Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет10/33
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12826
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33

26
(Ұ) Үлгілерді көрсету.
(Ұ) «Болады – болмайды» ойыны. Ермексазбен 
және кескішпен жұмыс істеу тәртібін ортаға салу, 
балалар ережелерді талқылайды және түсіндіреді.
1. Ермексазды пайдаланғанда мұқият болу, үстелді, 
киімді бүлдірмеу, арнайы тақтайша үстінде 
мүсіндеу, ермексазды ауызға салмау. 
2. Пластмасса кескішпен жұмыс істегенде абай 
болу; құралды ұстап тұрып қолыңды ары-бері 
сермеуге болмайды – бұл басқа біреуді жарақаттауы 
мүмкін.
3. Ермексазбен (сазбалшықпен) жұмыс істегеннен 
кейін жұмыс орнын реттеу; тақтайшаны ермексаздан 
(сазбалшықтан) тазартып, үстелді дымқыл 
шүберекпен сүрту. 
4. Жұмысты аяқтағаннан кейін қолды қағаз 
майлықпен мұқият сүртіп, содан соң жылы сумен 
сабындап жуу қажет. Артынша сүлгімен немесе 
майлықпен құрғатып сүртеміз.
Әліппе-альбом.  
Түрлі түсті ермексаз, 
кескіш, тақтайша, қағаз 
майлық.
(Ұ, Ө) «Мүсіндеу алгоритмін түсіндіру және 
көрсету».
Мүсіндеуге дайындық жасаңдар.
1. Сарғылт түсті ермексаздан бір домалақ жасаңдар. 
Одан мүсіннің басын жасайсыңдар. Содан соң 
денесі мен құйрығына екі қысқа сопақша жасаңдар. 
Алдыңғы сирақтарына арнап екі ұзын және жіңішке 
сопақша, артқы аяқтарына арнап екі ұзын әрі 
жуандау сопақша дайындаңдар.
2. Түлкінің дене мүшелерін жасаңдар. Алдымен 
басынан бастаған жөн. Шарды алып, тұмсығының 
тұсын бас бармақ пен сұқ саусақтың көмегімен алға 
қарай созыңдар. Дәл осындай әдіспен құлақтарын 
жасаңдар. Аяқтарының төменгі жағы жіңішкелеу 
болғаны жөн. Денесіне арналған сопақшаның бір 
шетін созып, түлкінің мойнын жасаңдар. Артқы 
жағына құйрығын бекітіңдер.
(Ұ, Ө) Ой қорыту. 
Жануардың дене мүшелері көлемі жағынан бір-
бірімен үйлесімді болғаны жөн.
– Бөлшектерді қандай тәсілмен бекітеміз? (Жағу 
арқылы).
(Ұ) Саусақтарға арналған жаттығу: 
«Саусақтарға қонаққа барғанда».
(Ө) Өзіндік жұмыс.
Балаларға жеке-жеке көмек көрсетіп отыру.
 (Ұ, Ө) «Шығармашылық минуты».
 «Түлкі және ешкі» ертегісін сахналау.
Сахналауға арналған 
қондырғылар.
Музыкалық сүйемелдеу. 


27
ҰОҚ-нің соңы
Рефлексия
26-30 минут
(Ұ, Т) Балалар жұмыстарының көрмесі.
Педагог балаларды жұмыстарды талқылап, 
бұйымдарға баға беруге шақырады.
 Ермек балаларға ҰОҚ өздері жасаған жұмысқа баға 
беруді ұсынады: 
1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл 
түспен бояйды.
2. Қиналғандар қызыл түспен бояйды.  
Балалардың 
жұмыстарына арналған 
көрме. 
Әліппе-альбом, 
қарындаштар.
 
№6 ҰОҚ. Қарасаң көзің тоймайды, Қыз Жібек 
қандай тамаша! (Дымков ойыншықтарының 
үлгісі бойынша)
Мектеп / МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
 Мектепалды даярлық сыныбы / топ:
Қатысушылар саны: 
Қатыспағандардың 
саны:
ҰОҚ-нің оқу 
мақсаттары
0.1.3.2. Әлем халықтарының ұлттық ойыншықтары мысалында затқа 
қарап, елестетіп және ойдан құрастырып жапсырып мәнерленген образды 
сәндеу әдістерін пайдалану (рельеф, илеу, кескішпен ойып алу немесе 
қырып із салу).
0.2.1.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
•  Қыз Жібектің мүсінін жасайды;
•  алақанның көмегімен ермексазды айналдыра домалақтап, шар жасай 
алады.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
•  бөліктердің пішінін келтіріп, бір-біріне мықтап бекітеді; 
•  саусағының көмегімен «өрнек» сала алады; бұйымдарды безендіреді;
•  алған білімі мен мүсіндеу тәсілдерін пайдаланып, бейне жасай алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
•  Дымков ойыншығының айшықтығын, көркемдігін атап көрсете алады. 
Мәселен, түсі ашық, шебер әрленген, қолтаңбаның түрлі элементтерімен 
толықтырылған.
Тілдік мақсаттар
Дағдыларын дамыту: 
•  ауызша сөйлеу қабілеті, 
•  сұрақтарға жауап беру; 
•  талдау, талқылау, қорытынды жасау; 
•  өзінің жасаған бұйымы туралы әңгімелеп беру.
Көптілділік: бойжеткен – барышня – miss.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
ермексаз, кескіш, майлық, ұқыптылық, тегістеу, созу, қауіпсіздік 
техникасы, ою-өрнек.
ҰОҚ-де диалог/хат жазу үшін пайдаланылатын тіл:
Талқыланатын сұрақтар: 
– Ойыншықтар қандай материалдардан жасалады?
– Ұлттық ойыншықтардың қандай түрлерін білесіңдер?
– Ойыншықтардың қандай ерекшеліктері бар?
– Ойыншықтар қандай қызмет атқарады?


28
Өткен ҰОҚ-нен алған 
білім, білік
Мүсіндеудің «сюжеттік», «заттық», «безендіру» сынды бағыттары туралы 
қарапайым түсініктер.
Жоспар 
Жоспарланған 
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет  
Ресурстар
 І. Жұмыс 
істеуге жағымды 
көңіл күй 
қалыптастыру
0 – 1минут
II. Өмірлік 
тәжірибені 
белсендіру. 
Мақсатты 
тұжырымдау.
2 – 5 минут
(Ұ) Педагог ҰОҚ-де жұмыс істеуге қолайлы жағдай 
жасайды.  
(Ұ, Ө) Мүсінші-Ермек балаларды халық арасынан 
шыққан шеберлермен танысу үшін ойыншықтар 
көрмесіне аттануға шақырады.
 (Ұ, Ө) Балалар ойыншықтармен танысады және 
өздеріне таныс ойыншықтардың атауын атап көрсетеді.
(Ұ) Ой қорыту
Ойыншықтар бір-біріне ұқсамайтын, әртүрлі 
тәсілдермен жасалған.
(Ұ, Ө) Ситуациялық жағдай: Ермек балаларға он 
саусағынан өнер тамған шеберге айналып, Дымков 
ойыншықтарының негізінде Қыз Жібектің мүсінін жасау 
туралы ұсыныс жасайды.
(Ұ) Пікір: Қолөнер шебері атану үшін, әлбетте, оқу 
қажет. Ол үшін балаларды көне өнердің қыр-сырына 
баулитын «Шығармашылық мектептері» бар.
 Халықтық қолөнер 
шеберлерінің 
қолынан туған 
ойыншықтар 
көрмесі.
ҰОҚ-нің ортасы
III. ҰОҚ-нің 
тақырыбы 
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Талқылау. 
«Дымков ойыншықтары» слайдымен танысу. 
(Ұ) Мүсінші-Ермек тәрбиеленушілерді  ойыншықтардың 
шығу тарихымен таныстырады.
 (Ұ, Ө) Әліппе-альбоммен жұмыс. Әліппе-альбомдағы 
үлгімен танысу. 
(Ұ) Пікір: Дымков ойыншықтары қайталанбас сән-
салтанатты бояуларымен ерекшеленеді. Аққа боялған 
ойыншыққа жағылған көк, көгілдір, жасыл, сары-
сарғылт, қызғылт түсті бояулар өте әдемі көрінеді. 
Ойыншықтардың бетіне салынатын ою-өрнектер өте 
қарапайым болып келеді. Олар: тор, жолақ, шеңбер, 
нүкте, ромб, түрлі қисық сызықтар, қарапайым 
геометриялық пішіндер түрінде салынады. Сондай-ақ 
олардың әрқайсысы белгілі бір дүниеден хабар береді. 
Мәселен, көк түсті толқын тәріздес жолақ – судың 
белгісі, бір-бірімен қиылысқан жолақтар – құдықтың 
белгісі, ортасында жұлдызшасы бар шеңбер – Күннің 
белгісі.
Проектор. 
«Дымков 
ойыншықтары» 
слайдтары.
Әліппе-альбом.


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау