|
Глоссарий алтын қима- көзге ең комфортты пропорция негізінде симметрия және алтын қима арасындағы үлесім, әсемдік пен гормонияны сезуге көмектеседі. Антропометрия
|
бет | 1/2 | Дата | 04.01.2022 | өлшемі | 18,09 Kb. | | #31666 |
| АМӨӘ инд зад
ГЛОССАРИЙ
Алтын қима- көзге ең комфортты пропорция негізінде симметрия және алтын қима арасындағы үлесім, әсемдік пен гормонияны сезуге көмектеседі.
Антропометрия - адам денесініц салмағы мен өлшемін зерттеу. Эргономика жұмыс орын талаптарына сәйкес пайдаланушыға ыңғайлы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Ахроматикалық- адамның көру жүйесінің ұзындығы толқындардың электромагнит энергиясын қабылдайды. Зат немесе оның көзі. Мұндай көру аймағын ахроматикалық деп атаймыз. Ахроматикалық объектінің көзі ақ көрінеді.
Динамикалық жігер - қол бұлшықетінің қозғалуында байқалады Статикалық жігер бұлшықеттің ұзақ уақыт бұлшықеттің жиырылуында байқалады.
Дыбыс биіктігі – дыбыс жиілігі. Төменгі жиілік – төменгі биіктігі, ал жоғарғы жиілік – жоғарғы биіктікті түзейді. Жиілік герцпен өлшенеді.
Есту- дыбыс толқыны құлаққа жеткенде олар механикалық қысымның өзгеруін тудырады., ал бұл өзгеру есту рецепторны қоздырады.
Жарықтық (brightness ) – жарық деңгейлеріне субъективті реакция. Жарықтық сәулеліктерге (luminance) байланысты.
Интерфейс- тәуелсіз жүйенің басқа жүйемен кездескен орны. Жалпы түрде бұл пайдаланушы мен компьютер арақатынасын жөндейтін тәсілдер.
Интенсивтілік – жарық сәулесінің интенсивтілігімен, энергиясымен анықталады. Қабылдайтын түс саны көздің қабылдау қабілетімен анықталады.
Иконкалар формальді анықтама бойынша –обьектті көрнекті түрде көрсетуге арналған құралдың аймағы.
Көру аймағына- Көру жарықтан басталады. Жарық көзі күн немесе электр шамы болуы мүмкін. Көзге түсу алдында жарық басқа заттардан сындырылады, бұл заттар кіреді, бұл көре алатын аймақ.
Көру қабілетінің дәрежесі (visual acuity) – бұл адамның затты нақты көру қабілеті.
Контраст – объектінің және фонның сәулелігімен анықталады. Суретте төрт бірдей сұр квадрат, әр түрлі фондарда көрсетілген. Бұл 4 квадрат ақшыл немесе күңгірт болып көрінеді.
Көру бұрышы - Затты қоршаған жарық торлы қабыққа жеткенде өзгермелі бұрмалы бейнені және бейненің өлшемін түзеді.
Кеш эффект деген әрекет байқалады, бұнда сіз көп адамдармен бір бөлмеде отырып, сөйлесип отырсаңыз біреу сізді атымен атаса, сіз бұрыласыз.
Көрнектілік(affordance) - эффективті, ыңғайлы ментальді модель құрастыру процесін жеңілдететін бір жайтты айтамыз. Қазіргі кезде бұл көрнекілік термині мына жағдайда аталады: өз ажырамас қасиеттерімен субъектіге объект өзін қолдану тәсілін көрсетеді
Қаныққандылық немесе тон жиілігі – сәуле құрамындағы ақ түстің үлесіне байланысты. Таза жарықта бұл үлес 100 пайызға тең және ақ түстің қосылуымен азаяды.
Құрылымдық бағыт- пайдаланушылар жұмыс моделі сияқты, бірақ жобалаушымен пайдаланушы алдында келетін қиыншылықты жоспарлау тиіс.
Қабылдау-енгізу жолы, тәжірибе және бұрынғы білімнің комбинацияланған информационды бағыт. Қоршаған ортада ақпарат көп, біздің сезіміміз оны қабылдайды, ал миллионын өңдейді.
Қаттылық – дыбыс амплитудасына пропорционал. Дыбыс қаттылығы децибелмен өлшенеді. Есту табалдырығы 0 децибелмен анықталады.
Қысқа мерзімді зерде- ойлау қабілетіне байланысты болғанынан жұмысшы зерде деп аталынады. Жаңа ақпарат ескі ақпараттың орнын толтырады. Егер ақпарат қолданылмаса онда ол тез ыдырайды
Меню –пайдаланушыға таңдау мүмкіндігінберетін, ішкі құрылымның визуальды қолтаңбасы.
Ментальді модель деп- жүйені мәнді түсіну айтамыз. Жүйе процесінде болып жатқан мәнді дәл түсінуге қажетті емес, одан да әрі оларды дұрыс түсінуге қажетті емес.
Нұсқағыш -графикалық жүйеде әдетте координаталар нұсқағыш құралдарға ие, ол тышқан немесе шарлық манипулятор.
Принциптер – жобалауға тиісті жеке қасиеті бар жалпы нұсқаулар
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|