Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 11,77 Mb.
Pdf просмотр
бет37/126
Дата17.02.2020
өлшемі11,77 Mb.
#29267
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   126

81
21-сурет. Оқу мен оқытудың түйінді тоғыз қағидаты
жаратылыстану ғылымдарын оқыту төменгі сынып оқушыларының ғылыми идеяларды 
қалыптастыруының  ерекше  тәсілін  қажет  ететіндігін  айта  кету  керек,  бұл  білімдердің 
педагогикалық аспектісі болып табылады.
Пән бойынша педагогикалық білім (ПБПБ)
Пән бойынша педагогикалық білім мазмұнды педагогикалық ықпалы бар нысандарға 
айналдыру  мүмкіндігін  беретін  құрамдас  бөліктердің:  оқу  мазмұны  мен  педагогикалық 
білімдердің  біртұтастығы  болып  табылады  (Shulman,  1986).  жаратылыстану  ғылымдарын 
оқыту  тұрғысынан  алғанда  аталған  біртұтастық  оқытылатын  ғылыми  тұжырымдамаларды 
білікті түсіну оқушылардың оларды түйсінуі мен түсінуіне көмектесу қабілетімен ажырамас 
байланыста  болуын  көздейді.  Осылайша,  жаратылыстану  ғылымдарының  білікті  мұғалімі 
абстрактілі  ғылыми  идеялар  мен  үдерістерді  оқушылардың  белгілі  бір  тобына  бұларды  өз 
бетімен зерттеу үдерісін қамтамасыз ете отырып ұсынатындай етіп, құрамдас бөліктерге бөле 
алуы тиіс.
ПБПБ оқушыларға ғылыми идеяларды ұсынудың тиімді, оңтайлы нысандарын, аса тиімді 
болып табылатын аналогия, суреттеу, мысал ұсыну, түсіндіру және көрсету әдістерін қамтиды. 
Шын мәнінде, ПБПБ оқушыларға ғылымды түсінікті жолмен көрсетудің әрі ұсынудың тәсілі 
болып табылады. Сонымен қатар пән бойынша педагогикалық білім мұғалімге оқушылардың 
жекелеген тақырыптарды оңай не қиын меңгеруінің себептерін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл 
себептер кей жағдайларда оқушылардың ғылыми тұжырымдамаларды түсінбеуімен, ал кейде 
әртүрлі жастағы және білім деңгейі әртүрлі оқушылардың мектепке өз наным-сенімдерімен 
немесе теріс ұғымдарымен келетіндігімен түсіндіріледі.
Технологиялық білім (ТБ)
Технологиялық білім – оқытудың видео, веб-материалдарға қол жеткізу және басқа да 
сандық бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану сияқты қосалқы құралдары туралы білім. 
Бұл  білім  технологиялық  құрылғылар  саласындағы  жеткілікті  хабардарлықты  да,  оларды 
басқару үшін қажетті дағдыларды меңгеруді де меңзейді. Сандық технологияларға қатысты 
алғанда  осы  білімдер  операциялық  жүйелер  және  компьютерлік  аппараттық  құралдарды 


82
білуді,  сондай-ақ  мәтіндерді  теру  мен  түзетуге,  электронды  кестелер  құруға  мүмкіндік 
беретін  бағдарламалық  құралдардың  стандартты  жиынтығын,  браузерлер  мен  электронды 
поштаны пайдалана алу қабілеті болып табылады. Оның үстіне, ТБ құрамына перифериялық 
құрылғыларды орнату және алып тастауды, бағдарламалық жабдықтау жүйелерін, құжаттарды 
құру және мұрағаттауды т.б. білу кіреді.
Пән бойынша технологиялық білім (ПБТБ)
Пән бойынша технологиялық білім – технологиялық білім (ТБ) мен пәндік білімнің (ПБ) 
өзара әрекеттесуінің тәсілін білу. аКТ қолдану заттар туралы толық түсініктің қалыптасуына 
ықпал етпегеннің өзінде, қазіргі заманғы инновациялық технологиялар заттар туралы жаңа, 
алуан түрлі түсінік қалыптастыруды және осы түсініктерді басқарудағы ауқымды икемділікті 
қамтамасыз  ете  алады.  Мұғалім  өзі  сабақ  беретін  пәнді  ғана  емес,  оқыту  технологияларын 
қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де білуі керек.
Мысалы,  жаратылыстану  ғылымдары  саласында  желі  арқылы  қолжетімді  көптеген 
модельдер  бар. 
Модельдер  жаратылыстану  жүйелерінің  немесе  адам  жүйелерінің  әрекет 
етуі туралы мәлімет алу үшін оларды ғылыми модельдеу үшін жиі қолданылады. Модельдеу 
баламалы шарттардың және іс-әрекет жоспарларының болжамды шынайы әсерлерін көрсету 
үшін  қолданылуы  мүмкін.  Сондай-ақ  модельдеу  нақты  жүйе,  оған  қол  жеткізу  мүмкін 
болмауына байланысты қолданыла алмаған жағдайда немесе оның қолданылуы қауіпті болса 
не рұқсат етілмесе, жүйе енді жасалып жатқанда немесе мүлде жоқ болғанда қолданылады.
Технологиялық, педагогикалық және пәндік білім (ТППБ)
Үш білім саласының 
қиылысу ортасында технологиялық, педагогикалық және пәндік 
білім (ТППБ) орналасқан. Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра және Кёлер қарастырды, 
олардың  айтуынша,  егер  жаңа  технология  оқуды  жақсарту  жағына  өзгертуге  қабілетті 
болуға  тиіс  болса,  онда  жоспарлау  үдерісі  пән  бойынша  арнайы  білімнің  оқушылардың 
осы  білімді  қалай  игеретінін  түсінумен  бірге  жүруін  көздеуі  керек.  Оның  үстіне,  Мишра 
мен Кёлердің пайымдауынша, барлық үш білім саласын өзара байланыстыра алған мұғалім 
жоғары  деңгейдегі  кәсіпқой  болып  табылады.  Сонымен  қатар  зерттеушілердің  айтуынша, 
осындай мұғалімдердің зертханада жұмыс істейтін ғалымдармен, бағдарламашылар сияқты 
технологиялық сарапшылармен немесе жаңа технологияларды пайдалану жөнінде білімдері 
жеткіліксіз  тәжірибелі  мұғалімдермен  салыстырғанда  кәсіби  білімі  анағұрлым  ауқымды 
болады.
Қорыта  келгенде,  жекелеген  пәндерді  оқытуға  білім  технологияларын  ықпалдастыру 
мұғалімнің  қарқынды  дамуына,  оқудың  барлық  үш  аспектісін  өзара  байланыста  белсенді 
қолдануына дайын болуын қажет ететіндігін және бұл оқыту мен оқу үдерістерін білікті түсіну 
көрсеткіші болып табылатындығын баса айту керек.
Мұғалім үшін маңызы
Оқушылардың күнделікті өмірде аКТ-ны қолдану мүмкіндіктері негізінен тиісті саладағы 
тиімді оқыту мен оқуға байланысты. егер оқушылар аКТ-ны тиісті дәрежеде меңгермей, оның 
мүмкіндіктерін игермеген болса, олардың басқа пәндерде аКТ-ны пайдалануы тиімсіз болуы 
да  мүмкін.  Бұл  аКТ  саласында  және  пәндік  білім  бойынша  «кенжелеп»  қалуға  ықпал  етуі 
мүмкін. Мәселен, оқушылар бағдарламалық жасақтаманы қалай пайдалану керектігін білмесе 
және  тапсырманың  мәнін  қалай  беруге  болатынын  түсінбесе,  оларға  белгілі  бір  тақырып 
бойынша  таныстырылым  дайында  деп  тапсырма  беруден  ештеңе  өнбейді.  жаңа  пәндік 
білімдерді алумен бірге, аКТ-ның жаңа салаларын қатар игеруге ұмтылатын оқушылар екі 
салада да, яғни аКТ-ны қолдану мен білімді игеруде де бірдей мықты бола алмайды.
Сондықтан төменде оқытудың бес аспектісіне ықпал етуге арналған оқу құралы ретінде 
аКТ-ны қалай пайдалануға болатындығының үлгілері ұсынылған:


жүктеу 11,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау