Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 11,77 Mb.
Pdf просмотр
бет40/126
Дата17.02.2020
өлшемі11,77 Mb.
#29267
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   126

88
Тәлімгерлік  пен  коучинг  бойынша  модельдердің  көпшілігі  ұқсас  алғышарттарға 
негізделген, атап айтқанда тәлім алушы тұлға тиімділікпен және шығармашылықпен жұмыс 
істеуге қабілетті, ал тәлімгердің немесе коучтің түйінді рөлі – тәліптерге өз мүмкіндіктерін 
пайдалануға көмектесу деген ұстанымға негізделген (4-кесте).
4-кесте. Коучинг пен тәлімгерлік үдерістерін салыстырмалы талдау
Тәлімгерлік
Коучинг
• ұзақ уақыт бойы жалғасуы мүмкін жүйелі қарым-
қатынас;
• тәліп үшін қажеттігіне қарай кездесу ұйымдастыру 
арқылы бейресми сипатта өтуі мүмкін;
• кеңестер, ұсынымдар мен қолдау ұзақ уақыт және 
көп аспектілік негізде көрсетіледі;
• тәлімгер, әдетте, - тәжірибесі көбірек білікті 
мұғалім, негізінен – білім беру ұйымындағы ең 
үлкені, ол білімін, тәжірибесін беріп, тәліпке бұған 
дейін қолжетімсіз болып келген мүмкіндіктерге 
«есік аша» алады;
• тәліптің қызметкер ретінде және тұлға ретінде 
өсуіне басты назар аударылады;
• кеңес алу мақсатын тәлімгер тарапынан келісу 
және бағыттау арқылы тәлім алушы адам 
белгілейді;
• тәлімгерлік тәліптердің кәсіби дамуына 
бағытталған.
• қарым-қатынас ұзақтығы алдын ала 
белгіленеді;
• әдетте, құрылымдық сипатта болады; 
кездесулер алдын ала жоспарланады;
• кездесулер қысқа мерзімді (кейде уақыты 
шектеулі) және дамудың нақты бағыттарына/
мәселелеріне бағытталған;
• коучте біршама практикалық тәжірибесінің 
болуы міндетті емес;
• коучинг білім алушыларда нақты дағдыны 
қалыптастыруға бағытталған;
• басты назарда, әдетте, кәсіби/өндірістік 
проблемаларды шешу;
• кеңес беру мақсаты нақты, қысқа мерзімді 
мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған;
• коучинг дамудың белгілі бір бағыттарын 
қарауға, нақты мәселелерді шешуге 
бағытталған.
Тәлімгерлік үдерісі
Тәлімгерліктің  өзіне  тән  негізгі  сипаттамасы  екі  адам  арасында  оқу  қарым-қатынасын 
құруға негізделген және түйінді дағдыларды: белсенді тыңдай білу, тәжірибені дамыту үшін 
бірқатар күрделі сұрақтар қоя білу дағдыларын дамытуға бағытталған. Тәлімгер тәліпке күрделі 
тапсырмалар беріп, қолдау көрсетуге; соның ішінде қажетті түйінді қасиеттерді: сенімділік, 
ортақтастық, шынайылық, адалдық танытуға дайын болады (Garret-Harris & Garvey, 2005).
Тәлімгерлік аяқталған соң тәлімгер мен тәліптің арасында орнаған қарым-қатынас біліктілігі 
төмендеу мұғалімнің өзіне-өзі көмектесуіне мүмкіндік алып, проблемалардың шешуін өзінше 
табуға көмектеседі, себебі тәлімгерлік түзету қағидатына емес, даму қағидатына негізделген 
(Oxley, 2003).
Коучинг үдерісі
Коучтер – тәжірибелі мұғалімдерге ойлау және шығармашылық үдерістерінің көмегімен 
мектепте жақсы тәлімгер болуға көмектесу үшін өздеріне куратор рөлін қабылдаған адамдар. 
Соның нәтижесінде оның әріптестері өзінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған идеялармен 
және  тәсілдермен  қамтамасыз  етіледі.  Коучтер  мұғалімдерге  өздерінің  оқыту  тәжірибесін 
жақсартуға көмектеседі.
Мұғалім өз мектебіндегі әріптестеріне қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын 
дамытуға көмектесу үшін оларды бағыттап және белсенді ынталандырып отыруға мүмкіндік 
алу  мақсатында  коуч  мұғалімге  көмек  көрсетеді.  Бұл  ретте  мұғалімдерге  мақсат  етілген 
нәтижеге қол жеткізу үшін тәжірибесі аздау әріптестерімен жүргізілетін жұмысты болжау және 
жүргізу мақсатында, ол жұмысқа арқау болатын тақырыпты алдын-ала анықтай алу қабілетін 
дамытуға көмектесуге басты назар аударылмақ.


89
24-сурет. Тәлімгерлік жүйесі
Коуч пен тәлімгер болып табылатын мұғалімдер үшін маңызы
Бағдарлама тәжірибелі мұғалімдерді өз мектептерінде табысты коуч пен тәлімгер болуға 
үйретуге бағытталған. Бағдарлама бойынша курсты аяқтаған мұғалімдер оқу қоғамдастығын 
құрып,  жаңа  идеяларды  іске  асыру  үшін  өз  мектебінде  тәжірибеге  өзгеріс  енгізуді  және 
әріптестерімен жүргізілетін жұмысты ойластырып, оны жоспарлауды бастайды.
Коучинг пен тәлімгерліктің тиімділігін қамтамасыз ету үдерісі үш негізгі мәселені қамтиды:
1. 
Мәнмәтін.  Бірден  пайдалануға  мүмкіндік  болу  үшін  коучинг  тәжірибесі  мәнмәтінде 
болуы керек.
2. 
Өзектілік. ақпарат пен ұсынымдар мұғалім үшін де және олар өткізетін оқу сабақтары 
үшін барынша өзекті болуы керек.
3. 
Жүйелі  тәлімгерлік.  Тәлімгер  күнде  қолдау  көрсетіп  отыруы  керек:  мұғалімдерге 
жақында  алған  дағдыларын  бейімдеуде  қолдау  көрсетіп,  олардың  табысқа  ұмтылуын 
қамтамасыз етуі қажет.
Мектептегі коучинг пен тәлімгерлік негізгі жеті ұстанымға негізделеді:
1.  Коучинг  пен  тәлімгерлік  мұғалімдердің  дамуы  мен  жетілуіне  көмек  көрсетудің 
айтарлықтай тиімді тәсілі болып табылады.
2. Коучинг пен тәлімгерлік ойдағыдай іске асырылған жағдайда оқыту мен оқудың сапасы 
артады.
3. Кәсібилігін жетілдіру мақсатында коуч пен тәлімгерге тренинг қажет.
4. Коучті жаттықтырып жетілдіру – тренерлердің басты міндеті.
5. Оқыту мен оқу тәжірибесіндегі болмашы қадамдар мен өзгерістер сыныптағы жағдайды 
айтарлықтай өзгерте алады.
6.  Оқыту  мен  оқу  тәжірибесі  үшін  ұсынылатын  жекелеген  тәсілдер  мен  әдістер,  бір 
қарағанда, болмашы болып көрінуі мүмкін, бірақ жүйе ішінде жағымды өзгерістерге ықпал 
ететін қуатты қозғаушы күш бола алады.
7. Коучингіні іске асырудың бір ғана дұрыс жолы жоқ.
инновациялық ойлау жүйесін қалыптастыру
Табысты тәлімгер тәліпке ол үшін нақты проблеманы белгілеуге көмектеседі және оның 
жеке  тәсіліне,  нақты  мәнмәтінге,  жұмыс  тәсілінің  ыңғайына  сәйкес  келетін  іс-әрекеттің 
оңтайлы бағытын таңдауға септігін тигізеді.
Тәжірибелі  көмекшінің  моделі  (Egan,  1998)  1975  жылдан  бері  үнемі  дамып  келеді. 
Шынтуайтқа келгенде, ол – көмек көрсетуге арналған үш сатылы құрылым. Бұл құрылымның 
бірінші кезеңі үдерістің басында тәліптің іс-әрекетін және оның тәжірибені өзгерту үшін не 
істегісі келетінін анықтауға бағытталған; екінші кезең – тиісті тиімді шешім таңдауды; үшінші 
кезең – өзгерістерді енгізуді мақсат етеді (25-сурет).


жүктеу 11,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау