Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Оқушының жоғары нәтижеге қол жеткізуіне ықпал етуге бағытталған



жүктеу 11,77 Mb.
Pdf просмотр
бет42/126
Дата17.02.2020
өлшемі11,77 Mb.
#29267
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   126

93
Оқушының жоғары нәтижеге қол жеткізуіне ықпал етуге бағытталған 
мұғалімнің зерттеу жүргізу және білім түзу сызбасы
26-сурет. Кәсіби білім алуға қатысты Тимперлей моделі
Практик-маманның  зерттеуі  білім  мен  тәжірибе  арасындағы  күрделі  әрі  әрқилы  өзара 
қарым-қатынас  туралы  аргументке  және  тәжірибені  жетілдіру  үшін  қажетті  білім  осы 
күнделікті тәжірибелік жұмысты анықтайтын түрлі факторлардың мәнмәтіні мен өзара қарым-
қатынасының әсеріне байланысты деген заңдылыққа негізделеді (26-сурет).
Бастау  және  ұйымдастыру  тұрғысынан  алғанда  практик-маманның  іс-әрекеттегі 
зерттеуінің бірнеше түрлері бар, алайда бұл жолы мектеп базасындағы зерттеу мәнмәтініне 
және атап айтқанда, мұғалімнің іс-әрекеттегі зерттеуіне ерекше назар аударылатын болады. 
Бұл  жағдайда  іс-әрекеттегі  зерттеу  практик-мамандар  мен  университеттегі  әріптестер 
арасындағы ынтымақтастық ретінде айқындалады. Бұл орайда білім беру үдерісіне қатысатын 
адамдарды, мысалы ата-аналар және мектеп қауымдастығының басқа да мүшелерін тартуға 
болады. 
Білім беру
 дегеніміз не?
Білім беру қоғамдық үдеріс болып табылады, ол арқылы жаңа буын тілді, салт жораларды, 
функцияларды, өзара қарым-қатынастарды және осы қоғамның мүшесі болу үшін олар білуге 
тиіс белгілі бір орныққан тәжірибені танып, біледі.
Осы анықтамадан шығатыны, егер біз білім беруді жастарды қоғам мүшесіне қабылдау 
деп түсінсек, онда бұл рөлді қоғамдық оқу тәжірибесі атқаруға тиіс. Бірақ мұндай қоғамдық 
рөлді  атқаратындар,  сонымен  бірге  тікелей  қоғамда  және  одан  кеңірек  әлемдік  мәнмәтінде 
болатын  өзгерістерге  орай  әрекет  етуге  дайын  болуға  тиіс  деген  ұйғарымға  қарсы  шығуға 
болады.  Демек,  білім  беру  үдерісінің  өзара  үйлеспейтін  екі  функциясы  бар.  Біріншісі  – 
қоғамдық өмірдің қазіргі кезде бар үлгілерін жаңғырту, екіншісі – болашақ буынды жылдам 
өзгеріп жатқан қоғамдық өмірге қатысуға қабілетті болуға дайындау барысында тәжірибенің 
өзгеруіне кедергі жасауы ықтимал білім беру жүйелерінің консервативті үрдісін жеңе білу. Дәл 
осы шиеленістің салдарынан білім беру жөніндегі дебаттар саяси реңк алады. Шын мәнінде, 
білім туралы дауға тартылған барлық ықпалды қарсылас топтар ұстанатын, кейде тіпті қарама-
қайшы сенімдер мен құндылықтар болып табылатын көзқарастар жақсы қоғам мен құзырлы 
оқудың мәнін ашып көрсетуге тікелей қатысты болып отыр.


94
Сонымен, қазіргі кезде қоғам үшін ерекше маңызы бар білім өткен кезеңде дүниеге келген 
саясаттың өнімі болып табылады да, уақыт өте келе оның даму үдерісі барысында білім мен 
қоғам арасындағы өзара қарым-қатынас өзгеріп, түрленіп, трансформацияға ұшыраған.
Педагогикалық қызмет праксис ретінде
егер  біз  білім  бағалаушы  пікірлерден  ерікті  емес  және  шындығында  білім  берудің 
мақсаттары мен үдерісі қатаң түрде дауға түседі деген тоқтамды қабылдайтын болсақ, бұдан 
шығатыны, педагогикалық қызмет те бейтарап бола алмайды. Карр және Кэммис педагогикалық 
қызметті  нақтырақ  айтқанда,  аристотель  философиясынан  шығатын  praxis  терминімен 
анықталатын адамдық тәжірибенің нысаны деп түсіндіреді. Нақтырақ айтатын болсақ, праксис 
«этикалық ақпаратқа негізделген қоғамдық тәжірибелер, осы тәжірибелердің өн бойынан және 
тәжірибелік іс-әрекеттер арқылы жекелеген тұлға және мінсіз қоғам үшін игілік ұғымы өзінің 
тәжірибелік  бейне-сипатын  табады»  деп  анықталады  (Carr  and  Kemmis,  2009).  Осылайша, 
білімді адам ретінде әрекет ету – бұл имандылық және қоғамдық рөл нормалары негізіне сай 
жұмыс бағыттарын орындау немесе мұғалімге қатысты – мінсіз қоғам және табысты оқыту 
туралы түсіндіруді қажет етпейтін тұжырымға сәйкес әрекет ету. Тәжірибелік даналық ретінде 
белгілі болған, моральдық аспектілерді жетік меңгерген мұғалімдер іске асыратын осындай 
қоғамдық тәжірибе фронезис (phronesis) терминімен белгіленеді. Бұл тәжірибелік даналықты 
теорияда жаттап алып, кейіннен тәжірибелік мәнмәтінде қолдану мүмкін емес, себебі бұндай 
мәнмәтін  тарихи  қалыптасқан  салт-дәстүрлерге,  педагогикалық  ойға  және  қызметке  толы. 
Сондықтан тәжірибелік даналық бағалау позициясын қабылдауына қарай біржақты болатыны 
сөзсіз. Карр «тәжірибелік даналыққа тек тәжірибеде жүрген, өз тәжірибесіне негізделген, асқан 
шеберлік  стандарттарына  қол  жеткізуге  талпына  отырып,  жекелеген  жағдайларда  игіліктің 
тиісті қалпын бере алатын дана және орынды ойлар білдіру қабілетін дамытатын адамдар ғана 
ие бола алады» деп атап өтті (Carr, 2006).
Осылайша, педагогикалық қызмет – бұл праксис нысаны, яғни білім беру саласындағы 
практик-маман үнсіз қабылдайтын, мінсіз қоғамның бейнесін іске асыруға бағытталған саяси 
әрекет.
Мұғалім білім алып, оқыту мен оқу тәжірибесін 
дамытуға арналған құралдар
27-сурет. Сабақты зерттеу, іс-әрекеттегі зерттеу мен кейс стадиді қамтитын мұғалімнің 
зерттеу (Keith Taber, University of Cambridge) 


95
Бұл тарауды білім беру порталында (www.cpm.kz) орналастырылған «Іс-әрекеттегі зерттеу» 
және «Сабақты зерттеу» туралы нұсқаулықтармен бірге оқуды ұсынамыз.
Іс-әрекеттегі зерттеу
Мектеп  базасында  жүзеге  асырылатын  іс-әрекеттегі  зерттеу  үдерісі  арқылы  практик-
мамандар мектеп проблемаларын қарастырып, оларға жан-жақты жауап беру мүмкіндігіне ие 
болады. Бұл – «мектептегі шара» немесе «мектеп туралы ақпарат» қана емес, ол, ең алдымен, 
«мектеп  үшін»  жүргізілетін  зерттеу  шарасы.  Осыған  қарап,  мұғалімнің  міндеті  өзінің  жеке 
тәжірибесін  түсіну  және  жетілдірумен  қатар,  өзіндік  рефлексиялық  зерттеу  үдерісіне 
қызығушылықпен тартылуы, ұмтылуы деп айта аламыз. Іс-әрекеттегі зерттеуге қатысушылар 
оқу бағдарламасын өзгертуге, мектепте қолданылатын тәжірибеге қатысты дау айтуға және 
проблема  қою,  деректер  жинау,  талдау  және  әрекет  ету  жөніндегі  үздіксіз  үдерістермен 
айналысуға бағытталады, сол арқылы әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізу жұмыстарына ден 
қояды.
Кэммис бұл идеяны ары қарай дамыта отырып, оны жетілдіре түседі:
«Іс-әрекеттегі зерттеу адамдардың тәжірибесін, тәжірибе туралы түсінігін және тәжірибе 
жүргізілетін  жағдайды  түсінуін  өзгертеді.  Ол  жаңа  үлгілерді  –  жаңа  өмірлік  бағыттарды 
қалыптастыра отырып, «сөйлеу», «тәжірибе» санаттарының мазмұнын өзгертеді. Бұл тәжірибе 
– басқа тәжірибелерді өзгертетін мета тәжірибе. Метатәжірибе өз кезегінде басқа тәжірибелер 
қалыптастыратын  дәйектерді,  әрекеттер  мен  байланыстарды  өзгертеді»  (Kemmis,  2007). 
Басқаша  айтқанда,  тәжірибені  өзгерту  –  бұл  істеп  жатқан  ісімізді  өзгерту,  түсінікті  өзгерту 
–  бұл  біз  қалай  ойлайтынымызды  өзгерту,  жағдайды  өзгерту  -  бір-бірімізге  деген  қарым-
қатынасымызды өзгерту дегенді білдіреді. 
Кәсіби оқу мәселелері
Кәсіби  оқыту  негізінен  мұғалім  жұмыс  істейтін  мәнмәтінде  қалыптасады:  сыныптағы 
жағдайға мемлекет мәдениеті елеулі ықпал етеді, ал ол, өз кезегінде, мектеп орналасқан қоғам 
мәдениетімен  анықталады.  Сондықтан  мұғалімнің  нақты  сыныптағы  жұмысын  шынайы 
бағалау  үшін  олар  жұмыс  істейтін  мәдени  мәнмәтінмен  қатар,  уақыттың  белгілі  бір  саяси 
мәнмәтінін де ескеру маңызды. 
Мұғалімдердің практикасы тұрғысынан алынған олардың күнделікті тәжірибесі олардың 
түсінігін  қалыптастырады,  ал  олардың  түсінігі  тәжірибелерін  қалыптастырады,  сондықтан 
егер тәжірибе туралы оқыту дамуда көрінеді десек, бұл тамырын терең тартқан идеяларды 
естен шығаруға болмайды.
Мұғалімдер  мектеп  зерттеуімен  айналысу  арқылы  өз  сыныптары  туралы  білім  түзеді. 
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, іс-әрекеттегі зерттеу үдерісін оқу үдерісіне ықпалдастыру 
оның жетілуіне ықпал етіп, мұғалімнің оқуын дамытып, оқушының оқу тәжірибесін жақсартады 
(28-сурет).


жүктеу 11,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау