Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық


Диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту



жүктеу 4,87 Mb.
Pdf просмотр
бет19/109
Дата14.11.2018
өлшемі4,87 Mb.
#19412
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   109

45
Диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Сыныптағы қарым-қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік 
үлгілері – зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диалог – мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен 
білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартуымен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерін 
өрістетіп,  зияткерлік  қырларының  дамуына  ықпалын  тигізетінін  көрсетті.  Александердің 
(2001, 2008) Диалогтік оқыту теориясына сәйкес, сыныптың қолданбалы зерттеуін зерделер 
болсақ, ол диалектикалық және диалогтік педагогика тұрғысынан оқушылардың ой-пікірлері 
назарға болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым-қатынастың дәстүрлі моделіне күмәнмен 
қарайды. Көзбен көру және ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым-қатынас жасау балаларға 
дәйектеу дағдыларын шынықтыруға және жеке тәсілдермен білім алуға мүмкіндік бере оты-
рып, формалды түрде оқуды азайтады. Олар кітап арқылы оқыту сияқты дәстүрлі тәсілдерге 
наразылық  білдіреді,  сондықтан  мұғалімдер  білім  мен  зерттеу  үдерістерін  басқармай, 
бағыттап отыру үшін өздерінің рөлдерін қайта қарауы керек.
Балаларды  диалог  пен  дәйектеуге,  пікірталасқа  тарту  белсенді  жүргізілген  жағдайда 
олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеу-
лер де көбейе түсуде. Осылайша балаларды ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда  өмір сүруге 
қажетті  дағдылармен  және  қасиеттермен  қаруландыру  –  мұғалімдер  үшін  ынталандырушы 
күш  болып  табылады.  Балалар  күннен  күнге  қолжетімділік  артып  келе  жатқан  анағұрлым 
кең  коммуникациялық  үдерістерге  тиімді  және  ойдағыдай  қатысуға  мүмкіндік  беретін  сын 
тұрғысынан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек (Wolfe and Alexander, 2008).
Біз  баламалы  мүмкіндіктер  заңдылығына  және  адамдардың  тәжірибесіне  сүйене  оты-
рып,  қазіргі  білім  жиынтықтары  мен  ойлау  нормаларын  үйрету  арасындағы  шиеленіскен 
қатынастарды реттеу тәсілдерін қарастыруымыз керек.
Қолдануға  болатын  әдістер  ретінде  «Зерттеушілік  әңгіме»  немесе  «дәйектеу»  және 
«диалогтік  оқыту»  мен  «қолдау»  көрсетілген.  Александер  тәжірибеде  зерттелген  білімді 
игерудің бес үлгісін анықтады:
•  механикалық есте сақтау (үнемі қайталап отыру арқылы фактілерді, ойларды және 
күнделікті іс-әрекеттерді жаттау);
•  декламация  (тестілеу  үшін  дайындалған  сұрақтарды  пайдалану;  бұрын  өткендерді 
еске түсіруге ынталандыру; оқушыларға жауап туралы ойлауға түрткі болу үшін ишара 
жасау арқылы білім мен түсінігін толықтыру);
•  нұсқаулық/баяндау (оқушыға не істеу керектігін түсіндіру немесе ақпаратты жеткізу, 
фактілерді, қағидаттар мен рәсімдерді түсіндіру);
•  талқылау (ақпаратты тарату және мәселелерді шешу мақсатында ой бөлісу);
•  диалог  (қателік  пен  тәуекелдерді  азайтып,  таңдауды  қысқартуға,  түсініктер  мен 
қағидаттарды «жеткізуді» тездетуге ықпал ететін құрылымдалған, кумулятивтік әңгіме 
мен пікірталас арқылы өзара түсіністікке қол жеткізу) (Alexander, 2001, 2008).
Әңгіменің сапасы мен мазмұны балалардың оқуы үшін аса маңызды 
Пікірталас  пен  диалог  өзінің  танымдық  әлеуетімен  ерекшеленеді.  Диалог  барысында 
балаларға баламалы мүмкіндіктер беріліп, басқа адамның көзқарасын өзінің тұжырымдамалық 
түсінігін  тереңдетіп,  дамуын  ынталандыратын  әдістермен  қарастыру  ұсынылады.  Бұл  – 
мұғалімдердің  көпшілігінің  түсінігі  бойынша,  диалог  пен  ауызекі  немесе  «интербелсенді» 
оқытудың арасындағы айырмашылықты логикалық және ұтымды дәлел ретінде қолданатын 
«диалектика» элементі (Wolfe and Alexander, 2008).
Дәлелдемеге  идея  мен  мүмкіндіктерді  алға  жылжыту  және  келісу  деген  анықтама 
берілген.  Оқушылар  өздерінің  құрдастарымен,  сарапшылармен  диалог  жүргізу  барысында 
тәжірибе жинақтап және ой әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуге талпына отырып, бала-


46
малы мүмкіндіктер туралы сын тұрғысынан ойлап, зерттеу жүргізуге қабілетті бола түседі. 
Түсінуді  басты  назарға  ала  отырып  ынтымақтастықпен  оқу  немесе  мәселені  шешу  үдерісі 
оқушылардың тиімді дәлелдерді жүйелеу қабілеттерін жоғарылатады.
Сұрақ туындаған жағдайда, мұғалімдердің ақпарат көзі болуы міндетті емес, оқушылар 
мен мұғалімдер бірлесіп интернет көмегімен зерттеу жұмыстарын жүргізе алады, мұғалімдер 
оқушыларға табылған ақпараттардан кажеттілерін таңдап, баға беріп, іздеудің тәсілдері туралы 
сын тұрғысынан ойлауға көмектесе алады. Диалогтік педагогика – балалар мен мұғалімдердің 
жаңалық ашу мен оқуда өзара қарым-қатынас орнатуы.
Мерсер сыныпта талқылау кезінде өз сөзін дәйектеудің үш түрін анықтады, олар:
•  әңгіме-дебат, оқушылар бәсекеге қабілетті, басқа адамдардың көзқарасын қабылдауды 
қаламайды;
•  кумулятивтік  әңгіме,  мұнда  оқушылар  бір-бірінің  үлесін  сынамайды  және 
сындарлылыққа негізделеді;
•  зерттеушілік әңгіме, ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген 
дәлел мен сын тұрғысынан ойлау арқылы жалғасады (Mercer, 2000).
Мұғалім  диалог  жүргізудің  ережелері  туралы  келісімді  нақтылап,  сыныпта  диалогтің 
үлгісін құруы керек, оқушылар бір-бірімен жаңа және ең тиімді тәсілді іздестіре және мағына 
құрудың бірлескен тәсілдерімен әрекет ете отырып жұмыс істеуі керек. Ол үшін оқушылардың 
ерекшелігі  мен  қызығушылығын  түсініп,  олардың  қарым-қатынастары  мен  эмоцияларына 
көңіл аудару қажет. 
Оқушылардың  істегендері  мен  айтқандарын  тыңдап,  талдай  отырып,  оларға  жауап  бер-
ген кезде мұғалімдер оқушыларға білім алуда тиімді қолдау көрсету мүмкіндігіне ие болады. 
«Оқыту бағалау ретінде» деген ұғым мен қалыптастырушы бағалау қағидаты білім алып қана 
қоймай, білімді түзетін әдістерге қатысу арқылы оқу дегенді білдіреді. 
Бұл  идеялар  оқушыларды  оқыту  мен  оқу  үдерісінің  белсенді  қатысушысы  ретінде 
қарастыратын сындарлылық құрылымына сай. Адамдардың қай тұрғыдан алғанда да бір-біріне 
икемделуі  құрмет  пен  сенімге  негізделген.  Диалогтік  оқыту  ұжымдық  (мұғалім  мен  бала 
бірігіп тапсырманы орындайды) және өзара білім алмасуға жағдай туғызатын (мұғалімдер 
мен балалар бір-бірін тыңдап, идеялармен бөліседі және балама көзқарастарды қарастырады) 
және қолдаушы (балалар қате жауап бергені үшін қорықпай, өз идеяларын еркін жеткізіп, бір-
біріне өзара түсіністікке жетулеріне көмектеседі) болып табылады.
Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауы
Қазақстандағы  кәсіби  дамудың  жаңа  бағдарламасына  сай  сын  тұрғысынан  ойлайтын 
мұғалімдер балалардың сын тұрғысынан ойлауына қатысты жоғарыда айтылған құрылым мен 
үдерістерге сүйенуі мүмкін. Бірақ, ең алдымен, біз рефлексиялық оқыту ұғымын саралап, білім 
беру бағдарламасындағы сын тұрғысынан ойлауға деген қажеттілікті ескеруіміз керек.
Сын тұрғысынан ойлау әдісі негізделген дәлелдер мен мәнмәтіндерді, тұжырымдар мен 
әдістер және критерийлерді қолдана білетін, нысаналы, өзін реттей алатын ой үдерісі ретінде 
бейнеленіп отыр. Балалардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты, атап 
айтқанда: тыңдау мен зерттеу арқылы оқу, мәнмәтінге көңіл бөліп, шешім қабылдау үшін тиісті 
өлшемдерді қолдана білу сияқты дағдылармен қоса, мұғалімдер:
•  білім беру бағдарламасы мен оқыту үдерісін түсіну үшін қажетті теориялық базаны;
•  қорытынды мен тұжырымдарды қалыптастырудың тиісті әдістері мен технологияла-
рын дамыту керек.
Рефлексиялық оқыту
Мұғалімдердің  көпшілігі  өздерінің  білімдері  мен  кәсіби  дайындықтарына  сәйкес,  өз  
жұмыстары туралы толғанатыны шындық, дегенмен, бұл үдерісті барынша оң ықпалды және 


жүктеу 4,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   109




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау