Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет12/33
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12826
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33

32
ҰОҚ-нің ортасы
III. ҰОҚ-нің 
тақырыбы 
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Көркем сөз. 
Қазақ халқының «Қарлығаштың құйрығы неге 
айыр?» ертегісі. Балалар ертегі кейіпкерлерін еске 
түсіріп, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» деген 
сұраққа жауап береді. Қорытынды жасайды: құстар – 
адамдардың көмекшісі, сондықтан адам да олар үшін 
жауапты.
Ермек қарлығаштың қасына дәл сондай әдемі құстарды 
салуды ұсынады.
(Ұ) Әліппе-альбоммен жұмыс.
 Үлгімен танысу. Тәрбиеленушілер мүсіндеудің түрі мен 
тәсілін атап көрсетеді.
Қарлығаштың мүсінін жасау алгоритмін түсіндіру.
1. Қарлығашты қара ермексаздан жасауға болады. 
Сонымен қатар қосымша ақ және кішкене сары түсті 
ермексаз қажет.
2. Алдымен құстың сымдай тартылған денесін жасап 
аламыз.  
3. Содан соң домалақтап басын жасаймыз. Көлемі едәуір 
кішкене болады.
4. Дайын болған қос бөлшекті бір-бірімен біріктіреміз.
5. Ақ ермексазды жалпақтап алып, кеудесіне 
жапсырамыз.
6. Қанатына арнап қара түсті ермексаздан үтір тәріздес 
етіп екі бөлшек жасап аламыз. Кескіштің ұшымен 
қанатының ұзына бойына сызықтар түсіреміз.
7. Қанаттың жалпақтау тұсын денесіне жапсырып, 
үстінен саусағымызбен аздап бастырамыз.
8. Сүйір құйрығын жасау үшін қара түсті ермексазды 
ұзын етіп алып, жалпайтамыз. Содан соң айыр 
құйырығын жасау үшін ұзына бойы ортасынан тіліп 
кесеміз. Құйрық өз қалпын жоғалтпас үшін оған жіңішке 
сым енгіземіз.
9. Құйрықты жапсырып, біріктірілген жерін мұқият 
тегістейміз.
10. Мүсін шынайы шығуы үшін ұсақ бөлшектермен 
толықтырамыз. Яғни, көздерін, тұмсығы мен табандарын 
жасаймыз.
Саусақтарға арналған жаттығу: «Құстар ұшып 
барады».
(Ұ) «Еске түсіру минуты» – ермексазбен жұмыс істеу 
тәртібі:
1. Жұмысқа қажетті ермексаздың түсін таңдап ал.
2. Ермексаздан өзіңе қажеттісін кескішпен кесіп ал.
Әліппе-альбом
3. Кесіп алған ермексазды қолыңмен жылытып, жұмсарт.
4. Жұмысты аяқтағаннан кейін құрғақ әрі жұмсақ 
майлықпен қолыңды сүртіп, содан соң сабындап жу.
Ойын-жаттығу: «Ермексазбен достас» – ермексазды 
жұмысқа дайындау. 
(Ө) Балалардың өзіндік жұмысы, жеке көмек көрсету.
(Ө) Шығармашылық минуты.
Үлгіні қарап шық, қарлығашты қалай әдемілеп жасауға 
болатынын ойланып көр.
Қондырғылар: 
түрлі түсті 
ермексаз, 
тақтайша, қағаз 
майлық.
 


33
ҰОҚ-нің соңы
Рефлексия
26 – 30 минут 
Балалар жұмыстарының көрмесі. Қарлығаштарды 
жылы жаққа «ұшырады», яғни алдын ала дайындалған 
аспанның суретіне қарап әңгімелейді. 
Ермек балаларға ҰОҚ-де өзі жасаған жұмыстарына баға 
беруді ұсынады: 
1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл түспен 
бояйды.
 2. Қиналғандар қызыл түспен бояйды.   
Қатырғықағаздан 
жасалған аспанның 
макеті.  
Әліппе-альбом, 
қарындаштар.
 
№8 ҰОҚ. Ермексаз қойылымы  
(Ы. Алтынсариннің «Жануарлардың айтысы» 
ертегісі бойынша мүсіндеу)
Мектеп / МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
 Мектепалды даярлық сыныбы / топ:
Қатысқандар саны: 
Қатыспағандар саны:
ҰОҚ-нің оқу 
мақсаттары
 0.1.2.1. Басқа балалармен топтасып немесе жекелей біртекті заттардан 
образдар мен сюжеттік композициялар жасау (мысалы, ертегі, әңгіме, 
балаларға арналған халық әндері, санамақ, мазақтамалар, аңыздар желісі-
мен). 
0.2.1.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
•  қарапайым пропорцияларды сақтай отырып, жануарлардың мүсінін жа-
сай алады; 
•  мүсіндеудің негізгі тәсілдері мен технологияларын орындайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
•  дене мүшелерінің пішінін ұқсатып салып, оларды бір-біріне жалғайды;
•  мүсіннің мінез-құлқын аша алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
•  мүсіннің ашық, өзіне тән белгілерін ашып көрсете алады.
Тілдік мақсаттар
Дағдыларын дамыту:
•  ауызекі сөйлеу қабілетін, сұрақтарға жауап беру; 
•  өзі жасаған бұйым туралы әңгімелеп беру.
Көптілділік: сюжет – сюжет – plot.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
•  ермексаз, пышақ, майлық, мұқияттылық, тегістеу, созу, қауіпсіздік 
техникасы. 
ҰОҚ-де диалог/хат жазу үшін пайдаланылатын тіл:
 Талқыланатын сұрақтар
– Мүсіндеудің қандай тәсілдерін пайдаланамыз?
– Бұйымды жасау үшін қандай пішін қажет?
– Мүсіндеудің қандай бағыттарын білесіңдер?
– Құралдармен жұмыс істеудің қандай тәсілдерін білесіңдер?
Өткен ҰОҚ-нен алған 
білім, білік
Ермексазбен  жұмыс  істеудің  қарапайым  тәсілдері,  бұйымды  құрастыру 
тәсілімен жасау.
Жоспар
Жоспарланған 
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет  
Ресурстар


34
І. Жұмыс істеуге 
жағымды көңіл 
күй қалыптастыру
0 – 1 минут
II. Өмірлік 
тәжірибені белсен-
діру. Мақсатты 
тұжырымдау.
2 – 5 минут
(Ұ) Педагог ҰОҚ-де жұмыс істеуге қолайлы 
жағдай жасайды.  
(Ұ, Ө) Ермек балаларды театрға шақырады.
– Театр дегеніміз не?
– Сендер қандай спектакльдерді көрдіңдер?
– Актерлер немен айналысады?
(Ұ) Пікір: Актер болу үшін мектепте жақсы оқу 
қажет. Көп оқып, жоғарғы оқу орнына түсу керек. 
Ол жерде сендерді актерлік шеберлікке үйретеді.
(Ұ, Ө) Ой қорытындылау: 
Тәрбиеленушілер ойын білдіреді, театр туралы бі-
лімімен бөліседі.
Мүсінші Ермек балаларды Ы. Алтынсарин жазған 
«Жануарлардың айтысы» ертегісін еске түсіруге 
шақырады. 
– Жануарлар не туралы айтысты?
– Сенің ойыңша, айтыстың соңы немен тынбақ?
(Ұ, Т) Жағдаят.
 Өзің жасайтын ертегі кейіпкерін анықтап ал.
(Ұ) Балалар бірнеше топқа бөлініп, ертегі кейіпке-
рін таңдайды.
  
Проектор 
Ы. Алтынсариннің 
«Жануарлардың 
дауласқаны» ертегісі же-
лісі бойынша әзірленген 
слайдтар. 
ҰОҚ-нің ортасы
III. ҰОҚ-нің 
тақырыбы 
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ, Ө) Әліппе-альбоммен жұмыс. 
Әліппе-альбомдағы үлгілермен танысу.
(Ұ, Т, Ө) Таңдап алған жануардың өзіне тән ерек-
шеліктерін қарап шығу (денесі, басы, сирақтары, 
құйрығы).
Ермек: Өздерің жасайтын ертегі кейіпкерін 
таңдап алыңдар. Оның қандай қасиеттері мен 
ерекшеліктерін білесің, есіңе түсір. 
(Т) Үлгілерді көрсету.
(Ұ) Ойын-жаттығу: «Иә – жоқ». Ермексазбен 
және кескішпен жұмыс істеу тәсілдерін талқылау. 
Балалар ережелерді талқылап, түсіндіреді.
1. Ермексазды пайдаланғанда мұқият болу, 
үстелді, киімді бүлдірмеу, арнайы тақтайша 
үстінде мүсіндеу, ермексазды ауызға салмау. 
2. Пластмасса кескішпен жұмыс істегенде абай 
болу; құралды ұстап тұрып қолыңды ары-бері 
сермеуге болмайды – бұл біреуді жарақаттауы 
мүмкін.
3. Ермексазбен (сазбалшықпен) жұмыс істегеннен 
кейін жұмыс орнын реттеу; тақтайшаны ермек-
саздан (сазбалшық) тазартып, үстелді дымқыл 
шүберекпен сүрту. 
4. Жұмысты аяқтағаннан кейін қолды қағаз 
майлықпен мұқият сүртіп, содан соң жылы сумен 
сабындап жуу қажет. Артынша сүлгімен немесе 
майлықпен құрғатып сүртеміз.
Әліппе-альбом.
Әліппе-альбом.


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау