Бағдарламасы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы"



жүктеу 437,7 Kb.
Pdf просмотр
бет5/17
Дата16.02.2018
өлшемі437,7 Kb.
#9837
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

техникалық саясат әзірленетін болады.

    


2) Мемлекеттік органдардың ашықтығы

      Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      Қазіргі уақытта мемлекеттің тұрғындармен және бизнеспен диалогының және кері 

байланысының тетігі құрылған. Мемлекеттік органдардың көпшілігі азаматтар мен бизнеске 

арналған ақпаратты қамтитын интернет-ресурстар құрды.

      Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына мүгедектер үшін қолжетімділікті 

қамтамасыз ету жөніндегі талаптар заңнамалық тұрғыда бекітілді.

      Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарындағы ақпараттың толықтығы мен сапасына 

бағалау жүргізілуде.

      «Электрондық үкімет» порталында «Виртуалдық қабылдау бөлмесі» қызметі іске асырылған, 

онда азаматтар мемлекеттік органдарға тікелей жүгінеді.

      Бұдан басқа, мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірінші 

басшыларының блогтары жүргізіледі, онда әрбір ниет білдіруші өзінің пікірін білдіре алады 

және өзін қызықтыратын сұрақтарын қоя алады.

      Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсында «Бизнесті президенттік 

қорғау» деген арнайы бөлім құрылды.

      Сондай-ақ «электрондық үкімет» порталында Үкімет мүшелерінің және билік органдары 

өкілдерінің қатысуымен тұрақты түрде интернет-конференциялар өткізіледі. Осындай 

конференциялар кезінде азаматтар интерактивті режимде өздерінің сұрақтарына жауап алады.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі өткізген он-лайн отырыстардың саны 2011 жылы 37, 

он-лайн конференциялар саны 40 болды.

      Міндет: азаматтардың, бизнестің және қоғамның ақпараттағы құқықтары мен заңды 

мүдделерін қанағаттандыру үшін мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен есептілігін 

арттыру.


      Нысаналы индикаторлар:

      1) Бағдарламаны іске асыру мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының е-қатысу индексі (

БҰҰ әдістемесі бойынша) алғашқы 5 елдің қатарында болуға тиіс;

      2) «ашық деректер» сервистерінде орналасқан белсенді пайдаланылатын қосымшалардың саны

2017 жылы - кемінде 3, 2020 жылы - 10 құрады.

      Қол жеткізу жолдары

      Деректерді жинақтауды жүйелендіру және мемлекеттік органдардың ақпаратын құрылымдау 

мақсатында мынадай іс-шаралар іске асырылатын болады:

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі және мемлекеттік органдар «Электрондық үкімет» 

порталы арқылы азаматтар мен бизнеске беретін жария ақпарат тізбесін кеңейту;

      2) оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында оларды жария түрде тарату не 

мемлекеттік органдардың беруінің міндетті сипаты белгіленген электрондық ақпараттық 

ресурстарды уақтылы беру объективтілігі, толықтығы және дұрыстығы мақсатында ағымдағы 

заңнамаға өзгерістер енгізу;

      3) тұрғындармен диалог, көрсетілетін қызметтердің сапасын талқылау үшін, сондай-ақ 

мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын жоспарлау және нақты игеруі жөніндегі деректерді 

шоғырландыратын "ашық деректер" алаңы ретінде қызмет ететін «электрондық үкімет» порталды 

дамыту. "Ашық деректер" алаңы - бұл бұдан әрі өңдеуге және талдауға пайда болатын 

форматтарда ашық ақпаратты орналастыру үшін арналған алаң. Осындай көзқарас ашық мемлекеттік

деректер базаларын бизнестің, БАҚ-тың және азаматтық қоғамның кең пайдаланылуына мүмкіндік 

береді;

      4) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына тұрақты қоғамдық мониторинг жүргізу 



процесіне азаматтар, үкіметтік емес және басқа да мемлекеттік емес ұйымдар кеңінен тарту;

      5) мемлекеттік органдардың және халықтың әлеуметтік проблемаларды кеңінен талқылауы 

үшін Интернет желісінде әлеуметтік алаңдар қолданылатын болады, мемлекетті реформалау және 

жақсарту процесіне азаматтарды тарту тетігін әзірлеу және іске қосу;

      6) мемлекеттік мекемелердің интернет-ресурстарын бірегейлендіру және бірыңғай 

тұғырнамаға көшіру;

      7) азаматтардың барлық деңгейдегі әкімдерді және жергілікті өзін-өзі басқару 



органдарын қоса алғанда, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін электрондық бағалау 

тетігін іске асыру.

3) «Электрондық үкіметті» дамыту

      Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      2008 жылдан бергі кезеңде Қазақстанның «электрондық үкіметі» БҰҰ рейтингінде 43 

позицияға көтерілді. 2012 жылғы наурыздың басында жарияланған БҰҰ E-Government Survey-2012 

рейтінгінде Қазақстан 38-орынды иеленді. Он-лайн-қызметтерінің индексі 10 позицияға артты. 

Е-қатысу индексі бойынша Қазақстан Сингапурмен бірге 2-орынды бөлісті.

      Азаматтар мен ұйымдарға ақпаратты және қызметтерді ұсыну міндеттерін шешуде «

электрондық үкіметтің» базалық құрамдас бөліктері ойдағыдай іске асырылып, инфрақұрылымы 

және мынадай: электрондық лицензияларды беру, ХҚКО, салықтар мен айыппұлдарды электрондық 

төлеу, электрондық нотариат, электрондық  кеден, электрондық мемлекеттік қызметтер, «

электрондық үкіметтің» Саll-орталығы сияқты жобалар құрылды.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиімділігін арттыру мақсатында электрондық құжат 

айналымы, электрондық мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік органдардың порталдары сияқты 

жобалар іске асырылды, Қазақстанның барлық емдеу мекемелерін және медицинаны басқарудың 

бүкіл жүйесін қамтитын е-денсаулық сақтау жобасы енгізілуде.

      «Е-Қаржымині» және «Е-Статистика» жобаларын іске асыру аяқталуда.

      Мемлекеттік органдар «электрондық үкімет» инфрақұрылымы арқылы тұрғындарға және 

бизнеске 236 интерактивтік және транзакциялық қызмет ұсынады, оның 108 «электрондық 

лицензиялау» порталында және 128 «электрондық үкімет» порталында көрсетіледі.

      «Электрондық үкімет» порталын күн сайын 25 000-нан астам азамат пайдаланады. 13,3 

млн-нан астам е-анықтамалар, оның ішінде 2012 жылғы 1 жартыжылдықта 4 млн-нан астам 

электрондық анықтама берілді.

      «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту 

туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысымен жеке және

заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 

 бекітілген. 2013 жылдың соңына 

тізілімі

дейін әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді 100 % автоматтандыру жоспарланған.

      Электрондық мемлекеттік қызметтерді алу үшін тұрғындарға және бизнеске 1 млн-нан астам

электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) берілді.

      «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі лицензиар мемлекеттік органдардың бәрінде, 79 

аумақтық лицензиарда, 16 жергілікті атқарушы органның 8-інде енгізілді.

      2012 жылғы 1 сәуірден бастап орталық мемлекеттік органдардың барлық лицензиялары 

электрондық нысанда жасалады, 2012 жылғы 9 айда 13 мыңнан астам электрондық лицензиялар 

жасалды.

      92 лицензияны оңтайландыру, 80 рұқсат беру құжатын автоматтандыру және оңтайландыру 

жөніндегі жоспарлар бекітілді.

      13 сала үшін өнімділіктің, қызметтің, қосымшалардың, деректердің, технологиялар мен 

стандарттардың эталондық модельдері құрылды, сондай-ақ оларды толтыру және одан әрі 

сүйемелдеу үшін әдістемелер әзірленді.

      Орталық мемлекеттік органдарды сақтау мерзімі 10 жылға дейінгі құжаттарды қағаз 

тасығышта қайталамай, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық нысанда ғана электрондық құжат 

айналымына көшіру қамтамасыз етілді.

      Электрондық әкімдіктерді дамыту шеңберінде 20 мемлекеттік қызметті автоматтандыру 

мүмкіндігі бар «е-әкімдік» өңірлік шлюзі» жобасы іске асырылды.

      Міндеті: мемлекетті ақпараттандыру құралы ретінде «электрондық үкіметті» дамыту.

      Нысаналы индикаторлар:

      1) «электрондық үкімет» индексі (БҰҰ әдістемесі бойынша) 2017 жылы алғашқы 30, ал 2020

жылы - алғашқы 25 елдің қатарында болуға тиіс; 

      2) тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттану индексі 2017 жылы 5

балдың 4,5 балын, 2020 жылы - 4,7 балды құрауға тиіс;

      3) мемлекеттік қызметтерді көрсетудің төрешілдену индексі 2017 жылы - 3, 2020 жылға 

қарай — 1 болуы тиіс;

      4) дәстүрлі түрде алынған қызметтердің жалпы санына қарағанда көрсетілген электрондық 

мемлекеттік қызметтердің үлесі 2017 жылы - 50 %, 2020 жылы - 80 % құрауы тиіс;



жүктеу 437,7 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау