Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет27/33
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12826
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33

77
II. Өмірлік 
тәжірибені 
белсендіру. 
Мақсатты 
тұжырымдау.
2 – 5 минут
(Т, Ө) Ой қорытынды.
 Қызғалдақ – дала гүлі. Сен далада өсетін тағы қандай 
гүлдерді білесің?
«Қызықты мәлімет» 
Ертеде әйелдер далада өсетін гүлдерді жинап, түрлі 
аурулардан емдейтін дәрілер қайнатқан. Шөптен 
жасалған сусындар адам жанын тыныштандырса, 
раушангүл мен бал, бақ-бақ қосып қайнатылған 
тосаптың пайдасы өте зор деп есептелген.
 
ҰОҚ-нің ортасы
III. ҰОҚ-нің 
тақырыбы 
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ, Ө) Проблемалық жағдай.
Мүсінші Ермек балаларды аналарын алда келе 
жатқан 8 Наурыз мерекесімен құттықтауға шақырады. 
Ол үшін балақайлар өз қолдарымен ермексаздан 
«қызғалдақ» гүлін жасап, аналарына сыйлауы керек.
(Ұ, Ө) Педагог:
 – Сендер аналар мерекесі жайлы не білесіңдер?
– Бұдан басқа тағы қандай мейрамдар бар?
– 8 Наурыз мерекесінің басқа мейрамдардан 
айырмашылығы қандай?
 (Ұ) Педагог: Анаң – сенің әлемдегі ең жақын, ең 
жанашыр адамың.
(Ұ, Ө) Әліппе-альбоммен жұмыс.
Үлгімен танысу.
(Ұ) Пікір білдіру:
1. Гүлдің сабағы мен жапырақтары – жасыл түсті.
2. Гүлдің ортасы – сары немесе ақ түсті. 
3. Гүлдің күлтелері – қызғылт, қызыл немесе көк 
түсті. 
Әліппе-альбом.
(Ұ, Т, Ө) Бұйымды жасауға қажетті түстермен танысу. 
Ермексаздың түстерін балалар өз қалауынша 
таңдайды.
Мүсінші Ермек шын гүлге қарап немесе ойша 
жасауды ұсынады.
(Ө, Т) Ойын-жаттығу: «Не жақсы, не жаман?» 
Балалар ермексазбен жұмыс істеу ережелерін естеріне 
түсіреді.
 (Т, Ө) Ой қорыту.
– Біз мүсіндеудің қандай тәсілдерін пайдаланамыз?  
(Жаю, жалпақтау, домалақтау, барлық детальдарды 
мұқият жапсыру).
 (Ұ) Саусақтарға арналған жаттығу: «Гүл».
(Ө) Ойын-жаттығу: «Ермексазбен достас»
Ермексазды жұмыс істеуге дайындау.
(Ө) Өзіндік жұмыс.
Балаларға жекелей көмек көрсетіп отыру.
Әліппе-альбом.
Музыкалық 
сүйемелдеу.


78
Ермек балаларға жұмыс барысында барынша мұқият, 
зейінді болу қажеттігін, жұмыс орнында тазалық пен 
тәртіп сақтау керектігін ескертеді.
 (Ұ, Ө) Шығармашылық минуты.
«Анаңа арнап гүл шоғын жаса».
Түрлі түсті ермексаз, 
кескіш, тақтайша, 
қағаз майлық.
ҰОҚ-нің соңы
Рефлексия
26 – 30 минут
(Ұ) Балалар жұмыстарының көрмесі.
«Анама гүл сыйлаймын».
Педагог балаларды жұмыстарды талқылауға 
шақырады.
Ермек балаларға ҰОҚ өзі жасаған жұмысқа баға 
беруді ұсынады: 
1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл 
түспен бояйды.
 2. Қиналғандар қызыл түспен бояйды.  
Балалардың 
жұмыстарына 
арналған көрме.
Әліппе-альбом, 
қарындаштар.
 
№26 ҰОҚ. Зымырандар аспанға қарай самғайды 
(ғарыш айлағы)
Мектеп / МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Мектепалды даярлық сыныбы / топ:
Қатысқандар саны: 
Қатыспағандар 
саны:
ҰОҚ-нің оқу 
мақсаттары
0.1.2.2. Бұйымды тұғырға орнату техникасын пайдалану, бір тұғырға 
бірнеше бұйымды орналастыру. 
0.2.1.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
•  бұйымның сапасы мен оны безендіру талаптарын атап береді;
•  мүсіндеудің негізгі тәсілдері мен орындау технологиясын пайдалана 
біледі.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
•  ауызша нұсқаулықтар бойынша жұмыс істей алады;
•  шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындайды.
Кейбір тәрбиеленушілер:
•  сюжеттік композиция құрастырғанда ой-қиялын мейлінше пайдалана 
алады;
•  түстерді бір-бірімен үйлестіре біледі
Тілдік мақсаттар
 Дағдыларды дамыту:
•   байланыстыра сөйлеу; сұрақтарға жауап беру қабілетін дамыту;
•  ғарышкерлер, ғарыш кемесі тақырыбына қатысты сөздерді пайдалану.
Көптілділік: зымыран – ракета – rocket.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
•  ермексаз, кескіш, майлық, ұқыптылық, тегістеу, созу, жаю, қауіпсіздік 
техникасы.
ҰОҚ-де диалог/хат жазу үшін пайдаланылатын тіл:
Талқыланатын сұрақтар:
  – Ғарыш дегеніміз не?
– Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлерінің аты кім?


79
– Сендер қандай ғарыш кемелерін білесіңдер?
– Жерді неге ерекше ғаламшар дейміз? 
– Ғарыш қалай зерттеле бастады? 
– Айдың беті қандай ұшу аппаратының көмегімен зерттелген? 
– Ғарыш кемелері қай жерден ұшырылады?
 – Ғарышкерлер не киеді?
Өткен ҰОҚ-нен алған 
білім, білік
Мүсіндеудің стандартты тәсілдері. Пішіні конус тәріздес фигураларды 
шиыршықтап жасау. Мүсіндік және құрастырушылық тәсілдер.
Жоспар
Жоспарланған 
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет  
Ресурстар
I. Жұмыс істеуге 
жағымды көңіл 
күй қалыптастыру
0 – 1минут
II. Өмірлік 
тәжірибені 
белсендіру. 
Мақсатты 
тұжырымдау.
2 – 5 минут
(Ұ) Педагог ҰОҚ жұмыс істеуге қолайлы жағдай 
жасайды.  
 (Ұ, Ө) Ермек «Сиқырлы дорба» ойынын өткізеді. 
Балалар дорбаны қолдарымен ұстап көріп, оның 
ішіндегі заттарды табады. Қолына ілінген заттарды 
алып шығады (жұлдыз, зымыран, күн т.б.), заттардың 
не үшін пайдаланылатынын атап көрсетеді.  
ҰОҚ-де не жайлы әңгіме болатынын болжап, 
зерттеудің тақырыбы мен мақсатын айқындайды.
«Сиқырлы дорба» 
ойыншық жұлдыз, ай, 
күн, зымыран.
(Т, Ө) Талқылау: 
– Біздің елімізде ғарыш кемелері қай жерден 
ұшырылады?
– Ең алғаш рет ғарышқа не ұшырылды?
– Сендер қандай ғарыш кемелерін білесіңдер?
– Ғарышкерлер не киеді?
 (Ұ) «Ғарыш галактикасы» материалын қарап 
шығу, пікір білдіру.
(Ұ) Талқылау: 
– Балалар, сендердің ең үлкен армандарың қандай?
 (Ұ, Т) Ой қорыту.
 Армандаудың да пайдасы бар, адамдар сол арқылы 
өзінің асыл арманын біртабан жақындата түседі.
– Ал сендердің ғарышқа ұшқыларың келе ме?
– Ғарышқа ұшатын адамды қалай атаймыз?
– Ғарышкерлер немен тамақтанады? Олар тамақты 
қайда сақтайды? 
(Ұ, Т) Ой қорыту.
 Ғарышкерлердің тамағы арнайы ыдыстарда 
сақталады. Олар азық-түліктің дәмі мен пайдалы 
элементтерін толық сақтауға мүмкіндік береді.
 
Проектор,  «Ғарыш 
галактикасы»
тұсаукесері.


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау