жіберу қызметтерінің тарифтерін төмендету іске асырылады (2015 жылға
дейін жыл сайын кемінде
10 %).
Бүкіл Қазақстан бойынша тұрғындарды 95 % эфирлік хабар таратумен және 100 % спутниктік
хабар таратумен қамтуды қамтамасыз ететін эфирлік цифрлық желі құрылады.
2) АКТ-нарығын ынталандыру
АКТ саласы әлемдік экономиканы дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Ақпарат
дәуірінде АКТ және ақпараттық инфрақұрылым жаңа бизнес-үлгілерді, тауарлар мен қызметтерді,
жаңалықтар мен өнертабыстарды жасауға ықпал жасайды, жалпы экономиканың бәсекеге
қабілеттілігін арттыра отырып, бизнес-модельдерді ұйымдастыруды іргелі түрде қайта құрудың
ғылыми-технологиялық кілті болып табылады.
АКТ-ны кеңінен қолдану, бірінші кезекте жылдан жылға артып келе жатқан аталған
саладағы инновацияларды дамытудың өсіңкі трендімен байланысты. Бүгінгі күні Интернет, "
бұлтты есептеулер", ұтқыр және мультимедиялық технологиялар, RFID, NFC, роботтар, виртуалды
шындық және басқалары «ақылды» экономикасы бар елдердің міндетті атрибутына айналып отыр.
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті ірі мемлекеттердің қатарына кіруіне
қатысты батыл мақсаттары мемлекеттің білімге негізделген жаңа экономиканы қалыптастыру
бойынша зор күш жұмсауын талап етеді, қазіргі заманда оған тек АКТ-ны дамыту және енгізу
арқылы қол жеткізуге болады.
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
Дүниежүзілік банк мәліметтері бойынша әлемде АКТ нарығының жалпы көлемі 2011 жылы 3
280 миллиард АҚШ долларын құрады және жыл сайын 4 % артуда. Қазақстанда аталған көрсеткіш
2011 жылы 840 миллиард теңгені құрады, яғни Қазақстан ЖІӨ-нің 3,02 %.
IDC бағалауы бойынша, барлық ІТ-нарығының көлемі 2011 жылы 207 миллиард теңгені құрады
. 2010 жылмен салыстырғанда өсім - 19,2 %
Бұл ретте нарықтың 88,6 % жабдықтарға, 5,2 %
.
БҚ-ға, 6,2 % ІТ-қызметтерге тиесілі. Бағдарламалық қамтамасыз ету және ІТ-қызметтер
нарығының төмен көрсеткіштері ең алдымен АКТ саласындағы кәсіпорындарда инновациялық
қызметтердің дамымағандығын көрсетеді және ол, ең алдымен, ғылыми-зерттеу қызметі
тәуекелдерінің артуынан және елдегі АКТ компаниялар, ЖОО-лар, АКТ саласындағы ғылыми-зерттеу
ұйымдарының инновациялық әлеуетінің әлсіздігіне байланысты.
Сонымен бірге осы саладағы негізгі проблемалар АКТ құралдарының отандық өндірісі
деңгейінің төмендігі және оның импортқа тәуелділігі, сондай-ақ, ІТ-білім берудің халықаралық
стандарттары мен жаңа білім беру технологияларының трансферті мақсатында отандық ЖОО-лардың
шетелдік университеттермен ынтымақтастығын дамытудың төмен деңгейі болып табылады.
Міндеті: ақпараттық-коммуникациялық және инновациялық инфрақұрылым мен ғылыми-зерттеу
қызметін дамыту арқылы бәсекеге қабілетті отандық АКТ нарығын құру.
Нысаналы индикаторлар:
1) ЖІӨ-дегі АКТ секторының үлесі 2017 жылы - 3,8 %, 2020 жылы - 4 %;
2) АКТ саласындағы инновацияларға жұмсалатын шығындардың үлесі 2017 жылы - ЖІӨ 0,5 %,
2020 жылы - ЖІӨ 0,9 %;
3) елдегі АКТ саласындағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 2017 жылы - 7 %,
2020 жылы - 10 %;
4) МЖӘ схемасы бойынша ортақ қолданыстағы зерттеу зертханаларының саны 2017 жылы - 4,
2020 жылы - 8.
Қол жеткізу жолдары
Қазақстанның АКТ нарығын дамытудың мемлекеттік саясаты мынадай шараларды қабылдап,
отандық АКТ кәсіпорындарды қолдауға және АКТ саласындағы инновациялық және ғылыми-зерттеу
қызметін ынталандыруға бағытталады:
1) өңірлік AT және технопарктері бар инновациялық зерттеу орталығы ретінде «
Инновациялық технологиялар паркі» АЭА аумағында АКТ-кластерін құру;
2) бизнес инкубациялау тетігі бар шағын инновациялық және стартап компанияларды
егістік және венчурлік қаржыландыру құралдарын дамыту;
3) өзекті бағыттар бойынша салалық кәсіпорындарға арналған инновациялық шешімдерді
әзірлеу үшін қажетті инфрақұрылымы бар ортақ пайдаланымдағы ғылыми-зерттеу орталықтары мен
зертханаларды құру: робот жасау, ұтқыр технологиялар, "бұлтты" және Grid есептеулер, жасанды
интеллект, жоғары өнімді есептеу жүйелері, ақпаратты қорғау және оның қауіпсіздігі,
мультимедиа технологиялары және басқалары;
4) АКТ қызметтерді коммерцияландыру орталықтарын құру;
5) ноу-хау технологиялық және зияткерлік трансфертін қамтамасыз ету мақсатында
білімнің ғаламдық банкін пайдалану үшін шетелдік зерттеу және көп ұлтты корпорациялармен
ынтымақтастық жасау;
6) өндірістік кәсіпорындардың технологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін білім
мекемелері мен ғылыми-зерттеу ұйымдарын қолданбалы зерттеу қызметіне белсенді түрде тарту
арқылы ғылым—білім-индустриясының тығыз ынтымақтастығын орнату;
7) өзіндік әзірлемелерін ілгерілету бойынша университеттер мен ғылыми-зерттеу
ұйымдарында маркетингтік және коммерциялық қызмет машықтарын дамыту;
8) АКТ саласындағы отандық кәсіпорындарды әлемдік нарыққа шығаруға көмек көрсету;
9) еркін әрі ашық бағдарламалық қамтамасыз етуді кеңінен қолдана отырып, бағдарламалық
қамтамасыз ету мен АТ-қызметтер нарығын дамыту;
10) мемлекеттік органдардың, жер қойнауын пайдаланушылардың, концессионерлердің, жүйе
түзуші ұйымдардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялар
мен акцияларының елу және одан астам пайызы (қатысу үлестері) ұлттық басқарушы холдингке,
ұлттық холдингке, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың
тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы кезінде тұрақты негізде АКТ
саласындағы жергілікті қамтуды дамытуды мониторингтеу және талдау жүргізу.
3. Қоғамды әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамытуға арналған
ақпаратты орта құру
1) Адами капиталды дамыту
АКТ саласындағы мамандардың компьютерлік сауаттылығы мен білім
деңгейін арттыру
Бүгінгі күні АКТ-ны енгізу көп жағдайда ғылым, білім, экономикалық және әлеуметтік
саланы дамытуды белгілейді, еңбек өнімділігі, өндірілетін тауарлар, қызметтердің сапасын,
мемлекеттік билік органдарының жұмысының тиімділігін және олардың қоғаммен өзара іс-қимыл
жасауын арттыруға ықпал етеді. Алайда жұмысында бағдарламалық қамтамасыз етуді, ресурстарды,
жаңа технологияларды пайдаланатын қандай да бір саланың қызметкерлері білімінің жоғары
деңгейінсіз, енгізілетін АКТ-ны дұрыс әрі тиімді пайдалануға және тиісінше олар ұсынатын
қызметтер мен орындалатын функцияларының сапасын арттыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан,
ақпаратты қоғамды құру кезіндегі негізгі мәселе тұрғындардың жалпы компьютерлік сауаттылығын
арттырумен қатар, экономиканың барлық салаларындағы қызметкерлердің, мемлекеттік және
азаматтық қызметкерлердің, шағын және орта бизнес өкілдерінің бейінді бағыттар бойынша
компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыруға болады.
Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
2006 жылы Ақпараттық теңсіздікті төмендету жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Көрсетілген бағдарлама, сондай-ақ АКТ таралуының жоғары
деңгейі және Интернеттің экономикаға, мемлекеттік басқаруға, азаматтардың күнделікті өмірі
мен кәсіби қызметіне енуі өз нәтижесін берді және компьютерлік сауаттылық деңгейі 2008 жылғы
деректер бойынша 18,7 %, ал 2011 жылғы деректер бойынша 47,4 % дейін өсті. Алайда арнайы
мамандандырылған компьютерлік сауаттылыққа қатысты проблема орын алып отыр, дәрігерлер
медицинада қолданылатын технологияларды жеткілікті деңгейде білмейді және біліктілікті
арттырусыз телемедицинаға кеше алмайды, көптеген оқытушылар электрондық оқыту жүйесін
пайдалануды бастау үшін арнайы дайындықты қажет етеді және т.с.с.
АТ-мамандарын даярлаудың келеңсіз факторлары даму деңгейі төмен АКТ әдістеме, оларды
даярлауға арналған білім беру мазмұнын іріктеу қағидаттары болып табылады. Халықаралық
стандарттарға сай келетін кәсіби стандарттарды әзірлеу және бейімдеу, қазіргі заманғы
АТ-мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын жетілдіру жүйелері жеткілікті деңгейде
дамымаған, бұл мамандарды даярлау мазмұнының индустрияның қажеттіліктеріне барабарлығына қол
жеткізуге мүмкіндік бермейді.