Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 11,77 Mb.
Pdf просмотр
бет57/126
Дата17.02.2020
өлшемі11,77 Mb.
#29267
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   126

126
Мұғалімдер 
қоғамдастығы
кәсіби даму мақсатында көзбе-көз және сырттай өзара әрекеттесу, жеке кездесу, 
хат алмасу, бірлескен іс-шаралар өткізу арқылы ортақ мүдде, мақсаттармен 
байланысқан мектеп, аудан, облыс, аймақ, ел, әлем мұғалімдерінің бірлестігі.
Мұғалімдердің 
желілік 
қоғамдастығы
мұғалімдердің  интернет  желісі  арқылы  кәсіби  қоғамдастыққа  бірігуі,  бұл 
оларға тәжірибе алмасып, өздерінің біліктілік деңгейі мен кәсіби құзыретін 
арттыруға мүмкіндік береді.
Өзара білім алуға 
көмектесетін 
диалогтік оқыту
– мұғалім оқу материалын түсіндіруі, оқушының оны меңгеруі; оқушыларды 
проблемаларды қоюға және оны шешуге қатысуға түрткі болу; олардың білім 
алуларын күшейту мақсатында оқу материалын дайындау және хабарлаушы 
әңгіме өткізудің оқу қағидаттарына негізделген реттеуші ережелері жүйесі. 
Негізгі  функциялары:  репродуктивтік  сұрақтар  мен  арнайы  жасалған 
проблемалық жағдаяттардың көмегімен оқу қызметінің жаңа ұғымдары мен 
тәсілдерін ашу; танымдық қарым-қатынасты жандандыру және оқушылардың 
ойлау және тәжірибелік қызметіне түрткі болу, оларда сөз сөйлей білу және өз 
бетімен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру; оларға ұжыммен ойлау 
қызметінің тәсілдерін үйрету.
Негізгі белгілері: оқу материалы хабарлаушы әңгіме түрінде баяндалады, онда 
негізінен  оқушыларға  белгілі  материал  бойынша  репродуктивтік  сұрақтар 
қолданылады. Мұғалім проблемалық жағдаят тудырып, бірқатар проблемалы 
сұрақтар  қоя  алады,  бірақ  бұл  жағдайда  жаңа  ұғымдар  мен  әрекет  ету 
жолдарының мәнін мұғалім түсіндіреді.
Рефлексия
– (лат. reflexio – өткенге жүгіну) - субъектінің назарын өзіне, атап айтқанда, 
оларды қайта ойлап, қорыту мақсатында өз белсенділігінің өніміне аударуы. 
Философияда рефлексия былай деп түсіндіріледі: 1. Сананың және ойлаудың 
өзіне  жүгіне  алу  қабілеті.  2.  жаңа  білім  алу  мақсатында  білімді  талдау.  3. 
Сана мен жанның күйін өзіндік бақылау. Педагогикада рефлексия сабақтың 
бір кезеңі ретінде қарастырылады. Ол кезде сабақ барысында алынған білім 
сын  тұрғысынан  талданып,  меңгерілген  біліммен  салыстырылып,  өзіндік 
түсінік пайда болады.
Рефлексиялаушы 
практик (мұғалім)
– өзінің оқыту және оқу тәжірибесін дамыту, өзгерту және жетілдіру 
әдістерін мұқият және үнемі ойластырып жүретін педагог.
Рефлексиялық есеп
– теориялық материал туралы қажетті біліммен нығайтылған, тәжірибелік іс-
әрекетін терең талдаумен бірге жүретін мұғалімнің тәжірибелік іс-әрекетінен 
алынған  мысалдар  жазылған  құжат.  рефлексиялық  есеп  өз  тәжірибесіне 
қатысты  мынадай  сұрақтарға  жауап  беруді  көздейді:  Неліктен  осындай 
жағдай орын алды немесе алмады? «Кемшіліктерімді» қалай «жетістікке» 
айналдырамын? Келешекте іс-тәжірибемді қалай жақсартамын?
Сабақты зерттеу 
(Lesson Study) тәсілі
-  мұғалімдер  тәжірибесі  саласындағы  білімді  жетілдіруге  бағытталған 
ынтымақтастық  педагогикалық  тәсіл.  Бұл  тәсіл  ХІХ  ғасырдың  70-ші 
жылдарында жапонияда негізі қаланған.
Сабақты  зерттеуге  жоспарлау,  оқыту,  қадағалау,  оқыту  мен  оқуды  талдау, 
өз  қорытындыларын  тұжырымдап,  құжаттауды  бірлесіп  жүзеге  асыратын 
мұғалімдер  тобы  қатысады.  Сабақты  зерттеудің  циклін  өткізген  соң 
мұғалімдер  педагогикалық  тәсілдерді  түрлендіріп  немесе  жетілдіріп, 
кейіннен  ашық  Сабақты  зерттеу,  таныстырылым  өткізу,  баспада  жариялау 
арқылы  әріптестеріне  таратады.  Қазіргі  кезде  оқыту  әдістемесін  жетілдіру, 
оқушылардың  бастауыш  және  орта  мектептегі  негізгі  пәндер  бойынша 
білім  деңгейін  арттыру,  сондай-ақ  тұжырымды  педагогикалық  тәсілдерді 
жасау  мақсатында  жапониямен  қатар  Сингапур,  Гонконг,  Қытай,  аҚШ, 
Ұлыбритания, Швеция және Канадада ойдағыдай қолданылады.


127
Синхронды емес 
оқыту
–  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  мен  ресурстарды  қолдану 
арқылы  оқыту  мен  оқу  нысаны.  Бұл  үдеріс  барысында  мұғалім/оқытушы 
мен білім алушы арасындағы байланыс уақыт жағынан кешеуілдетіп жүреді. 
Синхронды емес оқыту оқытудың сындарлы теориясына негізделген, ол білім 
алушыларға  өздерінің  білімдік  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін  жеке 
оқу бағытын өз бетінше қалыптастыруға мүмкіндік беруді көздейді. Сонымен 
қатар синхронды емес оқыту білім беру бағдарламасының жекелеген пәндерін, 
сондай-ақ оларды оқу реттерін таңдауда еркіндік береді.
Сындарлылық 
теориясы
– латconstructivus – құрылымына байланысты. Сындарлылық (философия) 
– таным бейне ретінде емес, субъектінің әлемнің интерпретациясын (моделін) 
белсенді құруы ретінде қабылданатын тәсіл.
Өзінің  ой-тұжырымдарын  құру  немесе  іс  жүзіндегі  әрекеттер  арқылы, 
болмаса әлеуметтік өзара іс-қимыл арқылы ұғынылатын түсіністік. Барлық 
жаңа оқулар адам бұған дейін білетіннен басталады, адамның бұдан қандай 
білім алып шығатыны осыған байланысты болады.
Сыни бағамдау
–  әрекет,  үдеріс  не  өнімнің  нәтижелілігін/құндылығын/негізділігін  талдау 
және бұлардың неліктен нәтижелі/құнды/негізді болғанын немесе болмағанын 
түсіндіру қабілеті. 
Сын тұрғысынан 
ойлау
– қадағалау, тәжірибе, ойлану нәтижесінде алынған ақпараттың мағынасын 
тануда,  оны  бағалауда  және  талдауда  аналитикалық  тәсілдің  қолданылуын 
көздейтін  ойлау  түрі.  Бұл  келесі  қабылданатын  әрекеттерге  негіз  болуы 
мүмкін.
Сыныптағы ахуал
– бірқатар аффекттік, әлеуметтік, танымдық факторлардың, олардың ішінде ең 
негізгілері – тұлғааралық қатынастар мен оқушыларды оқу-тәрбие үдерісіне 
тарту негізінде қалыптасатын сыныптағы ахуал.
Талант
–  ең  алдымен  арнайы  қабілеттердің  жоғары  деңгейде  дамуы;  өзінің 
сонылығымен,  жоғары  дәрежеде  жетілдірілуімен  және  қоғамдық  мәнімен 
ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік беретін қабілеттер жиынтығы.
Талантты  адамдарға  қызметтің  белгілі  бір  түрімен  шұғылдану  тән,  олар 
таңдап  алған  ісіне  құмар  болады.  Талантты  адамның  еңбегінің  нәтижелері 
өздерінің түбегейлі жаңашылдығымен, бірегейлігімен ерекшеленіп тұрады. 
Тәлімгерлік
- (mentoring) ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер мен тәліп арасында сенімді, 
жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі. Ол тәліптің педагог 
ретінде  қалыптасуы  мақсатында  өзінің  білімін,  ойлауын,  тәжірибелік 
іс-амалдарының  тиімділігін  жетілдіруде  айтарлықтай  қарқын  алуына 
көмектеседі.  Коучинг  үдерісі  тәлімгерлік  үдерісімен  байланысты:  коучинг 
нақты тақырып бойынша әріптесінің кәсіби мүмкіндіктерін ашуға бағытталса, 
тәлімгерлік оған жүйелі кәсіби қолдау көрсетуді көздейді.
Ұжымдық диалогтік 
оқыту
–  ұжымдық  түсінуді  қалыптастыру  мақсатында  оқушылардың  сындарлы 
қарым-қатынас жасауына ықпал ететін оқыту.
Шынайы сынып
– (грек. authentikys – түпнұсқалық) іс жүзінде бар, жұмыс істеп жатқан сынып.
Іс-әрекеттегі зерттеу -  оқыту  мен  оқу  тәжірибесін  жетілдіру  мақсатында  бірізді,  тізбектелген, 
жоспарланған  іс-әрекеттерді  орындауды,  сондай-ақ  зерттеу  барысында 
алынған нәтижелерге жүйелі түрде мониторинг жүргізуді көздейтін үдеріс.
Іс-әрекеттегі 
рефлексия
– алдыңғы қадамдарды жоспарлау және орындау мақсатында іс-әрекет жасау 
(мысалы, оқыту және оқу), іс-әрекет нәтижелерін сыни талдау және бағалау 
барысындағы мұқият ойлану үдерісі.


жүктеу 11,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау