5
Өз мектебінің мұғалімдерінен құрылған қоғамдастықтың жұмыс жоспарын
іске асырады, оның жүзеге асырылу барысына мониторинг жүргізіп, мектепті
жетілдіру үдерісіне қолдау көрсетеді, сонымен қатар бұл жұмыстың ықпалын,
оның қаншалықты нәтижелі болғанын анықтайды.
1-сурет. Бағдарламаны игерген мұғалімнің түйінді функциялары
Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту қажет?
Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер (2-сурет) әлемдік білім беру жүйесін
қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы
саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты,
маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі – ол
да маңызы жағынан біріншіден еш кем емес: «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай
дайындайды?». Қазақстан республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
курстарының бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) мазмұны осы
екінші мәселені шешуге бағытталған.
2-сурет. Әлем жылдам өзгеруде
Білім беру саласында оқушылар үшін білім де, дағдылар да тең дәрежеде маңызды деген
ортақ ұстаным қалыптасуда. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған
білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару
болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жасаған Құзыреттерді анықтау
және іріктеу жобасы көптеген дағдыларды қамтитын ХХІ ғасыр дағдыларының моделі болып
табылады. аты аталған жоба оқушылардың терең тұжырымдамалық түсінікпен астасқан негізгі
сауаттылықты меңгергендігін көрсететін, кең мағынасында шешімдер мен іс-әрекеттерді
таңдау қабілеттілігі сияқты түйінді құзыреттер жүйесін сипаттайды. Мұғалімдер жұмыстарына
жеткілікті уақыт бөле білулері керек, оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес,
жалпы алғанда оның оқуын барынша даралап, баланың бойында метасананы – қалай оқу
керектігін үйренуді қалыптастыруға мән бере отырып, оны тұлға ретінде дамытуда икемділік
танытулары тиіс (Schleicher, 2012) (1-сілтемені қараңыз).
6
• 1-сілтеме: ЭЫДҰ жүргізген инновациялық ортаның салыстырмалы талдауы мынадай
қорытынды жасауға мүмкіндік берді:
• Мұғалімдерге көптеген оқыту стратегиялары, түрлі педагогикалық тәсілдерді арала-
стырып қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ нақты әдістер мен стратегияларды қалай
және қай жағдайда қолдану қажеттігі туралы білім қажет болады.
• Мұғалімдер пайдаланатын стратегиялар жалпы алғанда, бүкіл сыныпты оқыту
мәселелеріне, сонымен қатар жүргізілетін зерттеулердің бағытына, топтық жұмыстарға,
өзіндік жұмыстарға және жеке жүргізілетін зерттеулерге қатысты болмақ. Оның үстіне
білім беру стратегиялары әрбір оқушыға ұсынылатын жеке кері байланысты да естен
шығармауға тиіс.
• Мұғалім жалпы білім алу үдерісі қалай жүретінін, жекелеген оқушыларды оқуға ын-
таландыру, олардың көңіл-күйлері, толғаныстары туралы және олардың мектептен тыс
өмірі туралы барынша білуі тиіс.
• Мұғалімдер өз әріптестерімен өздері сабақ беретін пән бойынша және мазмұндас пән
бойынша; бір ұйымның ішінде немесе бірқатар басқа ұйымдардың өкілдерімен; кәсіби
қоғамдастық шеңберінде, тәлімгерлік жүйесін көздейтін басқа да іс-шаралар аясында
ынтымақтастық орната білулері керек.
• Мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында мықты
дағдыларды игеріп, оқытудың тиімді құралы ретінде оларды қалай пайдалану
әдістемелерін меңгеруге тиіс, сондай-ақ, оқу үдерісін бақылауда ақпараттық-басқару
жүйелерін тиімді қолдана білгені жөн.
• Мұғалімдер әріптестерімен бірлесіп оқу ортасын құру, жүргізу, басқару және
жоспарлауға үлес қосу үшін өзінің мүмкіндіктерін барынша жетілдіріп отыруға тиіс.
• Соңғысы: мұғалімдер өз жұмысынан сабақ алу үшін өз тәжірибесіне қатысты рефлек-
сия жасауға, яғни ой толғауға міндетті.
ХХІ ғасырда оқушыдан талап етілетін дағдылар жаңа деп айтуға болмайды. Мәселен, сын
тұрғысынан ойлау мен проблемаларды іспен шешу дағдылары ерте замандағы құрал жасау,
ауыл шаруашылық жетістіктері, вакцинаны ойлап табудан бастап қазіргі заманғы зерттеулерге
дейінгі бүкіл адамзат тарихының өн бойында адам прогресінің сенімді серігі болды. Сол
сияқты, нақтыдан бастап кешенді сараптамалық білімдерді игеру қажеттігі сияқты дағдылар
да бүгін пайда болды десек, күпірлік болар: Платонның Republic (республика) деген еңбегінде
зият деңгейінің төрт түрі туралы сөз болады.
ал осындай дағдылардың болу, болмауы ұжымдық және жеке табысқа ықпал ететіні, сол
арқылы әлемдік экономиканың өзгеру қарқынына ықпал ететіндігі туралы қорытынды шын
мәнінде жаңалық. Осыған байланысты мектептер сын тұрғысынан ойлауға үйретуде, әрбір
оқушының жеке даралығына қатысты проблемаларды шешу үшін ынтымақтастық жүргізуде
өте мұқият болғаны дұрыс. Бұндай өзгерістерді іске асыру үшін барлық мүдделі жақтар,
мектеп басшылығы өздеріне міндеттеме алып, сондай-ақ анағұрлым тәжірибелі және дарынды
мұғалімдердің белсенді атсалысқаны құба-құп.
7
ПАйДАЛАНЫЛҒАН әДЕБИЕТ
Schleicher, A. (2012), Ed., Preparing Teachers and Developing School Leaders for the 21st Century:
Lessons from around the World. [21-ғасырға арнап мұғалімдерді даярлау және мектеп
көшбасшыларын дамыту: әлем елдерінің сабақтары]. OECD Publishing.
OECD Definition and Selection of Key Competencies. [еЫДҰ түйінді құзыреттерді анықтауы
және іріктеуі]. (Paris, France: OECD, May 27, 2005).
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Бағдарламаның мақсаты
Педагог қызметкерлердің білімі мен дағдыларының ауқымын кеңейтудегі қажеттіліктерін
қанағаттандыру; қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында мұғалімдердің үздіксіз кәсіби
дамуына ықпал ету.
Бағдарламаның міндеттері
• Бағдарламаның теориялық негіздері бойынша тұжырымдамалық білім мен түсінік
қалыптастыру.
• Бағдарламаның негізгі бағыттары мен мазмұнына сәйкес мұғалімнің тәжірибелік
дағдылары мен біліктілігін жетілдіру:
• Бағдарламаның жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасын жо-
спарлау және жүзеге асыру;
• мектеп деңгейінде коучинг пен тәлімгерлікті іске асыру;
• педагогикалық қоғамдастық аясында әріптестеріне кәсіби қолдау көрсету;
• рефлексиялық ойлау.
• Өз мектебінде мұғалімдердің педагогикалық қоғамдастығын құру.
Бағдарлама бойынша оқудан күтілетін нәтижелер
• мұғалімде тұжырымдамалық түсінік пен тәжірибелік дағдылар негізі қалыптасады;
• Бағдарламаның жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасын жо-
спарлайды және жүзеге асырады;
• коучинг және тәлімгерлік жүргізу дағдыларын игереді;
• мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығы аясында жұмысты іске асырып, қолдау
көрсетуге дайын болады.
Бағдарламаның теориялық негіздері
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал
оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған
(Hattie, 2009).
Осы Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы
оқыту теориясы негіздерін қамтыған. аталған теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың
бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен,
оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға
негізделеді. Сындарлы теорияның тиімділігін жақтаушылардың басым бөлігі оны дайын білімді
беруге негізделген оқыту тәсілдерімен салыстыра қарап, дайын білім беруге негізделген оқыту
тәсілдерінің білімді меңгеру былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік қалыптастырып,
бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудыра бермейтінін тілге
тиек етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |