«ПАВЛОДАРЭНЕРГО»
Акционерлік қоғамы
|
|
Акционерное общество
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО»
|
ПРЕСС-РЕЛИЗ
Павлодар қ. 2015 жылғы 30 маусым
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Павлодар 3-ЖЭО-нда
жаңа турбоагрегат іске қосылды
Павлодар 3-ЖЭО-ның қуаттылығы артты: жылу электр орталығында жаңа ПТ-65/75-130-13 турбоагрегаты іске қосылды. Турбина 3-ЖЭО-ның электр қуатын 45 МВт-қа арттыруға мүмкіндік береді. Бұл 2011 жылдан бері станцияда ауыстырылған үшінші жаңа турбина: ол жылу электр орталығында 1972 жылдан бері жұмыс істеп келген және әлдеқашан тозығы жеткен, ПТ-60-130/13 бұзылған жабдығының орнына орнатылды. 2011 жылы Павлодар 3-ЖЭО-нда осындай ПТ-65/75-130-13 турбоагрегаты пайдалануға берілді, тағы бір неғұрлым қуаттырақ Т-120/130-130ПР2 турбоагрегаты 2014 жылғы желтоқсанда орнатылды. Сөйтіп, бүгінгі күні Павлодар 3-ЖЭО-ның жаңаланған энергетикалық жабдығының жиынтық қуаты 525 МВт-тан 255 МВт-қа артты.
«Павлодарда электр мен жылуды тұтыну көлемін өсіру жоспарланып отыр. Жаңа турбинаны орнату қаланың жылу мен электр энергиясына өсіп отырған қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл экономиканың өсуіне, жаңа бизнес-жобалардың табысты дамуына, сондай-ақ өңір тұрғындарын энергиямен жабдықтауды жақсартуға ықпал ететін болады», - деп атап өтті «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Бас директоры Олег Перфилов. – Биылғы жылы біз электр қуаты 125 МВт тағы бір Т-120/130-130ПР2 турбинасын іске қосуды жоспарлап отырмыз және бұл қазіргі Қазақстанның электр энергетикасының тарихындағы бірегей жетістік болады».
Бу турбиналары мен қазандық агрегаттарын қайта жаңартудың барлық жобалары технологиялық үдерісті (процесті) заманауи автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізуді көздейді (ТП АБЖ), бұл энергетикалық жабдықтың пайдалы әсер коэффициентін арттыруға, көмір мен мазуттың шығынын барынша азайтуға және сәйкесінше, экологиялық көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік береді.
2013-2014 жылғы бағаларымен станциялық №2 турбина құрылысының жалпы сметалық құны 6,6 млрд-тан астам теңгені құрайды. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО-н кеңейту және қайта жаңарту тұжырымдамасы» бойынша 2011 жылдан бастап 2017 жылға дейін барлығы 5 турбоагрегат және 2 қазандық агрегатын ауыстырып, қайта жаңарту жоспарланып отыр. Нәтижесінде Павлодар 3-ЖЭО турбина цехының жабдығы 90%-ға жаңартылатын болады.
Шекті тарифтердің мемлекеттік бағдарламасының қорытындысы бойынша жаңа активтер құруға, сондай-ақ, оларды кеңейтуге, жаңалауға, қолдауға, қайта жаңартуға және техникалық қайта жарақтандыруға арналған инвестициялардың көлемі шамамен 47,3 млрд теңгені құрайды. Шекті тарифтер саясатынан алатын тиімділікті күшейту үшін «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, сондай-ақ, өз қаражатын белсенді инвестициялайды және халықаралық қаржы институттарынан инвестиция тартады.
***
Анықтама
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ құрамында 3 жылу электр орталығы бар:
3-ЖЭО, орнатылған электр қуаты 525 МВт ЖЭО-ның негізгі жабдығын 6 қазандық және 6 турбина құрайды.
2-ЖЭО, орнатылған электр қуаты 110 МВт ЖЭО-ның негізгі жабдығын 5 қазандық және 3 турбина құрайды.
Екібастұз ЖЭО, орнатылған электр қуаты 12 МВт. Станцияның негізгі жабдығын 6 бу қазандығы, 5 су жылыту қазандығы және 1 турбина құрайды.
Анықтама
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ – электр және жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізумен айналысатын сатылас интеграцияланған энергетикалық компания. Энергия жүйесінің құрамына Павлодар 3-ЖЭО, 2-ЖЭО, Екібастұз ЖЭО, Павлодар мен Екібастұз қалаларының жылу желісі кәсіпорындары, «Павлодар Жылу желісін Тарату Компаниясы» АҚ, «Павлодарэнергосбыт» ЖШС кіреді.
Электр беру желісінің ұзындығы 15 934 км астам, жылу желілерінің ұзындығы – 756 км астам. Электр станцияларының орнатылған жиынтық электр қуаты 2015 жылғы қаңтардан бастап 642 МВт, жылу энергиясы бойынша 2015 жылғы қаңтардан бастап – 2140 Гкал/сағатты құрайды. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ жалпы ауданы 124, 8 мың км2, халқының саны 748, 9 мың адам болатын Павлодар облысының аумағын электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Қазақстандағы ірі жеке электр энергетикалық компания болып табылатын «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ интеграцияланған энергетикалық холдингінің құрамына кіреді.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қоғаммен байланыс бөлімі
Тел./факс: +7 7182 39-98-50, e-mail: pr@pavlodarenergo.kz, www.pavlodarenergo.kz
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, 140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Кривенко к-сi, 27
АО «ПАВЛОДАРЭНЕРГО», 140000, Республика Казахстан, г. Павлодар, ул. Кривенко, 27
тел: +7 7182 39 95 06, факс: +7 7182 32 97 88, e-mail: info@pavlodarenergo.kz, www.pavlodarenergo.kz
|
Достарыңызбен бөлісу: |