87
Ал егерде өз білімдеріңе сенімсіз болсаңдар, смайликтің
суретін баспалдақтың 2-сатысына салыңдар.
– Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды?
Неліктен?
Педагог мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды.
№8
тАҚырыБы: дӘруМеНдер
Мектеп/Мұ:
күні:
педагогтің аты-жөні:
СыНып/тОп:
Қатысқандар
саны:
Қатыспағандар саны:
ұОҚ оқытылу мақсаттары
0.2.2.1. Дәрумендердің пайдасын түсіндіру.
0.2.2.2. Дәрумендер қорын білу.
күтілетін нәтиже
Барлық балалар:
Дәрумендердің пайдасын түсінеді, құрамында дәрумендері бар азық-түліктерді
атайды.
көпшілік балалар:
Күнделікті пайдаланатын құрамында дәрумендері бар азық-түлік туралы
түсінеді.
кейбір балалар:
Адам денсаулығына дәрумендердің тигізер пайдасын түсіндіреді.
88
тілдік мақсат
дағдыларын дамыту:
Қойылған сұрақтарға толық жауап бере алады.
Адам денсаулығы үшін дәрумендердің маңызы туралы біледі.
көптілділік:
көгөністер – овощи – vegetables
жемістер – фрукты – fruit
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: пайда, дәрумендер, денсаулық.
Пікір алмасу сұрақтары:
Дәрумендер дегеніміз не?
Дәрумендер қандай азық-түліктердің құрамында болады?
Дәруменсіздік (авитаминоз) дегеніміз не?
Өсімдіктердегі дәрумендерді қысқы уақытқа сақтауға бола ма?
Терезе алдында қандай пайдалы дәрумендерді өсіруге болады?
Өткен ұОҚ алған білім Денсаулық туралы қарапайым түсініктер.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жұмыс түрлері
ресурстар
і. дұрыс әсерлі көңіл
күй орнату
1-2 минут
(ұ) Жағымды көңіл күй орнату.
«Мейірімді істер» ойыны
Балалар шеңберге жиналып, кезекпен бір күннің ішінде ата-
аналары, туыстары олар үшін қандай жақсы істер жасағаны
туралы айтады. Содан соң, балалар өздері жақындары үшін
қандай жақсы істер жасағандары жайлы айтады.
Табиғат дыбысы
жазылған
аудиожазба
89
– Бір күннің ішінде қаншама жақсы, мейірімді істер
жасауға болады екен! Мойындау керек, үлкендер әрдайым
еңбектеніп, өз отбасылары үшін көп тер төгеді. Бірақ
сендердің айтуларың бойынша, сендер де көп нәрсе жасай
аласыңдар: аналарыңа көмектесесіңдер, өз бөлмелеріңді
таза ұстайсыңдар, өз ойыншықтарың мен киімдеріңді
жинайсыңдар, күн тәртібін, тамақтану, демалу тәртібін
сақтайсыңдар. Мейірімді істерде сәттілік!
іі. Өмірлік
тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Мейірімді істердің қатарында ата-аналарың сендерге
күнделікті дәмді таңғы ас пен түскі ас дайындайтынын
айттыңдар. Көпшілігін өз отбасын қандай пайдалы аспен
тамақтандырсам деген сұрақ мазалайды. Ал тамақты аз
ішу – жақындарыңды қапаландырады, олар тамақ ішу
керектігін ескертіп, «Ас тұрған жерде ауру болмайды» деп
мақалмен мысал келтіріп жатады.
– Мақалда қандай тағам жайлы айтылады, адам ауырмай,
дені сау болуына көмектесетін қандай күш болуы мүмкін?
Балалардың жауаптары.
90
ҰОҚ ортасы
III. тақырып
бойынша жұмыс
6-25 минут
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
–
Дәрумендер дегеніміз не?
Дәрумендер қандай азық-
түліктердің құрамында болады?
Балалар талқылап, «дәрумендер» сөзіне анықтама береді.
педагог ақпараты: Дәрумендер – түрлі тағамдар мен
өсімдіктерде болатын, яғни адамның қалыпты өсуі
үшін өмір әрекетінде қажетті зат. Әр азық-түлік өзінің
дәрумендер мен микроэлементтер жиынтығын құрайды.
Қажетті көлемде дәрумен алу үшін жемістер, түрлі дақыл
жармаларын жеп, сүт өнімдерін қолдану керек.
Егер адам организміне қажетті көлемде дәрумендер
жетіспесе, ол ауырып, солғын тартып, көңілсіз күйде
болады.
Қорытынды: Дәрумендер сарбаздар сияқты сендердің
организмдеріңді зиянды микробтардан және түрлі
аурулардан сақтайды.
Қорытынды: Дәрумендер сарбаздар сияқты сендердің
организмдеріңді зиянды микробтардан және түрлі
аурулардан сақтайды.
Дәрумендер жайлы ертегіні тыңдау және талқылау.
«Ертеде бір елде көңілді, өмірге құштар адамдар өмір
сүріпті. Елді бір өте ақылды адам билепті. Оның бұйрығы
бойынша елдегі барлық адамдар салауатты өмір салтын
ұстанулары: таза ауамен демалу, таңғы жаттығу жасау, күн
тәртібін сақтау, пайдалы аспен тамақтану керек еді.
Бір күні қатал қыс түсіп, қатты аяздан бақтағы барлық
91
ағаштар мен жүзімдіктер үсіп қалады. Дәмді апельсин,
лимон, алма, анар және басқа да жемістер азаяды. Пияз,
орамжапырақ, қызылша сияқты көгөністер де тез бітті.
Шөп жетіспегендіктен сиыр мен қой ет, сүтті аз берді.
Уақыт өте келе балалар мен үлкендер ауыра бастады.
Сол сәтте ақылды билеуші барлық елден ғалымдарды
жинап, өз халқын қалай құтқаруға болатыны жайлы
ақылдасады. Барлық ғалымдар бір тоқтамға келеді.
Тұрғындар ауруының себебі денсаулық үшін түрлі
көгөністерден, жемістерден, сүт өнімдерінен алатын
қажетті заттар жетіспеушілігі болды.
Ғалымдар бұл заттарды «дәрумендер» деп атады, ал
тұрғындардың ауруын «дәруменсіздік», яғни ағзаға
дәруменнің жетіспеушілігі деп атады.
Уақыт өте берді, ғалымдар мен дәрігерлер табиғи
дәрумендерді немен ауыстыруға болатынын ойластырып
еңбектенді.
Сөйтіп, халыққа жасанды дәрумендерді (таблетка, сироп
түріндегі) бере бастайды, жұрт дерттерінен сауыға
бастағандарын сезінеді. Осылайша ғалымдар адамдарды
ауыр дерттен сақтап қалады.
Елдің билеушісі мен тұрғындар ең дұрысы тамақтану
тәртібін сақтау керектігін түсінеді.
Ғалымдардың ұсынысы бойынша, тұрғындар егістікке
тары, жүгері, бидай сияқты дәнді дақылдарды егеді. Ол
уақытқа дейін олар тек күріш еккен еді.
Достарыңызбен бөлісу: |