілер санына салыстырмалы талдау






Тіркелген кәсіпкерлік субъектілер саны

оның белсендісі

Үлесі,%


10 000 адамға шаққанда кәсіпкерлік субъектілер саны

Шығарылған өнім және қызмет көлемі, млн.тг

10 000 адамға шаққанда өнім мен қызмет көлемі млн.тг

Шымкент

75 768

54 422

71,8

795,9

300 122,9

3 152,5

Республика

1 540 592

1 145 994

74,3

849,4

21 147 558,0

11 659,8

Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің мәліметі
Талдау көрсеткендей, Шымкент қаласы бойынша 10,0 мың адамға шаққанда кәсіпкерлер саны республикалық көрсектіштен 6,3 пайызға төмен. Дегенмен, шығарылған өнім мен қызмет көлемі бойынша Шымкент республикалық көрсеткіштен 47,7 пайызға төмен.

Ал, кәсіпкерліктің шынайы белсенділігін келесі көрсеткіштер арқылы бағалаған дұрыс деп есептейміз:


Кәсіпкерлерді дамытуға екінші деңгейлі банктер тарапынан бөлінген несиелер көлемі, млрд.тг

Дерек көзі: ЖАО мәліметі


Жоғарыдағы кестелерде ұсынылғандай соңғы 3 жылда кәсіпкерлер тарапынан өз бизнестерін дамытуға инвестициялық сұраныстары артқан.

Шағын және орта кәсіпкерліктің құрамында қызмет көрсету саласы, яғни сауда, қонақ үй бизнесі, жылжымайтын мүлік, автокөлік және қаржы қызметтері қарқынды дамып келеді.

Қаланың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санында және өндірілген өнім көлемінде жыл сайын өсім бар. Осы салада Шымкентте өндірілген өнімді 10,0 мың адамға шаққанда орташа республиканың деңгейінен төмен. Яғни Шымкент қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлік негізінен қызмет көрсету немесе сауда-саттықа бағытталған.
Негізгі мәселелер:


  • Несие алуға мүліктік кепілдемелердің жеткіліксіздігі;

  • Ұсынылатын коммуналдық қызметтерге тарифтердің жоғары болуы;

  • Ішкі және сыртқы нарықтың тұрақсыздығы;

  • Мемлкеттік органдар тарапынан әкімшілік тосақауылдардың орын алу;

  • Бизнесті көлеңкеден шығарудың ынталандыру тетіктерінің жоқтығы.


Сауда саласы

Шымкент қаласы халықаралық бағыттағы көлік магистралдарының қиылысында орналасқандықтан, ондағы сауда көлемі жыл сайын айтарлықтай өсуде.

Қала аумағында 7,0 мыңнан астам дүкендер, 1,0 мыңға жуық қоғамдық тамақтандыру орындары, 1 178 халыққа қызмет көрсету орындары және 33 базар жұмыс жасайды (сиымдылығы – 7029 орын, 13632 адам сауда жасайды немесе 6603 адам артық). Базарлардың басым бөлігі оңайлатылған салық режимімен жұмыс жасайды. Аталған сауда нысандарында 31,0 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған.

Қаланың сауда айналымы көрсеткіштері тұрақты өсім динамикасын көрсетуде.




Атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

Шымкент қаласындағы бөлшек сауда көлемі, млрд.тг

254 382,1

248 462,5

299 514,6

329 117,7

Алдыңғы жылға нақты көлем индексі, %

121,4

91

100,9

106

Республика көлеміндегі үлес салмағы, %

4

3,9

3,7

3,7

Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің мәліметі
Соңғы 5 жылдың ішінде «Метро», «Санжар», «Фиркан СИТИ», «Магнум», «Шахан-2», «Рахима-Плаза» сияқты ірі сауда орталықтары ашылды. Оның ішінде «Метро», «Магнум» сауда орталықтары халықаралық сауда жүйесі бойынша жұмыс жасайды.

Аталған сауда орталықтарының ашылуы, сауда-саттықтық сапасының және фискалды саясаттың жақсаруына алып келеді. Осы ретте қала аумағындағы базарларды заң нормаларына сәйкестендіріп, алдағы уақытта қайта құрылымдауды және ретсіз сауданы жоюды қажет етеді.


Қала базарлары жөнінде талдау





Саны

Кіріс (салық) басқармасының мәліметі бойынша

Ауытқу (+;-)

Кәсіпкерлік бөлімінің мәліметі бойынша

Ауытқу (+;-)

Сыйымдылығы, орын

Сауда жасайтындар саны

Сауда жасайтындар саны

Базарлар

33

23 959

  1. 518

-13 441

13 632

+3 114

Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің мәліметі
Қала базарларына талдау көрсеткендей сиымдылығы 23 959 орын болса, сауда жасайтындар саны 10,5-13,6 мың адам арасында. Осы ретте кіріс органдарымен қалалық кәсіпкерлік бөлімі арасындағы мәліметті қайта нақтылауды қажет етеді. Немесе 3,0 мыңнан астам адам салық салудан тыс қалған деп тұжырым жасауға болады.

Базарлардың сиымдылығы 23 959 орын болса, оның 44,3 пайызы немесе 10 636 сауда қатарлар, қалғандары бутик немесе контейнерлер. Яғни, базарларда сауда жасайтындардың 44,0 пайызынан астамына қолайлы жағдай жасалмаған деген сөз.


Негізгі мәселелер:

  • ішкі сауда орындарындағы инфрақұрылым деңгейінің төмендігі;

  • инфляциялық процесстердің тұтынушылық тауарларына әсері;

  • қызмет көрсету мәдениетінің төмендігі;

  • қала базарлары құрылыс нормаларына сәйкес еместігі;

  • ретсіз сауда орындарының болуы.


Туризм

Шымкент қаласында 97 туристік ұйымдар мен туристік агенттіктер қызмет көрсетеді, оның ішінде 10 туроператорлық, 87 турагенттік. Маршруттар мәдени-тарихи, ойын-сауықтық және оқиғалы туризмін қамтиды. Сонымен қатар, көшірлес Өзбекстан өңірлерін қамтитын туристік маршруттар бар.

Қаламызда туризм саласын ары қарай дамытудың әлеуеті жоғары. Күннен күнге түрлі санаттағы қонақ үйлер, демалыс орындары, саябақтар, ойын-сауық орталықтарының саны артуда. Қонақ үйлер санының өсуімен қатар, өзара бәсекелестік арқылы қонақ үйлер сервисі жақсарғаны байқалады.

Соңғы жылдары қаламызда тарихи-танымдық және іскерлік туризмі басым болып келеді. Соңғы жылдары, экскурсиялық-экологиялық және ойын-сауық бағыттарында өсім байқалады.



Қонақ үйлер жұмысының негізгі көрсеткіштері

(2015-2017 жылдар)



Қалалар

Қонақ үйлер саны, бірлік

Көрсетілген қызмет адам

Соның ішінде резидент еместер, адам

Резидент еместердің үлесі,%

Шымкент

2015 жыл

51

75 158

8 591

11,4

2016 жыл

71

104 105

10 391

9,9

2017 жыл

100

137 980

16 904

12,2

Астана

2015 жыл

160

722 832

164 777

22,7

2016 жыл

194

732 764

205 188

28,0

2017 жыл

218

989 205

294 157

29,7

Алматы

2015 жыл

135

721 729

301 394

41,7

2016 жыл

160

751 802

307 987

40,9

2017 жыл

184

969 861

353 626

36,4

Дерек көзі: Шымкент қаласының статистика департаментінің мәліметі
Талдау көрсеткендей, қонақ үйлерде көрсетілген қызмет көлемі Астана және Алматы қалаларымен салыстырғанада бірнеше есе төмен, басқа өңірлермен салыстырғанда жоғары. Сонымен қатар, қонақ үйлердің резидент еместерге қызмет көрсету бағыты бойынша артта қалушылық бар.
Негізгі мәселелер:


  • Шымкент қаласында туристік тартымды инфрақұрылымдық нысанның жоқтығы;

  • Сырттан келушілерді тартатын арнайы ірі іс-шаралардың жоқтығы.

  • Туристік салада қызмет көрсетудің төмендігі. Туристік салада қызмет ететін білікті мамандардың жетіспеушілігі және шетел тілдерін (ағылшын, қытай және т.б) жетік меңгермеуі;

  • Инфрақұрылымның төмен деңгейлігі және заманауи сай еместігі;

  • Жаңа тартымды туристік өнімнің жоқтығы;


Инновация

Инновациялық қызмет – жаңа идеяларды түрлендіруге байланысты қызмет түрі немесе рынокқа енгізілген жетілдірілген өнім; практикалық қызметте пайдаланылған жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс, әлеуметтік қызметтерге жаңа тәсіл. Жиынтығында инновацияға әкелетін ғылыми-техникалық, ұйымдастырушылық, қаржылық және коммерциялық іс-шаралар кешенін болжайды.



Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің мәліметі


2013-2017 жылдарға Шымкент қаласындағы кәсіпорындардың инновациялық қызметіне жүргізілген статистикалық байқауға сәйкес, 2015 жылға дейін инновациялық кәсіпорындар саны артып, 2016 жылы 96-ға дейін азайды. Себебі, инновациялық өнім 3 жылдан кейін инновацияға жатпайды, яғни 108 кәсіпорынның 12-сі 2013 жылдан бері инновациялық өнім шығарды деген сөз.





шағын

орта

ірі

Кәсіпорындар саны, барлығы

одан

инновация саласындағы белсенділік деңгейі

Кәсіпорындар саны, барлығы

одан

инновация саласындағы белсенділік деңгейі

Кәсіпорындар саны, барлығы

одан

инновация саласындағы белсенділік деңгейі

инновация барлары

инновация барлары

инновация барлары

2015

1 210

42

3,5

127

29

22,8

94

37

39,4

2016

1 236

29

2,3

128

26

20,3

97

34

35,1

2017

1 334

60

4,5

135

24

17,8

91

28

30,8

Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің мәліметі
Инновацияның барлық түрлері бойынша (өнімдік, үдерістік, ұйымдық және маркетингтік инновациялар) кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 6,6% құрады. Инновацияның барлық түрі бойынша инновация саласындағы белсенділік деңгейінің ең жоғарғы көрсеткіші ірі кәсіпорындар арасында байқалған – 30,8% (есеп тапсырған 91 ірі кәсіпорын арасынан 28 кәсіпорын инновациялық қызметке ие болды).


Аталуы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Өндірілген инновациялық өнім көлемі, млн.теңге, оның ішінде:

8 444,2

13 307,0

35 540,8

50 930,6

39 689,0

өткізілгені

6 849,6

13 230,0

35 477,2

47 086,4

39 238,6

экспортқа жіберілгені

104,3

204,6

739,1

301,5

1 526,6

Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің мәліметі
2015 жылмен салыстырғанда инновациялық өнімнің көлемі 22,1 пайызға кеміп, 39 689,0 млн. теңгені құрады және одан 39 238,6 млн. теңгенің өнімі өткізілді. Ал, өткізілген инновациялық өнімнің ішінен 1 526,6 млн.теңгенің өнімі экспортқа шығарылып, 2015 жылмен салыстырғанда 5,0 есеге өсті.

Негізгі мәселелер:

  • қала кәсіпорындарының инновациялық технологиялар енгізуге қаржы тапшылығы;

  • білікті кадрлардың жетіспеушілігі;

  • инновация шығындарының жоғары болуы;

  • технологиялар жөніндегі ақпараттың жоқтығы;

  • айналым қаржысының тапшылығы.



Инвестициялық қызмет

2017 жылдың негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың көлемі 206 733,1 млн.теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 62,3 пайызға артты. Арту себебі негізінен «ПетроКазахстанОйлПродактс» ЖШС, «Шымкент цемент» АҚ-ы және «Аква питомник» инвестициялары есебінен өскен. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен инвестиция көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 44,1 пайызға, жергілікті бюджет есебінен 10,1 пайызға, қарыз қаражаттар есебінен 2,8 есеге, банктердің кредиттері есебінен инвестиция 5,8 пайызға артып, меншікті қаражат есебінен инвестиция көлемі 1,2 пайызға кеміген.

Негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың құрамында
2015 жылы негізгі үлесін меншікті қаражаттар – 55,1%, қарыз қаражаттары – 23,8%, жергілікті бюджет қаржылары – 15,9%, құрады.


Атауы

2014 ж., млн.теңге

Үлес салмағы, %

2015 ж., млн.теңге

Үлес салмағы, %

2016 ж., млн.теңге

Үлес салмағы, %

2017 ж.

млн.теңге

Үлес салмағы, %

Республикалық бюджет

9 701,5

5,8

10 191,9

5,1


10 897,4

6,8

15 707,0

7,6

Жергілікті бюджет

44 237,3

26,5

31 985,2

15,9

35 057,1

22,1

38 599,5

18,7

Меншікті қаражаттар

82 2987,2

49,4

111 044,7


55,1


71 288,6

45,1

70 450,5

34,1

Банк кредиттері













19 108,2

12,1

20 222,3

9,8

Қарыз қаражаттары

30 562,5

18,3

48 114,8

23,8

21 758,3

13,7

61 753,7

29,9

Барлығы

166 799,5




201 336,7




158 109,6




206 733,1




Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің мәліметі
Кестеде көрсетілгендей республикалық және жергілікті бюджеттің инвестициялар көлемі тұрақты өсімді көрсетсе, меншікті қаражаттар үлесі құбылмалы болып отыр. Яғни мемлекеттік бюджет есебінен инвестициялар қаланың нақты құрылыс жобалары бойынша қаржыландырылады немесе қаланың жыл сайынғы өсіміне байланысты қаржы бөлінеді. Ал меншікті қаражаттар есебінен инвестиция 55,1 пайыздан 34,1 пайызға төмендеген.
Негізгі мәселелер:

  • Шымкент қаласында жан басына шаққандағы инвестиялар көлемі бойынша Астана, Алматы қалаларынан төмен;

  • Басқа қалалармен салыстырғанда инвестициялардың құрамында меншікті қаражаттар үлесінің төмен болуы;

  • Қаланың дамуы жоғары тұрған бюджеттердің трансферттеріне тәуелді болуы.


Шымкент агломерациясының дамуы

Соңғы 10 жылдың ішінде қаланың әлеуметтік-экономикалық, демографиялық өсімін ескере келе, қала шекарасы 13,0 мың га 40,0 мың  га дейін, одан кейін 2012 жылы 40,0 мың  га-дан 2014 жылы 117,0 мың га дейін ұлғайтылған. Қазіргі қаланың даму жағдайындағы құбылысты әлемдік тәжірибе бойынша қалалық даму процесінен агломерациялық даму процесіне өту кезеңі ретінде бағалауға болады. Бұл, өз кезегінде қаланы аумақтық дамытудың, халықтың өмір сүруі мен тіршілік етуіне қолайлы орта қалыптастырумен қатар, агломерациялық процесстерді тиімді басқару үшін бас жоспарды қайта қарап, өзгерістер енгізуге мәжбүр етті. ҚР Үкіметінің 3.09.2012 жылы №1134 қаулысымен бекітілген Бас жоспарда, Шымкент қаласын жақын маңдағы қалалар мен елді мекендерді қамтитын орталық ретінде дамыту көзделген.

Сонымен қатар, қалаға жақын орналасқан Сайрам, Төлеби, Ордабасы аудандарындағы 145,0 мыңға жуық халқы бар 40 елді мекен қала шекарасына қосылды.

ҚР «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына сәйкес изохрон тәсілі бойыша (1,5 сағат ішінде көлікпен қол жетімділік) агломераця аймағының орталығы ретінде Шымкент қаласы, Сайрам, Төлеби, Ордабасы, Бәйдібек, Түлкібас, Қазығұрт аудандары, Арыс қаласы енгізілген.

Шымкент агломерациясы аумағындағы халық санының үлесі Республика халық санының 8,5 пайызын құрайды (1,6 млн.адам). Халық саны тұрақты өсімді көрсетуде.

Шымкент агломерациясының ауқымын даму коэффициентінің (7,4) жоғары екенін ескере келе, республика бойынша агломерциялық дамудың 1-ші деңгейіне Астана, Алматы қалаларынан кейін Шымкент қаласы енгізілген.


Негізгі мәселелер:

  • қаланың орталығымен шет аймақтарындағы даму үрдісінде тепе-теңдіктің сақталмауы;

  • қаланың инфрақұрылым жүйелеріне жүктеменің өсуі, шет аймақтардың инфрақұрылым жүйелеріне қосылмауы;

  • қаланың шет аймақтарында ретсіз құрылыс жайларының дамуы;

  • қалаішілік және магистралдық жолдардың көлік өткізу қабілетінің төмендігі;

  • санитарлық-экологиялық жағдайдың күрделенуі;

  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жасырын жұмыссыздық деңгейінің жоғаруы болуы.




жүктеу 2,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау