Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 1,12 Mb.
Pdf просмотр
бет20/40
Дата14.05.2018
өлшемі1,12 Mb.
#12817
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40

40

0.2.1.3. Табиғи және қолдан жасалғандардан, екіге, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі 

симметриялық пішіндерді қию.

0.2.2.2. Бірнеше қабат етіп бүктелген қағаздан геометриялық сәндік элементтерді көбірек қиып 

алып, геометриялық пішіндерді (шаршылар, тіктөртбұрыштар, шеңберлер, сопақшалар) ортасынан 

немесе диагональ бойынша қию.

0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.

Күтілетін нәтижелер Барлық тәрбиеленушілер:

-ою элементтерінен жапсырма құрастыра алады;

-екіге бүктелген, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі симметриялық пішіндерді қиып ала 

алады;


-желімді пайдалану дағдыларын қолдана алады.

қайшыны дұрыс ұстап, еркін пайдалана алады.



Көптеген тәрбиеленушілер:

-ою пішіндері мен элементтерін кезектестіре отырып, өрнектерді симметриялы, ырғақты 

орналастыра алады;

-жапсыруда әртүрлі түстерді бейнелілік құралы ретінде қолдана алады; 

-түпкі ойын тұрақты сақтап, өзінің әрекеттерін жоспарлай отырып, жұмысын соңына дейін 

жеткізе алады.



Кейбір тәрбиеленушілер:

-бірнеше қабат етіп бүктелген қағаздан бірнеше геометриялық сәндік элементтерді қиып ала 

алады;

-өз бастамасымен түрлі бейнелеу тәсілдерін біріктіре алады.



тілдік мақсаттар

дағдыларды дамыту:

-сұрақтарға жауап беру, бұрын меңгерген біліктерін еске түсіру;

-шығармашылық процесс барысында мүмкіндіктер аясын талқылау;

-ұлттық салт-дәстүрлермен және қолөнермен танысқан, халық шығармашылығының бұйымдарын 

жасаған кезде сөздік қорын байыту;

-тапсырмаларды орындау және проблемалық міндеттерді шешу кезінде сөйлеу және тыңдау 

дағдыларын бекіту;

-қазақ, ағылшын тілдерінде таныс сөздерді есту арқылы тану;

-қорытынды сұрақтарға жауап беру, өз жетістіктерін бағалау.

Көптілділік: қайшы – ножницы – scissors.

негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

-сәндік жапсыру, тұрмыстық зат, ою, контур бойынша қиып алу, екіге бүктеу, қатпарлап бүктеу.



талқылауға арналған сұрақтар:

Қандай оюды қолданасың? 

Оюдың қандай түсін қолданасың?

Қазақ халқының тұрмыстық заттары неге оюмен безендіріледі?

Оюдың әзірлемесін қандай тәсілмен бүктеуге болады?

Алдыңғы білім

Қазақтардың шығармашылығы туралы түсінік. Сәндік композициялар құрастырудың қарапайым 

біліктері. Қағазды бүктеп, бірнеше пішіндерді қиып алу білігі. Қайшымен жұмыс істеудің 

техникалық дағдылары.



Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

і. Оң көңіл күй 

орнату.

0–1 минут



II. өмірлік тәжірибені 

өзектендіру. 

мақсат қою.

2–5 минут



(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату.

Орнымыздан тұрайық, 

Қолды белге қояйық.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым,

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

(ұ) Педагог балаларға «Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері» 

фильмінен қысқа үзінді көрсетеді.

Тәрбиеленушілердің алдағы іс-әрекеттері туралы болжамдарын 

тыңдайды.

Музыкалық сүйемелдеу.

III. ұОқ-нің 

тақырыбы бойынша 

жұмыс

6–25 минут



(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялармен жұмыс.

Педагог балалардың назарын қазақтың тұскиізіне аударады. 

Тәрбиеленушілер оюға қарап, оюдың таныс элементтерін атайды.

Педагог балаларға қазақ халқының ежелден жапсырманы 

қолданып келгенін, ақ киізге түрлі түсті тұскиізді тіккенін айтады.

Әліппе-альбом.

Иллюстрациялық материал.

Энциклопедия. Қазақтың 

сәндік-қолданбалы өнері.



41

Түрлі түсті қағаздан өрнек қиып алып, тұскиізді безендіруді 

ұсынады.

Педагог балаларды әртүрлі түстердің мәнімен және кілем 

жасаудағы түстердің үйлесімімен таныстырады:

Сары түс – күнді білдіреді.

Көк түс – су мен аспанды білдіреді.

Қызыл мен қара – даналықты білдіреді.

Қоңыр мен жасыл – жерді білдіреді.

(ұ) саусақтарға арналған жаттығу.

Алақандар үстел үстінде,( «бір­екі» саусақтар бірге, саусақтар 



бөлек.)

Алақан – жұдырық – қырынан қою, («бір­екі­үш».)

Саусақтардың амандасуы («бір­екі­үш­төрт­бес» екі қолдың 

саусақтары қосылады: бас бармақ бас бармақпен, сұқ саусақ сұқ 

саусақпен және т.с.с.).

Қояндар (сұқ және ортаңғы саусақты жоғары қарай көтеріп, бас 



бармақ, төртінші және бесінші саусақтар біріктіріледі.) 

Қояндар тығылып қалды (жұдырық түйіледі).

Ағаштар өсіп тұр (саусақтар тарбиып алақандарды өзіне қарай 

бұрып, қолдарын жоғары көтеру). 

Одан кейін қолдар төмен қарай түсіріледі (ағаштар жоқ). 



(Ж, ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы.

Педагог тәрбиеленушілердің ұлттық ою-өрнектердің әр 

алуандығына қызығушылығын оятады. Тәрбиеленушілерге 

аппликациялық бейнелеуде оюдың пішінін, түсін назарға ала оты-

рып, біркелкі орналастыруға көмектеседі. Педагог тікелей үйрету 

әдісін қолданады. Жұмыстың реті барлық орындау кезеңдері бей-

неленген схемалар түрінде тақтада көрсетіледі.

 Симметрия және ырғақ заңдылығымен қиюға және түрлі 

элементтерді біріктіруге (геометриялық, өсімдіктектес пішінді) 

баса назар аударады. Жұмысты бастамас бұрын  бейне  қандай 

болатынын, қандай түсті қағаз қажеттігін, оюды қандай 

тәсілмен қию керектігін ойластырып алуларын айтады. Оюдың 

үлгіқалыбын қиып алу қажет. Содан кейін түрлі түсті қағаздан 

әзірлеме қиып алынады.

Түрлі түсті қағаздан жасалған әзірлемені екі бүктеп не қатпарлап 

бүктеп, парақтың бүгілген жеріне оюдың үлгіқалыбын қойып, жай 

қарындашпен бастырамыз.

Ою қиып алынады. Негізгі бетке жапсырма бөлшектерін барынша 

дұрыс орналастырамыз.

Педагог балалардың бөлшектерді бүлдірмей, дәл қиюын қадағалайды. 

Қию сызығының бұдырсыз, анық болуын қадағалау қажет. 

Қиған кезде қағазды ойып алмауға тырысу қажет.

Жапсырманың барлық бөлшектерін негізге кезектілікпен жапсырады.

Педагог бір баланы оюды әзірлеу тәсілін көрсету үшін тақтаға шақыра

 алады, тәрбиеленушілер түсінігін бекітуі және жұмыс ретін 

қайталауы үшін сол баланың әрекеттерін нақтылап, 

түсіндіріп отырады. 

(ұ) қауіпсіз жұмыс жүргізу ережелері.

Сабақ  шеңберінде  пегагог  баланың  ірі  бөлшектерді  қайшының  кең 

ашылған ашаларымен, ал ұсақ бөлшектерді ұсақ, мұқият қимылдармен 

қиюға болатынын біле отырып, қайшы ұстаған қолының шынтағын 

алға  қарай  созбауын,  екі  қолының  қимылдарын  қадағалауын 

бақылайды.

Музыкалық сүйемелдеу.

Түрлі түсті қағаз, жай 

қарындаштар, қайшы, 

ПВА желімі (не желімді 

қарындаш), желім 

жаққыштар, сүрткіштер, 

клеенка.

Трафареттер, үлгіқалыптар.

Жадынама.

IV. ұОқ 

қорытындылау. 

Рефлексия.

26–30 минут



(ұ, ө) Рефлексиялық бағалау:

Педагог балаларды бір-бірінің жұмысын бағалауға шақырады.



Педагог рефлексияның бір түрін таңдайды:

физикалық (үлгердім – үлгермедім);

сенсорлық (өзін-өзі сезіну: қолайлы – қолайсыз);

зияткерлік (нені түсіндім, ұғындым – нені түсінбедім, қандай 

қиындыққа кезіктім);

рухани (жақсы – жаман бола бастадым, өзімді, өзгелерді жақсы 

немесе жаман жаққа үйрете бастадым).

Көрме ұйымдастыру.




жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау