Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған


қарапайым пропорцияларды сақтай отырып,  самғап ұшып бара жатқан бүркіттің мүсінін жасау  туралы ұсыныс жасайды.  (Ұ) Ойын-жаттығу: «Иә-Жоқ»



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет30/33
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12826
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

86
Ермек қарапайым пропорцияларды сақтай отырып
самғап ұшып бара жатқан бүркіттің мүсінін жасау 
туралы ұсыныс жасайды.
 (Ұ) Ойын-жаттығу: «Иә-Жоқ». Балалар ермексазбен 
жұмыс істеу ережелерін естеріне түсіреді, талқылайды.
 (Ұ) Музыкалық жаттығу: «Секіреміз, ойнаймыз». 
(Ұ, Ө) Мүсіндеу алгоритмін талқылау.
1. Бүркіттің мүсінін жасау үшін қара немесе сұр түсті 
ермексаз қажет. Сондай-ақ кішкене ақ ермексаз қажет 
болмақ. Басқа түстерді де пайдаланамыз.
2. Бастапқыда қара-ақ түсті ермексазды пайдаланамыз. 
Кеудесі мен басы шағын күмбезді көз алдымызға 
елестетеді.
3. Басын денесіне жапсырып, біріккен жерлеріне 
ақ түсті ермексазды жағып шығамыз. Тегіс болуын 
қадағалаймыз.
4. Басына сары түсті ермексаздан ілмек сияқты иілген 
тұмсық пен көз жапсырамыз.
5. Қара түсті ермексаздың басым бөлігі бүркіттің алып 
қанаттарын жасауға кетеді. Алдымен ермексазды 
үшбұрыштап жаймарлап аламыз. Содан соң кескіштің 
көмегімен бір жақ шетін аздап тіліп, қауырсын 
жасаймыз. Құстың қос қанаты бір-бірінің айнадағы 
суреті сияқты бірдей болуы шарт. 
6. Егер ермексаз жұмсақтау болса, қанатының жиегіне 
сым кигізген дұрыс.
7. Сымның шеттерін арқасына тығып, көрініп тұрған 
тұстарына қара түсті ермексаз жағып шығамыз. 
8. Ақ түсті ермексаздан жаймарлап бірнеше сопақша 
пішін жасаймыз. Оларды желпігішке ұқсатып, бір-
біріне жалғаймыз. Бұл – құстың құйрығы. Оны 
денесіне жалғаймыз.
9. Соңғы штрих – бүркіттің аяқтары. Оны сары түсті 
материалдан, ал тырнақтарын қара түсті ермексаздан 
жасауға болады. 
10.  Міне, тау мен тасты мекендейтін бүркітіміз дайын.
 (Т, Ө) Ой қорыту: 
– Біз мүсіндеудің қандай тәсілдерін пайдаланамыз?  
(Ширату, жаю, жалпайту). 
 (Ұ) Саусақтарға арналған жаттығу: «Құс».
(Ө) Ойын-жаттығу: «Ермексазбен достас»
Ермексазды жұмыс істеуге дайындау.
(Ө) Өзіндік жұмыс.
Балаларға жеке көмек көрсетіп отыру.
Ермек балаларға жұмыс барысында барынша мұқият, 
зейінді болу қажеттігін, жұмыс орнында тазалық пен 
тәртіп сақтау керектігін ескертеді.
(Ұ, Ө) Шығармашылық минуты.
Қауырсынды пайдаланып, жұмысыңды аяқта.
Музыкалық 
сүйемелдеу.
Әліппе-альбом.
Әліппе-альбом.
Ермексаз, кескіш, 
тақтайша, қағаз 
майлық. 


87
ҰОҚ-нің соңы
Рефлексия
26 – 30 минут
(Ұ) Балалар жұмыстарының көрмесі.
Педагог балаларды жұмыстарды талқылауға шақырады.
Ермек балаларға ҰОҚ өзі жасаған жұмысқа баға беруді 
ұсынады: 
1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл түспен 
бояйды.
 2. Қиналғандар қызыл түспен бояйды.  
Балалардың 
жұмыстарына 
арналған көрме.
Әліппе-альбом, 
қарындаштар.
 
№29 ҰОҚ. Қызу еңбек қайнаған, менің 
жеміс бағымда (Т. Молдағалиевтің «Алма 
бағында» әдеби шығармасының желісімен)
Мектеп / МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
 Мектепалды даярлық сыныбы / топ:
Қатысқандар саны: 
Қатыспағандар 
саны:
ҰОҚ-ін оқыту 
мақсаттары
 0.1.2.1. Басқа балалармен топтасып немесе жекелей біртекті заттардан 
образдар мен сюжеттік композициялар жасау (мысалы, ертегі, әңгіме, 
балаларға арналған халық әндері, санамақ, мазақтамалар, аңыздар 
желісімен). 
0.2.1.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.
Күтілетін нәтижелер Барлық тәрбиеленушілер:
•  ермексазбен «сурет салудың»  қыр-сырын меңгереді.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
•  ауызша нұсқаулықтар бойынша жұмыс істей алады;
•  «Алма бағы» тақырыбында кішігірім композиция құрастыра алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
•  әртүрлі ермексазды араластырып, жаңа түстер жасай алады.  
Тілдік мақсаттар
Дағдыларын дамыту:
•  байланыстыра сөйлеу, сұрақтарға жауап беру қабілетін дамыту; 
•  балалардың тақырыпқа қатысты сөздік қорын байыту.
Көптілділік: алмаағаш – яблоня – apple tree.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
•  ермексаз, кескіш, майлық, ұқыптылық, тегістеу, түсі әртүрлі ермексазды 
араластыру, қауіпсіздік техникасы.
ҰОҚ-де диалог/хат жазу үшін пайдаланылатын тіл:
Талқыланатын сұрақтар:
– Ермексазбен жұмыс істеу техникасының қандай түрлерін білесіңдер?
– Ермексазбен сурет салу техникасын білесіңдер ме?
– Мүсіндеудің қандай тәсілдерін білесіңдер?
– Ермексаздың әртүрлі түстерін араластыру?
Өткен ҰОҚ-нен 
алған білім, білік
Мүсіндеудің стандартты тәсілдері. Фигураларды домалақтау. Жұлып алу. 
Ермексазбен картина салу. Түстерді араластыру.


88
Жоспар
Жоспарланған 
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет  
Ресурстар
I. Жұмыс істеуге 
жағымды 
көңіл күй 
қалыптастыру
0 – 1минут
II. Өмірлік 
тәжірибені 
белсендіру. 
Мақсатты 
тұжырымдау.
2 – 5 минут
(Ұ) Педагог ҰОҚ жұмыс істеуге қолайлы жағдай 
жасайды.  
(Ұ, Ө) Мүсінші Ермек фонограмма тыңдауды 
ұсынады.
(Ұ, Ө) Ермек фонограмма тыңдауды ұсынады. 
Балалар көздерін жұмып, әдемі табиғатты көз 
алдарына елестетеді.
(Ұ, Ө) Педагог жұмбақ жасырады, балалар 
жұмбақтың шешуін тауып, ҰОҚ не жайлы сөз 
болатынын болжайды. Зерттеудің тақырыбы мен 
мақсатын айқындайды.
 Музыкалық 
сүйемелдеу.
«Ағаштардың 
сыбдыры, жәндіктердің 
ызыңдауы».
ҰОҚ-нің ортасы
III. ҰОҚ-нің 
тақырыбы 
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ, Ө) Проблемалық жағдай.
Мүсінші Ермек Т.Молдағалиевтің «Алма бағы» 
шығармасын еске түсіру туралы ұсыныс жасайды.
(Ұ) Талқылау. 
Педагог балаларға тақырыпқа қатысты сұрақтар 
қояды.
– Жеміс бағы деп қандай бақты атаймыз?
– Ағаштарда қандай жемістер өседі?
– Алманың құрамында қандай дәрумендер бар?
– Дәрумендердің адамға не қажеті бар?
«Қызықты дерек».
 Дәрумендер тірі ағзалардың бәріне: адамдарға да, 
жануарлар мен өсімдіктерге де ауадай қажет. Адам 
ағзасы өмір бойы дәрумендерге зәру. Дәрумендер – 
біздің деніміздің саулығы және ұзақ өмір кепілі. 
(Ұ, Т, Ө) Әліппе-альбоммен жұмыс.
 Әліппе-альбомдағы үлгімен танысамыз.
– Ағаштың негізгі бөліктерін атап бер?
– Ағаш мүсіндеудің қандай тәсілімен жасалған?
– Орындалған жұмыстың орындалу ретін тексер. 
Қайсысы бірінші, қайсы бөлшектер кейін жасалғанына 
көңіл бөл.
Ермек балаларға жеміс ағашының қатырғықағаздан 
жасалған үлгісіне ермексазбен сурет салуды ұсынады
(Ұ) Ойын-жаттығу: «Бәрін білгісі келеді». Балалар 
ермексазбен жұмыс істеу ережесін еске түсіреді.
Ермексазды араластыру.
Алдымен жасыл түсті ермексазды басқа түстермен 
араластырып алыңдар. Нақтырақ айтқанда:
.
Проектор. 
«Алма бағы» слайдын 
тамашалау. 
Әліппе-альбом.


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау