18
2-ұОқ. мЕніҢ АуЛАм
(сюжеттік аппликация)
мектеп/мұ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
сынып/топ:
қатысқандардың саны:
қатыспағандардың саны:
ұОқ-нің оқыту
мақсаттары:
0.1.2.1. Жапсыруда дербес немесе ұжымдық сюжеттік композиция жасау, заттардың кеңістіктік
қатынастарын, түсін, пропорциясын, заттар мен олардың бөлшектерінің текстурасын есепке ала
отырып оларды аспанға, суға, жерге қатыстылығы бойынша орналастыру.
0.2.1.1. Геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттардың бейнесін қию (жолақтарды
тіктөртбұрыш, шаршыларды үшбұрыш етіп қию, шаршының немесе тіктөртбұрыштың
бұрыштарын қию арқылы шеңбер және сопақ пішіндерді қиып алу).
0.2.2.1. Жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсау (тығыздығы, түсі, текстурасы жағынан
әртүрлі қағаздар).
0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.
Күтілетін нәтижелер Барлық тәрбиеленушілер:
-жолақтарды тіктөртбұрыш, шаршыларды үшбұрыш етіп қию, шаршының немесе
тіктөртбұрыштың бұрыштарын қию арқылы шеңбер және сопақ пішіндерді қиып ала алады;
-заттардың кеңістіктік қатынастарын, түсін, пропорциясын, заттар мен олардың бөлшектерінің
текстурасын есепке ала алады.
Көптеген тәрбиеленушілер:
-геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттарды қия алады;
-жапсыруда жеке сюжеттік композиция құра алады;
-суреттерді үлкенінен бастап, кейіннен оларды ерекшелігі бар ұсақтарымен толықтыра отырып,
қағаз парағына жапсыра алады;
-геометриялық фигуралар негізінде қарапайым заттарды қия алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
-өз бетімен елестету бойынша суреттерді құрастыра алады;
-композиция заңдарын қолдана алады;
-фигуралардың көлемінің әртүрлі екендігін айқындай алады.
тілдік мақсаттар
дағдыларды дамыту:
-сұрақтарға жауап беру, бұрын меңгерілген білімді еске түсіру;
-шығармашылық үдеріс кезінде мүмкіндіктер шеңберін талқылау;
-тапсырмаларды орындау кезінде сөйлеу және тыңдау дағдыларын бекіту;
-қазақ, ағылшын тілдерінде таныс сөздерді тану;
-түпкі ойды түсіндіру.
Көптілділік: аула – двор – сourt.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері.
Сюжеттік композиция, кесу, қию, бөлу, ою, геометриялық фигуралар, қайшы, желім.
талқылауға арналған сұрақтар:
Сен қайда тұрасың?
Сенің аулаңда не бар?
Құрылыстар қандай геометриялық фигураға ұқсайды?
Қандай түсті пайдалануға болады?
Қандай тәсілмен қиюға болады?
Қағазды қалай бүктеуге болады?
Алдыңғы білім
Қарапайым сюжеттік композиция құру, қағаз парағын толтыру білігі. Қайшымен жұмыс істеу
дағдылары. Геометриялық фигураларды білу. Негізгі түстермен және олардың реңктерімен
танысу. Қазақстанның табиғатын, адамдардың еңбегін бейнелеу.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
і. Оң көңіл күй
орнату.
0–1 минут
(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату.
Сәлеметсің бе, оң қол (қолымызды оңға қарай созамыз),
Сәлеметсің бе, сол қол (қолымызды солға қарай созамыз),
Сәлеметсің бе, достым ( бір қолымызбен көршінің қолын ұстаймыз),
Сәлеметсің бе, достым ( екінші көршінің қолын ұстаймыз),
Сәлем, сәлем татулық шеңбері (қолдарымызды тербелтеміз),
Қол ұстасып тұрғанда (біз бір үлкен шеңбер құрамыз),
Кішкентай да бола аламыз ( отырамыз),
Үлкен де бола аламыз (тұрамыз),
Бірақ ешкім де жалғыз қалмайды.
Музыкалық сүйемелдеу.
II. өмірлік тәжірибені
өзектендіру.
мақсат қою
2–5 минут
(ұ) Педагог балалардан қоршаған орта – көше, үй, аула туралы пікір
бөлісулерін ұсынады. Жұмбақ жасырады:
Алыстағы апаңмен,
Оқудағы ағаңмен,
Алаңдардың, аулалардың
фотосуреттері,
иллюстрациялар.
19
Тілдестіріп тұратын,
Заттың атын табар ма ең? (Телефон)
Тұмсығымен ояды,
Ұя салып қояды,
Табыңдаршы, балалар,
Ол қандай құс болады? (Тоқылдақ)
Балаларды алдағы жұмысқа жұмылдырады. Жұмысқа қажет құрал-
жабдықтардың – төсеніш клеенкасы, қайшы, желім, желімге арналған
жаққыш, шүберек, түрлі түсті қағаз, қоқыс салғыштың дайындығын
тексереді.
III. ұОқ-нің
тақырыбы бойынша
жұмыс
6–25 минут
(ұ) Әліппе-альбомның иллюстрациялық материалымен жұмыс.
Педагог тәрбиеленушілерге иллюстрацияға қарап, аулада ненің
орналасқанын белгілеуді сұрайды. Аулада достарымен бос
уақыттарын қалай өткізетіндерін сұрайды.
(Ж) Тәрбиеленушілер жұптасып, аулада орналасқан геометриялық
фигуралар неге ұқсайтынын талқылайды.
Педагог балалардың алдына геометриялық пішіндер негізінде
қиылған қарапайым заттардан «Менің аулам» тақырыбына жеке
сюжеттік композиция құрастыру міндетін қояды.
(ұ) «Үйшік» саусақтарға арналған жаттығу.
Саңырауқұлақтың асты – күрке-үй (алақандарын күрке тәрізді
біріктіру),
Ол жерде көңілді құртақан тұрады,
Біз оның есігін жаймен қағамыз (жұдырықпен екінші қолдың алақанын
соғу),
Қоңырауын соғамыз (екі қолдың алақандарын төмен қаратып,
саусақтар айқастырылып, оң қолдың ортаңғы саусағы төмен бүгіліп,
сәл теңселеді),
Бізге есікті құртақан ашады,
Күрке-үйіне бізді шақырады.
Күркенің ағаш едені бар
(алақандарын төмен қаратып, қырларымен бірбіріне тақап, қысады),
Үстінде емен үстел тұр
(сол қолдың жұдырығының үстін оң алақанмен жабады),
Жанында арқасы биік орындық
(сол қолдың алақанын тігінен жоғары көтеріп, ал оның төменгі
жағына бас бармақты өзіне қаратып оң қолдың жұдырығын тірейді):
Үстелде шанышқы мен тостаған (сол қолдың алақанын жоғары
қаратып үстел үстіне қойып, оң қолмен шанышқыны бейнелейді:
алақанды төмен қаратып, төрт саусақты түзу тарбитып, ал бас
бармақты алақанға қысады.
Буы бұрқырап құймақтар тұр.
(ұ, Ж) Жұмыстың орындалу технологиясы
Педагог жұмысты бастамас бұрын нені бейнелейтінін, қандай түсті
қағаз керектігін, бөліктерін қандай тәсілмен қию керектігін ойланып
алуларын ұсынады. Педагог суретті құрастыру процесін, жапсырма
жасау кезектілігін көрсету үшін тікелей үйрету әдісін қолданады.
Жұмыстың кезектілігі тақтада барлық кезеңдері көрсетілген схема
түрінде бейнеленеді.
Балаларды жұмыс алгоритімімен таныстырады.
Тіліктер тіктөртбұрыш етіп қиылады.
Шаршылар диагоналі бойынша бір бұрыштан екіншісіне дейін
үшбұрыштарға бөлінеді.
Шаршы мен тіктөртбұрыштың бұрыштарын кесіп алып, дөңгелек
және сопақша пішіндер қиылады.
Педагог балалардың дәл қиюын және бөлшектерді бүлдірмеуін
қадағалайды. Қию сызығының анық, бұдырсыз болуын қадағалап,
қиған кезде қағазды ойып алмауға тырысу қажет.
Балаларға сюжеттік жапсыру кезектілігін сақтау керектігін
түсіндіреді: алдымен артқы көрініс, одан кейін жақын көрініс;
алдымен ірі бөліктер, одан кейін шағын бөлшектер. Сондықтан
барлық пішіндерді қиып алғаннан кейін балалар оларды сюжетке
сәйкес фонға орналастырып, жапсыруды неден бастау керектігін
шешеді. Педагог шығармашылық қабілеті жоғары балаларға 2-3 затты
орналастыру жоспарын беріп: жерді, аспанды, түсті дұрыс таңдауға
ерекше назарларын бөлуді тапсырады. Педагог тәрбиеленушілерге
Әліппе-альбом.
Музыкалық сүйемелдеу.
Түрлі түсті қағаздар, ПВА
желімі (немесе қарындаш-
желім), желімге арналған
жаққыштар, шүберектер,
клеенка.
Қайшының суреті.