Тақырыбы: «Шеберлігіңді шыңда» (Сыныптан тыс жұмыс) Мақсаты



жүктеу 330,89 Kb.
Дата25.11.2017
өлшемі330,89 Kb.
#1589



Тақырыбы: «Шеберлігіңді шыңда» (Сыныптан тыс жұмыс)

Мақсаты:

  • Оқушыларға қолөнермен жалқау адамның жолдас бола алмай -тындығын түсіндіре отырып, өнерге деген қызығушылығын, өз өнерін бағалай білуге баулу.Еңбек құралдарын пайдалана білу мен ойлау қабілетін қалыптастыру.

  • Әр түрлі материалдарды пайдалану арқылы байқағыштығын, шығармашылық қабілетін, қиялын, қол ептілігін дамыту.

  • Еңбек мәдениетін сақтауға, адам еңбегін құрметтеуге, батыл- дыққа,еңбексүйгіштік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Типі: қоғамдық білім байқауы, өткен материалдарды жалпылау және жүйелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, нұсқау беру, талдау

Қолданылатын жабдықтар: қатты қағаз,түрлі-түсті қағаз, қайшы, сызғыш, қарындаш, шыны ыдыс, ермексаз, дәнді дақылдар, табиғи материалдар, сүлгі т.б.

Көрнекілігі: презентация, балалар шығармашылығынан көрме,нақыл сөздер

Өту барысы:

I. Ұйымдастыру сәті

1. Психожаттығу. «Мен бәрін жасай аламын»

Бүгінгі күн тамаша,

Мен өзімді жақсы сезінудемін.

Менің көңіл күйім керемет жақсы.

Мен жұмыс істеуге дайынмын.

Мен өзіме сенімдімін.

Мен барлығы қолымнан келетініне сенемін.

Мен жігерлілікпен мақсатыма қол жеткіземін.



II. «Шеберлігіңді шыңда» тақырыбында ұйымдастырушылық танымдық әңгіме

  1. Кіріспе сөз

Біз, қай заманда өмір сүрсек те, адам өміріндегі ең негізгі іс - ол еңбек болмақ. Еңбексіз өмір жоқ. Оны күнделікті өздеріңнің ата-аналарыңның тынымсыз еңбектерінен байқауға болады.

Дана халқымыз «Баланы бастан» деген нақылды бекер айтпаса керек. Тәлім-тәрбие алуда, теңіздей терең білімді игеру де еңбекпен байланысты.Еңбек үстінде адам шыңдалады, икемделеді,шеберленеді.



  • Шебер адам қандай болу керек деп ойлайсыңдар?

Осы жақсы қасиеттерді біз еңбекке баулу пәні арқылы үйреніп, бойымызға сіңіреміз.Ендеше, сол пәннен ерекше шеберлігімен көзге түскен, 1-3 сынып оқушыларының қатысуымен өтетін «Шеберлігіңді шыңда» атты сайысымызға қош келдіңіздер.



  1. Таныстыру.

Енді осы қызықты сайысқа қатысушы оқушыларымызды таныстырып өтейік 1-сынып пен 3-сынып оқушылары.
Осы өнерлі шебер балалардың еңбегін бағалайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

  1. Суреттер сөйлейді (слайд)

Балалар, енді тақтаға назар аударайық. Мұнда, өздерің сияқты шебер балалардың қолдарынан шыққан өнер туындылары:

    • Ермексаз және сазбалшықпен жұмыс

    • Табиғи материалдармен жұмыс

    • Қағазбен жұмыс

    • Оригами

    • Құрастыру

    • Матамен жұмыс

Осылардың ішінде бүгін біз табиғи материалдармен жұмыс жасаймыз.

      • 1 сынып оқушыларына –панно жасау

      • 3 сынып оқушыларына құмыраны әртүрлі материалдармен әшекейлеу.

  1. Практикалық жұмыс

Қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу. Қауіпсіздік ережесі мен жеке бас гигиенасы, қайшымен жұмыс істеу ережелерін еске түсіру.

Құрал - жабдықтарымызды парта бетіне реттеп қойып аламыз.Олар жұмысқа кедергі жасамауы керек.Әрқайсысы өзінің алдындағы дайындаған материалдарымен жұмыс істейді.

Көрсетілген үлгілердің элементтерін пайдалану арқылы немесе өз қиялдарыңа ерік беріп, шеберліктеріңді көрсетіңдер.Жұмысты бастамас бұрын нені қалай жасауға болатынын жақсылап ойланып алыңдар.

Олай болса, іске сәт, балалар!



4. Сергіту сәті



III. Қорытындылау.

Жасалған жұмыстарын қорғау.


Қазылар алқасы ақылдасып, шешім шығарғанша өздерің сияқты өнерлі қыздардың өнерін тамашалайық.

  • Айзадының орындауында «Туған жер» әні

  • Мерей мен Бағдаттың орындауында «Әке» әні




    • Қазылар алқасына сөз беру.


жүктеу 330,89 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау