І. Қызығушылықты ояту.
Шаттық шеңбері (оқушылар ортаға шығады).
Сендердің алдарыңда берілген өрнектер жай емес сиқырлы. Егер қатесіз орындасаңдар, бәрімізге таныс ертегінің атын оқитын боласыңдар.
«Жоқ санды тап» ойыны. (өрнектер жазылған карточкалар. Өрнектерді табу арқылы БАУЫРСАҚ сөзін шығару.)
Үй тапсырмасын тексеру.
Бүгінгі сабақта сендердің білімдеріңді саңырауқұлақ арқылы бағалаймыз.
Әрқайсыңның алдарыңда ыдыс бар, соған саңырауқұлақ жинайсыңдар, ол үшін сабаққа жақсы қатысып тапсырмаларды дұрыс орындауларың керек,
Дайынсындырма ендеше кірісейік, кім көп саңырауқұлақ жинайды екен.
1. Бауырсақ ертегісін бастаған кімдер еді
- Ата мен Әже
- Дұрыс, ата мен әже сендердің білімдеріңді байқағысы келеді. Сендерге тапсырмалар алып келген соны қатесіз орындайық.
«Кім жылдам» ойыны.
1-сынып
1. қандай сандар бір таңбалы сандар деп аталады?
2. Он неше таңбалы сан?
3. Сандардың көршілерін ата? (3, 6, 7, 9)
4. 7 санынан қандай сандар кем, қандай сандар артық?
|
3-сынып
1. Сандардың көршілерін ата? (99, 991)
2. Ең кіші екі таңбалы сан және ең үлкен үш таңбалы сан қалай аталады?
3. Талғат 36 теңгеге 6 кәмпит сатып алды. 1 кәмпиттің бағасы қанша?
4. 8,9,10-ның квадраты неше болады?
|
2.Мағынаны тану.
2. Қарны ашқан Ата Әжеге не пісір деді?
- Бауырсақ
Әженің пісірген бауырсағы қайда кетті?
- дұрыс. Қашып кетті. Қашқан бауырсақ өте қатты қуанды. Қуанышын сендермен бөліскісі келеді. Сендерге тапсырмасы бар, орындаймыз ба?
Оқулықпен жұмыс (бауырсақтың тапсырмасы).
1-сынып
1. Кітаптағы № 1 және 2 тапсырмалар. Ауызша орындаймыз. (1-ден 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санау, сурет бойынша өрнек құрастыру)
|
3-сынып
1. Кітаптан №1 тапсырма. Ауызша орындаймыз. (қысқаша жазылу бойынша есеп құрастыру есеп құрастыру)
|
3. Қашып бара жатқан бауырсақ ең алдымен немен кездесті?
- дұрыс. Қоянның да бізге тапсырмасы бар.
Дәптермен жұмыс.
1-сынып
1. Дәптердегі № 1 тапсырманы орындаймыз.
|
3-сынып
1. Кітаптан №2 тапсырманы дәптерге жазып орындаймыз.
|
Қоян бізге риза. Өзімен бірге өлең айтқанымызды қалайды.
Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян.
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
4. Қояннан құтылған бауырсақ немен кездеседі?
- дұрыс. Қасқырмен кездеседі. Қасқырдың тапсырмасын орындаймыз.
Тақтамен жұмыс.
«Балық аулау» ойыны.
Балықтың артында жазылған сандардан өрнек құрастырып, тақтаға жазу.
1-сынып 3-сынып
6 4
10
|
10 7
3
|
8 1
9
|
10 2
8
|
3 7
4
|
1)
|
8 9
72
|
|
7 6
42
|
2) 789 – х = 27 : 3
а – 36 = 9 * 2
5. Қасқырдан құтылған бауырсақ енді немен кездеседі?
- Дұрыс, аюмен кездеседі. Аюдың тапсырмасын орындаймыз.
Өздік жұмыс.
1-сынып
1. Оқулықтағы № 3 тапсырманы дәптерге орындау.
|
3-сынып
1. Карточкамен жұмыс. Өрнек құрастыру.
|
Сергіту сәті: Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық.
6. Демалып алсақ, бауырсақтың енді немен кездесетінін есімізге түсірейікші.
- Дұрыс, түлкімен кездеседі. Балалар, осы ертегіде түлкі бауырсақты жеп қоюшы еді ғой, ал сендерге осылай болғаны ұнай ма? Ендеше біздер ертегіні өзгертейік. Ол үшін түлкінің тапсырмасын ешқандай қатесіз орындап, бауырсақты құтқарып қалайық.
1-сынып
1. Дәптердегі № 4 тапсырманы орындайды.
|
3-сынып
1. Оқулықтағы №5 тапсырманы дәптерге орындайды. Шаршы тіктөртбұрыш сызу, ауданы мен периметрін табу.
|
ІІІ. Ой қозғау.
7. Түлкінің тапсырмасын тамаша орындадыңдар. Ол айтқан сөзінде тұрды, бауырсақты жіберді. Қатты қуынған бауырсақ сендермен бірге мына бір қызықты тапсырманы орындағысы келеді.
Бауырсақтың тапсырмасы:
1-сынып
1. Карточкамен жұмыс. Теңсіздік құрастыру.
2. Фигураларды атау. Ауызша.
3. Сандар құрамын жазу.
|
3-сынып
1. Карточкамен жұмыс. Теңсіздік құрастыру.
2. Фигураларды атау. Ауызша.
3. Өрнекте. (дециметр, сантиметрлермен жұмыс)
|
БАҒАЛАУ.Әр оқушы өздерінің жинаған саңырауқұлақтарын санайды.
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН БЕРУ.
1-сынып
1. 1-10ға дейінгі сандар құрамын қайталау ,дәптердегі 5-тапсырманы орындайды.
|
3-сынып
1. Оқулықтағы №6 тапсырманы орындайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |