Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 11,77 Mb.
Pdf просмотр
бет56/126
Дата17.02.2020
өлшемі11,77 Mb.
#29267
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   126

124
Дарындылық
–  қабілеттер  иерархиясының  құрылымдық  бөлшегі.  Дарындылық  –  өзіндік 
ерекшелік,  қабілеттер  үйлесімі.  Қабілеттілік  сияқты  дарындылық  та 
туа  бітпейді,  ол  дамуда  өмір  сүреді  (Б.М.Теплов).  Жалпы  дарындылық: 
салыстырмалы түрде кең және әмбебап психологиялық бөлшектердің (жады, 
зият) дамуы. Арнайы дарындылық ерекше қызмет түріне жатады. Бұл бөлініс 
шартты, жалпы, арнайы қабілеттер өзара бірлікте «өмір сүреді». адамдардың 
дарындылығы мен қабілеттері сандық емес, сапалық тұрғыдан ерекшеленеді. 
Дарындылықтың сапалық ерекшеліктері бір адамның бір салада, екіншісінің 
басқа салада дарынды болуымен ғана емес, дарындылықтың қалыптасқандық 
деңгейімен  де  көрінеді.  Қабілеттерден  сапалық  айырмашылықты  іздеу  – 
психологияның маңызды міндеті. 
Дивергентті ойлау

  бір  мәселенің  (проблеманың)  бірнеше  шешімін  іздеу  мақсатында 
қолданылатын шығармашылық ойлаудың түрі.
Жиынтық бағалау
–  оқытудың  нәтижелерін  жіктеу,  сертификаттау  және  тіркеу  мақсатында 
оқытудың  қорытындыларын  шығару.  жиынтық  бағалау  оқу  циклдері  мен 
сатылары  аяқталғанда  жүзеге  асырылып,  оқушының  белгілі  бір  кезеңдегі 
дайындық  деңгейінің  көрсеткіші  болып  табылады,  біртұтас  бағалау 
критерийлері негізінде іске асырылады.
Жақын арадағы даму 
аймағы (ЖАДА)
–  Л.Выготский  енгізген  ұғым;  оқушының  қалыптасқан  дағдылары, 
қабілеттері мен оқушы әзірше өз бетінше орындай алмайтын, орындау үшін 
скаффолдердің көмегін қажет ететін тапсырмалар ауқымында қалыптасатын 
дағдылар  арасындағы  оқу  кезеңі.  Скаффолдер  рөлінде  мұғалім  немесе 
анағұрлым жақсы оқитын сыныптастары болуы мүмкін.
Инклюзивті оқыту 
  білім  алу  барлығына  да  қолжетімді  деген  қағидатқа  негізделетін  оқыту. 
Оқытуды  оқушылардың  түрлі  қажеттіліктеріне,  соның  ішінде  ерекше 
қажеттіліктеріне бейімдеу.
Конвергентті/ 
репродуктивтік 
ойлау 
–  (лат.  cоnvergere  –  қосылу)  белгілі  бір  тапсырманы  орындаудың  алдын 
ала  игерілген  алгоритмдерін  нақты  пайдалануға  негізделген  ойлаудың 
түрі.  «репродуктивті»  сөзімен  бірге  қолданылады,  себебі  осындай  ойлау 
проблеманы шешуге дәстүрлі тәсілді қолдануды меңзейді, соның нәтижесінде 
сол тәріздес идеялар туындайды. Бұл ойлау түрі дивергентті ойлауға қарама-
қайшы.
Коучинг
-  сөзбе-сөз  дайындау,  жаттықтыру;  әріптестердің  құпия,  белсенді  және 
жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Оның барысында қолданыстағы оқыту 
тәжірибелерін  бірлесіп  ойластыру,  идеялармен  алмасу,  коуч  тарапынан 
рефлексиялық диалогқа тарту негізінде әріптестер өз жұмысының жекелеген 
салаларын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып, анағұрлым жоғары сапалық 
деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби 
білімін,  игерген  дағдылары  мен  тәжірибесін  жетілдіреді.  Коучинг  үдерісі 
тәлімгерлік  үдерісімен  байланысты:  коучинг  нақты  тақырып  бойынша 
әріптесінің кәсіби мүмкіндіктерін ашуға бағытталса, тәлімгерлік оған жүйелі, 
жан-жақты кәсіби қолдау көрсетуді көздейді.
Креативтілік
–  (ағыл.  create  –  жасау,  creative  –  жасампаз,  шығармашыл)  индивидтің 
дәстүрлі  немесе  көпшілік  қабылдаған  идеялардан  ауытқитын,  түбегейлі 
жаңа идеяларды қабылдау мен жасауға дайындығымен ерекшеленетін және 
тәуелсіз  фактор  ретінде  дарындылық  құрылымына  кіретін  шығармашылық 
қабілеті, сондай-ақ проблемаларға өзгеше қарап, оларды ерекше тәсілдермен 
шешу қабілеті.
Креативті үдеріс
–  негізгі  төрт  сипаттамасы  бар.  Біріншіден,  фантазияны  қолдану  арқылы 
ойлау және әрекет ету. екіншіден, мақсатты әрекет. Үшіншіден, бұл үдерістің 
нәтижесі өзіндік ерекшелікке ие. Соңғысы, мақсатқа қатысты алғанда нәтиже 
құнды болуға тиіс. 


125
Критериалды 
бағалау
– оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес 
келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, 
ата-аналар,  заңды  тұлғалар  және  т.б.)  барлығына  алдын  ала  таныс,  ұжым 
талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу 
жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс. Критериалды бағалаудың екі 
түрі бар – жиынтық және қалыптастырушы.
Қалыптастырушы 
бағалау
–  мұғалімдерді,  оқушыларды  және  педагогикалық  үдерістің  басқа  да 
қатысушыларын  оқуды  жетілдіру  үшін  қажет  ақпаратпен  қамтамасыз 
ететін  оқудың  ағымдағы  бағалануы.  Қалыптастырушы  бағалау  сыныптағы 
күнделікті  жұмыс  барысында  жүзеге  асырылып,  оқушының  ағымдағы  оқу 
үлгерімінің көрсеткіші болып табылады. Оқушы мен мұғалім арасында кері 
байланысты қамтамасыз етіп, оқу үдерісіне уақтылы өзгеріс енгізіп отыруға 
мүмкіндік береді.
«Қара жәшік» 
– ғылым мен техника саласынан алынған метафора, онда «қара жәшік» оның 
ішкі құрылымы туралы ештеңе білместен, яғни оның қалай қолданылатыны 
айқын емес (қара), тек қана енгізу, шығару, беру сипаттамалары тұрғысынан 
қарастыруға болатын құрылғы, жүйе не объект ретінде қарастырылады. Кез 
келген  затты  (құбылысты)  «қара  жәшік»
  деп  атауға  болады:  транзистор, 
алгоритм немесе адам санасы. 
ал  педагогика  ғылымында  «қара  жәшік  ішіндегі  жұмыс»  деген  метафора 
сыныпқа  қатысты  қолданылып,  білім  беру  мекемесінің  құрылымымен 
шектелген жағдайды меңзейді.
Құндылықтар
–  баянды,  мызғымас  негізгі  ішкі  қағидаттар  мен  стандарттар.  Түйінді
 
құндылықтар  өте  тұрақты  болып  келеді,  ал  өзгерсе  өте  баяу,  әрі  ұзақ 
уақыт  бойы  өзгереді.  Түйінді  құндылықтар  біздің  өмір,  өзіміз  және  бізді 
қоршаған адамдар, жалпы адамдардың әлеуеті және қоршаған адамдардың 
әлеуеті  туралы  көзқарасымыздың  қалыптасуына  негіз  болады.  Сондай-ақ 
құндылықтар дегеніміз біздің сенетін дүниеміз, олар біздің қоршаған ортаға 
деген қарым-қатынасымызды және мінез-құлқымызды анықтайды.
Метатану
–  «Таным  туралы  таным»  деп  анықталады  және  өзінің  ойлау  қабілеттерін 
түйсінудің  айрықша  түрі.  Мысалы,  метатануға  оқушылардың  өзіндік  оқу 
және  проблемаларды  шешу  стратегияларын  түйсінуі  жатады.  алғаш  рет 
психология  ғылымына  бұл  ұғымды  Джон  Флэйвелл  енгізген  болатын  (J.H. 
Flavell,  1976).  автордың  айтуынша  метатанудың  маңызды  қызметінің  бірі 
өздерінің  танымдық  қызметтерінің  ерекшеліктері  туралы  білімдерінің 
негізінде  оқушыларға  танымдық  қызметтерін  реттеуге  мүмкіндік  беретін 
танымдық қызметті рефлексиялық бақылау болып табылады.
Метатану 
стратегиялары
–  білім  алушының  оқу  үдерісін  өзіндік  бақылауына  бағытталған  басқару 
түріндегі әдістер (мысалы, оқу үдерісін өз бетінше жоспарлай білу, мақсат 
қою, өзінің оқу үдерісін бағалап, оның мониторингін жүргізу қабілеті).
Модельдеу
–  1.  Таным  объектілерін  олардың  шартты  модельдері  негізінде  зерттеу.  2. 
Шын мәнінде бар объектілер, үдерістер немесе құбылыстардың модельдерін 
құру  және  зерделеу.  Мұндағы  мақсат  осы  құбылыстарды  түсіну,  сондай-ақ 
зерттеушіні  қызықтыратын  құбылыстарды  болжау.  Модельдеу  адамның 
объектілер туралы білімі мен сол объектілер арасындағы қарым-қатынасты 
көрсету үшін қолданылады, оқытудағы көрнекі құралдардың бірі.
Мұғалім жүргізетін 
дамыту жұмысы 
(МЖДЖ)
–  мектептерде  оқыту  мен  оқуды  жетілдіру  тәсілі.  Бұл  үдеріс  барысында 
мұғалімдер жекелеп те, бірлесіп те өз тәжірибесін, сондай-ақ өздері жұмыс 
істейтін  мектеп  тәжірибесін  жақсарту  мақсатында  зерттеу  қажет  болатын 
мәселелер  мен  проблемаларды  анықтайды.  Мұғалім  жүргізетін  дамыту 
жұмысын  зерттеумен  шатастыруға  болмайды.  МжДж  бағдарламасы 
«мұғалім зерттеуші ретінде» деген ұстанымға емес, «мұғалім оқыту және оқу 
іс-тәжірибесін жетілдірудегі көшбасшы ретінде» деген ұстанымға негізделеді.


жүктеу 11,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау