Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық


әріптестерімен бірлестікте жүйелі түрде жүзеге асырылатын үдеріске айналдыру аса маңызды  болып табылады. «Рефлексиялаушы практик»



жүктеу 4,87 Mb.
Pdf просмотр
бет20/109
Дата14.11.2018
өлшемі4,87 Mb.
#19412
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   109

47
әріптестерімен бірлестікте жүйелі түрде жүзеге асырылатын үдеріске айналдыру аса маңызды 
болып табылады. «Рефлексиялаушы практик» деген ұғым философ, психолог және оқу ре-
форматоры Джон Дьюи мен философ, индустриялық және технологиялық зерттеуші Дональд 
Шонның жұмыстарынан шығып отыр. Дьюидің «Біз қалай ойлаймыз?» (1910) деген кітабы 
рефлексиялық ойды шешілуге тиіс мәселелерді зияткерлендіру тұрғысынан қарастыра отырып, 
оқытуға ерекше ықпал етті: идеялар мен болжамдарды дамытып, практикалық жағдаяттарды 
зерттеу және талдауға бастама жасап іске асыру; болжамды тәжірибеде сынап көру.
Үдерістің  бұл  мағынасы  Шонның  соңғы  еңбектерінде  рефлексиялық  тәжірибені 
педагогтердің  проблеманы  анықтап,  өз  іс-әрекеттерінде  эксперимент  жүргізе  отырып 
шешу  әдісі  ретінде  қарастыратынына  байланысты.  Шонның  «Рефлексиялаушы  практик: 
кәсіпқойлар  іс-әрекетте  қалай  ойланады»  (1983)  деген  кітабының  ықпалы  күшті  болды. 
Оның «техникалық ұтымдылық» ұғымын кәсіби білім негізі деп тануды жоққа шығара отырып, 
кәсіпқойлардың не істейтіндігін түсіну негізіне «рефлексия» түсінігін қоюы бұл іске қосқан 
зор үлесі болып табылады. Техникалық ұтымдылық кәсібилікпен салыстырғанда негізгі па-
радигма бола алмады. Оның «іс-әрекеттегі толғаныс» деген ұғымы кейде «іс барысындағы 
толғаныс» ретінде де сипатталады. Бұл біздің тәжірибемізге көзқарасты, біз пайдаланатын 
эмоциялар  мен  тоерияларды  ескеруді  көздейді,  соның  салдарынан  өзгеріп  жатқан  жағдайға 
сай әрекет етуге көмектесетін жаңа сезімдер туындайды. Бұл үдерістен кейін «іс-әрекеттен 
кейінгі толғаныс» жүреді.
Бұл үдеріс кейінірек, біз жазбаны аяқтап, оны әріптесімізбен немесе тәлімгермен талқылай 
бастағанда жүзеге асырылады. «Іс-әрекеттен кейінгі толғаныс» актісі топта не болып жатқанын, 
өзіміздің белгілі бір жағдайда неге дәл осындай іс-әрекет жасағанымызды зерттеуге мүмкіндік 
береді. Сонымен қатар біз өзіміздің іс-әрекетіміз бен тәжірибемізге қатысты бірқатар ойлар 
мен сұрақтарды анықтаймыз.
Төмендегі дағдылардың кейбіреуі рефлексиялық оқыту тұрғысынан қолданылады:
•  проблемаларды анықтап, оларды шешудің шынайы құралдарын айқындау;
•  проблемаларды шешудегі басымдықтардың, иерархияның және кезектіліктің маңызын 
түсіну;
•  тиісті ақпаратты жинақтау мен сұрыптау;
•  нақты және түсінікті сипаттама;
•  белгіленбеген жорамал мен құндылықтарды мойындау;
•  нәтижелерді түсіндіру, дәлелдерді бағалау, тұжырым жасау;
•  шынайы қорытындылар мен жалпылаулар жасау;
•  жасалған тұжырымдар мен жалпылауларды қуаттау;
•  алынған тәжірибенің негізінде ұстаным модельдерін түзету.
Баланың не үйренгені туралы сын тұрғысынан ойлау
Рефлексиялық оқытуға балалардың үйренгендері жайында сын тұрғысынан ойлау кіреді. 
Бұл олар көрсеткен сын тұрғысынан ойлау дағдыларын зерттеуді, жазып алуды және бағалауды 
талап етеді. Бұл қабілеттер мен дағдылар оқу үдерісіндегі белгілі бір дәлелдерді талқылап, 
қарастыруды  қажет  ететін  тапсырмаларды  орындау  барысында  көрініс  береді.  Бұл  арқылы 
олар,  мәселен,  саяхатшылар  мен  көлік  туралы  біледі,  өйткені  бұл  адамдардың  өмір  жолын 
тілге тиек ете отырып, қажеттіліктерді танып-білуге құрылған немесе тарихтағы өзгерістер 
мен үздіксіз ізденістер туралы біліп, адамның әлеуметтік-экономикалық өміріне әсер ететін 
қоршаған орта мен технологияның арасындағы қарым-қатынастармен танысу мүмкіндіктеріне 
ие болады.
Сонымен қатар гуманитарлық ғылым мен социологияның кез келген аспектісін, мысалы, 
балалық шақ пен отбасы, тамақ, аспаздық ілімі мен тағамдар, киім мен дүкенге бару, бос уақыт 
пен спорт, музыка мен ойын-сауық сияқтыларды талқылауға болады.


48
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктері:
Ұтымдылық: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу; үзілді-кесілді жауаптарды іздеудің 
орнына  сұрақ  қою;  дәлелдерді  талап  етіп,  кез  келген  дәлелді  есепке  алып  отыру;  эмоцияға 
емес, себепке негізделу (бірақ төменде айтылатын өзіндік сана-сезімге қатысты эмоция да бо-
луы ықтимал).
Сыңаржақтылықтың  болмауы:  барлық  қорытындыларды  бағалау;  болжамды 
көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын қарастыру; баламалы интерпретацияларға ашық 
болуға ұмтылу.
Пайым:  дәлелдердің  деңгейі  мен  маңызын  мойындау;  балама  жорамалдар  мен 
мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылығын мойындау.
Тәртіп: тиянақты, нақты және жан-жақты болу (барлық дәлелдерді есепке алып, барлық 
көзқарастарға көңіл бөлу).
Өзіндік  сана-сезім:  өзіміздің  эмоциямыз  бен  көзқарасымыздың,  сеніміміз  бен 
болжамдарымыздың субъективті екенін сезіну.
Жалпы  сын  тұрғысынан  ойлайтын  оқушылар  белсенді  болады,  олар  сұрақ  қойып, 
дәлелдерді  талдайды,  мағынаны  анықтау  үшін  саналы  түрде  стратегиялар  қолданады;  олар 
ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді
мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады.
Төменде  берілген  құрылымды  өзіңіздің  оқытуыңыз  бен  баланың  оқуы  жайында  сын 
тұрғысынан ойланып-толғануда да қолдануға болады:
1. Балаларды оқыту үдерісін бақылау нәтижесінде алынған дәлелдемелермен танысыңыз.
2. Тапсырмалар мазмұнын құрайтын оқу мақсатын түсініңіз.
3.  Оқу  мақсаттары  мен  ол  мақсаттарға  жету  үшін  оқушылар  атқаратын  жұмыстардың 
әдістері мен олардың жетістіктері арасындағы қарым-қатынастарға талдау жасаңыз. 
4.  Жеке  оқушылардың  көрсеткен  түрлі  деңгейдегі  түсініктері  мен  дағдыларын 
салыстырыңыз.
5.  Барлық  сынып  көлемінде  көрсетілген  іс-әрекеттің  нәтижесі  туралы  ойлану  үшін  өз 
зерттеулеріңіз бен осы ақпарат көздерін біріктіріп, жинақтаңыз.
6. Балаларға білім беруге қатысты қызметтің шартты түрдегі табысы немесе күйреуі тура-
лы қорытынды жасап, бағалаңыз.
7. Бұл сыни бағалаудан алған түсініктеріңізді келесі тапсырмалар мен жобаларды жоспар-
лауда пайдаланыңыз.
8.  Дәлелдерді  дамытып,  тұжырымдамалар  мен  қорытындыларды  құрастыру  үшін, 
қоғамдық ғылымдарда оқыту мен оқу нәтижелерін анықтау үшін сын тұрғысынан ойлаудың 
пайдаланылуын негіздеңіз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
Alexander,  R.  J.  (2001).  Culture  and  Pedagogy:  International  comparisons  in  primary  education 
[Мәдениет және педагогика: бастауыш білім берудегі халықаралық салыстыру]. Oxford: 
Blackwell Publishers.
Alexander, R. J. (2008). Towards Dialogic Teaching. Rethinking classroom talk (4
th
 ed.) [Диалогтік 
оқыту. Сыныптағы әңгімені қайта қарау (4-басылым)]. York: Dialogos.
Glaser, E. M. (1941). An Experiment in the Development of Critical Thinking [Сын тұрғысынан ой-
лауды дамыту эксперименті]. New York: Bureau of Publications, Teachers College, Columbia 
University.
Wolfe, S., & Alexander, R. J. (2008).  Argumentation and dialogic teaching: alternative pedagogies 
for a changing world  [Дәлелдеме және диалогтік оқыту: өзгермелі әлемдегі баламалы пе-
дагогика]. Available at 
http://www.beyondcurrenthorizons.org.uk/wpcontent/uploads/ch3_final_
wolfealexander_argumentationalternativepedagogies_20081218.pdf
  Accessed  February  19, 
2012.


жүктеу 4,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   109




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау