Алматы қаласында орналасқан "Ақпараттық технологиялар паркі" аумағында оқу-зерттеу
кешенін, бизнес орталығын, дата орталығын, бизнес-инкубациялау функциялары бар егіз қорын
және АКТ-кластерінің жұмыс істеуі үшін қажетті басқа да даму институттарын салуды көздейтін
АКТ-кластерді құру жобасына бастама жасалды.
БАҚ саласындағы процестерді жетілдіру және ойын-сауық және ақпараттық контент
өндірісінің отандық индустриясын дамыту бойынша жұмыстар тұрақты жүргізілуде.
Осылайша, ағымдағы ахуалды талдау Қазақстанның ақпараттық дамуының және мемлекеттік
басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырудың ірі көлемді және кешенді мемлекеттік
стратегияларын іске асыруға дайын екенін айғақтайды.
IV. Бағдарламаны жүзеге асыру мақсаттары, міндеттері, нысаналы
индикаторлары және нәтижелі көрсеткіштері
Бағдарламаның негізгі мақсаты: ақпаратты қоғамға көшу үшін жағдайлар жасау.
Бағдарламалық міндеттері:
1) мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету;
2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету;
3) қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық орта құру;
4) отандық ақпаратты кеңістікті дамыту.
Нысаналы индикаторлар:
1) 2020 жылы Қазақстан Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде алғашқы 35
елдің тізімінде болуға тиіс;
2) «электрондық үкімет» индексі (БҰҰ-ның әдістемесі бойынша) 2020 жылы алғашқы 25
елдің қатарында болуға тиіс;
3) Қазақстан Республикасы үй шаруашылықтарындағы ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымның қолжетімділігі - 100 %;
4) 2020 жылы Интернет желісін пайдаланушылар саны - 75 %;
5) Қазақстан тұрғындарын эфирлік цифрлық телерадио хабарларын таратумен қамту - 95 %;
6) елдің ЖІӨ-не ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі - АКТ) секторының
үлесі - 4 %;
7) денсаулық сақтаудың бірыңғай желісіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі -
100 %;
8) бірыңғай ұлттық ғылыми-білім беру желісіне қосылған ғылыми-білім беру мекемелерінің
үлесі - 100 %;
9) компьютерлік сауаттылық деңгейі - 80 %;
10) Қазақстанда тіркелген бұқаралық ақпарат құралдардың (бұдан әрі - БАҚ) жалпы
санындағы электрондық БАҚ-тың үлесі - 100 %;
11) электрондық түрде ақы төленетін тауарлар мен қызметтердің жалпы айналымындағы
қазақстандық интернет-дүкендер айналымының үлесі - 40 %;
12) электрондық форматта ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің үлесі - 50 %;
13) дәстүрлі түрде алынған қызметтердің жалпы санына қарағанда көрсетілген электрондық
мемлекеттік қызметтердің үлесі - 80 %.
V. Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарына
қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар
1. Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету
1) Мемлекеттік басқару жүйесін ақпараттандыру арқылы оңтайландыру
Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
Қазіргі уақытта рұқсат беру жүйесін және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау
қызметін жетілдіру бойынша шаралар іске асырылуда, рұқсат беру құжаттарын беру процесі
автоматтандырылуда, рұқсат беру рәсімдерін оңайлату жөніндегі нормалар заң жүзінде бекітілді
, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде тексерулердің кезеңділігін белгілеуге
мүмкіндік беретін тетік енгізілді.
Осы шаралардың бәрі мынадай көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған:
1) уақыт жұмсауды және бизнестің шығындарын қысқарту;
2) әкімшілік кедергілерді азайту;
3) мемлекеттік органның бақылау қызметін реттеу;
4) халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиімділігін арттыру.
Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерін автоматтандыруға және
оңтайландыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар іске асырылуда.
Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құрудың негізгі жолдарының бірі ретінде
әкімшілік реформалардың катализаторы және құралы ретінде қаралуы тиіс ақпараттық
технологиялар айқындалды. Ақпараттық технологияларды мемлекеттік органдардың барлық
деңгейінде қолдану бақылау мәселелерінде реттілікті қамтамасыз етеді, бизнес-процестер мен
деректердің қайталануын болдырмайды, бұл нәтижесінде бюджет қаражатының шығыстарын
қысқартуға және тұрғындарға көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Міндет: мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру үшін архитектуралық тәсілді
енгізу.
Нысаналы индикаторлар:
1) Қазақстан Дүниежүзілік Банктің Doing Business рейтингінде 2017 жылы тізімдегі
алғашқы 38 елдің, 2020 жылы - 35 елдің қатарында;
2) мемлекеттік қызмет көрсетудің ең көп уақыты 2017 жылы - 5 жұмыс күнінен, 2020 жылы
- 3 жұмыс күнінен аспайды;
3) мемлекеттік органдардың ақпараттық өзара іс-қимылын автоматтандыру 2017 жылы - 80 %
, 2020 жылы - 100 %.
Қол жеткізу жолдары
Көптеген әкімшілік өзгерістердің қозғаушы күші мемлекеттік органдардың «электрондық
үкімет» инфрақұрылымын пайдалануы болып табылады.
Мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру архитектуралық тәсілді қолдану
арқылы жүзеге асырылады, бұл әрбір мемлекеттік орган үшін уәкілетті органмен келісілген
архитектура құру арқылы мемлекеттік органдардың қызметін автоматтандыруды көздейді.
Мемлекеттік органның архитектурасы мемлекеттік органның ағымдағы және жоспарланатын
жағдайының егжей-тегжейлі сипаттамасын қамтитын құжаттардың, үлгілердің, матрицалар мен
диаграммалардың, сондай-ақ мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске
асыруды қамтамасыз етуге арналған функциялардың, бизнес-процестердің, деректердің,
ақпараттық жүйелердің және техникалық инфрақұрылымның құрамдас бөліктерінің өзара
тәуелділігі мен өзара байланысын оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының (бұдан әрі -
инфрақұрылым жоспары) жиынтығы болады. Архитектура мынадай өзара байланысты қабаттардан
тұратын үлгі негізінде құрылатын болады:
1) қызмет архитектурасы;
2) деректер архитектурасы;
3) қосымшалар архитектурасы;
4) технологиялық архитектура;
5) ақпараттық қауіпсіздік архитектурасы.
Жергілікті атқарушы органдардың архитектурасы құрылады, ол бірыңғай бизнес-процестерді
, құжаттардың, стандарттардың және үлгі шешімдердің бірыңғай қалыптарын пайдалану есебінен
өңірлердегі мемлекеттік органдардың қызметін біріздендіруге мүмкіндік береді.
«Электрондық әкімдіктің» осы архитектурасы үш деңгейден тұрады: облыс, қала, аудан.
Пысықталған архитектураның негізінде мемлекеттік органда орындалатын
бизнес-процестерді регламенттейтін нақты құжаттар әзірленеді.
Бюджеттерді және республикалық деңгейдегі АКТ-жобалардың көпшілігін іске асыруды АКТ
басқару процесін орталықтандыру жүзеге асырылатын болады.
Уәкілетті орган мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көрсетілген
ақпараттандыру жөніндегі іс-шаралардың толықтығын, қарама-қайшы болмауын және мемлекеттік
органдардың оңтайландырылған архитектурасын енгізуге бағытталғандығын тексереді.
Ақпараттандыру жоспарларын толық орындау мақсатында әрбір мемлекеттік органда оны
ақпараттандыру үшін жауапты ұйымдық бірлік құру мүмкіндігі қаралатын болады. Мұндай ұйымдық
бірліктің мақсаттары мен міндеттері ел көлемінде біріздендірілетін болады.
АКТ және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік