Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық



жүктеу 4,87 Mb.
Pdf просмотр
бет17/109
Дата14.11.2018
өлшемі4,87 Mb.
#19412
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   109

41
1.  Проблемалар мен мәселелерді шешу кезінде өз тәжірибесін қалыптастыруға ықпал ететін 
ойлау үдерісін жүзеге асыру.
2.  Логикалық зерттеу мен пайымдау әдістерін білу.
3.  Осы әдістерді қолданудағы тәжірибелік дағдылар.
Балалар мен ересектердің сын тұрғысынан ойлауын дамытуға, проблемаларды зерделеу және 
шешімдерді жекелей немесе топтарда қабылдауға бағытталған заманауи білім беру бағдарламасы 
аталған үш негізгі элементке сүйенеді.
Заманауи түсінік
Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған 
ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, соны-
мен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе 
бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа неме-
се түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық 
әрекеттерге  бейілділік  пен  басқаларды  сын  тұрғысынан  ойлауға  баулуды  білдіреді.  Сын 
тұрғысынан ойлау дағдыларының негізгі тізбесіне қадағалау, интерпретация, талдау, қорытынды 
жасау, бағалау, түсіндіру, метатану кіреді.
Сарапшылардың пікірінше, сын тұрғысынан ойлау проблемаларымен белсенді айналысатын 
адамдар мен топтар:
•  қадағалау жолымен алынған деректерге;
•  мәнмәтінге;
•  барабар шешім қабылдауға арналған тиісті критерийлерге;
•  ой-пікір, пайымды қалыптастыру үшін қолданылатын әдістерге;
•  алдағы проблемалар мен мәселелерді түсіну үшін қолданылатын теориялық құрылғыларға 
тиісті көңіл бөледі.
Сын тұрғысынан ойлау дағдысы мынадай бөлшектерден құрылады:
•  проблемаларды анықтап, оларды шешудің шынайы құралдарын айқындау;
•  проблемаларды шешудегі басымдықтардың, иерархияның және кезектіліктің маңызын 
түсіну;
•  тиісті ақпаратты жинау;
•  белгіленбеген жорамал мен құндылықтарды мойындау;
•  тілді түсіну және нақты, анық және түйсіне қолдану;
•  дәлелдер мен дәйектерді бағалау, деректерді интерпретациялау;
•  тұжырымдар  арасындағы  логикалық  байланыстардың  болуын  (немесе  болмауын) 
белгілеу;
•  шынайы қорытындылар мен шолу жасау;
•  жасалған қорытындылар мен шолуларды сараптау;
•  алынған тәжірибенің негізінде ұстаным модельдерін түзету;
•  күнделікті шынайы өмір тұрғысынан нақты нәрсе (құбылыстар мен т.б.) туралы барабар 
пікір қалыптастыру.
Бастапқы деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі: 
•  тиісті ақпарат жинауды;
•  дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды;
•  кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;
•  ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.
Оқыту мен оқудағы сын тұрғысынан ойлау сияқты күрделі міндеттермен қатар, бұл үдеріс 
анықталмаған болжамдар мен құндылықтарды, проблемаларды мойындау және оларды шешудің 
тиімді  құралдарын  табуды,  түрлі  міндеттерді  шешуде  басымдықтарды  белгілеудің  маңызын 
түсінуді қамтиды.


42
Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастырумен қатар, оқушы немесе мұғалім оларды 
тәжірибелік жағынан пайдалануға дайын болуы тиіс. Глейзер (1941) сын тұрғысынан ойлау «оған 
белгілі бір қорытындыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін дәлелдер тұрғысынан кез келген 
ұстанымды немесе болжанатын білім нысанын зерделеу үшін табанды күш жұмсауды» қамтиды 
деп пайымдайды. Сын тұрғысынан ойлау – өз ойын бағалау ниетінің болуы және оны істей білу, 
ол кез келген субъект үшін қалыпты болып табылатын шыншыл, ашық, дәйекті, талдау жасауға 
қабілетті, білімқұмар, өзі мен өзгенің пікіріне сеніммен қарайтын және шешім қабылдауда пара-
сатты болу ниетін дамытуды көздейді. Сын тұрғысынан ойлаудың осы қағидаттарын ұстанбайтын 
немесе  қарсы  пікірді  ұстанатын,  яғни  зияткерлік  жағынан  тәкаппар,  теріс  ойлағыш,  шыдам-
сыз, қызба, тәртібі нашар, жалқау, әрекеттің салдары туралы ойламайтын, жаңа ақпараттарға 
немқұрайды қарайтын, басқаның пікіріне сенбейтін адамдар сын тұрғысынан ойлау дағдыларын 
пайдалану кезінде тығырыққа тірелуі мүмкін. Дұрыс қорытындының маңызын мойындай алмау 
өзін-өзі алдау мен жекелей де, ұжымдық та жабық ойлауға әкелуі ықтимал.
Блум таксономиясы
1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум 
таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен 
қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады (13-сурет). Бұл жұмыстың мақсаты үш 
бағыт бойынша: танымдық, эмоционалдық және психомоторлық жағынан оқушыларды оқыту 
мақсаттарының тізімін жасау болатын. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым 
тұтас нысанын құру мақсатында педагогтерді өздерінің күші мен назарын барлық үш салаға 
бірдей аударуға ынталандыру. 
Бағалау
Жинақтау
Талдау
Қолдану
Түсіну
Білу
13-сурет. Блум таксономиясы 
Танымдық  саладағы  дағдылар  белгілі  бір  тақырыпты  білу,  түсіну  пен  сыни  ойлау 
тұрғысынан қаралады. Дәстүрлі білім беру негізінен осы дағдыларды, яғни төмен тәртіптегі 
мақсатты алға тартуға ұмтылады. Блум таксономиясы, жоғарыдағы суретте көрсетілгендей, 
ең  төменгі  үдерістерден  жоғарыға  қарай  кезең-кезеңмен  қозғалуды  көздейтін  алты  кезеңді 
қамтиды.
Білу
Фактілерді, жағдайларды, негізгі тұжырымдамалар мен жауаптарды көрсету арқылы өткен 
материалдардың есте сақталғанын растау:
•  Арнайы сипаттамаларды білу (терминология, нақты фактілер мен т.б.).
•  Жалпылайтын  сипаттамаларды  білу:  конвенциялар,  үрдістер  мен  сабақтастық, 
жіктелімдер мен санаттар, критерийлер, әдістемелер және т.б.


жүктеу 4,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   109




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау