Интернет желісіне қолжетімдікті қамтамасыз ету бойынша
байланыс желілерін дамыту
озыңқы қарқынмен жүруде. Қазақстан халқының 53,5 %-ы Интернет желісін пайдаланушылар болып
табылады (Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2012 жылғы 2 тоқсандағы жедел
деректеріне сәйкес).
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 4G технологиясы енгізілуде, Интернет
желісіне кең жолақты қолжетімділік (бұдан әрі - КЖҚ) жүйесін дамыту ADSL, CDMA/EVDO, 3G,
FTTH сияқты технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
ADSL технологиясы.
ADSL технологиясы (Asymmetric Digital Subscriber Line) - асимметриялық цифрлық
абоненттік желі - интерактивті бейнеқызметтерге (сұраныс бойынша бейне, бейнеойындар және
т.б.) және деректерді жылдам жіберуге жоғары жылдамдықты қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін
(Интернетке қол жеткізу, жоғары вольтты байланыс желілерімен басқа желілерге қашықтан қол
жеткізу) үшін әзірленген.
ADSL технологиясы Интернет желісіне қол жеткізу жылдамдығына жоғары талап қоймайтын
абоненттерге КЖҚ қызметтерін көрсетудің неғұрлым бұқаралық және арзан тәсілі болып табылады.
Қол жеткізудің мыс желісі пайдаланылатын байланыс желісінің кез келген дерлік учаскесінде
ADSL технологиясы бойынша КЖҚ желісін ерістетуге болады.
Абонентке қарай ақпарат беру жылдамдығы 7 Мбит/с дейін (ADSL2+ үшін 24 Мбит/с дейін)
құрайды, ал абоненттен - 1 Мбит/с дейін. Қол жеткізу жылдамдығы тарату желісінің мыс
кәбілінің жағдайына, АТС-тан абонентке дейінгі қашықтыққа, кәбілдегі абоненттер санына және
т.б. тәуелді.
Бүгінгі күні ADSL технологиясын пайдаланатын абоненттер саны - 1 017 486 адамды
құрайды.
FTTH технологиясы.
FTTH (Fiber To The Home) - үйге (жеке/жеке меншік үй, пәтер деп түсініледі)
орнатылатын оптикалық-талшықты кәбіл.
Жоғары жылдамдықты КЖҚ қызметтеріне деген ұлғайып келе жатқан сұранысты қанағаттандыру
және көрсетілетін қызметтер спектрін кеңейту мақсатында 2011 жылы (FTTH) Fiber to the Home
әмбебап талшықты-оптикалық қол жеткізу желісінің құрылысы басталды. Жоба Астана, Алматы
қалаларындағы және Қазақстан Республикасының барлық облыстық орталықтарындағы көппәтерлі
үйлерді және коттедждік құрылыстарды 100 % қамтуды көздейді.
Жобаның 1-кезеңін іске асыру нәтижесінде 2011 жылы Астана, Алматы, Семей, Жаңаөзен
қалаларындағы және облыс орталықтарындағы 146 объектіде көппәтерлі 3 718 үйді, 2 755
коттедждік құрылысты қамтитын талшықты-оптикалық абоненттік қол жеткізу желілері салынды.
Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар,
Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында 170 962 абоненттік портқа
есептелген гигабитті пассивті оптикалық желіні монтаждау аяқталып, пайдалануға қабылданды.
CDMA/EVDO технологиясы.
CDMA/EVDO (Evolution Data Optimized) - CDMA стандартындағы ұтқыр байланыс желілерінде
пайдаланылатын деректерді жоғары жылдамдықпен беру технологиясы.
Бүгінгі күні перспективалы және электр энергиясымен қамтамасыз етілген ауылдық елді
мекендердің бірі жеке және/немесе ұжымдық қолжетімділік арқылы 100 % телефондандырылған.
2011 жылдан бастап CDMA 450 стандартындағы ауылдық байланыс CDMA 450 технологиясының
EVDO платаларымен жете жабдықталуы арқылы EVDO технологиясы пайдаланыла отырып дамуда, бұл
Қазақстан Республикасының ауыл тұрғындарына Интернет жүйесіне КЖҚ қызметтерін көрсетуге
мүмкіндік береді.
CDMA 450/EVDO технологиясы абоненттердің орналасқан жеріне қарамастан, желінің әрекет
ету шегінде, сондай-ақ қозғалыс кезінде деректерді жоғары жылдамдықта пакетпен беру
қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Ауылдық жерде CDMA 450/EVDO технологиясы бойынша деректерді берудің жоғары
жылдамдығына цифрлық деректерді тығыздаудың жаңа алгоритмін қолдану есебінен қол жеткізіледі
, бұл CDMA 450 желісі қамтитын аймақтың кез келген нүктесінде Интернетке жоғары жылдамдықты
қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар
облыстарының ауылдық елді мекендері тұрғындарының Интернет желісіне сымсыз КЖҚ алу
мүмкіндігі бар.
Бүгінгі күні CDMA/EVDO технологиясын пайдаланатын абоненттер саны - 7 737 құрайды.
3G технологиясы - бұл үшінші буынның ұтқыр байланысы. Оның басты артықшылығы -
деректерді берудің, Интернетке қол жеткізудің жоғары жылдамдығы.
3G үшінші буынының желілері бейнетелефондық байланысты ұйымдастыруға, ұтқыр телефонда
ағынды бейнені көруге және т.б. мүмкіндік береді.
2011 жылы ұялы байланыс операторлары Астана, Алматы қалаларында және Қазақстан
Республикасының барлық облыс орталықтарында (3G) үшінші буын желілерін пайдалануға енгізді.
4G (LTE) технологиясы (Long Term Evolution) - деректерді 300 Мбит/с дейінгі
жылдамдықпен (базалық станциядан пайдаланушыға) және 75 Мбит/с дейінгі жылдамдықпен (
пайдаланушыдан базалық станцияға) пакеттік беру үшін оңтайландырылған, жоғары жылдамдықты
ұтқыр байланыс жүйелерін құру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, деректер берудің ұтқыр
хаттамасы.
4G технологиясы қол жеткізу қызметтерінің Интернет жүйесіне енуін дамытуға, оның
ішінде ілеспе қызметтер спектрін кеңейтуге (ұтқыр ТВ, сұраныс бойынша бейне және т.б.), сапа
деңгейін арттыруға және тарифтерді төмендетуге мүмкіндік береді.
2012 жылдан бастап телекоммуникациялар желілерінде төртінші буынның (4G стандарттағы)
желілерін салу жөніндегі жобаны іске асыру басталды.
Цифрлық телерадио хабарларын тарату.
Бүгінде Қазақстан Республикасының алдында тұрған өзекті міндет цифрлық технологияларға
көшу жолымен телерадио хабарларын таратудың барлық ұлттық желілерін жаңғырту болып табылады.
Қазақстан Республикасы үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014
жылдарға арналған
, сондай-ақ Қазақстан Республикасында АКТ-ларды
мемлекеттік бағдарламаны
дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған
орындау үшін қазіргі уақытта
бағдарламаны
Қазақстан Республикасында цифрлық эфирлік хабар таратуды енгізу және дамыту бойынша жұмыстар
жүргізілуде.
Жоғарыда көрсетілген Бағдарламаларға сәйкес 2015 жылға қарай эфирлік цифрлық
телевизиямен халықтың 95%-ын қамтуды қамтамасыз ету қажет.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында цифрлық телерадио хабарларын таратуды енгізу
бойынша мынадай жұмыстар жүргізілді:
1) жиілік-аумақтық жоспар бекітілді;
2) хабар таратудың - DVB Т2 стандарты қабылданды;
3) 2012 жылғы 3 шілдеде Астана, Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Жаңаөзен қалаларында
телехабар таратудың цифрлық эфирлік желісі тестілік режимде пайдалануға енгізілді.
Бұдан басқа, Интернеттің қазақстандық сегментін дамыту үшін КЖҚ қызметтерін көрсету
үшін телекоммуникация желілерінің дайындығы, дата-орталықтарды құру, «электрондық үкімет»
порталы арқылы көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызметтердің санын ұлғайту, мемлекеттік
органдардың порталдарын дамыту, әлеуметтік маңызы бар интернет-ресурстар құру және
электрондық коммерция бойынша жобалардың санын ұлғайту қажет.
Халыққа және бизнеске көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін халыққа қызмет
көрсету орталықтарының (бұдан әрі - ХҚКО) қызметін жақсарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді
. Қажетті нормативтік құқықтық база құрылды, халыққа және бизнеске қызмет көрсету рәсімдері
оңайлатылды, сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуінің оң үрдісі байқалады.
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары, виртуалды қабылдау бөлмелері,
интернет-конференциялар арқылы мемлекеттің халықпен және бизнеспен диалогы мен кері
байланысының тетіктері іске асырылды.
Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметі» құрылды.
«Электрондық үкімет» инфрақұрылымы арқылы азаматтарға, бизнеске және мемлекеттік
органдарға ақпарат пен қызметтерді ұсыну міндеттері ойдағыдай шешілді.
Ақпараттық технологияларды қолдану және электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету
бойынша мемлекеттік органдардың қызметін жыл сайын бағалау жүргізіледі.
Ғылымды, технологиялардың трансфертін, бизнес пен университеттер ынтымақтастығын
қарқынды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалған, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге
инвестицияның көлемі артуда, ғылымды көп қажет ететін АКТ өндіріске енгізілуде.
«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамы
инфокоммуникация саласында білім беруді дамыту бойынша АҚШ-тың Carnegie Mellon
университетімен тығыз ынтымақтастық жүргізуде.
2011 жылы «еркін бағдарламалық қамтамасыз ету (opensource)» және «ақпараттық
технологиялар» бағыттары бойынша екі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық зертхана
құрылды.
АКТ салалық ғылыми-зерттеу институты құрылды.