5) электрондық қызметтердің жалпы көлемінде ұтқыр электрондық
мемлекеттік қызметтердің
үлесі 2017 жылы - 36 %, 2020 жылы - 40 % құрауы тиіс;
6) мемлекеттік органдардың автоматтандырылған функцияларының үлесі әлеуетті
автоматтандырылатындардың санынан 2017 жылы кемінде 80 % және 2020 жылы кемінде 100 % құрауы
тиіс.
Қолжетімділіктің қазіргі заманғы телекоммуникациялық желісі және Қазақстанның «
электрондық үкіметі» ақпаратты қоғам құрудың инфрақұрылымы болады. «Электрондық үкіметті»
бұдан әрі дамыту үшін мынадай міндеттер шешілетін болады:
1) АКТ-жобаларының өмірлік циклі қысқа адымдар және нақты нәтижелерге жылдам жетуге
бағдарланған, модульдік тәсілдемені енгізу жағына қарай қайта қарау;
2) шағын АТ-компаниялардың мемлекеттік АКТ-жобаларына қатысу үшін «кіру шегін» жою
мақсатында іс-шаралар жүргізу;
3) мемлекеттік басқару реформаларының барлық түрлерін келісіп жүргізудің негізгі
құралы болатын мемлекеттік органдардың Бірыңғай ақпараттық-талдамалық ортасын әзірлеу;
4) мемлекеттің әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымының бәрін (инженерлік желілер,
тұрғын үй қоры, жолдар және т.б.) тексеру және паспорттау жүргізу, жаңа мемлекеттік
дерекқорды құру;
5) мемлекеттік дерекқорды есепке алу объектілерімен ықпалдастырылған, мемлекеттік
органдарға қазіргі заманғы, сапалы және толық геоақпараттық материалға қолжетімділік беретін
бірыңғай ұлттық геоақпараттық ортамен қамтамасыз ету;
6) мемлекеттік дерекқор, мұрағаттар және ведомстволық ақпараттық жүйелер үшін тарихи
мәліметтерді жинау және электрондық түрге ауыстыру міндетін мемлекеттік деңгейде жүйелі шешу
;
7) мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызмет процестерін талдау
негізінде үлгілік ақпараттық жүйелердің тізбесін айқындау. Үлгілік ақпараттық жүйелерді
мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда «бұлтты сервистер» түрінде ақпараттандырудың
жаңа моделінің аясында енгізу;
8) мемлекеттік қызметтерді ұсыну және оларды автоматтандыру жөніндегі
бизнес-процестерді қысқарту және оңайлату жұмысын жалғастыру;
9) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын автоматтандыру;
10) әкімшілік құжаттарды нөмірлеудің және кодтаудың бірыңғай жүйесін көздеу;
11) мобильдік құрылғылар арқылы азаматтарға және бизнеске мемлекеттік қызметтердің
нәтижелерін жедел ұсынуға арналған «электрондық үкімет» бағыттарының бірі - «ұтқыр үкіметті»
қарқынды дамыту;
12) мемлекеттік органдардың арасында олардың жұмыстарының регламенттерін жетілдіру
және Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) енгізу жолымен құжат
айналымын айтарлықтай қысқарту жөніндегі жұмысты жалғастыру. ЭҚАБЖ жүйесінің өзі «бұлтты
сервистер» және ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып, ұтқыр
құрылғыларда жұмыс жасау жағына қарай дамыту;
13) коммерциялық және мемлекеттік жүйелер мен сервистерді ықпалдастыру жөніндегі
шараларды қабылдау;
14) бағдарламалық қамтамасыз етуді лицензиялық және еркін пайдалану мәселелерін
регламенттеу;
15) «электрондық үкіметтің» Call-орталығы базасында мемлекеттік қызметтерді көрсету,
оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасына шағымдарды қабылдау және мемлекеттік
қызметтердің мәртебелері мен әзірлігі туралы хабарлау мәселелері жөніндегі Бірыңғай
Саll-орталықты дамыту;
16) мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтер көрсету мәселелері бойынша заңды және
жеке тұлғалардың мемлекеттік органдармен және ұйымдармен ресми ақпараттық өзара іс-қимылына,
дербес деректерді пайдалануға арналған, мемлекеттік органдар мен азаматтардың өзара
іс-қимылының бірыңғай нүктесі болатын, Азаматтың бірыңғай жеке кабинетін құру және енгізу;
17) тұрғындардың арасында ЭЦҚ кеңінен пайдалануға бағытталған жаңа үлгідегі жеке
куәліктерге ЭЦҚ жазудың инфрақұрылымын дамыту;
18) электрондық қызметтерге қоғамдық қолжетімділік пункттерінің саны едәуір арту,
сондай-ақ қолданыстағы пункттердің жабдықтарын жаңарту.
4) Мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың жаңа моделін енгізу
Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
Мемлекеттік органдарда ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігін арттыру
тетіктерінің бірі «бұлтты есептеу», АКТ-аутсорсингі және тапсырыстарды шоғырландыруды
пайдалануға көшуге негізделген ақпараттандырудың жаңа моделін енгізу болып табылады.
Қазіргі уақытта әлемдік тәжірибеде деректерді өңдеу орталықтарының базасында
серверлерді виртуалдау және «бұлтты есептеу» модельдерінің технологиялары кеңінен
қолданылады.
Осы технологияны енгізудің нәтижесі бюджет қаражатын шоғырландыру және үнемдеу,
мемлекеттік органдардың бизнес процестерінің тиімділігі болып табылады.
Бүгінгі күні Қазақстанда мемлекеттік секторда серверлерді «виртуалдау» және «бұлтты
есептеулер» технологияларын енгізу басталды.
2010 жылы мемлекеттік органдардың серверлік орталығы пайдалануға берілді, оның
негізінде 2011 жылдан бастап collocation (серверлік жабдықтар үшін бағана-орынды жалға алу)
қызметтері ұсынылады, есептеуіш ресурстарды орталықтанған түрде ұсыну үшін виртуалдау
технологиясын пайдалана отырып шоғырландырылған есептеу алаңы ашылды.
«Бұлтты» есептеудің негізінде «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының
бірыңғай пошталық жүйесі» жобасын іске асыру және Павлодар қаласындағы Деректерді өңдеу
орталығын құру басталды.
Міндеті: мемлекеттік органдарда ақпараттық технологияларды қолдану шығыстарын
оңтайландыру.
Нысаналы индикаторлар:
1) мемлекеттік органдардың меншікті дата-орталықтарының, серверлік бөлмелерінің,
серверлік құрал-жабдықтарының саны 2017 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 80 %, 2020 жылы - 50
% қысқаруы тиіс;
2) меншікті лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді, меншікті ақпараттық жүйелерді
құру және қызмет көрсету қызметтерін сатып алуға мемлекеттік органдардың шығындарын қысқарту
2017 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 40 %, 2020 жылы - 50 % құрауы тиіс.
Қол жеткізу жолдары
Мемлекеттік органдардың АКТ-инфрақұрылымын қалыптастыру және басқару АКТ-өнімдерін
сатып алудан ақпараттандырудың жаңа моделін құру және енгізу арқылы АКТ-сервистеріне
тапсырыс беру және тұтынуға жоспарланған кезең-кезеңімен көшу арқылы келесі жолымен жүзеге
асырылатын болады:
1) АКТ-аутсорсингке берілетін тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізбесін анықтау;
2) мемлекеттік органдардың АКТ-тапсырысын шоғырландыру механизмін әзірлеу;
3) мемлекеттік органдардың бірыңғай "бұлтты тұғырнамасын" (бұдан әрі - G-Cloud)
қолдануға негізделген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын ақпараттандырудың
аутсорсингтік моделін іске асыру;
4) G-Cloud инфрақұрылымын дамытуға және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін
G-Cloud-қа көшіруге жауапты, ақпараттандыру саласындағы операторды анықтау;
5) мемлекеттік органдарда бар ақпараттық жүйелер мен серверлік жабдықтардың тексеруін
жүргізу және оларды кәдеге жарату және/немесе G-Cloud-қа ауыстыру тәртібін айқындау;
6) жалпы сервистерді алумен G-Cloud-ты жинақтау жүргізу, мемлекеттік органдар оларды
жалға ала отырып, АКТ-инфрақұрылымын қалыптастыру және басқару жөніндегі өзіне тән емес
қосалқы функцияларын қысқарту.
G-Cloud инфрақұрылымына жауапты ақпараттандыру саласындағы оператор даму жоспарларын
үйлестіреді және шоғырландырады және оператордың жұмысы үшін қажетті байланыс арналарына,
қауіпсіздікке және басқа бағыттарға жауап беретін органдардың жұмысын біріктіреді.
5) Құқықтық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті, техногендік авариялар
мен дүлей апаттар қатерін төмендетуді қамтамасыз етуге арналған АКТ
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы басты міндет табиғи және техногендік
сипаттағы шұғыл жағдайлар мен дүлей апаттар кезінде құқықтық тәртіп органдары мен шұғыл
қызметтердің алдын алу, болдырмау және Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өмірінің