Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
2007 - 2010 жылдар бойы саланы дамыту Қазақстан Республикасында туристік саланы
дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына негізделді.
Осы кезеңде нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жұмысы жүргізілді. 2008 жылы кейбір
заңнамалық актілерге туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді.
Туризм саласында тұрақты негізде шетелде Қазақстанның имиджін қалыптастыру, оның
ішінде ақпараттық насихаттау бойынша жұмыс жүргізілгенін атап өткен жөн. Негізгі құралдар
әлемнің жетекші телеарналарында жарнамалық бейнероликтерді жасау және жүргізу, ірі
халықаралық туристік көрмелерге қатысу болып табылады.
2009 жылғы басты имиджді оқиға Астана қаласында 2009 жылғы қазан айында Дүниежүзілік
туристік ұйымның (ЮНВТО) Бас ассамблеясының 18-сессиясын өткізу болды. Оның жұмысына 146
мемлекеттен 700-ден астам делегат, ЮНВТО ұйымының мүшелері, сондай-ақ әлемдік БАҚ
құралдарының өкілдері қатысты.
Міндеті: АКТ енгізу арқылы туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігі мен
Қазақстанның туристік бағыт ретіндегі тартымдылығын арттыру.
Нысаналы индикаторлар:
1) интернет желісіне қосылған туристік инфрақұрылым объектілерінің (қонақ үй, демалыс
орындары және туристік фирмалар) үлесі 2017 жылы — 100%;
2) интернет-броньдаудың халықаралық жүйесіне ықпалдастырылған туристік инфрақұрылым
объектілерінің (қонақ үй, демалыс орындары және туристік фирмалар) үлесі 2017 жылы - 65 %,
2020 жылы - 100 %;
3) меншікті интернет-порталы бар туристік инфрақұрылым объектілерінің үлесі 2017 жылы
- 100 %;
4) ішкі бизнес-процестері автоматтандырылған туристік инфрақұрылым объектілерінің
үлесі 2017 жылы - 100 %.
Қол жеткізу жолдары
АКТ енгізу арқылы туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігін және Қазақстанның
туристік бағыт ретіндегі тартымдылығын арттыру үшін мынадай іс-шаралар жүргізілетін болады:
1) Интернет арқылы Қазақстанның туристік бағыт ретіндегі тартымды имиджін ілгерілету,
халықаралық көрмелер және спутниктік Kazakh TV (CaspioNet) телеарнасы бойынша іс-шараларды
іске асыру;
2) интернет желісіне жедел қол жеткізе отырып, туристік инфрақұрылым объектілерін
қамтамасыз ету;
3) Қазақстанның туристік инфрақұрылым объектілерін (қонақ үйлер, демалыс базалары мен
санаторийлер) интернет-броньдаудың танымал халықаралық жүйесіне ықпалдастыру;
4) мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде туризм саласындағы сервистер мен
қызметтерге қол жеткізу деңгейін арттыру үшін ұтқыр қосымшалар әзірлеу;
5) туризм объектілерінің ішкі басқару процестерін, есебін және әкімшілік-шаруашылық
қызметін автоматтандыру;
6) туризм индустриясы объектілерін салған және жарақтандырған кезде «жасыл» энергия
және ресурс үнемдеу технологиялары мен жабдықтарын қолдану;
7) туризм объектілерінің орналасқан жерлерін, тарихи және естелік жерлерді,
санаторийлерді, курорттық аймақтар мен өзге де көрікті жерлерді көрсете отырып,
геоақпараттық технологиялар базасында Қазақстан Республикасының бірыңғай цифрлық картасын
жасау;
8) жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарын қоса алғанда, өңірлердегі
туризм объектілері туралы БАҚ арқылы кеңінен жария ету;
9) Қазақстан Республикасындағы туризм объектілерінің тізілімін әзірлеу және
өзектілендіру.
Дене тәрбиесі және спорт саласындағы АКТ
АТК пайдалану мынадай салаларда спорт саласын басқару процесін толығымен
автоматтандыруға мүмкіндік береді: әкімшілік-шаруашылық, қаржы-экономикалық, заң шығарушылық
, кадрлық және бақылау қызметі, спортшылар мен мамандарды даярлау жүйесінде
оқу-жаттықтырушылық процестері, барлық деңгейдегі спорт жарыстарын және басқа да спорт
іс-шараларын өткізу.
АКТ спорт саласын басқару тиімділігін арттыруға, әртүрлі спорт ұйымдарының, оның
ішінде халықаралық ұйымдардың арасында өзара байланыс жасауға және үйлестіруге ықпал етеді.
Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі халықаралық
стандарттардың талаптарына жақындау және елде бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорт
инфрақұрылымын одан әрі дамытуға және республика спортының материалдық-техникалық базасын
жақсартуға бағытталған бірқатар ұйымдастыру шараларын жүзеге асырды.
Сондай-ақ саланың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жұмыстары жүргізіледі. Кейбір
заңнамалық актілерге дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша түзетулер енгізілді. Заңға
тәуелді нормативтік құқықтық актілер әзірленді және бекітілді.
Елде дене шынықтыру мен спортпен айналысатындар санының тұрақты өсу үрдісі байқалады:
2007 жылы жалпы халықтың ішіндегі спортпен айналысатындардың саны 2,3 млн. адамды құрады (15
%), 2008 жылы 2,35 млн. адам, 2009 жылы 2,4 млн. адам, 2010 жылы 2,8 млн. адам (17,7 %),
2011 жылы 3,3 млн. адам немесе 20 %.
Бүгінгі күні елімізде өткізіліп жатқан спорттық-бұқаралық және дене
шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының саны артып келеді, 2011 жылы 18 мыңнан астам
спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, оларға 4,1 млн. астам адам қатысты.
Бүгінгі күні ұлттық спорт түрлері белсенді түрде дамуда, олармен 208,4 мыңнан астам
адам айналысады (2010 жылы - 166 мың адам). Бұған жыл сайынғы чемпионаттарды, республикалық
және халықаралық турнирлерді, оның ішінде «тоғыз құмалақ» бойынша бірінші әлем чемпионатын,
бірінші Жастар ойындарын, «қазақ күресі» бойынша әлем және Азия чемпионаттарын, Қазақстан
Республикасы Президентінің жүлдесіне халықтық спорт ойындарын өткізу, спорт мектептері мен
клубтарда ұлттық спорт түрлері бойынша бөлімшелерді ашу ықпал етті.
Биылғы жылы Лондонда өткен 30-шы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар 7 алтын
, 1 күміс және 5 қола медальді жеңіп алып, жалпы есепте 12-орынды иеленгенін ерекше атап
өткен жөн.
Сонымен қатар, дамудың оң үрдістерімен қатар отандық спорттың дамуын тежеп отырған
проблемалар да бар, атап айтқанда материалдық-техникалық база мен спорттық инфрақұрылым
деңгейінің төмендігі, заманауи талаптарға сай келетін спорттың ғылыми базасының болмауы,
білікті мамандардың тапшылығы.
Міндеті: жаттықтырушылар құрамын, спортшыларды және мамандарды даярлау жүйесінде
оқу-жаттығу процестерін АКТ енгізу арқылы дене тәрбиесі мен спорт саласының бәсекеге
қабілеттілігін арттыру.
Нысаналы индикаторлар:
1) Интернет желісіне қосылған дене тәрбиесі және спорт саласындағы объектілерінің
үлесі 2017 жылы - 100 %;
2) дене тәрбиесі және спорт саласындағы объектілердің оқу-жаттығу процестерін
автоматтандыру және ақпараттандыру деңгейі 2017 жылы - 75 %, 2020 жылы - 100%;
3) жаттықтырушылар құрамы мен спортшылардың компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру
2017 жылы - 70 %, 2020 жылы - 100 %.
Қол жеткізу жолдары
АКТ-ны енгізу арқылы дене тәрбиесі және спорт саласының бәсекеге қабілеттілігін
арттыру үшін мынадай шараларды жүзеге асыру көзделеді:
1) спортшылардың оқу-жаттығу процестері үшін спорттық жүйелер мен іс-шаралардың
эмуляторларын, виртуалды спорт алаңдарын, командаларын құру (демеушілік қаражаттар есебінен)
үшін виртуалды болмыс технологияларын қолдану;
2) халықтың спортпен айналысуының белсенділігін арттыру мақсатында жаттықтыру
бейнероликтерін әзірлеу және Интернет желісінде орналастыру;
3) Интернет, телерадио хабарларын тарату, спорттық сипаттағы компьютерлік ойындар
арқылы халық арасында салауатты өмір салтын ілгерілету және дәріптеу;
4) жаттықтырушылар құрамы мен спортшылар арасында компьютерлік сауаттылық деңгейін
арттыру;
5) дене шынықтыру және спорт нысандарын басқару, есепке алу және әкімшілік-шаруашылық
қызметінің ішкі процестерін автоматтандыру.
4. Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту