14
(Ұ) Түсіндіру және мүсіндеу алгоритмін көрсету.
1. Ермексазды есеміз.
2. Екі шетін теңестіріп, ортасын белгілейміз.
3. Қазақтың «Бітпес» деп аталатын өрнегін
жасаймыз.
Саусақтарға арналған «Кірпі» жаттығуы.
«Болады – болмайды» ойыны:
Ойын барысында балалар ермексазбен жұмыс істеу
тәртібін пысықтап, жадына түйеді:
1. Ермексазды пайдаланғанда мұқият болу, үстелді,
киімді бүлдірмеу, арнайы тақтайша үстінде мүсіндеу,
ермексазды ауызға салмау.
2. Ермексаз кескішпен жұмыс істегенде абай болу;
құралды ұстап тұрып қолыңды ары-бері сермеуге
болмайды – бұл жарақаттауы мүмкін.
3. Ермексазбен (сазбалшықпен) жұмыс істегеннен
кейін жұмыс орнын реттеу; тақтайшаны ермексаздан
(сазбалшықтан) тазартып, үстелді дымқыл
шүберекпен сүрту.
4. Жұмысты аяқтағаннан кейін қолды қағаз
майлықпен мұқият сүртіп, содан соң жылы сумен
сабындап жуу қажет. Артынша сүлгімен немесе
майлықпен құрғатып сүртеміз.
(Ө) Тәрбиеленушілерге арналған өзіндік жұмыс,
жеке көмек көрсету.
(Ө) Шығармашылық минуты: Қазақтың
ою-өрнектерін есіңе түсір және құрастыр.
Музыкалық
сүйемелдеу.
Түрлі түсті ермексаз,
алдын ала дайындалған
қатырғықағаз
қиындылары,
ермексазға арналған
пышақ, тақтайша,
қағаз майлық.
ҰОҚ-нің соңы
Рефлексия
26 – 30 минут
(Ұ) Балалар жұмыстарының көрмесі: «Шебер
қолдар» көрмесін жасау.
Педагог балаларды жасалған жұмыстарды
талқылауға шақырады.
Ермек тәрбиеленушілерге ҰОҚ-дегі өзі жасаған
жұмысқа баға беруді ұсынады:
1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл түске
бояйды.
2. Қиналғандар қызыл түске бояйды.
Балалардың
жұмыстарын қоятын
көрме. Әліппе-альбом,
қарындаштар.
№2 ҰОҚ. Кірпілер жанұясы күні
бойы жеміс-жидек жинайды (кірпінің
жанұясы)
Мектеп / МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Мектепалды даярлық сыныбы / топ: Қатысушылар саны:
Қатыспағандар
саны:
ҰОҚ-нің оқу
мақсаттары
0.1.2.1. Басқа балалармен топтасып немесе жекелей біртекті заттардан
образдар мен сюжеттік композициялар жасау (мысалы, ертегі, әңгіме,
балаларға арналған халық әндері, санамақ, мазақтамалар, аңыздар
желісімен).
0.2.1.2. Өткір және кескіш құралдармен жұмыс барысында қауіпсіздік
техникасын және еңбек гигиенасын сақтау.
15
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
• бұйымның сапасы мен әрлеуіне қойылатын талаптарды атап бере
алады;
• мүсіндеудің негізгі тәсілдерін, орындау технологиясын атап көрсетеді;
• қауіпсіздік теникасы талаптарын сақтайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• мүсіндеудің тегістеу, созу сынды тәсілдерін пайдалана алады;
• жекелеген элементтерден композиция құрастыра алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• сюжеттік композиция жасағанда қиялын мейлінше пайдалана алады;
• түстерді үйлестіре пайдалана алады.
Тілдік мақсаттар
Дағдыларын дамыту:
• ҰОҚ-де алған ақпаратты пайдалана отырып, толық әрі тыңғылықты
жауап бере алу.
Көптілділік: кірпі – ёж – hedgehog; кескіш – стек – stick.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
ермексаз, кескіш, майлық, техника қауіпсіздігі, мұқияттылық, тегістеу,
созу.
ҰОҚ-де диалог/хат жазу үшін қолданылатын тіл:
Талқыланатын сұрақтар:
– Мүсіндеудің қандай тәсілдерін пайдаланамыз?
– Затты жасау үшін қандай пішіндер қажет?
– Ермексаздан шарды қалай жасаймыз?
– Құралдармен жұмыс істеудің қандай ережелерін білеміз?
Өткен ҰОҚ-нен алған
білім, білік
Мүсіндеудің дәстүрлі тәсілдері.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
I. Жұмыс істеуге
жағымды көңіл күй
қалыптастыру
0 – 1 минут
II. Өмірлік
тәжірибені
белсендіру.
Мақсатты
тұжырымдау.
2 – 5 минут
(Ұ) Педагог ҰОҚ жұмыс істеуге қолайлы көңіл күй
қалыптастырады.
(Ұ, Т) Талқылау: Сендер жануарлар туралы
қандай бағдарламаларды білесіңдер? Балалар
өздерін қызықтыратын дүниелер, жануарлар туралы
«Жануарлар әлемінде»-Жоспары» сынды т.б.
бағдарламаларды атайды.
(Ұ, Т, Ө) Қорытынды: Біз жануарларды жақсы
көреміз. Өйткені олардың жер бетіндегі тіршілік үшін
маңызы зор.
(Ұ) «Ғажайып қапшық» ойыны.
Мүсінші Ермек балаларға қаптың ішіндегіні табуды
ұсынады.
Балалар қапшықты зерттеп шығып, қорытынды
жасайды.
Музыкалық
сүйемелдеу.
Қапшық, ойыншық
кірпі.
16
(Ұ) Ермектің атынан айтылатын сөз.
Кірпі туралы жұмбақ.
Санай алмай шаршадым,
Найзасы бар қанша мың.
Батыр емес бірақ та,
Қашып жүрер жырақта.
Балалар жұмбақтың шешуін табады, өз жауаптарын
түсіндіреді.
(Ұ) «Кірпілер туралы қызықты деректер» атты
фильмнен үзінді көрсету және талқылау:
– Кірпілер қайда тұрады екен?
– Кірпі үй жануары ма, әлде жабайы жануар ма?
– Кірпіге тікендері не үшін қажет?
Ермек кірпілер жанұясын жасау туралы ұсыныс
жасайды.
(Ұ) Тәрбиеленушілер ҰОҚ-де не туралы айтылатынын
болжап, зерттеудің тақырыбы мен мақсатын
айқындайды.
Интерактивті тақта.
ҰОҚ-нің ортасы
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Ойыншықты зерттеу – кірпі.
– Кірпі қандай бөліктерден тұрады?
– Кірпінің басында не бар?
– Кірпі арқасына не салып жүреді?
– Жұмыс барысында қандай материалдарды
пайдаланамыз?
(Ұ) Әліппе-альбоммен жұмыс.
Үлгіні көрсету.
Балалар үлгіні қарап шығып, мүсіннің түрі мен жұмыс
істеу тәсілін анықтайды.
(Ұ) Мүсіндеу алгоритмін түсіндіру және көрсету.
1. Алдымен ермексазды домалақтап алып, денесін
мүсіндейміз.
2. Домалақтаған ермексазды кескішпен екіге бөлеміз.
3. Содан соң саусақтарымызбен созып, тұмсығын
жасаймыз.
4. Моншақтан көздерін жасаймыз.
Саусақтарға арналған «Кірпі» ойыны.
«Болады – болмайды» ойыны: ойын барысында
балалар ермексазбен жұмыс істеу тәртібін пысықтайды.
1. Ермексазды пайдаланғанда мұқият болу, үстелді,
киімді бүлдірмеу, арнайы тақтайша үстінде мүсіндеу,
ермексазды ауызға салмау.
2. Пластмасса кескішпен жұмыс істегенде абай бол.
Құралды ұстап тұрып қолыңды ары-бері сермеуге
болмайды – бұл біреуді жарақаттауы мүмкін.
3. Ермексазбен (сазбалшықпен) жұмыс істегеннен
кейін жұмыс орнын реттеу; тақтайшаны ермексаздан
(сазбалшық) тазартып, үстелді дымқыл шүберекпен
сүрту.
4. Жұмысты аяқтағаннан кейін қолды қағаз майлықпен
мұқият сүртіп, содан соң жылы сумен сабындап жуу
қажет. Артынша сүлгімен немесе майлықпен құрғатып
сүртеміз.
Ойыншық кірпі.
Әліппе- альбом.
Музыкалық
сүйемелдеу.
Түрлі түсті
ермексаз, алдын
ала дайындалған
қатырғықағаз,
кескіш, тақтайша,
қағаз майлық,
тіс шұқығыштар,
шемішке.
Достарыңызбен бөлісу: |