аутсорсингке беру.
Қол жеткізу жолдары
Отандық ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігі бірқатар ауқымды ынталандыру
шараларын іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады, оның ішінде:
1) бұқаралық коммуникация технологиясының дамуынан кейін қоғамдық қатынастарды
құқықтық регламенттеу үшін БАҚ саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру;
2) қолда бар ақпаратты ресми интернет-ресурстарға орналастыруға мемлекеттік
мекемелерді және ұйымдарды ынталандыруға нормативтік және әкімшілік сипаттағы шаралар
қолдану;
3) контент өндірудің ашық нарығын дамыту мақсатында мемлекеттік телеарналар
өндірісінің өнімдерін әзірлеуді аутсорсингке беру саясатын жалғастыру;
4) қауіпсіздіктің, сенімділіктің және қол жеткізу жылдамдығының тиісті деңгейін
қамтамасыз ету кезінде Интернет-ресурстардың меншік иелерінің интернет-ресурстарды
техникалық қолдау шығындарын төмендету;
5) жеке меншік телеарналармен бірлесіп, қоса қаржыландыру шарты бойынша әзірленетін
сериалдарды, деректі драмаларды, ток-шоу, ақпараттық және ойын-сауық бағдарламаларын өндіру;
6) мемлекеттік телевизиялық студияларды жекеше контент өндірушілерге жалға беру;
7) әлеуеттерін талдау нәтижелерінің деректері негізінде іріктелген
продакшн-студияларға қолдау көрсету, әлеуметтік тележобаларды іске асыруға мемлекеттік
тапсырысты орналастыру;
8) ата-аналар мен провайдерлер арасындағы ерікті шарт негізінде балаларды құқыққа
қарсы және әлеуметтік қауіпті контенттен қорғау тетіктерін енгізу;
9) телефон және интернеттегі - «қызу желілер» арқылы құқыққа қарсы контенттерді
таратуға қарсы іс-қимыл бойынша азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың бастамасын қолдау.
Салаға қажетті инвестицияларды тарту және білікті кадрлар нарығын қалыптастыру бойынша
ұсыныстарды әзірлеу. Ол үшін қоғамдық даму институттарын құру орынды деп санаймыз. Оның
міндеті Интернет желісіне орналастыруға арналған отандық киноөнімдерді, сериалдарды және
авторлық телебағдарламаларды, қызықты мәтіндік және мультимедиалық материалдарды әзірлеу
сияқты контенттік индустрияның жекелеген салаларын дамыту және қолдау болады.
Елде контент-индустриясы саласының қалыптасу процесі аяқталғаннан кейін мемлекет
сұранымды ынталандыру практикасынан бас тартады. Болжам бойынша бұған шамамен 10 жыл қажет
болады.
Білікті мамандардың, әсіресе Интернет-контентті өндіру саласында жетіспеушілігі
мәселесін шешу үшін мынадай шаралар іске асырылатын болады:
1) медиасалада студенттерді оқытуға шетелдік мамандарды тарту процесі жандандырылады,
студенттер алмасудың оқу бағдарламалары кеңінен қолданыс табады;
2) қазақстандық жобалар шеңберінде шетелдік мамандардың жұмысы міндетті түрде барлық
санаттағы жергілікті мамандармен тәжірибе алмасумен қатар жүреді.
Шығармашылық студиялар мен авторлардың танылуын арттыру жөнінде жұмыстар жүргізілетін
болады, олар мыналарды қамтиды:
1) халықаралық конкурстарға белсенді қатысу;
2) оқушылар, студенттер, блогерлер және кәсіби контент-өндірушілер арасында конкурстар
өткізу жөніндегі қоғамдық бастамаларға ақпараттық қолдау көрсету;
3) азаматтық журналистика өкілдері үшін баспа басылымдарының интернет нұсқаларында,
телеарналарда, жетекші ақпараттық-жаңалықтар ресурстарында жариялау мүмкіндіктері
кеңейтілетін болады.
Контенттік индустрияны ынталандыру процесін тиісті әдістемелік қолдау үшін сала
серпінділігінің объективті көрсеткіштері және медиа-өнім рейтингін бағалау жүйесі
әзірленетін болады. Бұл телевизиялық бағдарламалардың танымалдығын және Интернет-ресурстарға
кіруді өлшеудің техникалық және бағдарламалық құралдарын кең ауқымда енгізуді талап етеді.
Перспективада мемлекеттік органдардың, ғылыми-білім беру мекемелерінің, коммерциялық
салалардың, денсаулық сақтау ұйымдарының және қоғам өмірінің басқа да салаларының ақпараттық
инфрақұрылымның бірыңғай кеңістігіне ықпалдасу контент өндірісінің дәстүрлі практикасын
қайта қарауға әкеледі. Кез келген ұйымның немесе жеке тұлғаның ақпараттық өнім жасау және
оны көпшілікке тарату мүмкіндігі болады. Адам құқығын қорғау, азаматтарды дәйекті ақпаратпен
қамтамасыз ету мақсатында тиісті белсенділікті заңнамалық регламенттеу жүзеге асырылатын
болады.
Жаңа дәуірде тұрғындарға ақпаратпен жұмыс істеудің тиімді тәсілдерін оқыту жұмыстары
жүргізіледі. Барлық деңгейдегі оқыту мекемелеріндегі бағдарламалар және БАҚ арқылы
қазақстандықтар бейнематериалдар және графикалық контент әзірлеу, ақпаратты және т.б.
желілік ілгерілетудің қолданыстағы тетіктерін пайдалана отырып, мәтіндік материалдарды
тиімді ұйымдастырудың әдістері туралы біле алады.
4) Мемлекеттің қызметін ақпараттық сүйемелдеу
Ақпаратты қоғамға өту жағдайында мемлекет міндеттерінің бірі әр азаматтың ел өміріне
қатысу деңгейін, қоғамдық ынтымақтастықты және билікке сенімділікті қамтамасыз ету болып
табылады.
Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
Қазіргі уақытта мемлекеттің қызметін ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі негізгі
функциялар ақпарат саласындағы уәкілетті органға жүктелген. Алайда бұл тәжірибенің бірқатар
кемшіліктері бар, олардың қатарында түпкілікті ақпараттық өнімнің тиімділігі үшін
жауапкершіліктің нақты болмауын, нақты қызмет пен оның БАҚ-та ақпараттық көрінісінің
арасындағы уақыт және мазмұн алшақтығының болуын атап өтуге болады.
Әртүрлі мемлекеттік органдар арасында іске асыру және PR-сүйемелдеу мәселелерін бөлу
мемлекеттің имиджін жақсарту мақсаттарын көздейтін тиімділігін төмендетеді. Ақпарат
саласындағы уәкілетті органда толық ақпарат үнемі бола бермейді және қолда бар салалық
ерекшелікпен таныс емес, ал басқа мемлекеттік органдардың өздерінің жетістіктерін ілгерілету
үшін тиісті бюджеті мен құзыреті болмайды.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдар жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін толыққанды
пайдаланбайды, соның салдарынан елдің азаматтары мемлекеттің қызметі туралы бар ақпаратқа
жаппай қолжетімділік ала алмайды.
Міндеті: мемлекеттің қызметін жария ету және ілгерілету бойынша мемлекеттік
органдардың жауапкершілігін және үйлестіру жүйелерін жетілдіру.
Нысаналы индикаторлар:
1) мемлекет қызметінің негізгі және әлеуметтік маңызы бар бағыттары туралы тұрғындарды
хабардар ету деңгейі (әлеуметтік сауалнама нәтижелері бойынша) 2017 жылы — 65 %, 2020 жылы —
75 %;
2) мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың тиісті кәсіптік білімі бар баспасөз
қызметі қызметкерлерінің үлесі 2017 жылы - 100 %.
Қол жеткізу жолдары
Мемлекеттің ақпараттық жұмысы азаматтарға ұсынылатын ақпараттың толық, уақтылы және
дұрыс қамтамасыз етілуіне баса назар аударылып, қайта қаралатын болады.
Ол үшін бірыңғай мемлекеттік PR-стратегияның шеңберінде мемлекетті ақпараттық
сүйемелдеу бойынша бүкіл белсенділікті біріктіру талап етіледі. Ол мемлекет қызметінің
жекелеген аспектілерін ілгерілететін, бірақ жиынтығында, мемлекеттік ақпараттық саясат
мақсаттарына қол жеткізбейтін көптеген салалық медиа-жоспарларды алмастыруға тиіс.
PR-стратегиясы тұрғындардың тыныс-тіршілігінің барлық салаларын қамтитын болады: білім беру,
еңбек қызметі, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар, азаматтық құқықтар және т.б. Бірыңғай
орталықтан барлық мемлекеттік органдар бойынша әртүрлі телекоммуникация арналарын қолдануы
мен ақпаратты беру форматы жағынан реттеліп отырады.
Бірыңғай стратегия іскерлік қоғамдастық өкілдері мен барлық санаттағы азаматтардың
ақпараттық сұранысы мен ақпаратқа қол жеткізудің қалаулы арналарын ескереді. Мемлекеттік
органдардың интернет желісіндегі әлеуметтік алаңдарда көрінуіне ерекше назар аударылатын
болады.
Ақпараттық кеңістікті басқарудың тетіктерін жекелеген мемлекеттік органдар мен
ұйымдардың жауапкершілік салаларын, өкілеттіктері мен функцияларын нақты шектей отырып,
мемлекеттің стратегиясын айқындайтын бірыңғай басқару орталығын бөле отырып, қарау қажет
болады. Жаңа тетік ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бірыңғай алгоритмін көрсететін,
қайталауды болдырмайтын және мемлекеттің ақпараттық жұмысын еліміздегі маңызды оқиғалар
кезеңінде назарға алатын болады. Ұйымдастырушылық деңгейде бұл мынадай өзгерістерге әкеледі:
1) мемлекеттік органдардың баспасөз-қызметтері толыққанды PR-бөлімшелеріне
ауыстырылуда оларға өздерінің салалары бойынша қорытынды ақпараттық өнімге жауапкершілік
жүктейді, ол жұртшылықтың негізгі ақпараттық сұраныстарын уақтылы анықтауды, жарияланымдарда
көрініс табатын орынды сынға мемлекеттің ұстанымын жедел жариялауды көздейді;
2) мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың PR-құралдары арқылы сүйемелденуі олардың
өздерінің бюджеттерінің шеңберінде көзделген, бұл ретте жаңа технологияларды қолдануға, оның
ішінде әлеуметтік медиаға басты назар аударылатын болады, мемлекеттік тапсырыс еліміздегі ең
маңызды оқиғаларды ақпараттық сүйемелдеуге бағытталады, ұлттық жобаларды жүзеге асыруға,
сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу арқылы
жалпыұлттық маңызы бар әлеуметтік, мәдени және білім беру міндеттері шешіледі.
Жалпы мемлекетке мемлекеттік органдардың ақпараттық жұмыстарының басым рөлін нығайту
бойынша бағдар белгілеу қажет, оған жоспарлы әдістемелік жұмыс арқылы мыналарға қол
жеткізуге болады:
1) БАҚ-тың және қоғамның сұраныстарына баспасөз-қызметтерінің жедел ден қоюын арттыру;
2) халықтың Интернет желісі мен ұтқыр коммуникация құралдарына жаппай қолжетімділігін
есепке ала отырып, мемлекеттік тапсырыстың құрылымын қайта қарау;
3) мемлекеттік интернет-ресурстардың ақпараттық және қолданбалы сервистерінің сапасын
жақсарту;
4) жаңалықтарды верификациялау және ақпараттық оқиғаларды, БАҚ арқылы түрлендіретін
мемлекеттік емес қызметтердің дамуына ықпал ету.
Халықты мемлекеттің қызметі туралы хабардар ету деңгейі мемлекеттік органдардың БАҚ
аудиториясымен тікелей краудсорсинг технологиясын қоса алғанда, өзара іс-қимыл жасау арқылы
қамтамасыз етілетін болады.
Іске асырудың барлық кезеңдерінде құнды ақпараттық-талдау жүргізілгенде мемлекеттік
органдардың ақпараттық қызметін жоғарыда сипатталғандай ауқымды қайта құру қажет болады.
Қазақстандық әлеуметтің ақпаратты қоғамның жағдайына біртіндеп өтуі осы міндеттерді шешудің
мезеттік және үстірт қарауды болдырмайды. Осыған байланысты қызмет мынадай бағыттар бойынша
жүйелі түрде жүзеге асырылатын болады:
1) ақпараттық алаңға талдау мен мониторинг жүргізу;
2) Қазақстан жағдайында ақпараттық саясатты, тиімді медиа-технологияларды, оның ішінде
Интернет саласында орнатудың және жүргізудің үздік шетелдік тәжірибесін зерттеу, бейімдеу
және енгізу бойынша тұрақты жұмысты ұйымдастыру;
3) ақпараттық қажеттіліктерді және халықтың проблемалық, форматтық және жанрлық
қалауын зерттеу бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу, мемлекеттік ақпараттық саясатты
түзету бойынша ұсынымдар әзірлеу;
4) масс-медиа саласындағы талдамалық зерттеулердің, БАҚ деректерін талдау негізінде
мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу мәселелерін әдістемелік қамтамасыз ету.
Ақпараттық кеңістікті мониторингтеу, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру
мәселелерін әдістемелік және талдамалық қамтамасыз ету бойынша бизнес-процестерді тиісті
технологиялық қамтамасыз ету проблемаларын шешу үшін отандық мемлекеттік құрылымдарды
қазіргі заманғы телекоммуникациялық жабдықтармен, ақпаратты жинау және ұзақ мерзімді сақтау
құралдарымен, жаңа технологияларды пайдалану арқылы мәтіндік, аудио-, бейне деректерді өңдеу
жүйелерімен және материалдық-техникалық қордың өзге де элементтерімен жарақтандыру мәселесі
пысықталады.
Осы міндет шеңберінде ақпараттық, кеңістікке мониторинг жүргізудің автоматтандырылған
жүйесін енгізу бойынша ұсыныстар әзірленетін болады. Бұл әртүрлі деректердің біртұтас
алгоритмін қолдану арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жұмысына баға берудің
объективтілігін арттыруға мүмкіндік береді. Адам мүмкіндіктерінің шектеулі болуымен
сипатталатын дәстүрлі әдістерді пайдалану мүмкін болмаған кезде ауқымды деректерді жедел
өңдеу мүмкіндігі елеулі пайда әкеледі.
VI. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
Бағдарламаны жүзеге асыру екі кезеңнен тұрады:
1-кезең: 2013 - 2017 жылдар;
2-кезең: 2018 - 2020 жылдар.
Осы Бағдарламаның шеңберінде барлық нысаналы индикаторлардың мәні көрсетілген екі
кезең бойынша белгіленді.
Кезеңдердің әрқайсысында Бағдарламаның жылдар бойынша іске асырылу барысын және
бағдарламалық іс-шаралардың ақпаратты қоғамға көшуге дайындыққа әсерін сипаттайтын
көрсеткіштерді өзгерту жоспарланған.
Бірінші кезеңде (2013 - 2017 жылдар) мемлекеттік органдардың жаңа құрылымын құру, атап
айтқанда, нормативтік құқықтық актілерді оларға тиісті өзгерістер енгізу қажеттілігі
тұрғысынан қайта қарау, үлгі архитектураларды әзірлеу, оларды пилоттық енгізуді бастау, «
ұтқыр үкімет» құру, «электрондық үкімет» порталын дамыту, «бұлтты технологияларға» көшуді
ақпараттандырудың жаңа үлгісін енгізуді бастау жоспарлануда.
Экономика саласында барлық салалар бойынша жер-жерде біртіндеп АКТ-ны енгізуді бастау,
AT мамандарды жаппай даярлау және қайта даярлауды бастау, сондай-ақ барлық салалардағы
бейінді компьютерлік сауаттылықты арттыру үшін қажетті тәсілдерді әзірлеу және тиісті
оқытуды бастау жоспарланады.
Ақпараттық салада БАК, саласындағы заңнаманы жетілдіру, отандық БАҚ-ты техникалық
жаңғырту, қазақстандық масс-медианың географиясын әрі қарай кеңейту, мемлекеттік ақпараттық
саясатты іске асыру саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру жоспарлануда.
Екінші кезеңде (2018 - 2020 жылдар) бірінші кезеңнің іс-шараларын іске асыру
жалғастырылатын болады, алдыңғы кезеңде қол жеткізілген нәтижелерді енгізуге және таратуға
бағытталған іс-шараларды іске асыру көзделеді.
Екінші кезең аяқталғаннан кейін Бағдарламаның мақсаты - ақпаратты қоғамға көшу үшін
жағдайлар жасауға қол жеткізіледі.
VII. Қажетті ресурстар
Бағдарламаны сәтті іске асыру үшін мемлекет пен жеке меншік сектордың қаржы ресурстары
шоғырландырылады, бұл ретте мемлекет АКТ-ны дамытуды жүйелік және секторалды қолдау
шараларын қаржылық қамтамасыз етуге, ал жекеше сектор мен ұлттық басқарушы холдингтер,
ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар жобалық қаржыландыруға назар аударады.
Бағдарламаның нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін инвестициялық жобаларды іске
асыруға жұмсалатын тікелей шығындардың болжамды көлемі мынадай қаржы көздері арқылы
қамтамасыз етіледі:
1) ішкі және сыртқы жеке инвесторлар;
2) мемлекет қатысатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық
компаниялар мен өзге де ұйымдардың қаражаты;
3) инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, сондай-ақ индустрияландыруды мемлекеттік
қолдаудың секторалды және жалпы жүйелік шараларын қаржыландыруға арналған мемлекеттік бюджет
.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Достарыңызбен бөлісу: |